Өнімнің бірлігінде электр энергияның меншікті шығыны бойынша
есептеу жүктемесін анықтау
Қабылдағыштар тобының есептеу жүктемесін меншікті қуаты бойншы мына
формула бойынша анықтауға болады
, (1)
мұндағы F- қабылдағыштар тобының
арналасу ауданы, м ;
р -1 м өндірістік
ауданның меншікті есептеу ауданы, кВт/м .
(1) формуласы барлық цех бойынша есептеу
жүктемесін толығымен анықтау үшін де қолайлы, бірақ
р үшін ұқсас цехтар үшін жүктеменің тәжірибелі мәндері
бойынша толық табылған орташа мәнді қабылдау қажет.
Өндірістік аудан бірлігіне меншікті жүктеме
бойынша есептеу жүктемесін анықтау әдісі цехтің өндірістік
ауданында көп немесе аз біртекті тармақталған қуаттылығы жиі
қабылдағыштардың үлкен санымен сипатталатын кіші және орташа машина
жасау цехтарының жан-жақты желілерін жобалау кезінде үсынылған
болатын.
Жан-жақты деп қайта жасаусыз технологиялық
процестің өзгеруіне және жабдықтардың қайта қойылуына
қанағаттандыратын желілерді айтамыз. Универсалды желілер әр түрлі
типтегі магистральды шина желілерінде жасалады және жобалау
моментінде орын алатын жабдықтардың нақты орналасуы бойынша емес,
(1) бойынша анықталатын есептеу жүктемесі бойынша жабдықтардың
мүмкіндік орын ауыстыруын ескерумен тең деп алынады.
Есептеу меншікті жүктемелер өндіріс түрін
тәуелді және статкалық деректер бойынша алынады. Одан бөлек,
магистральды шина желілерімен жұмыс істейтін цехтің ауданына
байланысты едәуір өзгереді және 0,15-1,5 А/м аралық
тербелу мүмкін. Электр энергияны тұтынушылардың есептеу мен орташа
меншікті жүктемелерін тексеру мен айқындау материалдарын жинау
шарасы бойынша бұл әдіс технологиялық процестің динамикалық үлкен
нұсқалары мен басқа да сәйкес есептеулер кезіндегі жобалау
міндетінің стадиясындағы есептеу жүктемелерін анықтау үшін кеңінен
қолданылады, және сонымен қатар өндірістік ауданда біртекті
таралған жүктемеге де қатысты (жаппай өндіріс зауыттарындағы
механикалық және механикалы құрау цехтары – подшипникті, тракторлы,
авто көлікті, авиацилық және т.б.)
Өнімнің бірлігінде электр энергияның меншікті шығыны бойынша
есептеу жүктемесін анықтау
Өте жүктелген кезектегі жеке дара, ал
сәйкесінше, топтық жүктемелер графиктері өзгермейтін немесе аз
өзгеретін электр энергия қабылдағыштары үшін есептеу жүктемесі өте
жүктелген кезектегі орташаға тең болып алынады. Мұндай
қабылдағыштарға желдеткіш, электролизді қондырғының түрлендіргіш
агрегаттарының, кедергі пештерінің электр желісі, қағаз және химия
өнеркәсіп салаларының электр энергиясының көптеген қабылдағыштары,
ағынды–транспорттық жүйе қабылдағыштары және басқалар жатады. Осы
қабылдығыштарды қосу коэффициенті бірге тең, ал жүктелі
коэффициенттері кішкене өзгереді.
Уақыт
бойынша өзгермейтін немесе шамалы өзгеретін жүктемелі қабылдағыштар
үшін орташасына сәйкес келетін есептеу жүктемесін өнімнің нақты
уақыт периодына берілген шығару көлеміндегі өнім бірлігінің электр
энергиясының меншікті шығыны бойынша анықтау ұсынылады:
(2)
мұндағы эау —бір өнімнің электр
энергиясының (активті) меншікті шығыны, кВт * сағ;
Мсм — бір кезекте шығарылатын өнімнің мөлшері (қондырғының бір
кезектегі өнімділігі); Тсм —
өте жүктелген кезектің ұзақтығы, сағ.
Цехтың шығаратын өнімінің М жылдық көлемінде
натуралды өрнектегі эау
өнім бірлігінде электр энергияның меншікті
шығындары жөніндегі деректері бар болған кезде кәсіпорын толығымен
есептеу жүктемесін мына формула бойынша есептеледі:
(3)
Есептеу жүктемесін орташа қуатпен пішін коэффициенті бойынша
анықтау
Жалпы
жағдайда орташа квадратты есептеу жүктемесінің теңдігін жіберу
пайдасыз, бірақ көп жағдайларда орташа квадратты жүктеме тікелей
есептеу жүктемесі сияқты қолданылуы мүмкін.
Жұмыс істеу режимі қайталау – қысқа мерзімді
қабылдағыштар тобы үшін (4) барлық жағдайларды әділетті. Орташа
жүктеменің максимум принципіне сәйкес, ол топтама циклдық жұмыс
істей режимі ұзақ қабылдағыштар тобы үшін әбден қолайлы, мысалы
ыстық прокаттаудың реверсивті станоктарының көмекші желілері
үшін.
Жалпы жағдайда жұмыс режимі ұзақ қабылдағыштар
тобы үшін жұмыс режимінің көрсеткішімен топтың қабылдағыштарының
келтірілген санынан алынған тәуелділігі бойынша анықталады.
Бұл теңдеудің талдамасынан электрмен жабдықтау жүйесінің топтарымен
үлкен санды электр энергия қабылдағыштарының жеке топтары үшін
жүктеме графигі теңестірілетіні көрініп тұр. Сондықтан
қабылдағыштар саны шексіз өскен кездегі аса жүктелген кезектің
орнатылған режимдегі графиктің топтық пішін коэффициенті
Кл - 1 және
сәйкесінше, егер топта жеткілікті біртекті топтың жүктеме графигін
бірден кескінін бұзуға бұзуға қабілетті басқарамен салыстырған
жеткілікті қуатты қабылдағыштар болмаса немесе
.
Осылай, (4) – (5) формулалары цехтың шина
желілеріндегі, цехтың трансформаторлы қосалқы станциялардың төменгі
кернеу шиналарындағы, тармақтаушы қосалқы станция (ГРП, РП)
шиналарындағы есептеу жүктемесін, мәні
1-1,2 аралықтарында жатқан кездегі жүктеменің жеткілікті біртекті
графиктері кезінде анықтау үшін ұсынылуы мүмкін.
Бұрын көрсетілгендей, егер цехтың немесе
зауыттың өнімділігі шамамен тұрақты және берілген өнімділіктегі
жүктеменің топтық графигінің пішінінің өзгерісі мәніне тіпті әсер етпесе,
мәні жеткілікті түрде тұрақты. Сондықтан жобаланатын
кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйесінің жеке тораптарының
есептеу жүктемелерін анықтау кезінде пішін коэффициенттері
технологиялық процесімен өнімділігі жобалыға ұқсас әрекет етуші
кәсіпорынды электрмен жабдықтау жүйесінің сәйкес тораптарының
тәжірибелі деректері бойынша қабылдануы мүмкін.
Әрекет етуші кәсіпорындарда бір қалыпты жұмыс
істеген кезде бойынша пішін коэффициенті бірнеше күн бұрын
анықталады және оның орташа мәні алынады. Бір қалыпсыз жұмыс
істейтін пішін коэффициентін сипатты тәулік ішінде анықтаған жөн.
Жүктеме графигінің топтық пішін коэффициентін тәжірибелі жолмен сол
немесе басқа себептермен орнату қийынға соқса, онда дәлділікпен
4-1,2 деп қабылдауға болады (Кл мәні бұл кезде
электрмен жабдықтау жүйесінің төменнен жоғары сатысына қарай
бағытпен азаядыр.
Есептеу жүктемесін анықтаудың ең жүктелген
кезіндегі орташа қуатты Рсм<2СМ (4) және
(5):
1) түрлендіру.
2) Цехтың немесе кәсіпорынның электр энергиясы
мен өнімділігінің бойынша өнім бірлігіндегі белгілі меншікті
шығындары бойынша;
Бойынша өндірістік аудан бірлігіндегі белгілі
орташа жүктемелер бойынша.
3) Пайдалану шартарында орташа қуатты активті
энергия санағыштарының көрсеткіші бойынша анықтауға және есептеу
жолымен анықталған орташа жүктемемен салыстыруға болады.
Есептеу жүктемелерін анықтау әдістерін таңдап алудың жалпы
мінездемелері
Есептеу жүктемесін «өнеркәсіптік қондырғылардағы электрлі
жүктемелерді анықтау ережелеріне», және де [2]-ге сәйкес
анықталады.
Есептеу жүктемесін анықтаудың қарастырылған әр
түрлі әдістерінің талдамасы келесі жалпы мінездемелер беруге
мүмкіндік береді:
1) цехтың желілердегі жеке қабылдағыш топтары
және кернеуі 1000 В-қа дейінгі тораптар бойынша есептеу жүктемесін
анықтау үшін [3] ережелеріне сәйкес жүктеме графигінің
көрсеткіштерінң реттелген диаграммалар әдісін пайдаланған
жөн;
2) электрмен жабдықтау жүйесінің жоғары
дәрежелеріндегі есептеу жүктемесін анықтау үшін (цехтың шина
желілері немесе цехтың трансформаторлы ішкі станция шиналарынан
бастап кәсіпорынды қоректендіруші желілерімен аяқталады). Орташа
қуат пен Км,а, Кфа коэффициенттерін
пайдалануға негізделген есептеу әдістерін қолданған жөн. Көп
жағдаларда Км,а,
Кф-а мәндері іс жүзінде 1,05 – 1,2 аралықтарында
жатады;
3) электрмен жабдықтау жүйесінің жоғары
дәрежелеріндегі орментировкалық есептеу кезінде орнатылған қуат
бойынша есептеу, ал кейбір жеке жағдайларда электр энергияны
тұтынудың меншікті көрсеткіштері бойынша есептеу әдістері
пайдалануы мүмкін.
Негізгі 9 әдебиет (38-42)
Бақылау сұрақтары:
1.
Жүктемені есептеу кезінде қандай әдістер қолданылады?
2.
Жүктемені есептеу әдістерінің қандай ерекше айырмашылықтары
бар?
3.
Жүктемені есептеу кезінде қандай мінездемелер бере аласыз?
4. Бір бірлік өндірістік ауданға меншіктік
жүктеме бойынша жүктемені есептеу қалай жүргізіледі?
5. Бір
бірлік өндірістік ауданға меншіктік шығын бойынша жүктемені есептеу
қалай жүргізіледі?