400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оптикалық кабель ерекшеліктері мен оны өндірудің ТМД елдеріндегі нарығына қысқаша шолу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада оптикалық кабель ерекшеліктері мен оны өндірудің ТМД елдеріндегі нарығына қысқаша шолу жасалған. Оптикалық кабель артықшылықтары мен кемшіліктері беріліп, Ресейлік аналитикалық компанияның жүргізген жұмысы негізінде ТМД- елдеріндегі оптикалық кабель өндіретін завод, компаниялар жайлы әңгіме өрбіп, үш белді компаниялар туралы жеткілікті түрде мәліметтер айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оптикалық кабель ерекшеліктері мен оны өндірудің ТМД елдеріндегі нарығына қысқаша шолу


Наурыз Қ.Ж., аға оқытушы

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы, энергетикалық факультеті

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,

Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан


Қазіргі кезде оптикалық кабель телекоммуникация саласының барлық сегменттеріне кірді деп айтсақ, артық айтқандық емес. Елімізде 2000 жылға дейін тек магистральды, кейіннен аймақтық желіге енген оптикалық кабельдер – қазіргі кезде ауылдық елді мекендерге де барды. 2017 - 2018 жылдары қабылданған кеңжолақты Интернетті ТОБЖ көмегімен ауылдық елді мекендерге жеткізу бағдарламасының I - сатысы сәтті аяқталып, II - сатысы бойынша жұмыстар атқарылуда [1].

Соңғы жылдары талшықты - оптикалық жүйелерге деген сұраныс тез қарқынмен өсуде, бұл түсінікті, өйткені ақпарат ағындарын тарату әдісінің артықшылығы айтарлықтай салмақты. Артықшылықтарына қысқаша тоқтала кетсек [2]:

  1. Кедергіге жоғары төзімділік. Оптикалық талшық диэлектрлік материалдан тұрады, сондықтан оған бөгде электр жүйелері әсер етпейді. Мыс кабельдерін қолданған кезде электромагниттік өрістердің айқаспалы әсерлері туралы мәселе жиі туындайды, оны оптикалық талшықтарды қолданғанда айту мүмкін емес.

  2. Көлемі мен салмағы аз. Өткізгіштік қабілеті бірдей мыс сымдары оптикалық - талшықты кабельдерге қарағанда әлдеқайда ауыр болып табылады.

  3. Кең өткізу қабілеттілігі. Тасымалдағыш жиілігі жоғары болғандықтан, бір талшықтың өткізу қабілеті секундына бірнеше терабитті құрауы мүмкін.

  4. Сигналдағы өшудің төмендігі. Шетелдік және ТМД елдерінің, оның ішінде ресейлік өндірістің қазіргі заманғы оптикалық талшығының 1,55 км толқын ұзындығында 1 километрге 0,2 - 0,3 дБ тең өшуіге ие. Бұл артықшылығы ұзындығы 100 км - ден асатын желі желілерінің учаскелерін (бөлімшелерін) үздіксіз салуға мүмкіндік береді.

  5. Төмен шу деңгейі. Бұл маңызды сипаттама сигналдарды әр түрлі модуляциялы аз артықшылықты кодалар көмегімен таратуға беру арқылы өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

  6. Ақпараттың жоғары қорғалғандығы. ТОБЖ құпия ақпараттың «ағып кетуінен» (ұрлануына) және рұқсатсыз кіруден сенімді қорғанысқа ие. Бұл жүйелердегі сәулеленудің болмауымен және әртүрлі толқын түрлеріне үлкен сезімталдығына байланысты.

  7. Экономикалық тиімділігі. Талшықтың жоғары бағасына қарамастан, оны орнатушы (оператор, жеке тұлға) қаржысын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік алады. Кварцтық оптикалық талшық мыс аналогтарымен салыстырғанда екі есе арзан, сонымен қатар жүйелерді орнатқан кезде қайталағыштарды (ретрансляторларды) үнемдеуге болады. Оптикалық -талшықты жүйелерде күшейткіштер 100 шақырым (км) сайын орнатылса, ал мыс кабельді жүйелерді бұл арақашықтық бірнеше ғана шақырымға (км) есептелінеді.

  8. Жоғары қызмет ету мерзімі және сенімділігі. Бұл жерде талшықты-оптикалық байланыс желілерінің қызмет ету мерзімі мен сенімділігі олардың аналогтарына қарағанда әлдеқайда жоғары екенін атап өткен жөн. Талшықты -оптикалық кабельдердің қызмет ету мерзімі орта есеппен 25 жылды құрайды. Осы уақыттан кейін жүйеде сигналдың өшуі байқалуы мүмкін.

  9. Перспективтілігі. Байланыстың талшықты - оптикалық желілерін пайдалану қазіргі заманғы және қуатты жабдықты орнату арқылы қолданыстағы желілердің қызметін кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл байланыс жүйесін ауыстыруды қажет етпейді.

ТОБЖ - ның негізгі артықшылықтары келесі 1 - суретте берілген.



Сурет 1. ТОБЖ - ның негізгі артықшылықтары


Жоғарыда келтірілген әртүрлі артықшылықтармен қатар ТОБЖ - ның кемшілігіне - жабдықтың осы түрінің жоғары бағасы болып табылады. Оптикалық жүйелерді монтаждаудың және одан әрі техникалық қызмет көрсетудің құны да арзан емес. Жалпы алғанда, бұл қазіргі әлемде оптикалық талшықты қолданудың перспективалық өрістерін тиісті қарқынмен дамытуға мүмкіндік бермейтін кемшіліктер деп айтуымызға болады. Алайда, қазіргі таңда осындай жүйелерді құрастыруда, қолдануда тиімді техникалық шешімдер мен әдістер шығарылып, оптикалық жүйелердің қолдану аумағы кеңейюде [3].

Ресейлік «Инфомайн» ЖШҚ эксперттерінің 2014 жылғы «Обзор рынка оптического кабеля в СНГ» ақпараттық есебінде ТМД елдеріндегі оптикалық кабель өндірісімен айналысатын компаниялар мен кәсіпорындар жайлы деректер берілген. Осы есеп мазмұнында Ресейлік 20 компания атаулары берілген. Солардың ішінде біздің елде танымалдылары «Инкаб», «Москабель - Фуджикура», «Сарансккабель - Оптика», «Самарская Оптическая Кабельная Компания», «Оптен», «Трансвок» және т.б. Сонымен қатар анықтамалық есепте Белорусь елінен екі компания келтірілген («Белтелекабель», «Союз-Кабель»), Украинадан - «Завод «Южкабель», «Одесский кабельный завод «Одесакабель» және Қазақстаннан 3 кәсіпорын атаулары берілген: «Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «Fos Tech Data» ЖШС, «Optics Service» ЖШС. Ал, осы бағыттағы ғылыми - зерттеу, тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарға келетін болсақ, ТМД аумағында тек ғана Ресейде бірнеше мекеме айналысады. Ресейлік ғылыми - тәжірибелік бағыттағы осындай мекемелер жаңа, арнайы оптикалық талшық түрін құрастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Эксперттер ТМД елдерін оптикалық кабель өндіріс бойынша үш топқа бөледі [4]:

  • оптикалық кабельдерді тұтынушылар (ТМД - елдеріне жататын мемлекеттерінің барлығы (Ресей, Белорусь, Украина, Қазақстаннан басқалары));

  • оптикалық кабельдерді шығарушы елдер, бірақ оптикалық талшықты сырттан алатын мемлекеттер (Белорусь, Украина, Қазақстан);

  • оптикалық кабельдерді шығарушы елдер, оптикалық талшықты шығаратын және осы бағытта дамушы мемлекеттер (Ресей ғана кіреді).

2014 жылғы жоғарыдағы Ресейлік «Инфомайн» ЖШҚ эксперттерінің берген есебінде 3 ғана кәсіпорын болса, соның қазіргі таңда «Kazcentrelectroprovod» ЖШС (қысқаша атауы KCEP - Қарағанды облысы, Сарань қаласында орналасқан) мен «Optics Service» ЖШС ғана нарықта қалған. Олардан басқа оптикалық кабель өндіру нарығына Атыраудағы кабель заводы «ПКФ «Континент Ко ЛТД» ЖШС енген.

Барлық оптикалық кабель шығарушылар жайлы бір мақала барысында шолу жасау мүмкін емес, сондықтан Белорусь елінің «Интегра Кабель», «Самарская оптическая кабельная компания», «Kazcentrelectroprovod» ЖШС – гі сияқты компанияларын қысқаша қарастырамыз.

«Интегра Кабель» брендімен кабельдерді әзірлеу және өндіру 2002 жылы басталды. «Интегра-Кабель» талшықты - оптикалық кабелі «Союз - Кабель» заводында шығарылады (Белорусь, Витебск қаласы). Қазіргі таңда «Интегра Кабель» брендінің сәтті дамуының арқасында 290 000 шақырымнан астам кабель өндіріліп сатылды. Бүгінде өнім бүкіл Ресейге және ТМД елдеріне жеткізіледі. Қазақстанда «Интегра-Кабель» өнімінің ресми диллері алматылық Al-Style (Vender ЖШС) компаниясы. Төмендегі 2 - суретінде «Интегра - Кабель» ресми сайтының негізгі беті, көріп отырғанымыздай компания оптикалық кабельдің түр - түрін өндірумен айналысады (топыраққа, кабель кәрізіне, кабель тұрбаларына, ілмелі, өзін - өзі тасымалдайтын ілмелі кабель, FTTH дроп кабелі, комбинацияланған кабель және көптеген қосымша компоненттерді) [5].



Сурет 2. «Интегра - Кабель» ресми сайтының негізгі беті


«Самарская оптическая кабельная компания» ЖАҚ (қысқаша «СОКК» ЖАҚ) 1997 жылдан бері нарықта. Қазақстандағы ресми өкілі атыраулық «Форас Трейд Атырау» ЖШС. Компания өнімі Ресейдің 80 - нен астам аймақтарында, ТМД мен Батыс Еуропа елдерінде үлкен жобаларды іске асыруда қолданылған. Телекоммуникация және басқа да мекемелерге 170 000 мың км астам, бір талшықпен есептегенде 4 500 000 км кабель жеткізілген. «СОКК» ЖАҚ 10 000 астам клиенттер базасы бар дамушы компания болып табылады. Төмендегі 3 - суретте аталған компанияның ресми сайтының негізгі бетінің скрині берілген. Өнімдері «Интегра - Кабель» компаниясының өнімдеріне сәйкес, айырмашылығы су астына төсейтін арнайы оптикалық кабельдерді, микро түтікшелерге (тұрбаларға) төселетін оптикалық кабельдерді, отқа төзімді, өрт қауіпсіздігіне жауап беретін арнайы оптикалық кабельдерді, FTTP және арнайы кабельдерді өндіреді [6].



Сурет 3. «Самарская оптическая кабельная компания» ЖАҚ ресми парақшысы


«Kazcentrelectroprovod» ЖШС (KCEP) 27 жылдан бері Қазақстан нарығындағы бірегей компаниялардың бірі. Кабель мен жабдық шығарушы компаниясы ретінде телекоммуникация, энергетика, темір жол автоматикасы салаларына өнім жеткізуші ғана емес, жаңа инновацияны ендіруші компания да болып табылады. Оптикалық кабельге келетін болсақ абоненттік желіге арналған, топыраққа төсейтін, кәрізге орнататын, ілмелі және пневматикалық үрлегішті болып табылады. Сонымен қатар оптикалық кабельді желіге арналған көмекші қосымша компоненттерді де өндіреді, атап айтсақ: оптикалық таспалар мен пигтейлдер, кабельдік жиынтықтар. Еліміздегі барлық телекоммуникациялық операторлармен тығыз байланыста және диллерлік желісі барлық облыс орталықтары мен Нұр - Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ташкент қалаларында орналасқан. Өз өнімдерін ТМД елдеріне, оптикалық кабельден басқа да өнімдерін әлемнің бірқатар елдеріне жеткізеді. Төмендегі 4 - суретте «Kazcentrelectroprovod» ЖШС (KCEP) компаниясы сайтынан деректер берілген [7].



Сурет 4. «Kazcentrelectroprovod» ЖШС (KCEP) компаниясы сайтынан деректер



Қолданылған дереккөздер тізімі


1 ВОЛС в сельских населенных пунктах - круг замыкается. [Электронды ресурс]. Қолжеткізім ресурсы: https://profit.kz/articles/14625/VOLS-v-selskih-naselennih-punktah-krug-zamikaetsya/. Қолданыстағы күні: 18.02.2021.

2 Преимущества волоконно - оптических линий связи. [Электронды ресурс]. Қолжеткізім ресурсы: http://www.kvantsystem.ru/info/articles/preimushchestva-volokonno-opticheskikh-liniy-svyazi/. Қолданыстағы күні: 17.02.2021.

3 «Вертикаль» компаниясының ресми сайты. Қолжеткізім ресурсы: http://www.kvantsystem.ru/company/. Қолданыстағы күні: 17.02.2021.

4 Обзор рынка оптического кабеля в СНГ. изд. 2-е. М.: Инфомайн, – 2014. – 17 с.

5 Интегра Кабель» компаниясының ресми сайты. Қолжеткізім ресурсы: https://integra-cable.kz/. . Қолданыстағы күні: 27.02.2021.

6 «Самарская оптическая кабельная компания» ЖАҚ ресми сайты. Қолжеткізім ресурсы: https://soccom.ru/. Қолданыстағы күні:

7 Kazcentrelectroprovod» ЖШС – нің ресми сайты. Қолжеткізім ресурсы: https://kcep.kz/. Қолданыстағы күні: 27.02.2021.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі