Материалдар / Өнер-ұлттық дәстүріміз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өнер-ұлттық дәстүріміз

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2023
305
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өнер-ұлттық дәстүріміз

Музыка, әуен, саз - өнер әлемінің негізі. Халқымыздың музыка әлемінде кеңінен таралған жанрларының бірі - ән. 

Ән дәстүрі өзінің болмысымен, бай мазмұнымен қазақ халқының ұлттық дәстүрін сипаттайды.

Ән сазды әуезділігімен, көңілге ұялар әсерлілігімен қымбат. Біздің халық - музыканы сүйетін, құрметтейтін, қадірлейтін, ән, өнер дегенде ішкен асын жерге қоятын халық.
Яғни, 
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй», - деп Абай атамыз айтпақшы, ән өнері – ұлттық дәстүріміздің жалғасы екенін көреміз.

Ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген әншілік өнер қазіргі заманда кеңінен дамуда. Сонда да болса сан ғасырлық тарихы бар әндеріміздің орны ерекше. Оған дәлел, тума таланттарымыз Біржан сал, Ақан сері, Естай, Кенен, Жаяу Мұса, Мұхит, Майра, Ғарифолла, Жүсіпбек, бері келе Шәмші, Нұрғиса, Ермек Серкебаев т.б.әндері. Мысалы, Ақан сері әндерінде өмір шындығы үлкен суреткерлікпен жырланған. Өзінің өмір серігі болған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған «Маңмаңгер», «Құлагер», «Қараторғай» әндерінде басындағы қайғылы оқиғасын айта отырып, өз заманындағы әділетсіз қоғамның бейнесін ашқан.

«Теміртас», «Жанбота», «Адасқақ», «Көкек» атты Біржан сал әндерінде де өмір шындығы еш боямасыз жырланған. Жалпы ән дәстүрінде Абай әндерін атап өтпесек тағы болмас. Абай әндері өзіндік ерекшелігімен, саздылығымен дараланады. «Сегізаяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» тәрізді әндері ән жанрының үздік үлгілері. Біз Біржан мен Абайды бекерге қатар айтып отырғанымыз жоқ. Бұлар бір заманда қатар өмір сүрген ұлы дарын иелері. Абай ауылының өнерпаз жастары тәлім-тәрбие алсын деп Біржанды бір ай қонақ етіп өнеріне риза болып:
- Шіркін, Біржан аға, енді қазақтың әйелдері сіздей өнерпазды дүниеге әкелер ме екен,- дегенде, Біржан: 
- Қазақтың әйелдері мендей өнерпаздарды әлі жүздеп – мыңдап әкелер, бірақ сендей тыңдарман туар ма!?- деген екен. Міне, азаматты қадірлеу, өнерді бағалау осы емес пе?

Халқымыз осындай өшпес мұраны ілгері дамытып, жаңалық қосып, түрлендіріп отырған.
Мінеки, өмірде өзіндік орны бар ән дәстүрі алдағы уақытта да өз қадір-қасиетін жоғалтпай болашақ жасөспірімдерге үлгі бола берсе.

Өсіп келе жатқан жас буын осы әндеріміздің мән-мағанасын, құрылымын түсініп, қазіргі еш мазмұны жоқ әндерден бойларын аулақ ұстаса, дәстүрлі ән өнерінде халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, өмірі, тұрмыс-тіршілігі бейнеленетінін түсінер деп ойлаймыз.


Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Сармысова Арзу Қашқынбайқызы

«Үстірт бөбекжай» МКҚЖ

Ән-саз жетекшісі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!