400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу мен жазу – білімге бастар жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту, өз ойын көркем тілмен еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру – басты талаптардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда, ұсынылып отырған курс бағдарламасы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, көркем әдебиет арқылы эстетикалық, тілдік, рухани құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталған өзекті жоба болып табылады. Әдебиет пәнінің мазмұнын кеңейте отырып, оқушыны ішкі жан дүниесіне үңілуге, өмірді түсінуге баулитын бұл бағдарлама бүгінгі заман талаптарына толық жауап береді. Бағдарламада дәстүрлі оқыту әдістері мен заманауи педагогикалық технологиялар сәтті үйлестірілген. Оқу үдерісінде «миға шабуыл», кластер, рефлексия, «автор орындығы», «қайта жазу», шығармашылық шеберхана сынды әдістерді қолдану оқытудың тиімділігін арттырып, оқушының белсенді, еркін ойлай алатын тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады. Жазылым жұмыстарына негізделген практикалық тапсырмалар мұғалімге оқушының деңгейін нақты б
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі

шағын орталығымен» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Касымбекова Гульданаш Омирзаковна


Оқу мен жазу – білімге бастар жол



Қазіргі білім беру жүйесінде оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту, өз ойын көркем тілмен еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру – басты талаптардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда, ұсынылып отырған курс бағдарламасы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, көркем әдебиет арқылы эстетикалық, тілдік, рухани құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталған өзекті жоба болып табылады. Әдебиет пәнінің мазмұнын кеңейте отырып, оқушыны ішкі жан дүниесіне үңілуге, өмірді түсінуге баулитын бұл бағдарлама бүгінгі заман талаптарына толық жауап береді.

Бағдарламада дәстүрлі оқыту әдістері мен заманауи педагогикалық технологиялар сәтті үйлестірілген. Оқу үдерісінде «миға шабуыл», кластер, рефлексия, «автор орындығы», «қайта жазу», шығармашылық шеберхана сынды әдістерді қолдану оқытудың тиімділігін арттырып, оқушының белсенді, еркін ойлай алатын тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады. Жазылым жұмыстарына негізделген практикалық тапсырмалар мұғалімге оқушының деңгейін нақты бағалауға мүмкіндік береді.

Курс құрылымының жаңашылдығы – әдеби жанрларды шығармашылық жазу дағдыларына бейімдеп, практикалық мазмұнда оқытуында. Эссе, очерк, күнделік, новелла, пьеса, фельетон сияқты жанрлармен жұмыс істеу – бұл дәстүрлі әдебиет сабақтарынан бөлек, оқушыны жеке автор ретінде танытатын креативті тәсіл. Әр жанрдың тәрбиелік және танымдық әлеуетін жүйелі пайдалану арқылы бұл бағдарлама өзге пәндік курстардан ерекшеленеді.

Бағдарлама көрнекті ғалымдар мен әдіскерлердің еңбектеріне (Л.С. Выготский, В.А. Сухомлинский, Ж. Аймауытов, З. Қабдолов т.б.) сүйене отырып құрылған. Әрбір жанрдың сипаттамасы, әдістемелік ұсыныстары ғылыми негізделіп, теориялық тұжырымдармен дәйектелген. Психологиялық және педагогикалық тұрғыдан оқушы жас ерекшелігі ескерілген.

Курс мазмұны құрылымдық жағынан жүйелі, тараулар логикалық ретпен орналасқан. Теория мен тәжірибе өзара байланысып, әр тақырып практикалық әрекетпен бекітіледі. Әдістемелік негіздері гуманистік, тұлғалық-бағдарлы, құндылыққа негізделген оқыту ұстанымдарына негізделген.

Әр сабақ тақырыбына сәйкес нақты нәтижелер көрсетілген. Оқушылардың тілдік дағдысы, шығармашылық ойлауы, әдеби талғамы, эмоциялық сезімталдығы дамиды. Бағдарламада ұсынылған қорытынды жұмыстар мен рефлексиялық кезеңдер арқылы оқушы жетістігі айқындалады.

Бұл курс бағдарламасы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мазмұнын толықтырып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға нақты жағдай жасайды. Әсіресе, эссе, новелла, пьеса, фельетон сияқты жанрларға жазу машығын қалыптастыру бүгінгі таңда аса өзекті. Бағдарлама мектеп, гимназия, лицей сияқты жалпы білім беру мекемелерінде, қосымша білім беру орталықтарында, жазғы шығармашылық мектептерде кеңінен қолдануға жарамды.

Бұл авторлық бағдарлама Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде апробациядан өткізілді. Авторлық бағдарламаға қосымша ретінде оқушы дәптері ұсынылған. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрастырылған.

Бағдарлама құрылымы ғылыми-әдістемелік талаптарға сәйкес рәсімделген. Мазмұны нақты, тілі көркем әрі түсінікті. Тақырыптар жүйелі, жанрлар бойынша тараулар тең бөлінген.

Қазіргі білім беру мазмұнын жаңғыртуға бағытталған, оқушыны шығармашылық тұлға ретінде дамытуға үлкен септігі тиетін мазмұнды, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан құнды еңбек. Бағдарламаны 8-сыныппен шектелмей, 9-10 сыныптар аралығында сатылай қолдану, болашақта оқушылардың шығармашылық жұмыстары жинағын шығару, әдеби байқауларға жол ашу секілді мүмкіндіктер қарастырылса, нәтижесі бұдан да жоғары болары анық.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 тамыз
198
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі