400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқу сауаттылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Оқу сауаттылығы » - оқушылар негізгі пән «Қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндерінде» меңгерген білім,білік,дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, заңдылықтарына сай дұрыс сауатты сөйлеуге, сөйлеу техникасы-дұрыс дем алу, дикция, дауыс сапасын дамытуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге үйрету көзделген. Пікір айту, баяндау, сипаттау, дәлелдеу, байланыстырып сөйлеу мүмкіндіктерін арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮСІНІК ХАТ

«Оқу сауаттылығы » - оқушылар негізгі пән «Қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндерінде» меңгерген білім,білік,дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, заңдылықтарына сай дұрыс сауатты сөйлеуге, сөйлеу техникасы-дұрыс дем алу, дикция, дауыс сапасын дамытуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге үйрету көзделген. Пікір айту, баяндау, сипаттау, дәлелдеу, байланыстырып сөйлеу мүмкіндіктерін арттыру жұмыстары жүргізіледі.

Сөйлеу техникасы, сөйлеу аппараты, дыбыстау мүшелері, сөздің айтылуы дауыстап оқу жайында мағлұмат беру; әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормасын меңгеру; мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің негізгі тәсілдері жайлы теориялық білім беру және оны меңгеру жолдарына бағыттау; қазақ халқының көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мақалдап оқу дәстүрімен таныстыру, Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық,лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады. 

Бастауыш сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес құрастырылған. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай.Тапсырмалар арнайы топтастырылып, өзіндік жұмыстар мен бақылау жұмыстарын (шығармашылық жұмыс,тесттер) ұйымдастыруға арналған тапсырма ретінде берілген. Мектептің бастауыш сатысындағы басқа оқу пәндерінің мазмұнымен пәнаралық байланыстар ескеріледі.Оқу процесін өтілген материалдардың қолданылу жиілігін ескере отырып ұйымдастыруға және ақырғы нәтижеге жетуді бағдарлауға мүмкіндік береді.


Білім алушылардың тұлғалық , жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да, сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы «Оқу сауаттылығы» бағдарламалық талаптарға сай ұйымдастырылып,

1 сыныпта: аптасына 1 рет жүктемемен, жылына 33 сағат,

2 сыныпта : аптасына 1 рет жүктемемен , жылына 34 сағат,

3 сыныпта : аптасына 1 рет жүктемемен , жылына 34 сағат,

4 сыныпта : аптасына 1 рет жүктемемен, жылына 34 сағат

жүргізіледі .


Мақсаты:

  • Оқушыларға көркем сөз оқу өнерінен  жан-жақты мәлімет бере отырып, сөз өнері мен сөйлеудің әдіс-тәсілдеріне төселдіру, сөйлеу техникасы-дұрыс дем алу, дикция (үні, сазы), дауыс сапасын дамыту жолдарын көрсету.

  • Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту;

  • Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға тәрбиелеу;

  • Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту;

  • Олардың білімге деген құштарлығын,еңбексүйгіштігін,орындалатын

жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру,қиындықтарды жеңе білуге

баулу.

Міндеттері:

  • Сөйлеу техникасы, сөйлеу аппараты, дыбыстау мүшелері, сөздің айтылуы дауыстап оқу жайында мағлұмат беру; әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормасын меңгеру;

  • мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің негізгі тәсілдері жайлы теориялық білім беру және оны меңгеру жолдарына бағыттау; қазақ халқының көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мақалдап оқу дәстүрімен таныстыру. 

  • Толыққанды дамуына және бейімделуіне,

табысты білім алуға және белсенді қызметке ынталандыру;

  • Байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың сөйлеу дағдысы қалыптасады,  көркем сөйлеу мәнері, тілдік тәсілдер мен сөз  шеберлігін орнымен қолдану

қабілеттері  дамиды

  • Еркін ойлауға мүмкіндік алады;

  • Ақыл-ойын дамытады;

  • Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді;

  • Тіл байлығы жетіледі;

  • Жан-жақты ізденушілігі артады.

ІІ. Таңдау курсының базалық мазмұны

Таңдау курсы төмендегідей 7 бөлімнен тұрады:


  1. Тіл және сөйлеу.

  2. Дыбыс пен әріп.

  3. Сөз және оның мағынасы.

  4. Сөйлем.

  5. Сөз таптары.

  6. Сөйлеу мәдениеті.

  7. Жыл бойы өткенді қайталау.

Болуға тиіс біліктілігі:

Фонетика саласы бойынша :


  • Дыбыс , әріп , дауысты , дауыссыз дыбыс түрлерін білуі, айыра алуы, толық дыбыстық талдау жасай алуы;

  • Буын , буын түрлеріне ажырата алуы, схемалық сызбамен көрсетіп , талдай алуы;

Лексика саласы бойынша :


  • Сөз , сөздердің мағынасын , синоним, омоним, антоним, ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын аша алуы, ұғымдарының болуы;


Морфология саласы бойынша :


  • Сөз , сөздің құрамы, түбір , қосымша, қосымшаның түрлері, жалғау , жұрнақты айыра білуі;

  • Берілген схемалық сызба бойынша сөздер жаза алуы;

  • Морфологиялық талдау жасай алуы;


Синтаксис саласы бойынша :


  • Сөйлем, сөйлем түрлеріне ажырату;

  • Сөз, сөз тіркестері , сөз тіркестерінің байланысы, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсете алуы;

  • Схемалық сызбасы бойынша сөйлем жаза алуы.

  • Синтаксистік талдау жасай алуы.


Сауатты , көркем жаза білу :


  • Естуі бойынша сауатты , көркем жаза білуі ;

  • Грамматикалық тапсырмаларды орындай алуы;

  • Шығармашылық тапсырмаларды орындай алуы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
13.10.2021
917
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі