Материалдар / Оқу мен оқытудағы өзгерістер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқу мен оқытудағы өзгерістер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2017
753
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Тогусбаева Айжан Абылқасқызы

М.Х.Дулати атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Төлеби ауданы


Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар жан-жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.

Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру.

Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана - білім. Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Білім - қоғамды әлеуметтік мәдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық.

Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберілігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан-жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын.

Осы орайда мұғалімдердің біліктілігін көтерудің үшінші деңгейлі курсы болды. Курс бұрынғыдан өзгеше, жаңалықтарға толы, түрлі іс-әрекеттер жоспарланған. Курс барысында оқыған бағдарлама жеті модульді қамтиды. (презентациямен жұмыс) Бағдарлама мазмұны нәтижеге бағытталған 7 модульді қамтиды (әріптестермен сұрақ - жауап ұйымдастыру):

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер. Оқушыларға білім беруде жаңа
тәсілдерді «Диалогты оқыту әдісі» және «Қалай оқу керектігін үйрету» туралы түсінік.

Сыни тұрғыда ойлауға үйрету. Оқытуда оқушылардың және мұғалімдердің
сыни тұрғыда ойлауын дамытатын түрлі стратегиялар мен әдіс түрлерін қолданудың тиімділігі туралы айтылған;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Бағалаудың түрлері туралы теориялық білім және бағалаудың әр түрлі формалары қамтылған;

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Оқытуда оқушылардың сандық сауаттылықтарын арттыру, жаңа технологиялар, компьютер, интернет т. б. жұмыс жасауға баулу;

Талантты және дарынды балаларды оқыту. Талантты және дарынды оқушыны анықтау, оларды дамытатын тапсырмалардың т.б. қамтылуы, сабақтарда қолданылуының маңыздылығы айтылған.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту. Оқу барысында сыныпта
жасы кіші оқушыны анықтап, жас ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды беру көзделген, оқушымен жекелей жұмыс жасау.

Оқытуды басқару және көшбасшылық. Шағын топтарда жұмыс жасату
арқылы көшбасшылықты анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу, баланың көшбасшылығын көре білу, үлкен топтарда көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттау және оқытудағы мұғалімнің көшбасшылығы.

Жұмысты ортада қорғау, бағалау (бағалау түрлерін көрсету), қорытынды жасау. Білім үдерісінің табысты болуы мұғалімдердің оқуды өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары аясында жүзеге асады. Әр сабақтың өн бойынан барлық жеті модульді көруге болады. Кей жағдайларда бір сабақтың барысында жеті модульдің бірнешеуі қамтылады. Оқыту барысында өздігінен білім алуға, білімдерін қолдануға, ізденуге, шығармашылыққа ұмтылуға оқушының өзі іс-әрекет жасауына, ұмтылуына бағыт-бағдар беру көзделеді. Сабақ бойы оқушылардың барлығы дерлік іс-әрекет үстінде, жұмыс жасау, іздену үстінде болады. Мұғалім осы іс-әрекетті ұйымдастырушы және басқарушы болады. Оқушылардан соны талап етеді.

Білім беру үрдісіндегі басты әрекет етуші - мұғалім. Мұғалім қазіргі заман талабына сай жаңаша білім беруді, білім берудің жаңа технологияларын үйренуді, соның сабақ барысында жүйелі қолданыс табуын қадағалай білуі маңызды.

Сабақ барысында жеті модульдердің дұрыс, жүйелі ықпалдастыруы нәтижелі болмақ. Нәтижеге бағытталған сабақта оқушыға мұғалім бағыт-бағдар беруші, жөн сілтеуші болады. Бұл сабақты жоспарлағанда оқушыны өз бетімен білім алуға жетелеу көзделеді. Білім алу барысында оқушының қалай оқу керектігін үйрену, білімді меңгерудегі оқушының ізденіс, талдау, жинақтау қабілеттерінің артуын бақылау, оқушының өзін көрсете білуіне ықпал жасау. Тәжірибенің нәтижелі болуына білімді меңгертуде қолданыс тапқан әдіс-тәсілдер, стратегиялардың қолданылу орайының тиімділігі.

Оқытуда сыни тұрғыда ойлауды дамытудың стратегиялары өте тиімді. Оқытуда оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды үйрете отырып, сыни тұрғыда бағалай білуге үйрету. Өз тәжірибемде күнделікті ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдандым. Қазіргі заман талабы сандық технологияны меңгерген сауатты тұлға болмақ. Оқушының сандық сауаттылығын ашу үшін мұғалімнің де сауаттылығы маңызды дүние. Оқушыларға ақпараттық-коммуникациялық технологияны жиірек қолданып сабақ өткізу қызығушылықтарын арттырды және интерактивті тақтамен жұмыс жасауға дағдыланды.

Тәжірибе барысында оқушыларға оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды қадам болды. Оқушылар жаңаша бағалауға қызыға қарайды. Білімдерін бағалау оқушылардың таңғалысын тудырады. Себебі, бұрын тек мұғалім ғана бағалап келген, енді оқушылар бір-біріне баға қоюға болатындарын білгенде қызығушылықпен қарады. Оқушылар бір-бірінің жұмысына талдау жасап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою оқушылар арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайтты. Бағалауда оқушылар өз-өздерін, бір-бірін бағалауды, топтық, жұптық бағалау түрлерін меңгереді. Сабақта оқушылардың білімдерін бірлесе бағалау өте тиімді пайдалы. Оқу мен оқытудағы өзгерістердің бірі сабақ соңында рефлексия жасау болатын. Онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға салды. Нәтижесінде оқушылар өз өздерін реттейді. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады.

Оқушылардың әрекеті - зерттеушілік әрекет болу үшін мұғалім нақты мақсаттар қоя білуі керек, ал ашып айтатын болсам, оқушыларға ғылыми зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін, нені ашу керектігін, қандай әдіс арқылы, қандай нәтиже алу керектігін үйренуге жетелеу. Танымдық әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Танымдылығы мықты балада өзіндік мақсат, нәтиже болады. Яғни, қазіргі заманғы сындарлы оқытудың талабы оқушы бойында «мен» болуы. Оқушының адами әлеуетінің өсуі. Өзін-өзі немесе «Мен"-ін көрсетудің бір жолы - оқу екендігі және оның басты мақсат екендігін Маслоудың пікірінен аңғаруға болады. «Мен» тұжырымдамасы төңірегінде Маслоу мен Роджерс өздерінше түсінік берді. Нәтижесінде «Мен» тұжырымдамасы бізді алға жылжытатын және біздің мінез-құлықтарымызды бағыттайтын, өзін-өзі реттеуге жетелейтін әлеуметтік стимул екендігі айтылған. Осы сындарлы оқытудың жүйелі жүзеге асуының нәтижесінде заман талабына сай білімді ұрпақ қалыптастыру мүмкіндігі жеткілікті болады.

Ғұлама ғалым әл - Фараби «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деп ой түйген екен. Ғалымның бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты деуге болады. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез-құлқы оқушыға дариды және әсер етеді. Мұғалім оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс-тәсілдерінің барысында және іс-әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына сіңіреді. Егер оқушыда жақсы мінез-құлық болса, ол онда өзінің оқудағы жетістігін тұрақты ұстап тұра алады және өзін-өзі жетілдіреді. Яғни, нәтижелі оқу жақсы мінез-құлыққа тікелей байланысты.

Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. "Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат" - деген екен К.Д.Ушинский.
Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады. Оқудың белсенді әдістеріне: пікірталастар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін-бірін тексеру жатады. Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.

Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді.












Слайд 1


Оқу мен оқытудағы өзгерістер. Оқушыдағы өзгерістер: 1.Сыныпта қалыптасқан дағдымен бір сарынды сабаққа қатысатын. 2. Мүмкіндігі шектеулі, мұғалімнің айтқанын ғана қабылдайтын. 3.Сыныптастарымен өзара ұжымдық жұмысқа сәтті қатыса алмайтын. (Болған). 1. Топта, жұпта жұмыс жасады, ынтымақтастық, сенімділік орнады. 2. Өз ойлары мен пікірлерін дәлелді айтты. Қорытынды шығарып, шешім қабылдады. 3. Оқу жүйесіндегі өзгерістерге қызықты және тез бейімделді. (Болды). 1.Білімін молайтып оқу үрдісіне әр оқушы белсенді араласады. 2. Өздігінен ізденіп белгілі жетістікке жетеді. 3. Өзіндік «мен»-і қалыптасқан жеке тұлға болады. (Болады).

Слайд 2


Мұғалімдегі өзгерістер: 1. Сабақ мазмұнын өзім айтып көп түсіндіретінмін. 2. Әр сабағымды қалыптасқан дағдымен өтетінмін. 3. Бағалаудың бір жақты түрі – тек өзім бағалайтынмын. (Болғанмын). 1. Бағдарламаның негізгі мазмұнын меңгердім және іс-тәжірибемде қолдандым. 2. Оқушы мен мұғалім бірлескен іс-әрекетін жүзеге асырдым. 3. Өзім бағыт беруші болып, СТО тапсырмаларын дайындадым. (Болдым). 1. Сабақтардың модульдерге емес модульдердің сабақтарға кіріктірілуін толық меңгеремін. 2. Ұялы телефон қызметін тиімді пайдаланамын. 3. Әріптестеріммен жетістіктерімді бөлісемін. (Боламын).

Слайд 3


Болашақтағы жоспарым: Заман талабына сай білім беру жүйесіндегі маңызды педагогикалық әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымда тиімді пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, сапалы білім беру үрдісін дамыту барысында өзіме жоспар құрдым: Оқушылардың өз ойлары мен пікірлерін ашық айтуға мүмкіндік беру. Оқушыларға өз бетінше жасайтын жұмыс үлгілерін ұсыну. Оқушылардың дарындылығын дамытуға арналған тапсырмалар дайындау. Тақырып бойынша шағын эссе жазу тапсырмаларын жиі пайдалану. Бағалаудың түрлі тәсілдерін жүйелі әрі тиімді пайдалану. Кері байланыстың оң нәтижеге бағытталуын қадағалау. Өзімнің білімім мен біліктілігімді көтеріп, үнемі өзгерісте болу және өзгеріске дайын болу. «Мұғалім – бағыт беруші, оқушы – өздігінен білім алушы» қағидатын ұстану.





Пайдаланылған әдебиеттер:


[1] Әлімов А. //"Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері"//.Алматы - 2013.

[2] Момынқұлова А. Оқушыға бағытталған класс, тыңдаушыға бағытталған жазу //Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау/ Жауапты редактор: С.Мирсеитова. А.: Баспахана «Комплекс», № 2. 2001. 7 — 8 бб

[3] Іргебаева Ә. Дьюи лабораториясы //4-ші Ұлттық конференциядағы мүд де бойынша жиналған топ жетекшілерінің есептері: Дауыс пен көрініс// Жауапты редактор: С.Мирсеитова. А.: ТОО «Верена» № 3. 2003. 19-23 бб

[4] Мұғалімге арналған нұсқаулық //Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы// 6-55 бб



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!