Материалдар / Өндірістік тәжірибеге арналған тарату материалы "Статистикалық таратпалы қатарларының құрылуы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өндірістік тәжірибеге арналған тарату материалы "Статистикалық таратпалы қатарларының құрылуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Есеп және аудит мамандығы сабақтарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2020
678
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өндірістік тәжірибе


Тақырып: Статистикалық таратпалы қатарларының құрылуы мен түрлері


Статистикалық мәліметтерді жинақтау кезінде көптеген қызықты сандық көрсеткіштер алынады. Мұнда қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көлемі және олардың бір-бірінен белгілері бойынша өзгешеліктері көрсетіледі. Оны статистикада таратпалы қатарлар деп айтады.

Статистикалық таратпалы қатарлар деп, қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп, топқа бөлуді айтады.

Таратпалы қатарлар берілген белгілеріне қарай сандық және сапалық (атрибуттік) болып екіге белінеді.

Егер жиынтық бірліктері сапалық белгілері бойынша топталып, ретке келтірілетін болса, яғни сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде берілетін болса, онда мұндай бөлінуді сапалық таратпалы қатарлар деп атайды. Бұған мысал ретінде халықты жыныстық, ұлттық құрамына, білім дәрежесіне, жұмысшыларды мамандығына қарай бөлуді жатқызуға болады.

Сапалық таратпалы қатарды ретке келтіру кезінде оның сандық көрсеткіштері әр топ бойынша нақты немесе қатысты шама түрінде жеке көрсетіледі.

Сандық белгілер бойынша құрылған таратпалы қатарлар вариациялық қатарлар деп аталады.

Вариациялық қатарлардың мынадай екі түрі болады:

  • үздікті;

  • үздіксіз.

Үздікті (дискретті) вариациялық қатарларда топтастыру белгісі тек бүтін сан болады. Пәтерлерді бөлме саны бойынша, отбасыларын бала саны бойынша, дүкендерді касса саны бойынша топтаса, олар дискретті вариациялық қатарларды құрайды.

Кесте 1

Үздіксіз (интервалды) вариациялық қатарларда топтастыру белгісі кезкелген мәнді қабылдайды және оның мәні интервал түрінде беріледі. Мысалы, қызметкерлерді жалақы мөлшері бойынша, кәсіпорындарды негізгі капитал мөлшері бойынша топтау.

Кесте 2

Кез-келген вариациялық қатардың екі элементі болады:

қатар варианты;

варианттың жиілігі.

Вариант деп вариациялық белгінің таратпалы қатардағы жеке мәнін айтады. Ал жиілік әр варианттың неше рет қайталанғанын көрсетеді. Жиіліктердің қосындысы таратпалы қатардың көлемін анықтайды. Статистикада вариантты x, ал жиілікті f арқылы белгілейді. Жоғарыда келтірілген мысалда (2-кесте) жалақы мөлшері вариант, ал қызметкер сан жиілік болады.

Дискретті вариациалық қатарды график түрінде бейнелегенде таралу полигоны қолданылады. Таралу полигонын құру үшін абсцисса осіне варианттардың мәндерін, ал ордината осіне оларға сәйкес келетін жиіліктерді салады.

1-сурет. Отбасылардың бала саны бойынша таралуының полигоны


Ал үздіксіз (интервалды) вариациялық қатарды график түрінде бейнелегенде гистограмманы қолданады. Мұндай жағдайда абсцисса осіне интервал шектерінің мәндері салынады.

2-сурет. Қызметкерлердің жалақы мөлшері бойынша таралуының гистограммасы


Таратпалы қатарлардың жоғарыда аталғанған түрлерін бейнелі түрде былай көрсетуге болады:

3-сурет. Таратпалы қатарлардың түрлері



Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1.Таратпалы қатардың элементтерін сипаттаңыз?

2.Таратпалы қатардың қандай түрлері болады?

3. Вариант және жиілік дегеніміз не?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!