Ондық бөлшек

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ондық бөлшек

Материал туралы қысқаша түсінік
Ондық бөлшекті меңгерту жолдарынан мағлұматтар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

5.3В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану


Мектеп: «Ақтоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Исмагулова Роза

Тургынбаевна

Сынып: 5

Қатысқандар :

Қатыспағандар :

Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшек.Ондық бөлшектерді оқу және жазу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.1.13.Ондық бөлшек ұғымын меңгеру


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар : Оқушылар ондық бөлшек пен жай бөлшектерді ажыратады.Ондық бөлшектерді оқуды, жазуды үйренеді.

Оқушылардың басым бөлігі : Ондық бөлшектерді оқып, жазып және разрядтық қосылғыштар түрінде ұсына алады.

Кейбір оқушылар : Қосындыны ондық бөлшек түрінде жазуды үйренеді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар

  • ондық бөлшек ұғымын меңгереді және түсіндіре алады;

  • ондық бөлшектерді оқиды және жазады;

Тілдік мақсаттар:

Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен ондық бөлшекті, оның қалай жазылуын ұғынады және түсінеді, ондық бөлшектің разрядтарын атайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

- бүтін бөлік, бөлшек бөлік;

- ондық бөлшек;

- үтірмен ажыратылатын таңбалар саны;

- үтірден кейінгі таңбалар саны;

- ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер;

- разрядтары бойынша сандарды жіктеу;

- разрядтық бірліктер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ... керек;

- ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін ... керек;

- ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу үшін ... неше цифр болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифрға жылжыту керек;

- егер ондық бөлшектің соңына бір немесе бірнеше нөлдер тіркеп жазылса ( алып тасталса), онда ...бөлшек шығады;

- ондық бөлшекті қандай да бір разрядқа дейін дөңгелектеу үшін ... керек.

Құндылықтарға баулу

Адалдық, жауапкершілік, құрмет құндылықтарды дарыту -топтық жұмыс және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады, жаһандық азаматтық ондық бөлшек ұғымының даму тарихына саяхат жасау арқылы, ондық бөлшекті жазудың заманауи нұсқасымен танысу арқылы іске асырылады

Пәнаралық байланыс

Сызу , жаратылыстану.

АКТ-ны қолдану

Интерактивті тақта , диск, видеоматериалдар.

Алдыңғы білім

Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы, бөлшектің негізгі қасиеттері, аралас сандар, натурал сандардың разрядтары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



























Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу. «Пазл» әдісі

Оқушылар өздерінің бөліктерін тауып, пазл құрастырады.

1 тапсырма. Пазл бөліктерінде ұсынылған тапсырмаларды ауызша орындау арқылы сабақ тақырыбын анықтау.

Ауызша орындайтын тапсырма:

1. Мәжіліс залын мереке қарсаңында безендіру үшін 100 шар сатып алынды. Оның 39-ы қызыл шар. Қызыл шар қанша бөлікті құрайды.

2. Дүкенге құстар мен жануарлар үшін 600 кг жем әкелінді. Түске дейін оның - ін сатып жіберді. Түске дейін қанша жем сатылды?

3. 8 санын бөлімінде 100 болатын бөлшекпен алмастырыңыз.

4. Әмина құстар жайлы 19 беттен тұратын кітаптардың - ін оқып тастады. Кітапта неше бет бар?

5. 200 жас спортшылар мен жаттықтырушылар сапқа тұрғызылды. Олардың барлығы олимпиаданың ашылуына барады.

Олардың - ы балалар. Сапқа тұрған жаттықтырушылар саны қанша?

20

190

180

қ

ы

н

о

д

к

ше

ө

б

л


Ең алдымен мұғалім барлық топтардың жауаптарын тыңдайды. Одан кейін дұрыс жауапты ұсынады: «Ондық бөлшек»

Ауызша жұмысқа топта тексеру жүргізу (1 слайд)

1 - қосымша
























Сабақтың ортасы

25 минут


2 тапсырма. Пазлда есеп шартында немесе есеп шығару барысында кездестірген барлық жай бөлшектерді жазып шығыңыз.

Оқушылар жазбасы: , , , , .

Бөлшек сызығын қолданбай, оларды қалай жазуға болатынын ойланыңыз.

Кеңес

- Кестеге қараңыз (слайд).

Бөл-шек сан

Бөліміндегі нөлдер саны

Ондық бөлшек

Үтірден кейінгі цифрлар саны

1

0,6

1

2

4,03

2

3

0,115

3

3

2,008

3

4

?

4

5

?

5

- Сіз қандай заңдылық байқадыңыз? (нөлдер саны үтірден кейінгі цифрлар санымен сәйкес келеді)
-
Сіз соңғы сандарды қалай жазасыз? (дұрыс нұсқаны таңдаңыз)

А. 0,037 
Б. 0,0037 
В. 0,37

А. 3,5216
Б. 0,035216
В. 0,35216

- Демек, мәселе мынада: жай бөлшектерді, аралас сандарды жаңаша қалай жазу керектігінде.

Бірінші топтың оқушылары ауызша жұмыс бойынша бөлшектің жазбасын ұсынады, ал басқа топтар тексереді.

3 тапсырма.

- Бөлшектерді оқыңыз.
- Қандай қызық тұстарын байқадыңыз? (
Барлық бөлшектердің бөлімінде бір және нөл бар)
- Оларды қандай екі топқа бөлуге болады? (
Дұрыс және бұрыс)

Бұл бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазыңыз. Әрбір топты қалай жазуға болады? Оны қалай жасағаныңызды, қадамдап талқылаңыз. Бұл жазбалар несімен ерекшеленеді?

Шеңбер бойынша топтар өзара тексеру жүргізеді. Алгоритмді толықтыру.

4 тапсырма.

Оқулықпен жұмыс. Түсіндірме мәтінде мәселелік сұраққа жауап табыңыз.

Бөлімінде 10, 100, 1000, 10000 және т.с.с. сандарды бөлімсіз жазуға келісті. Ең алдымен, бүтін бөлігін, ал одан кейін бөлшек бөлігінің алымын жазады. Бүтін бөлікті бөлшек бөліктен үтір арқылы ажыратады. Мысалы,  .

Ондық бөлшекті жазу ережесін оқушылармен бірге оқу:

1) Егер де қажет болса, үтірден кейінгі цифрлар санын теңестіру.

2) Бүтін бөлігін жазу (ол нөлге тең болуы мүмкін).

3) Бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен ажырататын үтірді қою.

4) Бөлшек бөлігінің алымын жазу.

Тарихи мәлімет «Бөлшек сандардың ондық жазбасы»

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды, ақпаратты оқып, ең бастысын, әрі қызықты тұстарын белгілейді. 2 қосымша.

Содан кейін тақтадағы тапсырманы барлығынан бұрын орындаған топтардың бірінің спикері дайын презентация бойынша бөлшек сандардың заманауи жазбасының пайда болу тарихы жайлы баяндайды.

Осы кезеңде оқушылар жаһандық азаматтықты түсінуге қатыстырылады.

Тапсырманы топта талқылау және орындау. Шеңбер бойынша тапсырмалармен алмасу және индикатордағы ондық бөлшектердің жазбасын разрядтары бойынша кестеге жазу. 3 қосымша.

Бекіту. Өздік жұмыс.

1.Жаттығу. Ресейде ондық бөлшек жайлы ең алғаш рет «Арифметика» атты орыс оқулығында айтылған болатын. Егер бөлшектер мен мен аралас сандарды ондық бөлшектер арқылы жазсақ, оның авторын анықтай аламыз.

Аралас сандар мен жай бөлшектер слайдта, ал ондық бөлшектер – карточкаларда жазылған. Карточкалардың артқы жағында – әріптер жазылған. Тапсырманы орындау барысында оқушылар сөз құрастырады.

0,123

1,5

0,15

3,25

М

А

Г

Н



0,007

0,07

3, 025

0,7

0,0123

И

Ц

К

И

Й

2. Жаттығу. Бұл жаттығу ондық бөлшектерді оқу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Сахналау: Шамамен бойлары бірдей оқушыларға кеуделеріне цифрлар жазылған карточкалар тағылады. Ал барлығынан бойы аласа оқушының карточкасында үтір белгісі бар. «Үтір» цифрлары оқушылар қатарының әр түрлі орындарына жүгіріп алмасып тұрады, ал сыныпта отырған оқушылар шыққан сандарды оқиды. Әртістер ретінде кинестетиктерді алған жөн.

Мысалы,

5

,

0

2

9

1

3. Ондық бөлшек түрінде жазыңыз:

. Оқушылар өз бетімен орындайды және тапсырманы бірінші болып орындаған оқушының үлгісі бойынша тексереді.

Тапсырманы топта, тізбек бойынша орындау.

А тобындағы жаттығулар.

594. Ондық бөлшектерді оқыңыз:

25,4; 0,136; 103,15; 8,234; 1,39; 267,267 ; 1015,1; 307,3078; 36,04; 0,003; 181,105; 0,0809; 200,7001.

595.

987,654 321 саны берілген.Осы санның 1/ондық үлес; 2/ жүздік үлес; 3/мыңдық үлес; 4/он мыңдық үлес; 5/жүз мыңдық үлес; 6/миллиондық үлес разрядында қандай цифр жазылған?

596.

Сөйлемде кездесетін сандарды жазыңдар:

1/ мұхиттардың орташа тереңдігі- үш бүтін оннан тоғыз километр;

2/ Жердің күнді айналу жылдамдығы- жиырма тоғыз бүтін оннан тоғыз километр секунд;

3/Бұқтырма су қоймасының толық көлемі – қырық тоғыз бүтін жүзден алпыс екі текше километр.

Симон Стевин – еуропалық математикаға ондық бөлшек терминін енгізген және оны 1585 жылы шыққан «Десятая» кітабында қолданған математик ғалым және инженер.

http://festival.1september.ru/articles/520086/









































Мұғалімдер ресурсы Презентация Слайдтар














«Бөлшектің ондық жазбасының даму тарихынан»

Презентация 2

























































http://www.bilimland.kz/ru#lesson=11486


Сабақтың соңы

10 минут





Білімді тексеру. Өздік жұмыс.

1. Пальто мен орамалдағы ойылған жұлдызшалар не?
Барлығы өтпелі, кесілген, қолыңа алсаң - су? (қар ұшқыны)

«Қаршаларды жина». Слайд «Қар жауу» 10.

2. Орманшыға орманда аңдардың іздерін анықтауға көмектес. 11-14 слайдтар

Бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы


Сабақты қорытындылау.

- Қандай жай бөлшекті ондық бөлшекпен алмастыруға болады?

- Үтір алдында жазылған санды қалай атайды?

- Үтірден кейін жазылған санды қалай атайды?
- Үтірден кейін қанша таңба болу қажеттілігін қалай анықтауға болады?
- Егер бөлімінде 10, 100, 1000, 10000 болса, үтірден кейін қанша таңба болады?

Қалыптастырушы бағалау.

  1. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру,

  2. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.

Блум таксономиясы : білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийлері :

-Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырады;

-Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырады.

Дескриптор :

-Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жаза алады;

-Ондық бөлшекті жай бөлшек түріне айналдырады .



20,3 - жиырма_________ ____________үш

2,03 - ______________ _______________үш

0,007 - __________ бүтін ___________ жеті

42,06 - _______________________ бүтін

__________алты

5,004 - ________ бүтін ___________төрт

0,01 - _________ бүтін , жүзден _________

34,0006 - ___________бүтін _______алты _________________________

Бағалау. «Бармақ» әдісі

Үй тапсырмасы

597, 602, 603.


Рефлексия «Тақырыпқа қатысты кілт сөздер»

Келтірілген сөздердің қайсысы ондық бөлшекке қатысты?








«Ондық бөлшек»

Презентация 1










Математика: 5 сынып оқулығы


Саралау Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Білімді кеңейту, сахналау, топтағы қолдау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушының жұмысын бақылау және диалогты қолдану арқылы жүргізіледі.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

- Сабақ мақсаттары , оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

- Оқушылар бүгін не үйренді?

- Сынып атмосферасы қандай болды?

- Дифференциация жұмыс жасады ма?

- Барлығына уақыт жеткілікті болды ма?

- Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді? Неге?

Сабақ мақсаттары және күтілетін нәтижелер сабақтағы меңгерілетін мәліметке сәйкес болды.

Сабақта жұмыс атмосферасы сезілді.


Тапсырмаларды күрделілік деңгейі бойынша саралау оқушылардың қабілетіне сай болды.


Сабақта уақыт тиімді пайдаланылды.


Жалпы бағалау

Сабақтың ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )?

1: Өзін-өзі тексеру және өзара тексеру(топтағы)

2: Рефлексия

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ?

1: Ондық бөлшектер бейнеленген координаталық түзудің көрнекі бейнесі

2: Ондық бөлшектің сан сәулесіндегі орналасу жағдайының видео немесе анимациясы

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Келесі сабақта есеп шешімін тексеру дағдыларын дамытуға арналған қате жіберілген тапсырмаларды қарастыру. Соңғы тапсырма кезінде ұсыныстары жаңылыс шыққан немесе дұрыс болмаған оқушыларға назар аудару.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1133
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі