«Өнер – тылсым күш»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өнер – тылсым күш»

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушылары мен мұғалімдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Өнер – тылсым күш»

Мақсаты: Білімділік. Оқушыларға өнер-ұлы күш екенін түсіндіру, Әлемдегі талант иелерінің жұмыстарымен таныстыру, желімдеу әдістерін үйрету. Әйгілі суретшілердің жұмысына қарап, қағаздан жапсыру жұмысын жасау. Дамытушылық. Балалардың еңбекке қабілеттілігігмен қоса іске икемділік, тәсіл қолдану қабілетін дамыту. Көркемдікті, әсемдікті сезе білуге баули отырып, эстетикалық ой-өрісін дамыту. Тәрбиелік. Өнерге құштарлық сезімдерін қалыптастыра отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Коррекциялық . Көзге ауыртпалық түсірмей, көзге арналған жаттығу жасау арқылы қалған көз жанарын сақтап қалу. Көрнекіліктер: сурет,

Шараның барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Кіріспе

Шаттық шеңбері:

Күлімдеп күн бүгін, қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін, қарады саған да.

Шуағын төгіп тұр, маған да, саған да

Ойланайық, пікірлесейік!- деп балалар «ұлдар» және «қыздар» болып екіге бөлініп отырады.

- «Өнер» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

- Қандай адамды өнерлі дейміз? (Оқушылар ойын тыңдау)

Өнер деген-өмір сүру, іздену.

Білмегенді білгендерден үйрену,

Жұрт назары ажырамас өнерден.

Шын беріліп, ерекше бір күйге ену.

Өнер деген- сатылатын ақша емес,

Өнер деген- жалқауларға пана емес,

Өнер деген- жасай берер мәңгілік,

Өнер деген- ешнәрсеге тең келмес.

Жалпы алғанда , өнер деген-қызықты іс,

Қасиетті, құдіретті тылсым күш.

Назарымызды экранға аударамыз. («Көру қабілетінен айырылған таланттар» слайд көрсету)

- өмірлік жетістіктерге қалай жетуге болады?

- Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?

«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді», - дейді Л. Н. Толстой.

  • Еңбек пен өнер етене жақын ұғым. Өйткені еңбексіз өнер үйренбейсің.

Әлем даналарының ой - пікірлерін толықтыра әрі тереңдете түсіп, өз тарапынан тың жаңалықтар ашқан, сөйтіп, жүйелі ілім жасаған кемеңгер Абай:

Бақпен асқан патшадан,

Мимен асқан қара артық.

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық – дейді. Адамды адам еткен - еңбек», - деген дүниежүзі мойындаған классикалық ғылыми тұжырымымен ұқсастығы қайран қалдырады, әрі сүйсіндіреді. Демек, адамның адам болуында еңбек шешуші рөл атқарған. Табандылықпен еңбек ету адамның өмірін көркейтеді және адамның өзіне, өзгелерге қуаныш, бақыт әкеледі.

Ал, өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған. Меніңше, осындай асыл қазынадан сабақ алып, өнердің қыр-сырына ден қойсақ, келешекте бізден де танымал талант шығуына кімнің күмәні болмақ.

Олай болса, экранға назар аударайық. (Слайд)

КӨЗГЕ АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУ.

  1. Көзді жоғары-төмен, оңға-солға айналдыру;

  2. Көзді қатты жұмып, үлкен етіп ашу;

  3. Шеңбер бойынша айналдыру.

Енді осы жұмыстардың ішінен таңдап екі суретті жасауға ынталанып көрейік.

Жұмыс істеу ережесін еске түсіру.

1. Қағазбен жұмыс істеген кезде, ең алдымен, оны өлшеп, белгілеуден бастаймыз.

2. Содан соң белгі бойынша бүктейміз.

3. Бүктеу сызығы бойынша қағазды қайшымен қиямыз.

4. Сурет бойынша бұйымды құрастырып аламыз, қағазға жапсырмалаймыз.

Желім жағу реті ,тәртібі:

1. Сол қолымызбен қағаздың жоғарғы жағын ұстап тұрамыз.

2. Оң қолмен оңтайлы қимылдап, қағаздың ортасынан шетіне қарай желім жағамыз.

3. Қағаз парағының жоғарғы бөлігіне желім жаққанда оң қолмен оның жоғарғы шетіне қарай жағамыз.

Қағаз бетінің бір жағын желімдеген кезде оның екінші жағын ескі газетпен немесе пайдаланылған қағазбен жауып қоямыз.

Үстел бетіне желім жұғып қалмау үшін қағаз немесе қатырма қағаз жаямыз.

Қайшымен жұмыс істеу ережесі:

1 . Қайшының ұшын төмен басып ұстап қию керек.

2 . Жұмыс барысында өте мұқият болу.

3 . Қиып болған соң, қолда ұстап тұрмай, орнына қою керек.

Сонымен, «ұлдар» тобы – кеме, ал «қыздар» тобы – жүрекшені таңдады. - Өте жақсы! Ендеше, іске сәт, балалар!

Үй тапсырмасы: Екі топтың дайындаған өнерлерін тамашалау.

(Балалардың жасаған бұйымдарын көрмеге қою)

Қорытынды.

Ұлт тірегі – өнерлі ұрпақ қолында, Ізденіңдер, білім алу жолында. Еңбекті сүй, өнерді сүй құрметте, Жас ұрпақ алау оттай жалында.,- деп талпынған талаптарыңа нұр жаусын деген тілекпен бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.12.2018
346
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі