400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері 10-сынып, ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері 10-сынып, ҚМЖ. ҚГБ, 10 сұрақтық тест тапсырмасы бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Аты,Тегі, Әкесінің аты


Пән/Сынып:

10 сынып, Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Күні:

/2сабақ/

Бөлім:

10.2 С Ықтималдық

Сабақтың тақырыбы:

Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты

10.2.1.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;

10.2.1.2 - ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу;

Сабақтың мақсаты:

- кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіреді;

- ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептейді;


Сабақ барысы:

Уақыты

Кезең

дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


5 минут


Ұйымдас тыру

Ұйымдастыру.

Үй жұмысын тексеру. №10.8

Амандасады.

Үй тапсырмасын айтады.







10 мин

Негізгі бөлім

Комбинаторика ережесі
Комбинаторика ережелері және оларды варианттарды есептеуде тікелей қолдану
Қосу ережесі. Егер А мен В объектілері тоғыспайтын болса және А объектісі m тәсілімен, ал В объектісі n тәсілімен алынса, онда
«А немесе В» объектілерін таңдау 
m + n тәсілмен жүзеге асады.

Көбейту ережесі. Егер А объектісі m әдіспен таңдалған болса және әрбір таңдамалардан кейін В объектісі n әдіспен таңдалса
(
А таңдауынан тәуелсіз), онда А және В реттелген қостар таңдауын m×n әдісімен алуға болады.

1-мысал: бір мезгілде екі ойын сүйегі лақтырылады. Қанша жағдайлар болатынын есепте.

5-мысал: 0 және 2 цифрынан қанша төрт таңбалы сан құруға болады?

Шешуі: Төрт таңбалы санның цифрларын АВСD арқылы белгілейік. Бірінші А цифрын бір әдіспен аламыз (яғни 2 цифры болады), ал В, С, D цифрларын екі әдістен аламыз (2 және 0). Көбейту ережесі бойынша АВСD төрт таңбалы санды 1×2×2×2 = 8 әдіспен алуға болады.




Қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып түсінеді

Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады.


Сұрақтарға жауап береді.


Шешуі: бірінші ойын сүйегіндегі ұпай саны А болсын. Екінші ойын сүйегіндегі ұпай санын В арқылы белгілейік. Әрбір ойын сүйегінде 1-ден 6-ға дейін ұпай саны түсуі мүмкін, яғни А объектісін 6 әдіспен, В объектісін 6 әдіспен таңдауға болады. Көбейту ережесі бойынша, бір мезгілде екі ойын сүйегі лақтырылғандағы әртүрлі нәтижелер саны (6х6 =36) 36-ға тең болады. Мұны шыққан барлық нәтижелер арқылы байқауға болады.
11 21 31 41 51 61
12 22 32 42 52 62
13 23 33 43 53 63
14 24 34 44 54 64
15 25 35 45 55 65
16 26 36 46 56 66












«Екі жұлдыз бір ұсыныс»                              


25 мин

Бекіту тапсырма лары

Тапсырмалар. Есеп

№1. Дүкенде алты түрлі шоколад және төрт түрлі карамель кәмпиттері бар. а) кәмпиттердің бір сортынан қанша кәмпиттер түрін сатып алуға болады? б) бір сорт шоколад және бір сорт карамель кәмпиттер түрлерін сатып алу үшін қанша жағдайлар болады?
Шешуі: Шоколад кәмпиттерін А объектісі арқылы, ал карамель кәмпиттерін В арқылы белгілейік. А объектісін 6 әдіспен, ал В объектісін 4 әдіспен алуға болады. а) А+В объектісі - кәмпиттің бір түрін алуға болатынын көрсетеді, яғни m+n = 6+4 =10 түрлі.

б) АВ объектісі шоколад пен карамель кәмпитерін сатып алуды m×n=6×4=24 әдіспен таңдап алуға болады.

№2

Математика пәнінен болатын емтиханға 36 билет дайындалған, олар 1-ден 36-ға дейінгі сандармен нөмірленген. Оқушы кез келген бір билетті алады. Алынған билет нөмірі:

а) 6-ға еселік сан болу ықтималдығын табыңыз.

b) 8-ге еселік сан болу ықтималдығын табыңыз.

c) жұп сан болу ықтималдығын табыңыз.

d) 40 санының болу ықтималдығын табыңыз.




Есептер шығарады

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп есепті орындайды.

Өз бетімен жұмыс.

   №1. 0 және 2 цифрынан қанша төрт таңбалы сан құруға болады?

Шешуі: Төрт таңбалы санның цифрларын АВСD арқылы белгілейік. Бірінші А цифрын бір әдіспен аламыз (яғни 2 цифры болады), ал В, С, D цифрларын екі әдістен аламыз (2 және 0). Көбейту ережесі бойынша АВСD төрт таңбалы санды 1×2×2×2 = 8 әдіспен алуға болады.



Дескриптор:

-комбинаторика ның қосу, көбейту ережелерін қолданады.




ҚБ «Екi жұлдыз бiр тiлек» әдiсi .Бiрiн-бiрi бағалау



Жеке жұмыс

Тест тапсырмасы. Ықтималдық

1. Сыныптағы 35 оқушының 15-і қыз бала .Осы оқушылардан бір қыз бала мен бір ұлды таңдап алу тәсілдернің санын табыңыз:

А) 150; В) 240; С) 600; D) 300

2. Қорапта 5 қызыл, 6 ақ және 1 көк шарлар бар. Қораптан қарамай бірдей екі шар шығуы үшін ең кемінде неше шар алу керек екенін табыңыз:

А) 6; В) 4; С) 2; D) 5

3. Арман екі таңбалы сандардан бір сан таңдады. Таңдаған санның 15-ке еселі болу ықтималдығы:

А) 1/18; В) 3/50; С) 1/20; D) 1/15

4. Ержан ойын сүйегін лақтырды. «1-ден артық, ал 5-тен кем» оқиғасының болу ықтималдығын табыңыз.

А) 0,3; В) 0,4; С) 0,7; D) 0,5
5. Бақта 3 көбелек, 2 ара ұшып жүр. Гүлге бірінші болып араның қону ықтималдығын табыңыз.

А) 3/5; В) 2/5; С) 2/3; D) ½

6. Қорапта 2 ақ, 3 қара, 5 сары шарлар бар. Кездейсоқ таңдалған бір шардың қара түсті болу ықтималдығын табыңыз.

А) 0,3; В) 0,2; С) 0,5; D) 0,4

7. Жәшікте 3 ақ және 12 қызыл шар бар. Жәшіктен бір шар алынды. Алынған шардың қызыл түсті болуының ықтималдығын табыңыз.

А) 0,7; В) 0,2; С) 0,8; D) 0,75

8. Жәшікте 3 ақ және 12 қызыл шар бар. Жәшіктен бір шар алынды. Алынған шардың ақ түсті болуының ықтималдығын табыңыз.

А) 0,7; В) 0,2; С) 0,8; D) 0,75

9. Жәшікте 9 сары, 9 ақ және 12 қызыл шар бар. Жәшіктен бір шар алынды. Алынған шардың ақ түсті болмауының ықтималдығын табыңыз.

А) 0,7; В) 0,2; С) 0,8; D) 0,75

10. Жәшіктен 10 ақ, 5 көк және 2 қызыл шар бар. Жәшікте кездейсоқ алынған шардың көк немесе қызыл болуының ықтималдығы қандай?

А) 7/17; В) 12/17; С) 15/16; D) 15/17


Жауаптары: 1д, 2в, 3д, 4д, 5в, 6а, 7с, 8в, 9а, 10а


Тапсырмаларды орындайды.




5 минут





Бүгінгі сабақта:

-. қайталанбайтын және қайталанбалы «алмастырулар», «орналастырулар», «терулер» ұғымдарын ажырата біледі;

- қайталанбайтын алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолданады.


Кері байланыс: «БББ»кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді








Тақырыпты меңгергенін анықтау


Үйге тапсырма. №10.8


Кері байланыс





























Тест тапсырмасы. Ықтималдық

1. Сыныптағы 35 оқушының 15-і қыз бала .Осы оқушылардан бір қыз бала мен бір ұлды таңдап алу тәсілдернің санын табыңыз:

А) 150; В) 240; С) 600; D) 300

2. Қорапта 5 қызыл, 6 ақ және 1 көк шарлар бар. Қораптан қарамай бірдей екі шар шығуы үшін ең кемінде неше шар алу керек екенін табыңыз:

А) 6; В) 4; С) 2; D) 5

3. Арман екі таңбалы сандардан бір сан таңдады. Таңдаған санның 15-ке еселі болу ықтималдығы:

А) 1/18; В) 3/50; С) 1/20; D) 1/15

4. Ержан ойын сүйегін лақтырды. «1-ден артық, ал 5-тен кем» оқиғасының болу ықтималдығын табыңыз.

А) 0,3; В) 0,4; С) 0,7; D) 0,5
5. Бақта 3 көбелек, 2 ара ұшып жүр. Гүлге бірінші болып араның қону ықтималдығын табыңыз.

А) 3/5; В) 2/5; С) 2/3; D) ½

6. Қорапта 2 ақ, 3 қара, 5 сары шарлар бар. Кездейсоқ таңдалған бір шардың қара түсті болу ықтималдығын табыңыз.

А) 0,3; В) 0,2; С) 0,5; D) 0,4

7. Жәшікте 3 ақ және 12 қызыл шар бар. Жәшіктен бір шар алынды. Алынған шардың қызыл түсті болуының ықтималдығын табыңыз.

А) 0,7; В) 0,2; С) 0,8; D) 0,75

8. Жәшікте 3 ақ және 12 қызыл шар бар. Жәшіктен бір шар алынды. Алынған шардың ақ түсті болуының ықтималдығын табыңыз.

А) 0,7; В) 0,2; С) 0,8; D) 0,75

9. Жәшікте 9 сары, 9 ақ және 12 қызыл шар бар. Жәшіктен бір шар алынды. Алынған шардың ақ түсті болмауының ықтималдығын табыңыз.

А) 0,7; В) 0,2; С) 0,8; D) 0,75

10. Жәшіктен 10 ақ, 5 көк және 2 қызыл шар бар. Жәшікте кездейсоқ алынған шардың көк немесе қызыл болуының ықтималдығы қандай?

А) 7/17; В) 12/17; С) 15/16; D) 15/17





Тест тапсырмасы. Ықтималдық

1. Сыныптағы 35 оқушының 15-і қыз бала .Осы оқушылардан бір қыз бала мен бір ұлды таңдап алу тәсілдернің санын табыңыз:

А) 150; В) 240; С) 600; D) 300

2. Қорапта 5 қызыл, 6 ақ және 1 көк шарлар бар. Қораптан қарамай бірдей екі шар шығуы үшін ең кемінде неше шар алу керек екенін табыңыз:

А) 6; В) 4; С) 2; D) 5

3. Арман екі таңбалы сандардан бір сан таңдады. Таңдаған санның 15-ке еселі болу ықтималдығы:

А) 1/18; В) 3/50; С) 1/20; D) 1/15

4. Ержан ойын сүйегін лақтырды. «1-ден артық, ал 5-тен кем» оқиғасының болу ықтималдығын табыңыз.

А) 0,3; В) 0,4; С) 0,7; D) 0,5
5. Бақта 3 көбелек, 2 ара ұшып жүр. Гүлге бірінші болып араның қону ықтималдығын табыңыз.

А) 3/5; В) 2/5; С) 2/3; D) ½

6. Қорапта 2 ақ, 3 қара, 5 сары шарлар бар. Кездейсоқ таңдалған бір шардың қара түсті болу ықтималдығын табыңыз.

А) 0,3; В) 0,2; С) 0,5; D) 0,4

7. Жәшікте 3 ақ және 12 қызыл шар бар. Жәшіктен бір шар алынды. Алынған шардың қызыл түсті болуының ықтималдығын табыңыз.

А) 0,7; В) 0,2; С) 0,8; D) 0,75

8. Жәшікте 3 ақ және 12 қызыл шар бар. Жәшіктен бір шар алынды. Алынған шардың ақ түсті болуының ықтималдығын табыңыз.

А) 0,7; В) 0,2; С) 0,8; D) 0,75

9. Жәшікте 9 сары, 9 ақ және 12 қызыл шар бар. Жәшіктен бір шар алынды. Алынған шардың ақ түсті болмауының ықтималдығын табыңыз.

А) 0,7; В) 0,2; С) 0,8; D) 0,75

10. Жәшіктен 10 ақ, 5 көк және 2 қызыл шар бар. Жәшікте кездейсоқ алынған шардың көк немесе қызыл болуының ықтималдығы қандай?

А) 7/17; В) 12/17; С) 15/16; D) 15/17




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
5 желтоқсан
403
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі