Материалдар / Онтогенез. Дамудың генетикалық негіздері. Проэмбриональді дамудың жалпы заңдылықтары. Гаметогенез. Ұрықтанудың биологиялық мәні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Онтогенез. Дамудың генетикалық негіздері. Проэмбриональді дамудың жалпы заңдылықтары. Гаметогенез. Ұрықтанудың биологиялық мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Медицина колледжі оқытушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
7281
28 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Ашық сабақ: Онтогенез. Дамудың генетикалық негіздері. Проэмбриональді дамудың жалпы заңдылықтары. Гаметогенез. Ұрықтанудың биологиялық мәні


«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі


Медициналық биология және генетика пәнінің оқытушысы

Оразбекова Камшат Диханқызы


Сабақтың түрі: теориялық сабақ.

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:

  • Дамыта оқыту ,

  • Ақпараттық -IT,

  • Сын тұрғысынан ойлау

  • Топпен жұмыс TBL

Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:

  • бақылау, бағалау;

  • түсіндіру;

  • OA-ауызша сұрау;

  • MCQ (Multiplt Choice Questions)-көп жауапты сұрақтар(тестер)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Қалыпты онтогенездің генетикалық механизмдері;

  • Проэмбрионалдық кезең түсінігі;

  • Гаметогенез және оның кезеңдері;

  • Сперматогенез және оның кезеңдері;

  • Овогенез және оның кезеңдері;

  • Ұрықтанудың биологиялық мәні;

Дамытушылық: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Мамандығын сүюге және пәннің болашақ дәрігерлерге маңыздылығы туралы айту. Медициналық биологияның зерттеу жетістіктерін қолданудың этикалық эстетикалық нормаларына түсінік беру. Жауапкершілікке тәрбиелеу.

Пәнішілік байланыс:

Онтогенез - дараның жеке дамуы немесе дараның зигота түзілуімен басталып тіршілігін жойғанға (өлгенге дейін) дейінгі дамуы. Онтогенез ұрықтану кезінде ата-ананың жыныс жасушаларынан алынған тұқым қуалайтын ақпараттың негізінде жүзеге асады. Әртүрлі факторлардың әсеріне сезімтал онтогенездің кезеңдерін - қауіпті, ал зиян келтіретін факторларды тератогенді факторлар деп атайды.

Адамда эмбриогенездің 3 қауіпті кезеңдерін ажыратады:

а) имплантация - эмбрионның жатырдың кілегей қабатына енуі (ұрықтанғаннан кейін 6-7 тәулік);

б) плацентация - плацентаның түзілуі (ұрықтанғаннан кейін 14-15 тәулік);

в) туылу (39-40-шы апталар).

Гаметопатиялар - бұл ұрықтануға дейінгі гаметалардағы патологиялық өзгерістер. Бұл өзгерістер спонтанды түсікке және тұқым қуалайтын ауруларға әкеледі.

Бластопатиялар - ұрықтанудан кейін алғашқы 2-ші аптадағы зиготаның зақымдалуы. Осы кезеңде зақымдану факторының әсеріне ұрықтың жауап беру "барлығы немесе ештеңе" принципімен, яғни ұрық тіршілігін жояды немесе репаративтік қабілеті жоғары болса әсер еткен факторларды "сезбей", ары қарай дамиды.

Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер):

Молекулалық биология:

Өзгергіштік. Адамдардың хромосомалық аурулары

Өзгергіштік тұқым қуалаушылық сияқты тірі ағзалардың ең негізгі қасиетінің бірі. Өзгергіштік дегеніміз - әр түрлі себептердің нәтижесінде ағзалардың белгілерінің және қасиеттерінің азды - көпті өзгеруі болып табылады.

Фенотиптік өзгергіштік орта факторларының әсерлері салдарынан туындайды және тұқым қуаламайды. Ол модификациялық және кездейсоқ өзгергіштік болып 2-ге бөлінеді. Егер фенотиптік өзгергіштік «рекция нормасынан» шықпайтын және нақтылы бір орта факторларының әсерінен болатын болса оны модификациялық өзгергіштік деп атаймыз. «Реакция нормасы» дегеніміз фенотиптік өзгергіштіктің шегі.

Генотиптік өзгергіштік - тұқым қуалаушылық материалдарының өзгеруі нәтижесінде пайда болады және ол міндетті түрде фенотипті де өзгертеді. Генотиптік өзгергіштіктің негізгі себептері мутациялар, не аллельдердің мейоз немесе ұрықтану кезеңінде жаңаша комбинациялануы болып саналады.

Генотиптік өзгергіштік комбинативтік және мутациялық өзгергіштік болып екіге бөлінеді:

1) комбинативтік өзгергіштік – тұқым қуалаушылық материалдары өзгермей сол қалыпында қалып, олардың жаңаша комбинациялануы (топтасу) негізінде пайда болады

2) мутациялық өзгергіштік тұқым қуалаушылық материалдарының (ген, хромосома) құрылысының не мөлшерінің өзгеруі салдарынан туындайды.

Мутация дегеніміз - ДНҚ молекуласының мөлшерінің, не оның құрылысының өзгеруі. Мутациялар сомалық не генеративтік жасушаларда пайда болуы мүмкін. Сомалық мутациялар ағзалардың дене жасушаларында пайда болады және оның эволюция үшін маңызы шамалы. Генеративтік мутациялар жыныс жасушаларда пайда болады, ол тұқым қуалайды және эволюцияның материалы болып саналды.

Студент білуі тиіс:

  • Онтогенез кезеңдерін;

  • Адамның постнатальдық онтогенезін кезеңдерін;

  • Гаметогенез түрлерін;

  • Сперматогенездің кезеңдерін;

  • Овогенездің кезеңдерін;

  • Жұмыртқа жасушаның дамуы;

  • Сперматозоидтың дамуы;

  • Ұрықтанудың мәнін.

Уақыты: 90 минут.

Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекті құралдар: Плакат: Онтогенез кезеңдері. №29 Жыныс жасушалары

Үлестірме материалдар: кеспелер, тесттер, сөз жұмбақ, интернет материалдары.

Техникалық оқу құралдары: видео роликтер (онтогенез), проектор, DVD, CD

дискілер.

Сабақтың барысы :


Сабақ бөлімінің аты

Теориялық сабақ 2- сағ

1

Ұйымдастыру кезеңі


5-мин

2

Үй тапсырмасын сұрау


20-мин

3

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа тақырыпты бекіту

40-мин

10- мин

4

Сабақты қорыту


5-7мин

5

Үйге тапсырма беру


5-7мин


Барлығы:


90-мин




Ұйымдастыру кезеңі (5 минут):

Студенттердің сыртқы келбетіне, формасына қарау. Студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығына назар аудару, журнал толтыру және студенттердің зейінін сабаққа аудару.

Үйге берілген тапсырмаларды тексеру, cтуденттердің білімдерін бақылау және бағалау (10 мин): Үйге берілген тақырыпты жалпылама сұрап, студенттердің білім деңгейін сұрақ жауап арқылы, сабаққа белсенді жауап беруіне қарай, фронтальді сұрау арқылы бақылап отырамын.

Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (40 мин):

Әр бір тірі ағзаға жеке даму тән. Дамудың екі түрі бар: онтогенез және филогенез. Онтогенез - дараның жеке дамуы немесе дараның зигота түзілуімен басталып тіршілігін жойғанға дейінгі дамуы. Онтогенез ұрықтану кезінде ата-ананың жыныс жасушаларынан алынған тұқым қуалайтын ақпараттың негізінде жүзеге асады.

Филогенез бұл дараның тарихи дамуы.

Жануарлар онтогенезі 3 түрге бөлінеді:

1) Личинкалы (тікелей емес даму) - ағза жұмыртқа қабығынан шыққаннан кейін біраз уақыт личинка түрінде өмір сүреді, оның ересек формалардан айырмасы бар; бірқатар жануарларда личинкалық сатының соңында метаморфоз жүреді.

2) Личинкасыз (жұмыртқа салу) - (тікелей даму) - ұрық ұзақ уақыт бойы жұмыртқа ішінде дамиды, личинкалы сатысы болмайды.

3) Жатыр ішілік даму (тікелей даму) - ұрықтанған жұмыртқа жасушасы аналық жұмыртқа жолында дамиды, ұрық пен ана ағзасының арасында плацента арқылы байланыс түзіледі.

Адам онтогенезін келесі кезеңдерге бөлуге болады:

1) проэмбриональдық (гаметогенез)

2) антенатальдық немесе туылғанға дейінгі (эмбриональдық және фетальдық);

3) постанатальдық немесе туылғаннан кейінгі (репродукцияға дейінгі, репродуктивті және пострепродуктивті).

Акушерлік және педиатрлық тәжірибеде адамның антенатальдық онтогенезін келесі кезеңдерге бөлу қабылданған:

1. бастапқы-ұрықтанғаннан кейінгі 1-ші апта;

2. ұрықтық немесе эмбриональдық (ұрық «эмбрион» деп аталады) -2-8 апталар;

3. іштегі нәрестелік немесе фетальдық (ұрық іштегі нәрестеден аталады) - 9-40 апталар.Адамның постнатальдық онтогенезін келесі кезеңдерге бөлуге болады:

  1. жаңа туылған нәресте -1-10 күндер

  2. емізулі бала -11 күн – 1 жас

  3. ерте балалық шақ - 2-3 жас

  4. балалық шақтың бірінші кезеңі - 4-6 жас

  5. балалық шақтың екінші кезеңі - 7-12 жас

  6. жасөспірімдік - 13-16 жас

  7. бойжеткен - 17-21 жас

  8. орта жас (1 кезең) - 22-35 жас

  9. орта жас (2 кезең) - 36-55 жас

10) егде шақ - 56-75 жас

11) кәрілік шақ — 76-90 жас

12) көп жасушалылар — 90 жастан жоғары.

Прогенез (проэмбриональдық кезең)-онтогенездің бастамасы, оған гаметогенез бен ұрықтану кіреді. Гаметогенез – бұл жыныс жасушалардың түзілу процестері. Жыныс жасушаларды гаметалар деп атайды. Гаметалар жыныс бездері гонадаларда дамиды.




DrawObject2 DrawObject1 Гаметогенез



Сперматогенез Овогенез

DrawObject4 DrawObject3


Аталық жыныс жасуша Аналық жыныс жасуша

сперматозоидтың дамуы жұмыртқа жасушаның дамуы


Гаметогенез екі түрге бөлінеді: сперматогенез және овогенез.

Сперматогенез аталық жыныс жасуша сперматозоидтың дамуы.

Овогенез аналық жыныс жасуша жұмыртқа жасушаның дамуы.

Сперматогенез төрт кезеңнен тұрады: көбею, өсу, пісіп жетілу, қалыптасу.

Овогенез үш кезеңнен тұрады: көбею, өсу, пісіп жетілу. Овогенезде қалыптасу кезеңі болмайды.


Кесте. Сперматогенез және овогенезде жүретін процестер.

Кезеңдері

Сперматогенез

Овогенез

1

Көбею

Сперматогонийлер митоз жолмен бөлініп көбейеді.

Овогонийлер митоз жолмен бөлініп көбейеді.

2

Өсу

Сперматогонийлер өсіп I-дәрежелі сперматоцитке айналады.

Овогонийлер өсіп I-дәрежелі овоцитке айналады.

3

Пісіп жетілу

Жасуша мейозбен екі рет

бөлінеді: 1-бөлінуде I- дәрежелі

сперматоцит II-дәрежелі сперматоцитке, 2- бөлінуде- II-дәрежелі сперматоцит- сперматидаға пісіп жетіледі.

Жасуша мейозбен екі рет

бөлінеді: 1-бөлінуде I- дәрежелі овоцит II-дәрежелі овоцитке, 2- бөлінуде- II-дәрежелі овоциттен- төрт жасуша пайда болады. Соның үшеуі редукциялық жасушалар, біреуі жұмыртқа жасушасы пісіп жетіледі.

4

Қалыптасу

Сперматидалар толық

сперматозоидқа қалыптасады.

жоқ


Аналық жыныс жасуша жұмыртқа жасушаның дамуы.

Аналық жыныс жасуша жұмыртқа жасушасы аналық безде дамиды. Аналық жыныс бездері- мөлшері 3-4 см-ге жететін аралас без. Олардан аналық гаметалар- жұмыртқа жасушалар және аналық жыныс гормондары (эстроген және прогестерон) бөлінеді. Бұл гормондар әйел адамдардың сүт бездерінің дамуы, дене пішіні сияқты екінші реттік жыныс белгілерінің пайда болуына әсер етеді.

Аналық бездерінің ішкі құрылысында көпіршіктер фолликулалар болады. Фолликулалардан жұмыртқа жасушалары дамиды. Аналық бездердің үстіңгі бетінен жатыр түтігінің шашақты шеті жауып тұрады.

Бойжеткен қыздарда гипофиз гормонының әсерінен әр ай сайын бір фоликула пісіп жетіледі. Көпіршіктің ішінде бір жұмыртқа жасушасы болады. Овуляция жұмыртқа жасушасының пісіп жетілуі. Овуляция кезінде көпіршік жарылып, ішіндегі жетілген жұмыртқа жасушасы сыртқа шығады. Бұл процеспен етеккірдің (менструация) келуі байланысты. Жүктілік кезінде жұмыртқа жасушасының жетілуі және етеккір тоқтайды. Көпіршіктің іші май тектес зат сары денеге толы болады. Сары дене уақытша гормон бөледі.


Аталық жыныс жасуша сперматозоидтың дамуы.

Аталық жыныс жасуша сперматозоид аталық безде дамиды. Аталық бездерінің мөлшері 4-6 см болып ұманың ішінде орналасады.

Аталық жыныс бездерінің қызметі:

  • сыртқы секрециялық қызмет, яғни аталық гаметалар сперматозоидтарды түзу;

  • і шкі секрециялық қызметі жыныс гормондарын тестостерон бөлу. Бұл гормон мұрт өсу, дауыстың жуандануы сияқты екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуында рөл атқарады.

Аталық бездердің ішкі құрылысында көптеген иіріліп орналасқан тұқым өзекшелерінен тұрады. Аталық бездерде түзілген сперматозоидтар тұқым өзекшелері арқылы тұқым көпіршіктерде жиналады.Қуық түбі бездері мен тұқым көпіршіктері қоректік сұйықтық шәуетті бөледі. Шәуетті сперма деп атайды. Сперматозоидтар шәуетпен араласады. 1см3 спермада орташа 60 млн. сперматозоид болады. Сперматозоид құрылысы жағынан өте ұсақ болып, оның басы, мойыны, құйрығы болады. Бас бөлімінде арнайы акросома ферменті болып сол ұрықтану процесіне қатысады. Құйрығы жұмыртқа жасушаға енбей сыртта түсіп қалады.

Кесте. Жыныс жасушаларына сипаттама.


Сипаттама

Сперматозоид

Жұмыртқа жасушасы

1

Саны

1см3 спермада орташа 60 млн.

1 айда 1 дана

2

Қозғалғыштығы

Өте қозғалғыш

Қозғалмайды

3

Құрылысы

Басы, мойыны, құйрығы

Цитоплазма, ядро, саруызы

4

Дамуы

Аталық без, 4-6 cм

Аналық без, 3-4 см

5

Жыныс гормондары

Тестостерон

Эстроген, прогестерон


Ұрықтанудың биологиялық маңызы.

Ұрықтану дегеніміз сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының қосылып зигота түзуі. Ұрықтану процесі жатыр түтігінде өтеді. Аталық жыныс бездері 300 млн. спрематозоиды бар 3-5 мл сперма бөледі. Бірақ жұмыртқа жасушасын бір сперматозоид ғана ұрықтандырады. Сперматозоидтың енгеннен кейін, жұмыртқа жасушасының сыртын басқа сперматозоидтардың кіруіне кедергі жасайтын қабақша түзіледі. Қалған сперматозоидтар жатырда лейкоциттер тарапынан жойылады.

Моноспермия дегеніміз бір жұмыртқа жасушаға бір сперматозоидтың енуі. Полиспермия дегеніміз бір жұмыртқа жасушаға бірнеше сперматозоидтардың енуін айтамыз.

Ұрықтанудың нәтижесінде біржасушалы ұрық зигота түзіледі. Адамның соматикалық жасушаларында 46 хромосомадан болады, ал гаметаларында яғни жыныс жасушаларында оның тең жартысы 23 хромосомадан тұрады. Екі жыныстық жасуша қосылып, зигота түзген кезде, олардың хромосома жиынтығы бірігіп, зиготада хромосома саны 46 жетеді. Ұрық екі ата анасынан да тұқым қуалаушылық белгілерін алады. Осы кезден бастап онтогенездің екінші кезеңі эмбриональді кезеңі басталады.

Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау (10 минут):

Жаңа тақырыпты әр түрлі тапсырмалар, кроссвордтар, кеспелер және тест бойынша пысықтаймын.

Сабақты қорытындылау(5 мин):

Үйге тапсырма беру: (5-7 мин).

Тақырыбы: Онтогенез. Дамудың генетикалық негіздері. Проэмбриональді дамудың жалпы заңдылықтары. Гаметогенез. Ұрықтанудың биологиялық мәні.


Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Онтогенез және филогенез процестеріне анықтама беріңіздер.

2. Жануарлар онтогенезінің түрлері.

3. Адам онтогенезінің кезеңдері және оларға сипаттама беріңіз.

4. Гаметогенез және оның түрлері.

5. Сперматогенез және оның кезеңдері.

6. Овогенез және оның кезеңдері.

7. Аналық жыныс жасуша жұмыртқа жасушаның дамуы.

8. Аталық жыныс жасуша сперматозоидтың дамуы.

9. Ұрықтану дегеніміз нені білдіреді. Моноспермия және полиспермия.

Үйге тапсырма орындауға ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Биология. Учебник. Чебышев Н.В. – М., 2010. – 320 с.

  2. Биология с основами медицинской генетики: учебник / под ред. О. Янушевича, Д.

Арутюнова. – М., 2010. – 368 с.

3. Қазымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов

медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Биология и общая генетика Учебник. Пехов А.П. – М., 2006.

  2. Биология. Учебник под редакцией В.Н. Яригина. – М., Высшая школа 2004.

  3. Медицинская биология и генетика / Под. редакцией Куандыкова Е.У., Алматы, 2004

  4. Медицинская паразитология. Учебное пособие для медицинских вузов Е.Н.Барышников, - М., ВААДОС – пресс 2005

  5. Молекулалық биология Оразбекова К.Д 2014 Түркістан


































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!