ӨНЕР - АСЫЛ ҚАЗЫНА

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ӨНЕР - АСЫЛ ҚАЗЫНА

Материал туралы қысқаша түсінік
сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӨНЕР - АСЫЛ ҚАЗЫНА

Жунисова Нұрсауле Кенжеевна

С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жоббм музыка пәні мұғалімі



Жүргізуші:

Қайырлы күн! Таңмен таласа оянып білім алуға асыға басып мектепті бетке алатын барша   оқушылар мен аяулы ұстаздар!

Бүгінгі эстетикалық пәндер бірлестігінің «Біз Жаңа Қазақстанның еңбекті, өнерді, құндылықты сүйетін болашағымыз» атты он күндігінің «Өнер - асыл қазына» атты ашылуына қош келдіңіздер!!!

Олай болса апталықты ашып беру үшін ортаға мектебіміздің директоры Усманов Бегмат Нұралыұлын, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Жакашова Гүлжан Қамысбекқызын, Жекенова Гаухар Серікбайқызын, директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары Орал Нұркен Базарбайұлын және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Гульбақыт Тайжанқызы мен Диана Ғабитқызын Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.


Жүргізуші:

Мен қазақпын,ұланымын елімнің,

Мен қазақпын,тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген,

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерген.

Болашағы ертеңгі біз елдің.

Алдарыңызда 4 «Ғ», 4 «Е» топтарынан құралған хор. Орындайтын әні: «Болашағы біз елдің»


Жүргізуші:

Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,

Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға, алтын бесік – туған жер,

Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр! Алдарыңызда «Алау» тобы. «Алтын бесік» әнімен қабыл алыңыздар!


Жүргізуші:

Сабақтауды инені

Қадауды қалай түймені

Кесуді қалай кеспені

Тоқуды қалай кестені


Ұстатып балға сүргіні,

Қайнаған еңбек қызулы,
Арамен қалай кесуді
Үйретеді тағы, сызуды

Арқалап әр кез жүреді,
Синтезатор, аккордеон, баян, домбыра аспабын.
Үйретіп жүр өнерге,
Талапты талай жастарын.

Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын.
Биле, кәне, достарым деп
Шәкірт көрсе естен танатын.
Ендеше, өздеріңіз көріп тұрғандай мұншама дүниелерді жасаудың қырсырын меңгерген және шәкірттеріне өн бойындағы бар өнерін үйретуден жалықпаған бірлестігіміздің аяулы ұстаздарына алғысымызды айта отырып, ортаға технология пәнінің мұғалімі Хушкелдиева Нұргүл апайымызды «Жақсы адамдарым» әнімен ортаға шақырсақ. Қошеметтеп қоялық!


Жүргізуші:

Құрметті көрермендер «Өнер асыл қазына» атты бүгінгі ашылу салтанатынан бастау алатын біздің онкүндігімізде ата–бабамыздан келе жатқан салт–дәстүрлеріміз, қолөнерлеріміздің түрлері мен жасалу жолдарын насихаттау үшін өткізілетін түрлі іс–шаралар, мектебіміздің өнерпаз оқушыларының концерттері, тағысын тағы, барлығы сіздер үшін.

Біз сіздермен он күн бойы біргеміз. Мектеп ұжымының қолдауымен алда әлі талай іс-шаралар өткелі тұр.

Сондай-ақ креативке толы ашық сабақтарымыздың есігі сіздер үшін он күн бойы ашық. Біздің күшіміз бірлікте. Ынтымақ пен бірлігіміз ажырамай, мектебіміздің білім беру үдерісінің сара жолынан жаңылмай, сыйластық пен түсіністікті жанымызға ту етіп, биік шыңдарға бірге шығайық!

Олай болса, мың бұралып сахнада тамсанып,

Би билеңдер босатылып бар жүктен.

Көрермендер өте ыстық қарсы алып,

Шапалақтап жібереді зал біткен.

Алдарыңызда облыстық, республикалық, тіпті халықаралық байқаулардың жеңімпазы «Арнау» би тобы «Қуыршақ Барби» биімен. Қарсы алыңыздар!


Жүргізуші:

Ән мен күйдің, өнер мен өлеңнің қайнар көзі эстетика бірлестігі. Әрине «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп Абай атамыз айтқандай, өзге бірлестіктер де өнерден кем емес. Мектебімізде тіл мамандары керемет көркемсөз оқыса, музыканттар ән салса, т.б. бірлестіктер де өз өнерін көрсетіп жатса, нұр үстіне нұр емес пе?! Өйткені аты біздікі болғанымен заты ортақ. Осы сахнаға шыққан әр оқушының бойында біздің бірлестіктің ұшқыны байқалатыны да ақиқат..

Сөзіміздің дәлелі ретінде жасынан өнер мен білімді қатар үйреніп жүрген бүлдіршіндерді ортаға шақырсақ. Алдарыңызда «Жауқазын» тобы. Орындайтын әндері «Біз өнерпаз баламыз». Құрмет, қошемет білдіріп қояйық.


Жүргізуші:

Сенде өстім сенде жүрдім ауылым,

Маған қымбат нөсерлеткен жаңбырың.

Жүрегіме әсерлеткен ақ желің,

Мәңгілікке сенсің енді ән жырым.


Жүргізуші:

Сенде өтті ең қызықты әр күнім,

Сайрады сенде бау бақта бұлбұлым.

Жайылмамсың менің ата мекенім,

Мен сені мәңгілік мақтан етемін.

Олай болса, Бәкір Тәжібаевтің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің әні «Ауылым» әнімен алдарыңызда технология пәнінің мұғалімі Шалабаева Индира апайымыздың қарсы алайық.


Жүргізуші:

Сен неткен,Отан анам,ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін

Жайнай бер,Ұлы Отан-Қазақ елім

Ән: «Отан». Орындайтын 3 «К» сынып оқушысы Раяна


Жүргізуші:

Ата, әжемді өте жақсы көремін,
Өздеріңе арнап өлең де айтып беремін.
Ер жетіп, үлкен болып өскенде,
Бәрін, бәрін, бәрін алып беремін.

Алдарыңызда 1 сынып оқушысы Абдиғани Арунаның орындауында «Жақсы көрем атам менен әжемді» әні. Қабыл алыңызда!


Жүргізуші:

Құрметті көрермендер эстетикалық пәндер бірлестігінің «Біз Жаңа Қазақстанның еңбекті, өнерді, құндылықты сүйетін болашағымыз» атты онкүндігінің «Өнер асыл қазына» атты ашылу салтанаты осымен өз мәресіне жетті.

Онкүндік аясында өткізілетін түрлі іс-шараларда кездескенше аман-сау болыңыздар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2023
351
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі