Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өндірістік сабақ жоспары: Шабрлеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары колледждерде жұмыс жасайтын өндірістік оқыту шеберілеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өндірістік сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Шабрлеу


Сабақтың білімділік мақсаты: Білім алушыларға шабрлеудің атқаратын қызметі және мағынасы жайлы мәлімет беру, шабрлердің қандай конструкциялары барын, олардың ерекшеліктерін және түрліше типтерінің атқаратын жұмысын таныстыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың іскерлік дағды-қабілеттерін қалыптастыру, мамандықтың қыр –сырын жетік игеруге ұмтылдыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды шеберханаларда техника және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың материалдық- техникалық жабдықталуы: Техника қауіпсіздігі туралы плакаттар, «Слесарь құрал-саймандары» плакаты, технологиялық нұсқау карталары, металл дайындамалар, слесарьлық құрал -саймандар жиынтықтары, металл кесінділер, әртүрлі детальдар.


Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: 8.30- 8.35

1. Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.

2. Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру.

3. Құрал- жабдықтардың сабаққа жарамдылығын тексеру.


ІІ. Кіріспе нұсқау кезеңі: 8.35- 9.25

1.Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2.Білім алушылардың білім деңгейлерін пысықтау:

- Кеңістік ерекшеліктері және оның жазықтан өзгешелігі неде?

- Белгілеуші плиталарды сипаттап беріңіз

- Кеңістік белгілеуде белгілеу сызаттарын түсіру үшін қандай аспаптар қолданылады?

- Белгілеуге әзірлеу жұмыстары қандай?

- Дәл белгілеу қалай орындалады?

- Белгілеушінің жұмыс орнына қандай талаптар қойылады?


3. Білім алушыларға жаңа тақырып бойынша нұсқау беру:

* Шабрлеудің мағынасы және атқаратын қызметі

* Шаберлер дегеніміз не?

* Шабрлеуді сынау

* Жазықтықтарды шабрлеу

* Шабрлеудің түрлері

* Шабрлеуде кететін ақау және оны болдырмау шаралары


Шабрлеу шаберлер деп аталатын аспаптардың көмегімен жұқа жоңқаларды қыру жолымен бұйымды өңдеу жөніндегі ақтық өңдеп шығару операциясы. Ол түйіндесетін беттердің жақсы жанасуын жоғары дәреэжеде жазықтылық пен түзу сызықтылықты қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда қолданылады. Әдетте шынықтырылмаған беттер ғана шабрленеді (қырналанады).

Шабрлеу процесінің мағынасы мына төмендегідей.Сынаушы аспап (плита, сызғыш) сырдың жұқа қабатымен сырланады. Содан кейін оған өңделетін бұйым қойылады. Енді бұйымды айналдыра қолғалтып жылжытсақ, оның көтеріңкі жерлеріне сыр жұғып қалады, кейін ол жерлер шабрмен қырылады.

Бұл үшін детельдерды іскенже (тискіге) қысып қояды. Шаберді тұтқасынан оң қолмен ұстайды да, сол қолмен оның ұшындағы кесетін жиегін қысып басады. Аспап өңделетін бетке 15-25º бұрыш жасай көлбетіле ұсталады. Шаберді алға қарай қозғау жұмысшы жүріс, ал кері қозғау – бос жүріс деп аталады. Жұмысшы жүрісінде оның кескіш жүзі жұқа жоңқа қырнап түсіреді. Операцияны беттің бірлігіне қажетті санды алғанша қайталайды. Неғұрлым ол көп болған сайын, соғұрлым беттегі дөңестер мен ойыстар кішірейе береді, демек бұл бет шабрленеді деген сөз. Ірі детальдарды бекітпейді, оларды орнататын жерінде шабрлейді.

Шаберлер – ұшында кескіш жиектері бар түрлі формалы металл стерженьдер. Жазықтықтарды шабрлеу үшін жазық шаберлерді қолданады. Олар бір жақты және екі жақты, тұтас және алып-салмалы пластинкалы болып келеді. Бір жақты тұтас шаберлерді әдетте У12А маркалы болаттан ұзындығын 150-300мм етіп жасайды. Көбінесе оларды алдын-ала бедерлерін кетіріп алып,ескі егеулерден жасайды. Екі жақты шаберлерді ұсталық тәсілдермен ұштарын қалпақтап жалпайтып, жұмыр темірлерден жасайды.Оның ұзындығы 350-400мм болады. Жүзі қайтып тозғанда пластинканы өзгертуге, сондай-ақ шапшаң кесетін болаттардан және қатты қорытпалардан жасалған платинканы пайдалануға мүмкіндік беретін алып-салмалы пластинкалы шаберлер әлдеқайдй тиімді конструкциялы болып табылады. Алып-салмалы пластинкалы шаберлер өндірісте кеңінен қолданылады.Сүйір бұрыш түзетін беттер үшін жартылай дөңгелек қолданылады.Олардың қимасы-сегмент, ал мөлшерлері жазық шаберлердікімен бірдей. Қисық сызықты беттерді үш жақты шабермен шаберлейді Олардың жұмысшы жүзі бүйір жақтары болып табылады. Қайрауды жеңілдету үшін жағын бойлай кертік жасайды. Үш жақты шаберлерді көбіне үш жақты егеулерден жасайды.Подшипниктер ішпектерін шабрлеу үшін шебер-сақина қолданылады.Беттерді өңдеу үшін өндіріс жаңашылдары дискілі шаберді ұсынады. Олардың диаметрі 50-60мм және қалыңдығы 3-4 мм дискісі гайкамен тұтқаға бекітіледі.

Жазықтықтарды шабрлеу. Шабрленетін бет алдымен таза және дәл етіліп, мұқият өңделеді;дара егеумен егеледі, жонылады,қырланады.Бұл сияқты алдын-ала өңдеу, шабрлеуге жіберілетін артықша төмендегі таблицада көрсетілген шамадан артық болмауы тиіс.

Жазықтықты шабрлеуге жіберілетін артықша,мм есебімен

Жазықтықтың ені

Жазықтықтың ұзындығы

100-500

500-1000

1000-2000

2000-4000

4000-6000

100-ге дейін

0,10

0,15

0,20

0,25

0,30

100-150

0,15

0,20

0,25

0,30

0,40



Артықша бұл көрсетілген шамадан көп болғанда,сондай-ақ бет тегіс болмаса,онда ол дара егеумен сыр үстінен егеп түсіріледі. Ондайда бұйымды сынаушы плитаға беттестіріп,тигізіп алғанда сыр жұққан жерлерді жонып түсіретінде\й етіп ,егшеуді ерсілі-қарсылы айналдыра қозғайды. Бет тым тазалау болуы үшін егеуді бормен үйкеп алуға да болады.

Шабрлеуді төрт түрге ажыратады: Қара дүрсін,жартылай таза,таза және әрлеу.

Алғашқы (қара дүрсін) шабрлеу.Шабрлеудің бұл түрінде жалпақ шабердің көмегімен бұйымның бетінің көтеріліп тұрған кедір-бұдырын алады.

Жартылай таза шабрлеу.Шаберлеудің бұл түрі көптеген беттер үшін ақтық шабрлеу болып табылады.Оның дәлдігі 25 *25 мм квадратта 8-15 дақ болады.

Ақтық (таза) шабрлеу. Тек тым өте жұқа беттер үшін ғана жасалады. Әрлеуші шабрлеуде аса жіңішке шабрмен және өте қысқа штрихтар жасай жұмыс жасайды.

Декоративті шабрлеу(Қыру,түсіру).Өңделген бетке шабрмен, бетке қайсыбір сурет бейнесін беретін штрихтар түсіру.Декоративті шабрлеуді бәрінен де ұшы иілген арнаулы шабрмен орындаған жақсы.



4. Кіріспе нұсқауды пысықтау:

  • Шабрлеу мақсаты, шаболеу кезінде алуға болатын дәлдік пен тазалық

  • Шабрлеу жұмысының мақсаты қандай?

  • Шаберлер дегеніміз не?

  • Шабрлеуге жататын бетке қандай талаптар қойылады?

  • Шабрлеуде жіберілетін ақаудың мүмкін болатын түрлерін және оларды болдырмау тәсілдері?


ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдаланып, жаттығу жұмыстарын көрсету: 9.30-9.50

1. Құрал –жабдықтарды дайындау.

2. Жалпы бөлшектерді қабыстыру жұмысы.

3. Технологиялық нұсқау карталарын тарату.


ІҮ.Ағымдық нұсқау: 9.55-13.10

1. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу.

2. Білім алушыларды тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау.

3. Білім алушыларға тапсырмалар бөліп беру.

1-аралау: Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын,тазалығын және жұмыстың

уақытылы басталуын қадағалау.

2-аралау: Технологиялық жұмыс карталары бойынша жұмыс жүргізулерін бақылау.

3-аралау: Жұмыс процесінің жүруін, құралдарды дұрыс, ережеге сай ұстай білулерін, білім алушылардың іс –қимылдарын тексеру.

4-аралау: Жұмыс барысында техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау.

5-аралау: Қателіктер жіберген білім алушыларға ескертулер жасап, қосымша нұсқаулар беру.

6-аралау: Орындалған жұмыстарды тексеру, қабылдау, бағалау.

7-аралау: Жұмысты аяқтау, жұмыс орнын жинастыру, құрал –саймандарды тазалап, орындарына салу. Шеберхана ішін тазалау, верстактарды сүрту.

Ү.Қорытынды нұсқау: 13.10-13.35

1.Сабақты қорытындылау: Білім алушылардың жаттығу орындауларын сарапта қорытындылау.

2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігіне қарай білім алушылардың еңбектерін,білімдерін бағалау.

3. Үйге тапсырма беру: Шабрлеу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін пысықтау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
1414
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12