|
Пәні: математика |
Мектеп: Целиноград ауданы, № 23 Антоновка ауылының негізгі мектебі |
|
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1В Сандармен амалдар орындау. «Сандар және өлшемдер» ортақ тақырып аясында |
Мұғалімнің аты-жөні: Нурбекова Салтанат Рымбековна |
|
|
Күні: |
Қатысқандар: |
|
|
Сынып: 2 сынып |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Ондықтан аттап өту арқылы қосу |
|
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары ( ОБ сілтеме) |
2.1.2.4 Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құру, білу және қолдану. |
|
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: бір таңбалы сандарды ондықтан аттап өту арқылы қосу. Көптеген оқушылар: бір таңбалы сандарды ондықтан аттап өту арқылы қосу алгоритмін түсіну. Кейбір оқушылар: бір таңбалы сандардың қосу кестесін талдау. |
|
|
Бағалау критерийлері |
1. Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосады. 2. Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу алгоритмін түсінеді. 3. Бір таңбалы сандардың қосу кестесін пайдалана алады, талдайды. |
|
|
Тілдік мақсат |
Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құрастыра біледі. Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы: бірліктер, ондықтар, разрядтар, қосылғыш, қосынды, разрядтық қосылғыштар. Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері: - Бұл санның разрядын атай аламыз ба? - Бірліктер бірліктерге қосылуы керек па? - Бірлікті бірлікке қосқанда екі таңбалы сан шығара аламыз ба? - Қосылғыш пен қосындының орналасу ретін көрсетеміз? |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
жауапкершілік |
|
|
Пәнаралық байланыстар |
музыка |
|
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Екі таңбалы сандардың разрядтары (бірліктер, ондықтар, разрядтық қосылғыштардың қосындысы) |
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 2 минут 5 минут |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал Біз бақытты баламыз, Ойнап, күліп аламыз. Жетілсін деп санамыз, Оқып білім аламыз. (МК, Ұ) Оқушыларды жұпқа бөліп «Бұлақ» ойынын ойнату үшін тұрғызамын. Жұпта тұрған оқушыларға, жүргізушіге 0 бастап 9 дейін цифрлар жазылған таратпа қағаздар беремін. Жүргізуші жұптардың арасында жүреді және екі таратпа қағаздағы жиынтық сан 10 құрайтындай ететін таратпа қағазы бар оқушыны таңдайды. Жұпсыз қалған оқушы осыған ұқсас әрекетті жасайды. Дескриптор: -10 санын құрайтын сандарды біледі -10 санына дейін ауызша қосады - сандардан 10 санын құрайды |
Цифрлары бар таратпа қағаздар. |
|
Сабақтың ортасы 5 минут 6 минут 3 минут 6 минут 6 минут 4 минут
|
(Ж) Оқулықпен жұмыс, 2 тапсырма Оқушыларға жұппен жұмыс жасайтындарын хабарлаймын. Тапсырмалар жұп оқушыларына жеке-жеке таратылады, тапсырма мазмұны: түсіндіре отырып, есепте, бір қосылғышты 10-ға дейін толықтыр, ол үшін екінші қосылғышты 10-ға дейін толықтыратын тиімді қосылғыштар қосындысына жікте, бірінші қосылғышты 10-ға дейін толықтырып, содан кейін қалған қосылғышты қос 7
Дескриптор: - екінші қосылғыштың сан құрамын анықтайды. -бірінші қосылғышты 10-ға дейін толықтырады. - өрнек құрады. -қосындының мәнін табады. (Т) Проблемалық сұрақтар. Оқушыларды топқа бөліп «Гүлдер әлемінде» ойынын ұсынамын. Әр топқа саны оннан асатын жасанды гүлдерді таратамын. Топтардың тапсырмасын белгілеймін. 1-топ Сендердің қолдарыңда 7 гүл бар, енді 12 гүл болу үшін қанша гүл қосасың? Қосылған гүлдер санының құрамын тауып, тиімді қосылғыштарға жіктейсіңдер, өрнекті құрғанда екінші қосылғыш қосындының мәнін онға дейін толықтыруы керек. 7 Ж 3 2 2- топ: Қолдарыңда 5 гүл бар, енді 15 гүлге толықтыр. Қосылған гүлдер санының құрамын тауып, тиімді қосылғыштарға жіктейсіңдер, өрнекті құрғанда екінші қосылғыш қосындының мәнін онға дейін толықтыруы керек. 5+ 10 =
Дескриптор: - екінші қосылғыштың сан құрамын табады. - өрнекте оннан аттап қосуды жүзеге асырады. Сергіту сәті: «Санамақ» (Д) Оқулықпен жұмыс: 4 тапсырма Есептер бойынша өрнектер құрастыр. а) Конструктор жиынтығында 18 көк және одан 4-еуі артық қызыл түсті бөлшектер бар. Конструктор жиынтығында неше қызыл түсті бөлшек бар? ә) Конструктор жиынтығында 90 көк және 60 қызыл түсті бөлшектер бар. Қандай түсті бөлшек артық және нешеуі артық? б) Конструктор жиынтығында 100 бөлшек бар. Олардың 30-ы сары түсті, ал қалғаны –қызыл. Конструктор жиынтығында неше қызыл түсті бөлшек бар? (Ж) Конструктор жиынтығында 100 бөлшек бар. Ұшақты құрастырғаннан кейін, онда 30 бөлшек қалды. Ұшақ құрастыру үшін неше бөлшек пайдаланылды? Дескриптор: - есептер бойынша өрнектер құрастырады. - артық, кем терминдерін түсінеді. -қосу және азайту амалын өрнектерде дұрыс қолданады. (Т) Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы туралы білімін қайталау. Тапсырма: топ мүшелерімен 17, 29, 15 сандарының модельдерін қарастырыңдар. (МК, Д) Математикалық диктант. 7+5 9+4 8+7 5+6 6+9 30+50 70+20 40+60 80+20 50+40 Дескриптор: -модельдеу жолдарын біледі -сандарды модельдеу арқылы жеке-жеке бірліктер мен ондықтарға бөліп көрсетеді -бір таңбалы және екі таңбалы сандарды ажыратады -бірліктерді бірліктерге, ондықтарды ондықтарға қосады -бір таңбалы және екі таңбалы сандарды қатесіз қосады (қ) Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма. Ойлау дағдыларының деңгейлері: -білу -түсіну -қолдану Қосу кестесін пайдаланып, берілген өрнектердің мәнін тап. Өрнектің мәнін табу жолын кестеге сызықтармен белгілеп көрсет. Өрнектің мәнін қоршап сыз. 7 + 5 = 4 +8 =
Дескриптор Білім алушы − қосу кестесін қолданып, бірінші өрнектің мәнін табады; − қосу кестесін қолданып, екінші өрнектің мәнін табады; − қосу кестесін қолдану жолын сызып көрсетеді. |
17 бет Тапсырмалары бар А4 көлеміндегі қағаз, жасанды гүлдер АКТ https://www.youtube.com 17 бет А3 көлеміндегі қағаздар «Жүйелі-әдістемелік кешен», http//smk.edu.kz 9 бет.
|
|
Сабақтың соңы 3 минут |
Рефлексия:
|
www.google.kz |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ондықтан аттап өту арқылы қосу. 2-сынып

шағым қалдыра аласыз