Оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы, № 5 "Арай" балабақша бөбекжайы Мектеп алды даярлық топтарына арналған Сауат ашу оқу қызметі,
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өскемен қаласы әкімдігінің КМҚК №5 «Арай» балабақша-бөбекжайы







Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Қ әріпі және оның жазылуы»

«Өрік» даярлық тобы













Тәрбиеші:Қадылбекова А.Қ














Өскемен, 2020-2021.








Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сауат ашу

Күні: 21.12.2021ж.

Тақырыбы: «Қ дыбысы және әрпі»

Мақсаты: 1)Білімділік: «Қ»-дыбысыынң дұрыс және анық айтылуын үйрету, дыбыс артикуляциясын пысықтау, буында сөздерде, сөйлемдерде дыбыстық орынын белгілеу, тапсырмаларды саналы түрде орындауға ынталандыру;

2).Дамытушылық: Артикуляциялық аппараттарын дамыту, дұрыс дем ала білуге дағдыландыру, ұсақ қол бұлшық еттерін дамыту;

3)Тәрбиелілік:Топта достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген бауырмалдық сезімдерін нығайту.

Қолданатын көрнекі құралдар: айна, сюжетті суреттер, кеспе әріптер, дыбыстық белгілер, сөйлем белгісі, ойыншықтар.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, тәжірибелік.

Сөздік жұмыс: Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем

Үштұғырлық: Дыбыс-звук-sound, әріп-буква-letter, буын-слогa-syllables, сөз-слова-words,

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс- әрекеттері.

Мотива-циялық

қозғаушы -лық

Шеңбер құру: «Жылы лебіз!»

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да

Күлімдеп күн бүгін

Қарады сағанда

Шуақ пен нұр төгіп

Көңілді кетті көтеріп

-Балалар енді мен көрсеткен белгілерді мұқият қарай отырып сол нұсқаулықтарға сай іс-әрекеттер жасайық:

1.Күн-қолдарын жоғары көтереді;

2.Бауырсақ-Күледі;

3.Жүрек-бір-бірін құшақтайды;

4.Қол-бір-бірімен амандасады

Балалар шенбер болып тұрады өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап айтады, іс-әрекеттерді жасайды.



1.Күн-қолдарын жоғары көтереді;

2.Бауырсақ-Күледі;

3.Жүрек-бір-бірін құшақтайды;

4.Қол-бір-бірімен амандасады

Ұйымдас-тырушы-лық -ізденістік.


-Балалар біз барлық сабақта әріптер мен дыбыстармен танысамыз. Олай болса кім айтады дыбыс дегеніміз не, ал әріп ше?


Жаңа сабақ:

-Бааллар тақтаға қараңдаршы қандай суреттерді көріп тұрмыз?


-Дұрыс айтасыңдар. Енді қараңдаршы бұл сөздердің барлығын айтқанда атағанда қандай дыбыс ерекше және жиі естіледі?

-Олай болса балалар біз бүгін жаңа дыбыс «Қ» әрпімен танысамыз

Қ-дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады, ерніміз созылады, тістің арасы ашық, тілдің ұшы артқы тіске тиеді, тілдің ұшы жұмсақ таңдайға тіреледі.


- Д-О: «Сиқырлы қорап»

Шарты: Балалар шеңберге жиналады, тәрбиеші қорапшаны ортаға лақтырады қай әріп түссе сол әріптен басталатын сөздер айтады


-Балалар біз әріптерді қайталадық, есімізге түсірдік олай болса мен әріптерді көрсетіп отырамын, ал сендер дауысты болса тақтадағы қызыл үйшікке, дауыссыз болса көк үйшікке орналастырыңдар


Сергіту жаттығуы:

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек,

Кесте тіксең зерілеп,

Оның аты – еңбек.

Қырға шықсан өрлеп,

Оның аты – еңбек.

Қиындықтын бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

(Н.Жанаев)


Балалар енді бүгінгі өткен дыбысты жазып үйренейік. Ол үшін алдымен ауада жазып үйренеміз, менімен бірге қайталаңдар, алдымен ұзын тік сызық сосын қиғаш екі сызық төменгі жағына құйрықшасын саламыз осылайша «Қ» әрпі шығады. Енді мен сендерге тақтаға жазып көрсетейін. Кейін таратыылған таза бетке өз беттеріңмен жазасыңдар

Д-о: «Көңілді буындар»

Шарты: Топтарға суреттер және сол суреттерге сай буын ұяшықтары беріледі, топтар алдымен суретті атап, буынға бөліп сол буынға сәйкес буын моделімен сәйкестендіріп сызады




Бекіту:

Д-О: «Сөйлем құра»

Шарты: Тақтаға сөйлемнің шартты белгілері ілінеді, балалар жеке жеке сол сөйлем белгілеріне сәйкес өз беттерімен сөйлемдер тауып құрап айтып береді




Балалар тақтада ілініп тұрған ережелерді қарап дыбыс пен әріп жайлы айтып береді



Қоян, құрт, құлыншақ, қасқыр


«Қ» дыбысы ерекше және жиі естіледі



Балалар әріпті айтып бірнеше рет қайталап, айтылу ерекшеліктерімен танысады





Балалар шеңберге жиналады, тәрбиеші қорапшаны ортаға лақтырады қай әріп түссе сол әріптен басталатын сөздер айтады


Балалар қызыл және көк үйшікке әріптерге байланысты текшелерді орналастырып шығады




Балалар орындарынан тұрып өлең жолдарын айтады

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек,

Кесте тіксең зерілеп,

Оның аты – еңбек.

Қырға шықсан өрлеп,

Оның аты – еңбек.

Қиындықтын бәрін,

Еңбек қана жеңбек.


Балалар алдымен тәрбиеші көрсеткендей ауада, кейін тақтадағы үлгісін мұқият қарап өз беттерімен таза парқшаға сызылған арнайы жолдарға үлгі бойынша «Қ» дыбысын жазып шығады




Топтарға суреттер және сол суреттерге сай буын ұяшықтары беріледі, топтар алдымен суретті атап, буынға бөліп сол буынға сәйкес буын моделімен сәйкестендіріп сызады



Тақтаға сөйлемнің шартты белгілері ілінеді, балалар жеке жеке сол сөйлем белгілеріне сәйкес өз беттерімен сөйлемдер тауып құрап айтып береді.

М-ы: 1.Балалар ойнады

2.Мен балабақшаға келдім

3.Біз серуеннен тез оралды




Рефлексия-

лық түзетуші-

лік

Қорытындылау:

Ойын: «Не білдім, не білем?»

Шарты: Тақтаға себет және қоқыс шелегінің суреті ілінеді, балалар бір-бірден бұрыннан қалыптасқан түсініктері бар шартты белгілерді қоқыс шелегіне, жаңа таныс болған түсініктерін себетке жабыстырады


-Балалар енді топ басшыларынан бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне кім белсенді қатысты екен сұрап, талдау жасайық:

1. Айсұлу тобыңда кім өте белсенді болды?

2.Нұрасыл тобыңда қай бала «Қ» дыбысын әдемі жазды?

3.Айзере тобыңда қай бала тапсырма орындау барысында қиналды?

Тақтаға себет және қоқыс шелегінің суреті ілінеді, балалар бір-бірден бұрыннан қалыптасқан түсініктері бар шартты белгілерді қоқыс шелегіне, жаңа таныс болған түсініктерін себетке жабыстырады


Топ басшылары өз тобындағы балаларға жеке талдау жасайды, қай баланың белсенді болғанын, ал қай баланың тапсырманы орындау барысында қиналғанын түсіндіріп береді



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өткен әріптер мен дыбыстар: А, Б, Р, Т, Ә, Ғ-айта, ажырата және жаза, сөздер құрай біледі;

Игереді: Жаңа дыбыс «Қ» әрпін айта, жаза және сол дыбыс кездесетін сөздер, сөйлемдер құрай игереді, сөздерді буынға бөледі;

Меңгереді: Өз бетімен сұрақтарға толық жауап беруді, топтық жұмыстар орындауды, өз бетімен байланыстырып сөйлеуді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.00.2022
513
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі