Оңға,солға бұрылып орнында секіру.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оңға,солға бұрылып орнында секіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқа өңір педагогтарымен тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

19.Ортаңғы топта ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Блок: «Заттар әлемі»


Ай апта

Қазан. III-апта

Мақсаты


Білім саласы


«Денсаулық»


Мақсаты:Екінші жаққа бұрылу үшін жеткілікті түрде жоғары секіруді үйрету.Саптізбекте бірдей жүріс қарқының сақтап,

жүру мен жүгіруді кезектестіре білуді бекіту.

Доғаның астынан біртіңдеп төрт тағандап еңбектеуге жаттықтыру.



Ұйымдастырылған

оқу қызметі


Дене шынықтыру.


Негізгі қимылдар:

Оңға,солға бұрылып орнында секіру.

Саптізбекте бір-бірден жүру және жүгіру.

Доғаның астынан еңбектеу(биіктігі 40см)


Әдістер

Көрсету,түсіндіру,жаттығу жасату,секіру,

еңбектеу


Керекті-құралдар

Бала санына қарай жалаушалар,доға,доп,

екі қасқыр маскасы, қаздар маскалары


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды саптізбекке тұрғызып

залға кіруді ұсынады.

Жалпы дамыту жаттығуы. Комплекс № 4


1.Балаларды сапқа тұрғызып бір-бірлеп алға және артқа жүргізу,колоннағатұрғызу.Тапсырма сылдырмақтың дыбысымен орындалады.(қатты және жәй соғу)(3-4рет)

2.Жүру,қолды белге қойып жүру,аяқ ұшымен,өкшемен жүру,жүгіру және жүру,шеңбер жасап тұру.

II.1 б.қ аяқтың арасы алшақ,қол белде

1.қолды жоғары көтеру,қолды сермеу,оралу.

2.б.қ. аяқ бірге,қол төменде

Қолды алға созу,төмен сермеу,оралу.

3.б.қ аяқтың арасы алшақ қол белде

1.қолды созып оңға бұрылу,оралу,солға бұрылу,оралу 4-5рет қайталау.

4.б.қ аяқтың арасы алшақ,қол белде

1. қолды алға созу,отыру,тұру,оралу 4-5рет қайталау.

5. б.қ аяқ бірге,қолды кеудеде ұстап,қос аяқпен секіру (7-8сек)

III. Еркін тыныс алу.




Жалаушалармен жалпы дамыту жаттығуын орындайды.


Ұйымдастырушылық-ізденістік


Негізгі қимылдар:

1.Оңға,солға бұрылып орнында секіру

- Саптізбекте тұру,оңға содан кейін солға бұрылып секіру.

2.Саптізбекте бір-бірден жүру және жүгіру.

-Саптізбекте жүріс қарқынын сақтап жүру және жәймен бірінен соң бірі жүгіру.

3.Доғаның астынан еңбектеу (биіктігі 40см).

-еденге биіктігі 40 см болатын доғаны орналастыру.

-еденге алақан мен тізені тіреу,доғаның астынан еңбектеп өту.



Қимылды ойындар: «Аққу-қаздар»

Шарты:   Ойнаушылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдалып алынады.Балалардың қалғаны қаз болады. Қаздар шалғында жүреді, ұшады. Содан кейін бақташы былай дейді:

Қаздар, қаздар!

Қаздар тоқтайды да жауап береді:

Га, га, га

Бақташы — Қаздар, қаздар, қаңқылдап,

Барасыңдар қай жаққа?

Қаздар: Айна көлі жалтылдап,

Жатқан жасыл аймаққа.

Бақташы: Біздің жерге түсе кет,

Түсіп суын іше кет.

Қаздар: Сіздің жерге түсеміз,

Түсіп суын ішеміз.

Бақташы: — Болсын онда жол жайлы!

Қаздар: — Бізге ол жаққа болмайды,

Жолды тосып сұр қасқыр,

Тау бөктерлеп жүр қасқыр!

Бақташы: — Олай болса қалаған,

Жақтарыңа бар аман!

Қаздар қанаттарын қағып, (қолдарын жан-жағына сермеп, көк шалғын үстімен үйлеріне қарай ұшады, ал қасқыр қаздардың даусын естіп, жүгіріп шығады да, олардың жолын кескестейді, оларды ұстап алуға (қолын тигізуге) тырысады, ұстаған қаздарды қасқыр үңгірге алып кетеді.



«Оң» және «сол» сөздерінің қолданылуын түсініп оңға,

солға секіру тапсырмасын орындайды.

Жүріс қарқынын сақтап жүреді және жәймен жүгіреді .

40 см биіктікте еденге орналасқан доғаның астынан өтеді.















Бір бала бақташы ,екі бала қасқыр,қалған балалар қаздар болып ойында қызығушылық танытады.


Рефлексивтік

жинақтаушы


Жәй қимылды ойындар: « Доп кімде?»

Шарты: Бір бала жүргізуші болады. Бір бала ортада көзін жұмып тұрады. Қойған балалар шеңбер жасап, қолдарын артына ұстап, иықтарын тақап тұрады.Сыртта жүрген бала сездірмей, шеңбердің сыртын айналып жүріп, бір баланың қолына ұстатады да өзі алысқа барып тұрады да « болды» дейді.Ортадағы бала көзін ашып, шеңбердің ішінде тұрып, кімде екенін біліп айту керек. Тапса допты алады. Таппаса-басын шайқайды. Сол кезде добы бар бала теріс айналып, допты көрсетеді. Сенде-деген жоғары көтеруі тиіс.




Балалардың демалысы бірқалыпқа түседі.


Күтілетін нәтиже

Білу керек

Дене шынықтыру іс-әрекеттерін;

Түсінеді

Негізгі қимыл-қозғалыстың орындалуын;

Қолдана біледі

Секіруді,еңбектеуді,жүріс қарқының сақтап жүруді.


Тәрбиеші: Насиева Ф


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
1619
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі