Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі
«Сервис және
жаңа технологиялар
колледжі» МҚКҚ
Оқу әдістемелік
тақырыбы:
«Кәсіптік білім беру жүйесі
жетілдірілуде»
Орындаған: өндірістік оқыту шебері Э.А
Хажгереева
Орал қаласы
2021
Кәсіптік білім беру жүйесі
жетілдірілуде
Жаһандану мен индустрияландыру жағдайында
кадр даярлауды жақсарту мемлекет саясатындағы өзекті міндеттердің
бірі. Дамыған елдерде өндіріс үшін кадрлардың негізгі провайдері
–техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ)
жүйесі.
Осыған сәйкес «Білім мен ғылымды дамытудың
2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру
жүйесіндегі реформалау мен модернизациялау үдерісінің негізгі
мақсаттары мен бағыттары көрсетілген. Жүргізіліп жатқан
реформалардың басты мақсаты – өндіріске бейімделген, кәсіптік
шеберлігі шыңдалған, білікті кәсіби маман дайындау, рухани дүниесі
бай және адамгершілігі зор, қазіргі қоғамда ұлттық құндылықтарды
бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны тәрбилеп
шығару.
Қазіргі кәсіби білім беру оқу орындарында
жалпы оқытудың жаңа технологияларын оқу процесінде белсенді
қолдануда. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа
технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа
әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді оқытушы
ізденісі арқылы студент қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай
іріктеп қолданады. Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік
білім беру жүйесінде модульдік оқыту технологиясы «Кәсіпқор»
Холдингі» КЕАҚ әзірлеген білім беру бағдарламалары
негізінде жұмыс оқу бағдарламалары әзірленді.
Әзірленген бағдарлама бойынша білім алушылар бір мамандық
шеңберінде бірнеше біліктілік алуға мүмкіндік
алады.
Модульдердің мазмұнын әзірлеу күтілетін оқыту
нәтижелерін жоспарлаудан басталады. Оқыту нәтижелері
құзыреттіліктер формасында суреттеледі (біліктіліктерді алуға
қажет), оларды білім алушылар модуль аяқталған соң көрсетеді. Оқыту
нәтижелерін жоспарлау кезеңінде оқу уақытының көлемі, оқыту
әдістері және олардың жетістіктерін бағалау критерийлері
анықталады. Оқыту нәтижелері құрамдық компоненттері бойынша
бүтіндей бағдарламаның оқыту нәтижелеріне қол жеткізуіне себепкер
болады
Оқыту нәтижелерінің анықтамалары келесі
сипаттамаларға ие болуы тиіс: нақтылық – терминдарында білім мен
дағды көмегімен студенттің қол жеткізетін нақты күйі; өлшемділік –
бағалауға және өлшеуге болатын мүмкіншілігі; қол жеткізулік – оқу
жұмысымен қамтамасыз етілетін студентке арналған модульдің, пәннің
немесе бағдарламаның сәйкесінше деңгейлер жиынтығы; сәйкестік –
бағдарлама (кәсіби стандарт) мақсаттарының бір пәннен екінші пәнге
ауыстыру мүмкіншілігімен байланысы; мөлшерлестік – бағдарлама
немесе пәнге анықталған уақыт оқу пәнінің мазмұнымен, көлемімен
мөлшерлі болуы; тартымдылық – білім алушы алдына қойылған оқыту
мақсаттарына жетуіне мүдделі
болуы.
Атап айтсақ, модульдік технологиясы студенттердің
оқу мотивациясын күшейтіп, шығармашылық ізденістерге жетелейді, бұл
технология жеке студенттің білім сапасын анықтауға бағытталады.
Студентке берілетін білімді алдын-ала модульге бөліп алып,
үйрету өзінің тиімді нәтижесін береді. Білім алушының мүмкіндігіне
қарай модульдік оқытуда мәтіннің мазмұны бөліктерге
бөліп беріледі. Демек, модуль – іріленген мазмұнды дидатикалық
бірлік деп саналады.
Модульдік оқыту – материалдары белгілі бір
құзыреттіліктерді құруға бағытталған, жеке өзара байланысқан
блоктар түріндегі материалдарды құрылым-дауды қарастыратын оқыту
жүйесі. Модульдік оқытуда орталық түсінік болып «модуль»
түсінігі саналады. ЮНЕСКО анықтамасына сәйкес модуль –
«жеке немесе топтық зерттеулерге арналған,
тапсырмалармен өз жылдамдылығына сәйкес зейінді танысу мен
тізбектеп орындау арқылы бір немесе бірнеше дағды алып
шығуды мақсат еткен жекеленген оқыту пакеті» «Модуль»
түсінігінің этимологиясы мен семантикасы функционалдық түйінді
білдіреді (лат.аударғанда
Modul).
Модульдік оқытудың мақсаты – мазмұны мен оқытудың
ұйымдастырылуы бойынша адамның нақ қазіргі мезеттегі
қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және жаңа, туындайтын мүдде
векторын анықтайтын икемді білім беру құрылымдарын құру болып
табылады. Модуль арқылы білім алушылардың өздік
ізденісіне жол ашылады, олар әр бөліктер бойынша
ойланады, қосымша материалды пайдаланады, тұжырым, қорытынды
жасайды. Бөлінген мәтіндермен жұмыс жасай отырып,
оларды толықтырады, қысқартады, мазмұнға сай өзгертулер жасайды.
Сөйтіп, олар оқу материалының дербес бөлік екеніне көз жеткізіп,
дәстүрлі оқыту мен модуль арқылы оқытудың ерекшеліктерін танып
біледі.
Модульдік оқыту берілетін білімнің
студенттердің жеке бастарының ерекшеліктеріне, іскерліктеріне,
жұмыс істеу қабілетіне, белсенділігі мен пәнге қызығушылығына
бағыттауға, оқыту жүйесін білім алушының жеке басының игеру
қабілетімен үндестіру мәселесін іске асыруға мүмкінік туғызады. Ең
бастысы мұнда пәнді мазмұнға қарай модульге бөлу, оның
мақсатын нақтылау және модульдің тексерілуі, жүйелілігі,
тиімділігі, нәтиженің айқындығы, білім алушының
шығармашылықпен ойлауға қалыптастындығы байқалады. Модуль оқу
материалының мазмұнын сапалы, көрнекі түрде меңгеруге ықпалын
тигізеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында
бәсекеге қабілетті білікті мамандардың дайындалуына, заман көшінен
қалып қоймай егеменді еліміздің сауатты азамттарының қалыптасуына
жаңа оқыту технологияларын енгізу үлкен серпін
бермек.