Материалдар / Ондық бөлшектерді салыстыру 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ондық бөлшектерді салыстыру 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
3007
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.3B Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектебі

Күні: 29.01.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Райымбекова Айгуль

Сынып: 5ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыруға есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.5.2.4 ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу;

5.1.2.26 ондық бөлшектерді салыстыру.

Сабақтың мақсаты

  1. Ондық бөлшеккерді координаталық сәуледе кескіндей алады, салыстыру тәсілдерін біледі;

  2. Ондық бөлшектерді; координаталық сәуледе, разрядтары бойынша және натурал сандарға түрлендіріп салыстыра алады. 

  3. Есептің шартын талдай отырып, теңсіздікті қанағаттандыратындай қажетті цифрларды анықтайды.

Бағалау критерийі

  1. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе, разрядтары бойынша және натурал сандарға түрлендіре отырып салыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру ережесін негіздеп қолдана алады;

  • ондық бөлшектерді координаталық сәулеге кескіндеуді тұжырымдай алады;

  • ондық бөлшектерді салыстыруды түсіндіре алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- разрядтары бойынша сандарды жіктеу;

- сандарды разрядтары бойынша салыстыру;

- жоғары (үлкен) разряд;

- төменгі (кіші) разряд;

- разрядтық бірліктер;

- ондық таңбалар.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

егер ондық бөлшектің соңына бір немесе бірнеше нөлдер тіркеп жазылса ( алып тасталса), онда ...бөлшек шығады;

- координаталық сәуленің бойында екі ондық бөлшектің ... орналасса, сол бөлшек үлкен (кіші) болады;

- ондық бөлшектерді салыстыру үшін алдымен бүтін бөліктері салыстырылады, егер бүтін бөліктері тең болса, онда ...;

Құндылықтарға баулу

Белсенділік ; жұптық, топтық жұмыстар арқылы құрметтеуді дарыту; топ ішіндегі бір бірін бағалау, өзін-өзі бағалау арқылы жауапкершілікті дарыту

Алдыңғы білім

Жай бөлшекті ондық бөлшектерге айналдыра алады; ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алады.

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут




















1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сыныпты топқа бөлу. Сынып оқушылары өзі қалаған гүлін таңдап сыныптасына сыйлайды. Гүлдің жапырағына жазылған ондық бөлшектердің үлес разрядына қарай топқа бөлінеді.


2. Үй тапсырмасын тексеру: 

1251

2,7<3,6 8,3>7,94 7,308<7,312

0,4>0,39 0,47<0,5 14,901>14,890

0,1<0,99 5,21<6,0 56,053<51,983


1255

3. Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:

1. Ондық бөлшек деген не? 
Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан.

2. Ондық таңба дегеніміз не?

Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрларын ондық таңба деп аталады.

3. Қандай қысқартылмайтын жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болады?

Бөлімдерінің жай көбейткіштерге жіктелінде 2 мен 5 сандары гана болатын қысқартылмайтын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға болады.

4. Ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме? 
Өзгермейді 

5. Ондық бөлшектерді салыстырудың қанша тәсілі бар?

3 тәсілі бар.






Алдамуратова Т.А.

Математика -5 сынып, 2017ж









Сабақтың ортасы

30 минут


4.Постер қорғау.

1.Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу.
2.Ондық бөлшектер координаталық сәуледе салыстыру.
3.Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыру. 
Ондық бөлшектерді натурал санға түрлендіріп, салыстыру.

 
5. Оқулықпен жұмыс.

І топ №1256 (1)

ІІ топ №1256 (2)

ІІІ топ №1256 (1)

IV топ №1256 (2)



1256(3)

1,3,5,8 цифрларының және үтірді пайдаланып, мүмкіндігінше ең үлкен ондық бөлшекті, ең кіші ондық бөлшекті жазыңдар.

853,1 -ең үлкен ондық бөлшек

1,358 -ең кіші ондық бөлшек



І топ. №1257 (1,2)

ІІ топ. №1257 (3,4)

ІІІ топ. №1259 (1,2)

V топ. №1259 (3,4)



1258

А(0,5), B(2,2), C(4,9), D(5,5)

0,5<2,2; 0,5<4,9; 0,5<5,5; 2,2<4,9; 2,2<5,5; 4,9<5,5

6. Сергіту сәті. Музыка ойнатылады. Слайдтағы үлкен ондық бөлшекке қолды созу.

7. Логикалық есеп. №1260.

Сырт пішіндері бірдей 9 сақинаның біреуі жалған. Жалған

Сақина өзгелерінен ауыр. Гір тастары жоқ табашалы таразымен неше рет өлшеп, жалған сақинаны табуға болады?

Шешуі: 2 рет өлшеу арқылы. Сақинана үш үштен бөлеміз. Екі бөлігі табақшаға, бір бөлігі салынбайды. Егер таразы басы тең болса, жалған сақина салынбаған бөлігінде, егер таразының бір басы ауыр болса, жалған сақина сол басында. Енді осы үш жүзікті тағы да сол әдіспен бөлеміз.


8. Өзін–өзі тексеру тапсырмасы.

Ондық бөлшекті координаталық сәуле кескіндеу.

Өз есіміңдегі дауысты дыбыстың санын бүтін бөлікке, дауыссыз дыбыстың санын бөлшек бөлікке жазыңыз. Кімде қандай ондық бөлшек пайда болды?

Осы бөлшекті координаталық сәулеге кескіндейік.


9. Кahoot! бағдарламасы бойынша ауызша тест.

1.Салыстыру: 2,00102 және 2,1

А. 2,00102<2,1 B. 2,00102>2,1

C. 2,00101=2,1

2.Мына сандарды өсу ретімен жаз: 7,34; 7,4; 7,3.

А.7,34; 7,4; 7,3 B. 7,3; 7,34; 7,4

C. 7,3; 7,4; 7,34

3. 4,2*; 4,**; 4,*5 сандары өсу ретімен жазылған. Жұлдызшаның орнына қандай цифрлар қойылу керек.

A.3 B. 5 C.7 D.1

4. Салыстыр:

4,3 және 4,300

A. 4,3=4,300 B. 4,3>4,300 C.4,3<4,300

5. 5,9 бен 6,4 сандарының арасында қандай натурал сан бар?

А.6 B.5 C.7





Плакат, маркер

































интерактивті тақта





















Кahoot! бағдарламасы

Сабақтың аяғы

5минут

Сабақты қорытындылау.

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қаласында 2017 жылы 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында өтті.

Онда Қазақстандық Фристайлшылар Бағлан Іңкәрбек пен Жанбота Алдабергенова командалық ойында 167,05 ұпайға ие болды, ал Қытай командасы 113,02 ұпаймен жарысты аяқтады. Қай елдің нәтижесі жоғары?

Могулшылардың жинаған ұпайлары: Юлия Галышева(Казахстан)-73,8, Анастасия Первушина(Россия)-67,13 және Катарине Рамзауер (Австрия)-52,05. Қай елдің ойыншысы бірінші орында?

Үйге тапсырма:№1261, 1262

Рефлексия.

- Бүгінгі сабақтан өзіңе не алдың?

- Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болды?

- Қаншалықты сабақ мақсатына жетті?

- Өз көңіл күйінді белгімен көрсет.



Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға жоспарды қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.


Оқушыларды өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.


Оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!