Ондық бөлшектерді оқытудың әдістемесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ондық бөлшектерді оқытудың әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ондық бөлшектерді оқытудың әдістемесі

Математиканы оқыту әдістемесі математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру математиканы оқыту мен математика пәні арқылы оқушыларды тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым сондықтан да ол қазіргі қоғамның талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады. Математиканы оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы меңгеру және алған білімінпрактикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістері мен құралдарын тағайындайды. Математикалық сауаттылықтың дамуы  оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын, оның бастауыш сыныптағы оқушылардың бойында  адамгершілік кейіптегі жағымды  із қалдырарлықтай бірқатар жақтары  бар. Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың  бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтарымен сауаттылығын дамыту. Мысалы: математикалық  үйірмелерде сабақтан тыс уақытта  тек математикалық сауатты оқу  мен жазуға, ұғымдарды дұрыс қолданып дұрыс ажыратуға көңіл бөліп  мұғалім жұмыстар жүргізу арқылы қалыптастыра алады. Оқушылардың пәнге  деген көзқарасы әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады. Олардың осындай ерекшіліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын  арттыру мақсатында математикадан  сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастырып жүргізудің маңызы зор.

Математиканың әдістерінің ішінде ондық бөлшектерді оқытудың әдістемесіне тереңдеп тоқталып өтсек артық болмас. Негізінен, әдістеменің түрлері көп. Әр оқытушы қай әдісті таңдаса да қателеспейді деп ойлаймын. Мысалға, ондық бөлшектер тіралы түсіндіру барысында дәстүрлі түрде тек қана анықтама беріп, бірнеше түрлеріне тоқталып, есептер шығарумен ғана шектелмей, сонымен қатар қазіргі заман технологияларына сай түрлі ақпарат көздерін қолдануға болады. Біздің барлығымыздың білетініміз презентация арқылы немесе тақтада түсіндіру. Ал қазіргі заман талабына сай ол сабақты қызықтырақ өткізу үшін түрлі бағдарламаларды ғаламтор арқылы қолданып, оқушыларға көрсетіге болады. Мысалы, prezi бағдарламасын алайық. Ол бағдарлама презентацияның бағдарламасына ұқсайды. Бірақ та, бұл бағдарламада басқа да мүмкіншіліктері көп. Презентацияда жасайтын қаншама слайдтарды бұл бағдарламада бір ғана бетке жасауға болады. Сол сияқты FlipChart, MacroMedia, т.б. бағдарламаларды қолдануға болады.


Есептер

1. Ондық бөлшек түрінде жазыңдар:

Нөл бүтін оннан тоғыз – 0,9;

Нөл бүтін жүзден он жеті – 0,17;

Нөл бүтін жүзден үш – 0,03;

Екі бүтін мыңнан үш – 2,003;

Үш бүтін жүзден бес – 3,05;

Тоғыз бүтін мыңнан екі жүз жеті – 9,207.

2. Амалдарды орындаңдар.

3. Жай бөлшек түрінде жазыңдар.

4. Ондық бөлшектердің бүтін бөліктерін салыстырыңдар.

2,75 және 3,14, 2 3;

8,26 және 5,789, 8 5;

9,7 және 6,03, 9 6.

5. Ондық бөлшектердің ондық үлестерін салыстырыңдар.

6,324 және 6,185, 3 1;

4,253 және 4,653, 2 6;

5,07 және 5,127, 0 1.

6. Ондық бөлшектердің жүздік үлестерін салыстырыңдар.

7,538 және 7,548, 3 4;

2,6912 және 2,6301, 9 3.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
2007
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі