жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік» баяндама
«Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік»
(баяндама)
Сайын Назарбекұлы 46 жасында алғашқы шумақ өлеңін шығарып, 50 жасында тұңғыш күмбез тұрғызған өмірі мен шығармашылығы қызығарлықтай, алуан саланы меңгерген киелі Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл қазақ елінің мақтанышы.Ол жайлы Алаштың абызы атанған Әбіш Кекілбаев «50 жасында бір қолына қалам, бір қолына қалақ ұстап іске кірісті» – деген екен.
Маңғыстау өңірінде ғасырлар бойы ақ тастан салынған тарихи ескерткіштер сақталғаны белгілі. Ол туралы біздің тарихшыларымыз да, археологтарымыз да, сәулетшілеріміз де көптеген еңбектер жазып жүр. Сайын Назарбекұлы – сол асыл мұраның бүгінгі көзі. Сайын Назарбекұлының тікелей өз қолымен жасаған ақтас құрылыстары қазір мәдениет мақтанышы. Бүгінде еліміздің бірқатар аймақтарында сәулетші Сайынның қолтаңбасы бар тарихи маңызды ескерткіштер жетерлік. Маңғыстауда Абыл ақын, Досан батыр, Долы Апа күмбездері, Тобықтыдағы Бекет Ата мешіті, Баянауылда Сұлтанмахмұт Торайғыров күмбезі, Оралда Сыдық батыр сағанасы, Шыңғыстау өңірінде «Абай-Шәкәрім» мұнаралары, «Омархан-Нұржамал» кесенесі, Тобықты Тоқтамыс батыр, Мамай батар, Кеңгірбай би, Көкбай ақын күмбездері, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай сағаналары, Қаратау өңірінде «Домалақ-ана», Жары Тоқтамыс батыр кесенелері, Атырау өңірінде «Хан Ордалы Сарайшық» кесенесі, Исатай-Махамбет мешіті, Нұрғали Тасмағамбетов сағанасы, Алатауда Әзілхан Нұршайықов күмбезі жерлесіміздің ерен еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі.
Сайын Назарбекұлы сәулет өнерінен қол босаған сәттерде өлең, әңгiме жазуменен де шұғылданды. Алғашқы өлеңін ол 46 жасқа толған кезінде жазған. Қазір оннан астам кітаптары бар. 9 томдық толық шығармалар жинағы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. «Қазақ халқының шежіре-тарихы. Адай тайпасы» атты шежіреші Ж.Жылқышыұлымен бірге дайындаған 8 томдық еңбегі Алматы қаласындағы «Үш Қиян» баспасынан жарық көрді. Сондай-ақ “Парыз” (1994), “Абай басқан Жидебай топырағы” (1995), “Шерқала” (1996) өлеңдер жинағы, үш томдығы ( 2001), “Сырласым бол” ой-толғам кітабы (2004), “Менің Ақ Ордам”, таңдамалылыры (2006), «Ұлы Дала Ұлдары», (2009), т.б. кітаптары жарық көрген. «Сырласым бол» кітабы және 2011 жылы тоғыз томдық шығармалар жинағы жарық көреді.
«Қазақтың киіз үйі», сегіз томдық «Қазақ халқының шежіре-тарихы. Адай тайпасы», «Қаһарман халықтың қаһарман ұлы» атты еңбектердің авторы драматургия жанрында қалам тербеп, «Махамбеттің бір күні», «Ақбөбек», «Ант», «Шотан батыр» және «Абай ішіп үлгермеген у» пьесаларын жазды.
Қазақ халқы сан ғасыр аңсаған арманына жетті, егемен ел атанды. Алға Елбасымыздың «Мәңгілік ел» болу мақсаты қойылды. Біздер Отанымызды сүйеміз, елім деп еңбек ететін боламыз. Біз секілді Отанынын жанындай сүйген, елім деп еңбек еткен ұрпақтар Қазақ Елін Мәңгілік Елге айналдырары сөзсіз деп осы мақсатта «Абай әлеміне саяхат» клубының жұмысын бастауына Сайын Назарбектің зор үлесі болды. Ел ертеңі өскелең ұрпақты ұлы Абай шығармалары арқылы саналы да сапалы етіп тәрбиелеу. Ұлт әдет-ғұрпын жүрегімен қабылдап пайдалана білуге, бар адам асыл арманы –тәрбиелі білікті ұрпақ өсіру екенін, оның жаратылыс заңы екенін мойындатып, соны сапалы орындатуға ұмтылдыру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту еді. Сайын Назарбектің басты мақсаты «Абай әлеміне саяхат» клубының ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.
«Абай әлеміне саяхат» 2016 жылдың қаңтар айының екінші жұлдызында қолына қалам алып, ойын жүйелеп, мамыр айында Мұнайлы ауданының №10 мектебінде ашылды.Содан бастап мектеп оқушылары бірте-бірте клубқа мүшелікке тартылады. Абай тынысымен тыныстай бастайды.
Ақынның айтуы бойынша: «Өз ойымша, қалған ғұмырым дегеніме жете алсам, барлық сүрген өмірімнің ішіндегі мағыналысы да, қадірлісі де болмақ. Менің тіршілікте болған жылдарымның қорытындысы секілді болмақ. Ойдағыларым орындалып жатса, маған бұл өмірге бекер келмеген екенмін дегізбек. Мен қалған ғұмырымды Абайдың рухани қазынасына бағыштадым».
Абай ойлары, Елбасы нақыл сөздері арқылы үнемі жас-басынан нәрлендіріп отырды. «Қазақққа Абайдан артық айтқан адам жоқ. Сондықтан Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқушылардың жүрегіне сіңіру-менің басты мақсатым»-дейді Сайын Назарбекұлы ағамыз. Абай Құнанбаевтың өлеңдерімен сусындаған ұрпақ ешқашан жамандыққа бармайды, ешқашан еңбектен қашпайды. Біз Абай өлеңдері мен қарасөздерін Елбасымыз айтқан үштілділік саясатының шеңберінде жаттап, балалардың өзге тілге деген бастауыш сыныптан бастап сындырудамыз. Абайды оқу қажет екен...
Оқығаннан кейін ойланған дұрыс секілді...
Дұрыстап ойланып ал да, ойыңды жария ет...
Біз өзімізді "адам деп, адамгершілік деп" тіршілік ететіндер санатына қосамыз. "Қолымды мезгілінен кеш сермедім" – демекші, біз де кешірек болса да, Абай еңбектерін сана зердесімен пайымдап, ой толғамдары арқылы қабылдап байқағымыз келді деген Сайын Назарбекұлының өзі айтқандай «өмірінің үшінші кезеңінде» , яғни қарттық шағында бос отырмай, елге пайдалы іс қылайын деп ұлы ақын шығармашылығын насихаттауы , содан пайда болған түйсікті ойға айналдырып, қағазға түсіріп, түсінігін көпшілік назарына ұсынуы ойымызға, көз алдымызға Абайды қайта әкелгендей.. Сондықтан да «өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік» Сайын Назарбекұлы ұлы Абай секілді , қазақ есінде мәңгі қалмақ.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген