жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.
|
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану |
С. Абланов атындағы ОМ |
|||||||
|
Күні:28.01.2020ж |
Мұғалім: Нұргелдінқызы А. |
|||||||
|
Сыныбы: 5 сынып математика |
Қатысқаны: |
Қатыспағаны: |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. |
|||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.1.2.25. бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру. |
||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар:Жай бөлшек пен ондық бөлшекті танып, ажыратады. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыра алады. |
|||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі:Ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыра алады. |
||||||||
|
Кейбір оқушылар:Ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыруды, бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне айналдыру туралы тұжырым жасайды. |
||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Дағдылар |
Жетістік критерийлері: |
||||||
|
Білу |
Ондық бөлшектің анықтамасын біледі. |
|||||||
|
Түсіну |
Ондық бөлшекті жазып, оқуды түсінеді. |
|||||||
|
Қолдану |
Бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне айналдыра алады. |
|||||||
|
Талдау |
Ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыруды, бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне айналдыру туралы тұжырымдайды. |
|||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: Жай бөлшек пен ондық бөлшектің жазылуы, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру ережесін қолдануды өзі түсіне отырып, өзгелерге түсіндіре алады. |
|||||||
|
Лексика мен сөз тіркестері: |
||||||||
|
Жай бөлшек, үлестер, ондық бөлшек, ондық таңбалар, разряд бірліктер, натурал сан, аралас сан. |
||||||||
|
Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: 1. ... ондық бөлшек ...? 2.Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу ....? 3.3,1=3,10 теңдігін ....? |
||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу, тілге құрмет, өз ойын ашық айту, сабаққа белсене қатысу, еңбек сүйгіштік, өзі мен өзгенің еңбегін бағалай білу құндылықтары дамиды. |
|||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі |
|||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Электронды оқулық, презентация. |
|||||||
|
Бастапқы білім |
Ондық бөлшек ұғымын біледі. Ондық бөлшектерді оқып, жаза алады.Ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсінеді. |
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы 5 минут 10 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Ондық бөлшектің жазбасында қай разрядтардың арасына үтір қойылады? 2) Үтір алдында жазылған сан нені білдіреді? 3) Үтірден кейінгі жазылған сан нені білдіреді? 4) Үтірден кейін қанша сан болатынын қалай анықтауға болады? 5) Бөлімі 1000 болса, үтінден кейін қанша сан болады?
Топқа бөлу. «Ой қозғау» /Ребус шешу /топтық жұмыс/ 1-топ: ””’ ‘““
2-топ: ‘ ““‘“
3-топ: ‘ ’’’ ”
«Жай бөлшек», «Ондық бөлшек», «Аралас сан» сөздері шығады. 1-топ: Жай бөлшек 2-топ: Ондық бөлшек 3-топ: Аралас сан «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалау. Жай бөлшек, ондық бөлшек, аралас сандардың арасында қандай байланысты байқайсың?-деген сұраққа жауап бере отырып, сабақтың тақырыбы ашылады. Маған анықтамасын айтып бере аласың ба? 1-топ: Жай бөлшек дегеніміз... 2-топ: Ондық бөлшек дегеніміз... Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады 3-топ: Аралас сан... |
Презентация: Слайд 1 Слайд 2
Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5 ребус тапсырма жазылған үлестірме |
||||||
|
Сабақтың ортасы 10 минут Жаңа материалды игеру 10 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Топтық жұмыс.Топтарға мәтін беріледі,мәтіннен ондық болшектерді жазып шығады. Мысалы: Қазақстанда халық саны 2018 жылдың 1 наурызындағы есеп бойынша 18 миллион 195 мың 878 мың адамға жетті. Сондай-ақ елімізде 150-ден аса түрлі өзге ұлт бар. Қазақстанда қала халқының саны 10 367,4 мың адам (жалпы халық санының 57,4%-і), ауыл халқының саны 7706,7 мың адам (42,6%) болған. ҚР Статистика агенттiгiнiң
мәліметіне қарағанда, Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесi
63,6 пайызды, орыстар – 23,3, өзбектер – 2,9, украиндер – 2,
ұйғырлар – 1,4, татарлар – 1,2, немiстер – 1,1, басқа ұлыстар 4,5
пайызды құрады. Сергіту сәті. Дене тәрбиесі минуты. - Мен тұжырымды айтамын. Егер сіз онымен келіссеңіз, отырығыз, ал егер келіспесеңіз – тұрыңыз.
Жеке жұмыс. «Банка» әдісі бойынша банкадағы сұрақтарға жауап беру. Ондық бөлшекті жазыңдар. 1)Үш бүтін жүзден он алты; 2) сегіз бүтін мыңнан жүз жиырма үш; 3)нөл бүтін жүзден үш; 4) жиырма сегіз бүтін жүз мыңнан жеті; 5) төрт жүз бүтін миллионнан он бес. Тапсырма: 1-топ: Жай бөлшекті ондық
бөлшекке айналдыр. 2-топ: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыр. 0,12; 6,75; 3,5; 43,3; 123,07. 3-топ:Аралас санды ондық бөлшекке
айналдыр. Дескриптор:
Аралас санды ондық бөлшекке айналдыра алады Сабақты қорытындылау. - "Ондық бөлшек" дегеніміз не? - Ондық бөлшек қайда қолданылады? - Қандай жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болады? - Қандай жағдайда жай бөлшекті
ондық бөлшекке ауыстыруға болмайды? «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау Қызыл - түсінген жоқпын Сары - әлі де практика қажет Жасыл - барлығы түсінікті Үй тапсырмасы 1.Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазыңыз: 2,8; 3,74; 1, 371; 0,55; 145,003; 20,036; 201,0101; 6,006; 33, 0008. 2.Бөліндіні бөлшекпен немесе аралас санмен алмасытырыңыз. Алынған бөлшекті ондық бөлшекке аудырыңыз.
3.Өрнектеңіз:
4.Сандарды ондық бөлшек түрінде жазыңыз:
|
Слайд 6
Слайд 7
|
||||||
шағым қалдыра аласыз

;
;
;
;
;
;
;
;
;
;
;









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген