"Өнерге құштар баламыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өнерге құштар баламыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал өнер мектебі ұстаздарына мерекелік іс-шара ұйымадстырғанда көмекке қажет сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Өнерге құштар баламыз» атты Балалар жылына- 2022 орай Жезді кенті БӨМ

жылдық есеп беру концертінің сценариі.

Мақсаты: Жас ұрпақты шығармашылыққа баулып, оқушылардың бойындағы өнерімен талабын арттыра түсу.Кәсіби шеберліктерін шыңдап, келешекте шебер музыкант болуларына ықпал ету.



Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірменді ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және өнер сүйер көпшілік! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Бүгінгі өткелі отырған Жезді кенті БӨМ «Өнерге құштар баламыз» атты есеп беру концертіне қош келіпсіздер! Үкілеген үміттің жемісі мен жеңісін көретін бұл күн сіздер мен біздер үшін нағыз мереке. Олай болса, мерекелеріңіз құтты болсын.Бүгін, сіздер біздің шәкірттеріміздің сынып аралық концертін тамашалайтын боласыздар.Өнер десе елең етпейтін пенде жоқ. Қазақ деген елдің құшағы кең , мейірімі жүректі елжіретер , пейілі дархан , өнері ұшаң – теңіз.



1-жүргізуші :

Өнер десе елең дейтін халықпыз,

Өнер бар да шалқыған Ақ Жайықпыз.

Әнсіз – күйсіз өткен тойы Қазақтың,

Көрінетін секілді-ау қызықсыз.



-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------





2-жүргізуші:

Күй атасы Құрманғазы атамыз,

Күйлеріне тәнті болып жатамыз.

Динадайын шәкірті бар тектінің,

Өнегесі азық бізге жақсының.



















Жүргізуші:

Бойынан байқалады ұлылық тым,

Бишінің жұмбақ жанын қалай ұқтың

Қадалған қайсар көзі бар жүзімен

Уызын жұтып барады сұлулықтың!


Қазақ билерi — көбiне-көп нақты белгiлi бiр тұрмыс — тiршiлiкке құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады.



Ортада қазақ биі «Фараб» («Еркем ай орта тобы )

Орыс ұлттық биі Ежелгі Ресейде кеңінен-ақ танымал болған. Көңілді де, шатты билер тойларда, Ежелгі Ресейдің мерекелерінде кеңінен қолданылады. Орыс ұлттық билері – жақсы көңіл-күй, қуанышты би, той-думан, күлкі және әдемі ұлттық киімдер. Би, негізінен, кадрильден, қол ұстасып айналудан, жігерлі билерден тұрады.





«ОРЫС ХАЛҚЫНЫҢ БИІ»-Василек , ортада Нұр-сұлтан қаласыныҢ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН Бритиш грэнд фестивал І Халықаралық өнер фестивалінде ІІІ дәрежелі лауреат иегері атанған «Еркем-ай» кіші тобын қарсы алыңыздар!



Жүргізуші

Сейтек салған сара жол

Өнерге тартқан дара жол

Пернелер қуып сырғыйды

Көкейден туған дана жол

Оркестрдің күмбірі

Кең даламның дүбірі

Төлеген Момбековтың күйі «Бозінген». Орындайтын домбырашылар ансамблі, Жеткешісі Умурзакова Сара айсаевна





-----«Полонез»- виртуозды шығармасы, орындайтын өнер мектебінің биылғы түлегі ,домбыра сыныбының оқушысы Бакирател Ақбота---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------











Жүргізуші:

Өзбекстанның фольклорлық биі «Хорезм», «Ферған», «Бұхар» билері болып үш бағытқа бөлінеді.


«Хорезм» биі – көнеден келе жатқан, тұрмыс, салт-дәстүрді көрсететін, жауынгерлік мінезді би.


«Ферған» биі - қыздардың үй шаруасындағы тіршілігін бинелейді, олардың айна алдында әсем көйлектерімен сәнденіп, сылануларын көрсетеді. Бұл би лирикалық жанрда орындалады.


«Бұхар» биі – темпераментті би, бұл биде орнындағы және қозғалыстағы айналмалар, дененің майысуларымен орындалатын ырғақты би.


Өзбек биі сюжеттық негіде құрылады. Орындаушы рухани өмірдің үлгісін беинелейді.

Олай болса ортада «Өзбек биімен» «Еркем-ай» бишілер ансамблінің орат тобын қарсы алыңыздар.


Жүргізуші


Өнер – адам бойындағы құдіреттіліктің ең асқақ көрінісі» — деп Л.Толстой айтқандай, асқақ көріністі аса бір құдіреттілікпен жеткізетін, еркіңді баурап алатын тек музыка, өнер туындылары. Олай болса алдарыңызда фортепиано сыныбының оқушысы Серік Әсия.



1. Сурок Л.В.Бетховен



Жүргізуші:

«Домбыра сен де мін бар ма ?

Мінсіз болсаң тіл бар ма ?

Тіл жоқ деуге бола ма,

Тілден артық үн бар да?

Домбыраның күші мол,

Көмейінде күй бар да»,



«Домбырашылар ансамблі» - «Адай» күйі











Жүргізуші



Әнді айту әркімге де өнер ғой,

Өнер деген түбі шексіз әлем ғой.

Әр шәкірттің қабілеті әр қилы,

Әсем әнді орындаған шебер ғой.









Жүргізуші:

Ол елдiң сән — салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы — мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұратын болғандықтан бишi сахнада оны бар шеберлiгiмен, бар жан тәнiмен жеткiзуге тырысатыны хақ. Олай болса ортаға Алматы қаласында өткен ІІ Республикалық «Қамажай» бишілер конкурсында бас жүлдеге ие болған «Еркем-ай» бишілер ансамблінің орта тобын «Көктем» биімен қрасы алыңыздар



Үнді билерінің шығу тарихын шолып қарасақ, бұл үлкен шеберлікті талап ететін үлкен өнер. Үнді биі б.з.д 400 жылдары бастау алып, ең алғаш бұл биді Шива құдайы билеген деген аңыз бар.

Үнді билері — театр өнерін жан-жақты түсіндіріп, қойылымдарды бөлшектеп қарастыратын 36 томнан тұратын Натья-шастра шығармасы бойынша қалыптасқан екен.

Бәріміз бірге үнді еліне саяхат жасап қайтайық. Ортада Үнді биі.



Ортада фортепиано сынбының оқушысы Серік Әсияның орындауында Гендель «Полифония» шығармасы



Биде тіл жоқ, онда тек әдемі қимыл ғана бар.Тамашалаймық, ортада Наурыз биі



Жүргізуші:

Біздің халық өнерге мол, бай тегі,

Әнші деп те, биші деп те айт оны.

Әнге сенің қанша икемің бар екен,

Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді,



Жеке ән

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Домбырашылар ансамблінің орындауында «Салтанат» күйін қабыл алыңыздар.



Жүргізуші:



Біздің мектептің қыздары өнері асқан,

Билейді мың бұралып бала жастан.

Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?

Ортаға шық тартынбастан



Флешмоб-«Жастар биі»

Ортада «Нұр-Сұлтан» қаласаның мәдениет басқармасының қолдауымен өткен І Халықаралық Бритиш грэнд фестивал І Халықаралық өнер фестивалінде ІІ дәрежелі лауреат иегері атанған «Еркем-ай» кіші тобын «Малинки» биімен қарсы алыңыздар!





Жүргізуші:

Сән – салтанат жасайық,

Күй сандықты ашайық.

Бұл мереке бұл тойға,

Әннен шашу шашайық,



Жүргізуші:

Биім сондай әдемі,

Тілшігім бар тербелген.

Нәзік сазды әуенмен,

Мың бұралып билеймін,- дей келе жас бишілерімізді ортаға шақырайық.

Лето биі











Жүргізуші:

Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе енді өнерімен көзге түскен оқушыларымызға жектешілердің дайындаған марапаттары бар. Соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.



«Қош» демейміз, әлі талай кештер болар,

Өнерлерің шыңдалып бағың жанар.

Көрерменің көбейсін күннен – күнге,

Келе берсін қонақтар гүл ұсынар.



Концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2023
308
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі