Материалдар / Өндірістік оқытуы шебері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өндірістік оқытуы шебері

Материал туралы қысқаша түсінік
Өндірістік оқытуы шебері-кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы педагогика мамандығы.Өндірістік оқытуы шебері-мамандыққа оқытатын негізгі оқытушы және болашақ мамандардың тәрбиешісі. Оның негізгі міндеті-мамандыққа сай терең білім алған, сол білімін жаңа техника мен технологияларды игеруде шығармашылықпен қолдана білетін, бәсекеге қабілетті, халық шараушылығына қажет жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз ет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2022
339
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өндірістік оқытуы шебері

Өндірістік оқытуы шебері-кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы педагогика мамандығы.Өндірістік оқытуы шебері-мамандыққа оқытатын негізгі оқытушы және болашақ мамандардың тәрбиешісі. Оның негізгі міндеті-мамандыққа сай терең білім алған, сол білімін жаңа техника мен технологияларды игеруде шығармашылықпен қолдана білетін, бәсекеге қабілетті, халық шараушылығына қажет жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз ету.

Өндірістік оқыту шебері оқушылар бойында кәсіби білім мен дағдыны қалыптастырады; олар жұмыстарды оңтайлы орындаудың жолдары мен тәсілдерін орындауға үйретеді;

Ресурстарды ұқыптылықпен жұмсау, жоғары сапалы өнімдерді дайындау, тәртіпті және еңбек қауіпсіздігін сақтау дағдысын қалыптастырады; сабақтар мен материалдық және әдістемелік дайындықты іске асырады:

Шеберлер әдетте жоғары не орта арнаулы білімді, жұмысына сәйкес кәсіби біліктілігі бар адамдар болады.

Кәсіптік-техникалық оқу орындарында студенттерді кәсіби мамандыққа үйрету және тәрбиелеуде өндірістік оқу шеберлері педагог болып саналады. Оқу үрдісін жетілдіру, студенттердің қазіргі кезеңдегі технологиялық процестерді меңгеруі соларға байланысты. Өндірістік оқыту шебері-студенттерді оқыту және тәрбиелеудегі басты тұлға. Ол сабақтарында шебер оқушыларға жаңа технологияларды меңгертуде, өндірістік білік пен еңбек мәдениетін қалыптастырады.

Шебер студенттерді тек белгілі мамандыққа оқытып шебері немесе оқытушы өз пәнін толық білмесе, өз ісіне сүйіспеншілігі болмаса, студенттер арасында беделге және сыйластыққа ие бола алмайды. Бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Шебер әртурлі тиімді оқыту әдістерін меңгеріп пайдалануы, өз пәні жөніндегі шеберлігін көрсете білуі керек. Бір технологияның өзі атқарушының шеберлігіне байланысты арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты-студенттің жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып шығармашылықтарын қалыптастырады. Студенттердің өндірістік оқуда қабілеттерін арттыруға әртурлі әдіс-тәсілдерді, көрнекі құралдарды пайдалану жолдарын іздестіріп, сабақ жоспарына, шығармашылық тұрғыдан қарау-бұл сапалы білім берудің жолдары. Дегенмен, әр шебердің өзінің сабақ өткізу барысында жеке-тәсілдері болады. Өндірістік оқыту сабақтарында дамыта оқыту технологиясын пайдалану-бүл баланың табандылығын, мәселені шешуі құзыреттілік, өз күшіне сенімділігі, өз бетімен жұмыс істеуге құштарлығын дамытады. Осы орайда ең алдымен сабақты бастамастан бұрын студенттің ынтасы мен ойлау қабілеті жетіледі. Өндірістік оқыту сабағы дегеніміз-теориядан алған білімдерін өндірістік оқуда пайдалану арқылы тәжірибе жинақтау. Егер өндірістік оқу шебері өзінің тәжірибесі мен білімін студенттермен бөлісуге тырысқанымен, студенттің қызығушылығы болмаса, оқу сапасы туралы сөз болуы мүмкін емес. Өндірістік оқытуы шеберінің өндірістік оқыту сабағындағы негізгі мақөсаты-қызушылығы мен ізденісін ояту арқылы және ойлау дамыту қабілеттерін ашу, өз бетінше шешім қабылдай білуіне, орындай білу мүмкіндігін ашу. Ол үшін өндірістік оқыту шебері сабаққа алдын-ала тақырыпқа байланысты қажетті материалдар мен иқұрал-сайманды дайындап, жаңа технологиялық жетістікпен байланыстыру үші іздену қажет.

Өндірістік оқыту сабақтары кіріспе, негізгі және қорытынды кезендерден тұрады. Әр кезеңнің өз мақсаты болады. Бұл нұскаулар студенттердің іс-қимылына бағыт беруді ұйымдастыру үшін негізгі педагогикалық іс-қимыл болып табылады.

Техникалық мамандықтарда өндірістік оқу сабағын өткізудің ерекшеліктерінің бірі-студентке білуі қажет, істей алуы керек деген ұғымды алға қоя отырып, қайталауға, өз бетінше ізденуге үйрету арқылы маман даярлауға болады Кей жағдайда педагогикалық әзіл қолдану арқылы студент сергіту, ертеңгі күнге сеніммен қарауды қалыптастырса, студент пен оқыту шебер арасында жақсы байланыс орнайды, оқытудың өндірістік үрдесін жандандыру , шетелдік техника жаңалықтарын сабақ үрдесіне енгізу-бұл студент ынтасын арттырады. Сондықтан өндірістік оқыту шебері жаңа технологияларды,ғылым жетістіктерді күнделікті сабаққа саралап, таныстырып отырса ақыл-ой дамып, ізденімпаздығы артады.

Оразалиев Сағилат Бағдатұлы

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің,өндірістік оқыту шебері



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!