Материалдар / Оқу-әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылуы бағытында "Портфолионы жинақтау туралы нұсқаулық"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқу-әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылуы бағытында "Портфолионы жинақтау туралы нұсқаулық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда педагог қызметкерлерінің портфолионы жинақтаудағы атқаруы тиіс жұмыстары туралы нұсқаулық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2020
267
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің қызмет папкасы немесе портфолио


Қазіргі таңда инновациялық жаңару кезеңінде бағалауды сапалы жаңартудың бірі ретінде соңғы кездерде «портфолио» әдісі қолданылып жүр. Бұл әдіс мұғалім әрекетінің нәтижесін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Дегенмен портфолио бағалауда туындап отырған мәселелерді түбегейлі шешеді деуге болмайды. Шет мемлекеттердің білім жүйесінде жеке тұлғаның жетістік папкасы немес портфолиосы басты механизмдердің бірі болып табылады. Бұл әдіс мұғалімнің түрлі жетістіктерін ескере отырып, білімін жетілдіруге негіз болады

«Портфолио» – француз тілінен аударғанда «баяндау», «тұжырымдау», «жеткізу», «парақ», немесе «жетістіктер жинағы», «жинақ»деген ұғымдарды білдіреді. Итальян тілінде «құжаттар жинағы», я болмаса «маманның құжаттар жинағы» деп аударылып жүр.

Америкалық педагогтар Артер мен Спандел (1991) “Портфолио” жеке тұлғаның жетістіктері мен білім деңгейін көрсететін жұмыстарын мақсатты түрде жинақтау” деп түсініктеме берген.

Портфолиоға” педагогика ғылымында түрліше анықтама беріледі. Шетел тілдерінің сөздігінде бұл ұғым былайша түсіндіріледі:

1) жазба жұмыстарын, құжаттарды сақтауға және тасымалдауға арналған құрал;

а) портфель, ә) іс папка;

2) министр лауазымы:

3)бір тақырыпқа біріктірілген жұмыстар сериясы, құжаттар, қағаздар т.б:

Ал Т.Г.Новикова басқарған редакция алқасы портфолионың қызметін былайша түсіндіреді:

1. Портфолио.- мұғалімнің белгілі бір уақыт аралығындағы жетісіктерінің жинағы мен бағасын тіркеу тәсілі.

2. Портфолио .- мұғалімнің түрлі салалары бойынша қажыр-қайраты мен жетістіктерін көрсететін білім нәтижелерінің жинағы.

3. Портфолио.- білім, білік дағдыларына мониторинг жасауға арналған жүйелі, арнайы жинақталған дәлелдемелер жинағы.

4. Портфолио - мұғалімнің алуан ақпараттарды жинақтаған жұмыс папкасы.

5. Портфолио.-оқушының жеке өсуін қадағалау болып табылатын өзіндік көрме жұмыстары.

Яғни портфолионың дәстүрлі жүйеден айырмашылығы - мұғалімнің білімін жетілдіру, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік қызмет түрлеріндегі нәтижелерін ескеруге мүмкіндік береді, баланың жеке құзыреттілігін айқындайды.

Ресейде осы жетістік папкасын жасау кезінде 3 элементті ескерген:

  1. таңдап салынған жұмыстың мақсатын айқындап, түсініктеме хат жазу керек.

  2. Портфолио - мазмұны көрсетілуі тиіс;

  3. Мұғалімнің өз талдауы мен болашаққа деген көзқарасы туралы мәлімет.

К.Берктің пікірінше, бұл – мұғалімнің белгілі бір саладағы еңбегінің нәтижесін көрсететін топтама. Портфолиоға бағалау қағаздарын, бақылау қағаздарын, күнделіктерден үзінді, видеокөріністер, жобалар, баяндамаларды ендіруге болады. Портфолио – мұғалімнің алдын-ала жоспарланған шығармашылық жұмыстарының жетістіктері.

Көптеген зерттеуші-практиктер портфолионың төмендегі пайдалы жақтарын көрсетіп отыр:

жеткен жетістіктерін әріптестерімен, мұғалімдерімен, ата-аналармен бірге талдау, талқылау құралы;

мұғалімдер өз жұмыстары туралы ой-пікір айту мүмкіндігі;

• болашақ жұмыстардың мақсатын айқындап, оған дайындалу мүмкіндігі;

мұғалімнің дамуын, қол жеткізген нәтижелерін, өзін-өзі көрсете ала білу мүмкіндігі;

мұғалімге тән оқу стилін, оның алғырлығы мен мәдениеттілігін бағалау мүмкіндігі;

• портфолио үшін өз бетімен тақырып таңдау мүмкіндігі;

• өз бойындағы өзгерістерді байқау, бағалау мүмкіндігі;

• өткен және жаңа алған білімді байланыстыра білу мүмкіндігі.

Портфолио әдісі нақты ой-пікірлерге негізделген. Ол әрбір мұғалімнің өз дамуы жолына көз жүгіртіп, белгілі бір уақыт ішінде қол жеткізген табыстарын қорытындылап саралауына мүмкіндік береді.

Портфолио мұғалім бойында сын тұрғысынан ойлау, ой-пікір айта білу, өз таңдауын жасай білу және ақпараттарды дұрыс пайдалана білу қасиеттерін сіңіреді.

Портфолио мына төмендегідей шарттар / талаптар/ бойынша жасалады / құрылады/:

  1. Жүйелі түрде және күндбе – күн өзін - өзі қадағалауы, баға беруі /өзіндік мониторинг/;

  2. Шынайылық;

  3. Дұрыс баға беру;

  4. Автордың өз шеберлік деңгейін көтеруі, жетілдіруі;

  5. Материалдарды жүйелей білуі, жазба жұмыстарын қысқа да нұсқа жүпгізуі;

  6. Таза және ұқыпты түрде көркемдеу;

  7. Ұсынылған материалдарды нақты түбегейлі түрде көрсету;

  8. Атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсету;

  9. Жаңа технологиялық үлгілерді пайдалану.

Портфолио мына бөлімдерден тұрады:

  1. Мұғалім туралы жалпы мәлімет;

  2. Мұғалім қызметінің нәтижесі;

  3. Ғылыми - әдістемелік жұмыстар;

  4. Пән бойынша сабақтан тыс жұмыс;

  5. Оқу – материалдық база;


1 - бөлім. Бұл бөлімге мұғалімнің әр саладағы жетістіктері туралы мәліметтер кіреді.

    • Аты – жөні, туған жылы;

    • Білімі (қашан, қандай оқу орнын бітірді, мамандығы, диплом бойынша мамандығы);

    • Оқу орнындағы еңбек және пед. өтілі; мамандығын жетілдіргені туралы мәлімет /қай оқу орны, айы, жылы, курстың тақырыбы/;

    • Ғылыми немесе құрметті атақтары туралы құжаттар көшірмесі;

    • Алғыс хаттар, құрмет грамоталары, үкімет наградалары;

    • Қатысқан конкурстардың дипломдары;

    • Аттестациядан өткендігі жөніндегі құжаттары.

Бұл бөлімде педагогтің өсуі, өзіндік ерекшеліктері және білім туралы жалпы мәліметтер қамтылады.

2 – бөлім. Оқушыларының берілген пән бойынша қандай көрсеткіштерге жеткені, пәнді игеруі және осы пән бойынша үздік жетістіктері жинақталады;

* Педагогтің соңғы 3 жыл ішіндегі көрсеткен нәтижелері мен көрсеткіштері; оқушыларының мектепішілік және басқа да олимпиада, конкурстарға қатысуы;

*Медальмен бітірген оқушылар туралы мәлімет.

Бұл бөлімде мұғалімнің нақты бір мерзім ішіндегі жұмыс нәтижелерінің өсу динамикасы талданады.

3 – бөлім. Бұл бөлімде педагогтің кәсіби біліктілігін, шеберлігін көрсететін әдістемелік материалдар жинақталады.

  • Мұғалімнің жаңа оқату технологияларын пайдалануы;

  • Өз іс – тәжірибесінде өткізген педагогикалық зерттеулері мен талдау жұмыстарының нәтижесін көрсетуі;

  • Ақпаратты – коммуникативті технологияларды оқу үрндісінде қолдануы;

  • Әдістемелік бірлестік жұмысы, аудандық әдістемелік кабинеттермен және тірек ұйымдармен байланысы;

  • Кәсіби педагогикалық және шығармашылық конкурстарға қатысуы;

  • Әдістемелік және пәндік апталықтарға апталықтарға қатысуы;

  • Семинарлар, дөңгелек стол, ашық сабақтар ұйымдасытруы және оған қатысуы туралы;

  • Ғылыми зерттеу жүргізу;

  • Авторлық бағдарламалар жасауы;

  • Кандидаттық немесе докторлық диссертация жазғаны туралы;

  • Реферат, баяндама, мақалалары және дайындаған шығармашылық есебі;

  • Басқа да құжаттар топтастырылады.

4 – бөлім. Оған төмендегідей құжаттар кіреді.

  • Оқушылардың пән бойынша жүргізген шығармашылық, жобалық, реферат, ғылыми – зерттеу жұмыстарының тізімі;

  • Олимпиада, конкурс, жарыс, интеллектуалдық ойындар жеңімпаздарының тізімі;

  • Сыныптан тыс өткен іс – шаралардың қойылымы, өткен көрмелер мен пәндік экскурсиялар туралы суреттер және бейнтаспалар;

  • Үйірмелер мен факультативтік сабақтардың бағдарламалары;

  • Басқа да құжаттар.

5 – бөлім.

  • Пән бойынша сөздіктер мен басқа да анықтамалықтардың тізімі;

  • Көрнекі құралдар / макет, кесте, сызба нұсқа, портреттер, иллюстрациялар және т.б./ тізімі;

  • Сабақта пайдаланытын техникалық құрал – жабдықтардың / теледидар, бейнемагнитафон, музыкалық орталық т.б./ тізімі;

  • Компютер және компютерге қатысты құралдар, оқулықтар.

  • Аудио және бейнетаспалар;

  • Дидактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинағы, рефераттар мен шығармалар;

  • Оқушылардың білім алу деңгейінің өлшеуіші (мониторинг т.б.) құжаттар.

Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің өз тәжірибесін, білімін өздігінше жетілдіру, еңбегін бағалау, шығармашылық және кәсіби деңгейінің өсуін бақылау.

Портфолиоға жинақталған түсініктемеде мұғалім өзінің іс –тәжірибесі, кәсіби деңгейінің өсуі туралы толық жазуы керек. Оны оқырманға хат, түсініктеме хат немесе ой толғау түрінде де ұсынуға болады.

Құжаттарда мұғалімнің күнделікті жұмыстары туралы мына материалдар көрсетіледі: дәптерлерді жүргізуі, тексеруі және баа қою әдісі.

Шығрамашылық жинақта мұғалімнің авторлық бағдарламасы, шығрамашылық жоба, зерттеу жұмыстарына, ғылыми конференцияларға, конкурс, педагогикалық оқуларға қатысқандығы туралы мәліметтер.

Портфолионы әр мұғалім жеке ерекшеліктерімен байланыстыра өзінше құруына, жазуына болады. Маңыздысы – мұғалім өзінің біліктілігін шынайы дә әділ бағалауы мен өзінің жетістіктерін талдай білуі.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!