Материалдар / Оқу сауаттылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқу сауаттылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып оқушыларын ББЖМ - ға дайындау үшін дайын материалдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Тамыз 2024
446
16 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Жетінші қарасөзі

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?

Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.

Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.









1-мәтін
Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет, Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа жанаспайды. Өлең өнері сөзбен, ал живопись (жанды жазу) өнері бояуымен құлпырады. Музыканың негізгі мақсаты - адамның эстетикалық қажетін қанағанттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені тіл мен музыка тілі бір- бірінен етене қатысқан кезде музыканың әсерлілігі арта түседі. Бұл ғылым, яғни музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды тузеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, адамды ылғи да бір қалыпта ұстап тұруға құдіреті жетеді.
1. Мәтін мазмұнына қандай нақыл сөз сәйкес келеді?

A) Жігітке жетпіс өнер де аз
B) Еңбек ер атандырады
C) Өнер - таусылмас азық
D) Кең пейілдіге ас көп
E) Жолың алыс болса, атыңды қинама
Дұрыс жауабы:С

2. Мәтін бойынша музыканың әсерлілігі қай кезде арта түседІ?

A) Сурет өнері мен музыка үйлескенде
B) Тіл мен музыка үйлескенде
C) Сәулет өнері мен музыка үйлескенде
D) Спорт пен музыка үйлескенде
E) Қол өнері мен музыка үйлескенде
Дұрыс жауабы:B

2-мәтін
Әйгілі жазушы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі - шабытымның үш қайнар бұлағы», - деген екен. Бүгінгі күні бірнеше тілді қатар игерген адамдар саны күн санап артуда деп әбден айтуға болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды «Полиглот» деп атайды.
Орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Бірер тіл білмеген адам өзін құжатсыз жандай сезінеді» деген қанатты сөзі бар. Көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес:
1) Үзбей жаттығу. Атақты неміс археологы Генрих Шлиман үнемі жаттығуының арқасында күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта ішінде үйренген.
2) Алдымен негізгі тілдерді, ал содан кейін сол тілдерге жақын тілдерді үйрену қажет екен. Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады.
3) Ең бастысы - қорықпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысу керек. Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын адаммен барынша көбірек сөйлесіңіз.
4) Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді дамыта беріңіз. Өйткені ол - шетел тілін үйренуде жақсы көмекші.
Олай болса, достар, полиглот болғыларың келсе, тек алға ұмтылыңдар! Антик философтарының «тілді бесіктегі деміңнен соңғы деміңе дейін үйренсең де аз» дегенін ұмытпайық!
3. Қандай мақал-мәтел берілген мәтіннің мазмұнын ашып тұр?
A) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
B) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
C) Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой.
D) Басқа пәле - тілден.
E) Тілі тәтті жая жейді, тілі қатты таяқ жейді.
Дұрыс жауабы:A

4. Бірінші кеңеске сәйкес тіл үйренуге негіз болатын басты әрекет

A) Күн сайынғы жаттығу
B) Музыка тыңдау
C) Тілдердің ұқсастығы
D) Қорқынышты жеңе білу
E) Адамның жеке қабілеті
Дұрыс жауабы:A

5. Мәтін бойынша адамның есту қабілетін қалай артгыруға болады?

A) Көп әңгімелесу арқылы 1
B) Ән шырқау арқылы
C) Музыка жазу арқылы
D) Әуезді саз тыңдау арқылы
E) Әдемі сөйлеу арқылы
Дұрыс жауабы:D

6. «Полиглот» деп кімдерді айтамыз?

A) Өлең оқу мәнері жақсы адамдарды
B) Он шақты тіл меңгергендерді
C) Жазушылық қабілеті бар адамдарды
D) Екі тілді меңгерген адамдарды
E) Музыкалық қабілеті жоғары адамдарды
Дұрыс жауабы:B

3-мәтін
I. Аршат Оразовты біраздан бері білемін. Өзімен-өзі жүретін қара торы, тұйық, нұр жүзді, жас жігітті бір көргенде бұйығы ма деп қаласың. Сөйтсек, ол бойында үлкен сыр жатқан жігіт болып шықты. Кезінде біраз елдің құлағына ілінген Актөбе облысынан шыққан вундеркинд бала осы екен. Оның кейінгі тағдыры қалай болғанын өзінен сұрап көрелік.
- Мен Ақтөбенің Ойыл ауданындағы Сарыбие ауылында тудым. Алдымен, менің зеректігімді, үйренуге талпынысымды көрген атам 2-3 жасымда әріптерді үйретпек болса, мен бәрін де бірден қағып алыппын. Содан төрт жасымда кез келген кітапты зуылдатып оқи бастаған екенмін. Оны өзім білмеймін, кейін айтқан әңгімелерден естідім. Менің әкем - атамның үлкені. Атамның өзі майдангер еді, үлкен немересі болған соң мені бауырына басып, еркелетіп өсірді. Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де орындай беріпті.
II. Бірде мектепті тексеруге облыстық оқу бөлімінен адамдар келеді. Мектепте жүмыс істейтін көршіміз мен туралы айтады. Олар қызығушылык танытып, мені алдырады. Тексерушілер менің кітап оқи алатыныма шүбә келтіреді, бірақ «Бозінгеннің» кез келген жерін зуылдатып оқып бергенімде, шалқаларынан түсе жаздайды. Бәрі де мүғалімдер емес пе, есеп шығартып, баска «білігімді» де тексереді. Сөйтіп, қатты таң қалып, мені қаладағы Мақсат Құсайынов атындағы дарынды балалар мектеп-интернатына алдырмақ болып шешеді.
1-сыныптың 4-тоқсанына ғана келдім. Төртінші тоқсанда оқып жүргенде зерігіп, басқа шаруалармен айнапысып кететінмін, өйткені маған оқу өте оңай болды. Келесі жылы 2-сыныпқа барған едім, бұл жерде де маған сабақ өте жеңіл болып, еш нәрсеге қызықпай, тыңдамай отыратынмын. Сондықтан, мектептің педагогикалық кеңесі мені бірден 3-сыныпқа ауыстырды.
III. Сөйтіп, алты жасымнан 3-сыныпта оқи бастадым. Бұл да маған аса қиындық тудырған жок.
- Өзіңнен үлкен балалармен оқу қиын болған жоқ па?
- Әрине, өзіндік қиындықтары болды. Мәселен, олардың оп-оңай білетін кейбір дүниелерін мен ұға алмай тұрып қалатын кездерім жиі болатын. Оның үстіне бәрі де менен үлкен, бәрі де менен күшті. Ал бала болған соң алысып- жұлысып ойнамай қоймайсың, сондайда бәрі де маган әлімжеттік жасап кететін. Біраз уақыттан кейін менің әке-шешем де қалаға көшіп келді.
- Айтқандай, олар мамандықтары бар, оқыған жандар ма еді?
IV. - Жоқ, екеуі де карапайым жұмысшылар. Әкем темір жолға орналасты, ал шешем бір асханаға жұмысқа кірді. Жергілікті билік вундеркинд баланың ата-анасы деп менен басқа үш баласы барларға бермей, отбасымыз шағын бізге бес бөлмелі үй бермек болды. Әкем қарсы болып, кейін үш бөлмелі пәтер алдық.
1991 жылы №32 қазақ мектеп-гимназиясына ауыстым. Мұнда бізді профильдерге бөлді, мен химия-биологияны ұнаттым. Сол жылы Қазақстандағы соңғылардың бірі болып Бүкілодақтық пионерлер лагері «Артекке» де барьш, бір ай оқып келдім. Ондағылар 10 жасар баланың жетіншіге қалай өткеніне ұзақ уақыт сенбеді. Артектегі оқу орысша, соған қарамай мен жақсы оқып кеттім. Сонымен бірге спортгық жарыстардан бірнеше грамота, мақтау қағаздар алып қайттым.

7. Мәтін мазмұныны сай келмейтін сөйлемді көрсетіңіз
A) Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де орындай беріпті.
B) Отбасымыз шағын болса да бес бөлмелі пәтерге көшіп келдік.
C) Бәрі де мұғалімдер емес пе, есеп шығартып, басқа «білігімді» де тексереді.
D) Спорттық жарыстардан бірнеше грамота, мақтау қағаздар алып қайттым.
E) Қонақтар қызығушылық танытып, мені алдырады.
Дұрыс жауабы:B

8. Баланың ерекше қаситетін алғаш таныған кім?

A) Әкесі
B) Мұгалім 2
C) Атасы
D) Мектеп басшысы
E) Көршісі 
Дұрыс жауабы:C

9. Мәтін мазмұнының реттілігін анықтаңыз.
1. Қаладан келген қонақтар.
2. Бүкілодақтық пионер лагері.
3. Үшінші сынып оқушысы.
4. Нұр жүзді жігіт.
5. Дарынды баланың әке-шешесі.

A) 1,3,5, 2,4
B) 4, 1,3, 5, 2
C) 3,5, 2,4,1
D) 5, 2,4, 1,3
E) 2, 4, 1,3,5
Дұрыс жауабы:B

10. «Кезінде біраз елдің құлағына ілінген» деп автор нені айтқысы келіп отыр?

A) Атаққұмарлығын
B) Мақтаншақтығын
C) Танымалдығын
D) Жүрек жұтқандығын
E) Қарапайымдылығын
Дұрыс жауабы:C

11. Мәтіндегі басты кейіпкер өзінің сүйікті пәнін таңдағаны туралы қай бөлімде айтады?

A) II
B) І
C) V
D) III
E) IV
Дұрыс жауабы:C

12. Неліктен әкесі бес бөлмелі пәтерден бас тартты?
A) Ауылға көшіп кетпек болғандықтан
B) Біреуге тиесілі үйді бермек болғандықтан
C) Аумағы кішкентай болғандықтан
D) Отбасы мүшелеріне ұнамағандықтан
E) Қалада үйі болғандықтан
Дұрыс жауабы:B

4- Мәтін
1. Ұрыс сәрсенбі күні таң ата басталды. Абылай да, Ценан-Доржи да елшілер арқылы уәделескен мезгілдерінде өз әскерлеріне «Аттан!» деп бұйрық берді. Көлденеңі он шақырымдай жазық далада қан төгіс қырғын тез-ақ қызып кетті. Алып майданның екі жақ шетіндегі Сырымбет пен Батыр Баян бастаған қазақ әскері қиын да болса алға қарай жылжып бара жатқаны сезіледі. Тек екі жақтың екі бас қолбасшысы тұрған майданның орта шебі мызғыған жоқ. Тағы:
2. -* Аттан! Аттан! - деген ұран шықты. Сол сағатта-ақ Сеңгірбай, Сағымбай, Қанай бастаган сұлтанның мың жігіті зеңбірек оғы жетпейтін қалың жыңғылды сайдан шыға сала Цеван-Доржидың тұрған төбесіне қарай лап қойған. Бірақ бір шақырымдай шапқан кезде кенет гүрсілдей жөнелген зеңбіректерден жауған жойқын оқтар дәл аттарыныц маңдай алдынан кеп гүрс- гүрс жарылған. Алдыңғы шептегі жүз қаралы ер жүрек жігіттер ат-матымен омақаса жер қауып, заматта арттарында келе жатқан жауынгерлерге бөгет болды. Амал жоқ, лапылдап келе жатқан қалың қол еріксіз кейін шегінді. Абылай бұйрығымен жігіттер тағы шапқан. Бұл жолы да жүзге таяуы қаза тауып, қалғаны кейін серпілді. Зеңбіректі Цеван-Доржиды бұлай ала алмайтынын білген Абылай, енді шабуыл шебін басқаша қүрды. Зеңбіректерге тікелей шаппай, оны ат тағасындай қоршап, жан-жағынан анталауды бұйырды. Бірақ үш рет шабуылға шығып, ең батыр деген үш жүзге тарта ер жігіттерінен айрылған әскер не істерін білмей, тағы дағдарып қалды. Бұған Абылай:
3. - Япырмай, осыншама, қазақтан жауға шабар бір еркек кіндікті тумаған ба? - деді қатты дауыстап. - Қайсың барсың? Осы кезде топ ішінен «Абылай!» деген дауыс шықты. Бүл ұран салған Абылайдың он жеті жасар баласы Жанай еді. Ол тебініп қап, зеңбіректерге 3 қарай атой салды. Бірақ бұдан бұрын гүрсілдеген тажалдардан әбден үркіп қалған астындағы басы қатты кертөбел, бала жігітті жау шебіне емес, бір бүйірдегі жиде тоғайына қарай ала жөнелді. Жұрт тағы тына қалды. Дәл осы кезде, Абылайдың зеңбіректерді қоршаған жігітгерінің оң жақ тұсынан Цеван-Доржи түрған төбеге қарай, басында үкілі камшат бөркі бар, ақбоз атты бір қыз бала «Қабанбай! Қабанбай!» деп ұран тастан, суырыльш шыға берді. Ақбоз ат көсіле сермеп келеді. Қыздың қолында не сойыл, не найза жоқ, бар болғаны тобылғы сапты қамшы. Осынау қарусыз қыздың ерлігін көрген қызба қалың топ, енді шыдай алмады, лап қойды.
4. - Абылай! - Атығай! - Ақжол! - Қарақожа! - Қабанбай! - Абылай! Абылай! «Қабанбай» аты аталған тұстағы Найман жігіттері гуілдей шапқан топтың алдарында келеді. Зеңбіректер ортадағы топтың алдыңғы қатарына ғана оқтарын жіберіп үлгерді. Бірақ екі бүйірдегі сойылгерлер сапы тез-ақ жетіп қалды. Ар жағындағы жоңғар атты әскері келіп үлгергенше, түйелі зеңбіректерді түйе-мүйесімен таптап кетті. Ақ болат сауыты жарқылдап, Жалынқұйрығын көсілте Абылайдың өзі де шапты. Төбе басындағы қонтайшы көк шатырын жинай бастады. Сөйткенше болған жоқ, Жоңғардың шаян құйрықты сары жібек жалауы шығысқа қарай шегіне берді...
5. Осылай жоңғар мен қазақ арасындагы қанды айқастардың жаңа белесі ашылды. Бұл казақ елінің жоңғар қонтайшыларын мүлдем жеңіп, атамекен жерінен қуудын ең алғашқы айқасы еді. Абылай өз шатырына келгеннен кейін, бағанағы қалмақ зеңбіректеріне жападан-жалғыз карсы шауып, бүгінгі жеңіске жол салған қызды іздетті. Бұл Қабанбай батыр мен қазақтың батыр қызы Гауһардан туған жас Назым екен. Бүлдіршіндей жас қыздың осыншама ерлік көрсеткеніне риза болтан Абылай, беліндегі сом алтыннан соғылған жаңа белбеуін шешіп берді. Абылай басқарған осы соғыс екі айға созылды.

13. Автор қазақ халқының ержүректілігін қалай жеткізгісі келді?

A) Қабанбай әрекеті арқылы
B) Қыз әрекеті арқылы
C) Батыр Баян әрекеті аркылы
D) Қанай әрекеті арқылы
E) Қолбасылар әрекеті арқылы
Дұрыс жауабы:B
Біздің топқа тіркелуді ұмытпа:https://vk.com/uto_test

14. Абылай неге жауынгерлеріне ренжіді?

A) Әскерлері соғыс алаңынан қорықты
B) Жауынгерлері алға жылжи алмады
C) Шабуылды жаңаша жоспарламады
D) Әскерлер бас амандығын ойлады
E) Қан төгіс қырғын қыза түсті
Дұрыс жауабы:B

15. Мәтіннің төртінші азатжолының түйіні

A) Жаудың шабуылға шығуы
B) Жау шебінің мықтылыты
C) Жаудың жеңілісі
D) Хан сыйлығы
E) Жау зеңбірегінің жеңісі
Дұрыс жауабы:C

16. Абылай неге қызға белбеуін сыйға тартты?
A) Ерлігіне риза болғандықтан
B) Шыққан тегіне риза болғандықтан
C) Шабандоздығына риза болғандықтан
D) Қыздың жастығына сүйсінгендіктен
E) Қабанбайдың қызы болғандықтан
Дұрыс жауабы:A

17. Ақбоз атты қыздың ұраны
A) «Абылай!»
B) «Ағытай!»
C) «Қарақожа!»
D) «Ақжол!»
E) «Қабанбай!» 4
Дұрыс жауабы:E

18. Неліктен қазақ жауынгерлері тығырыққа тірелді?
A) Қалмақтың қаруы басым болды
B) Қорғандары болмады
C) Дұрыс ұйымдаса алмады
D) Қолбасшылары болмады
E) Аттары шабан болды
Дұрыс жауабы:A

19. Мәтіндегі негізгі ой қандай?
A) Қазақ батырларының ерлігін дәріптеу
B) Соғыс әдістерін үйрету
C) Қазақ батырларын таныстыру
D) Жоңғардың соғыс күшін суреттеу
E) Қазақ пен жоңғар арасындағы соғысты дәріптеу
Дұрыс жауабы:A

20. Жанайдың жауға қарсы шыға алмау себебі
A) Соғыс әдіс-тәсілін білмеді
B) Астындағы аты үрікті
C) Аты үйретілмеген болды
D) Қолында қаруы болмады
E) Жауға жалғыз беттей алмады
Дұрыс жауабы:Brings




































Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

  1. Нағыз достық не береді?

А) сенім береді

В) шабыт береді

С) құндылық береді

Д) шынайылық береді

Е) адалдық

2. Достыққа не кедергі бола алмайды?

А) сатқындық

В) адалдық

С) сыйластық

Д) шынайылық

Е) мінез

3. Өмірлік мақсаттардың бірі

А) дос таңдай білу

В) достықты таңдай білу

С) еңбек түрін таңдай білу

Д) арманға қол жеткізу

Е) бақытты болу

4. Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасында не үшін қажет?

А) сенімді арттыру үшін

В) қарым- қатынас үшін

С) саяси тұрақтылық үшін

Д) ынтымақтастық орнату үшін

Е) дос болу үшін

5. Достықты берік ететін не?

А) сенім мен жарқын көңіл

В) татулық

С) саяси тұрақтылық

Д) ынтымақтастық

Е) шыдамдылық






Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз

Ажал аузындағы махаббат

Бір жұп ғашықтар болыпты. Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал бойжеткен осы үшін назаланатын.
Күндердің күнінде теңізге саяхаттай шыққан қос ғашықтың қайығы дауылға жолығып, аударылыпты. Әзер дегенде қайықтың сынық ағашын ұстап аман қалған олар амалсыз әлдеқайдан келер көмекті күтумен болыпты. Батыл, қайсар бойжеткен жігітін сынап көрмекке «сен қорқасың ба?» деп сұрайды. Көзінде үрей тұнған жігіт жалма-жан қалтасына үнемі салып жүретін пышағын алып «егер әлдеқайдан қатер төнер болса, алдымен сені қорғаймын» депті сеніммен. Дәл осындай қатерлі сәтте мынадай батыл шешімге риза болған бойжеткен іштей риза болыпты.
Көп өтпей үлкен жүк кемесі бұларды байқап құтқаруға келе жатады. Қуанышы қойнына сыймаған қос ғашық дәл сол сәтте өздеріне таяп келе жатқан жыртқыш акуланы да көреді. Қорқыныштан қалқыма ағаштан ұстап қалған күйі мелшиып қалған жігітке бойжеткен «Тез, ана кемеге бар күшімізбен малтыйық. Мүмкін аман қалармыз, тездет!» деп айқай салыпты. Бірақ, жігіт қызды бар пәрменімен итеріп жіберіп, өзі бөлек жүзіп кетіпті. Бұған аңырып қалған қыз сол сәтте қатты күйзеледі. Төніп келе жатқан ажалға амалының жоқтығын біліп іштей қайғырады. Бақытына орай әлгі жыртқыш оның қасынан келсе де, оған бұрылмастан жігіт малтып кеткен жаққа қарай өте шығыпты. Бейшара жігіт әп-сәтте акуланың азуына ілінеді. Жан-таласып жатқан сәтінде бар дауысымен «Мен сені сүйемін!» деп айқайлапты.
Аман қалған бойжеткен есін жиғанда кемешілердің «Қорқақ» жігітіне аза білдіріп жатқанын көреді. Кеме капитаны қыздың жанына келіп, оны жұбата «Бикеш, осы өмірімде көрген ең ержүрек азамат сіздің жігітіңіз! Оның өлімі үшін қайғырамыз, сабыр етіңіз!» дейді. «Жоқ! Ол барып тұрған қоянжүрек! Мен ештеңеге қайғырмаймын» дейді қыз жасын сүртіп. Кеме бастығы бойжеткеннің бұл қылығына түсінбей «Қалайша оны кіналап тұрсыз. Мен бәрін де бақылап тұрдым. Мен оның сізді кеме жаққа қарай итеріп жіберген соң өз білегін тілгенін көрдім. Ал акуланың қанға деген сезімталдығы өте күшті. Егер ол бұлай істемегенде сіздің аман қалуыңыз мүмкін емес еді» дейді сабырлықпен.
Мейлі қаншама әлжуаз, қорқақ болса да шынайы сүйіспеншілікке толы жүрек өмірдің ең бір қатерлі сәттерінде өз махаббаты үшін құрбандық беруден бас тартпайды.

6. Қыз неге назаланады?

А) ғашығына көңілі толмай

В) жігіті ренжіте береді

С) теңізге шыққанына

Д) қиындықта сыналғанына

Е) дауылға

7. Олар қалай аман қалды?

А) қайықтың сынық ағашын ұстап

В) кемедегілер көмектесті

С) малтып аман қалады

Д) тасты ұстап аман қалады

Е) акула көмектеседі

8. Қыз жігітін қалай сынайды?

А) «мені құтқар» дейді

В) «қалай құтыламыз» дейді

С) «сен қорқасың ба?» дейді

Д) «тез кемеге жетейік» дейді

Е) «мен сені сүймеймін» дейді

9. қызды жігіт қалай құтқарды?

А) кемеге жеткізді

В) итеріп жіберді

С) құтқарған жоқ

Д) білегін тіліп жіберді

Е) акуланы өлтірді

10. жігіт неге құрбан болды?

А) жүрегі сүйіспеншілікке толы болды

В) қорқып қашты

С) әлжуас болды

Д) ерлік көрсетті

Е) махаббатын дәлелдегісі келді


Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз

Сөзден тосылу

   Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:

- Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты. Абай сәл ойланып отырыпты да:

- Менің Әбдірахман деген балам бар еді.Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді.Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:

- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:

-   Ақ зат асыл ғой, - деді.

-  Неге, қара зат асыл емес пе? - дедіммен. Әбіш бетіме қарап күлді де:

-  Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен:

-  Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. Сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.

Сонда
Әбіш:

- Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді. - Ақылмен білдім, - дедім мен.

- Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе! Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма?- деді.

Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан
иіскедім.


11. Басты кейіпкерлер кімдер?

А) Абай мен Наушабай

В) Наушабай мен Әбіш

С) Абай мен Әбдірахман

Д) Әбдірахман мен Әбіш

Е) Наушабай

12. Әбіш демалысқа қайдан келді?

А) Семейден

В) Петербордан

С) Санкт Петербург

Д) Омбыдан

Е) Петербурдан

13. Қараның екінші қасиеті

А) сақал- шаш қара болады

В) көздің қарашығы қара

С) сия қара

Д) қара сиядан өнер- білім алады

Е) қара әдемі түс

14. Әңгімедегі жалқы есімдерді ата

А) ақ-қара

В) сақал- шаш

С) Наушабай, ақыл

Д) Абай мен сөз

Е) Абай, Әбіш, Наушабай

5. Бұл әңгімеден не түйдің?

А) жас жігіт бәрін біледі

В) Абайдан баласы ақылды

С) көп оқыған адам біледі

Д) Әбіш тапқыр

Е) көпті көрген адам бәрін біледі


Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз

Патшаның қызы неге бақытсыз?..

Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты. ]Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», — дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етіпті.
Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертен жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты.
Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, 
өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», — деп жауап береді.
Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті.
Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті. "

16. Патшаға кім келді?

А) емші

В) білгір

С) білімді адам

Д) қу адам

Е) бақсы


  1. Қыздар не істеп жүр?

А) ерігіп жүр

В) қайғырып жүр

С) дәптерге жамандықтарды жазып жүр

Д) дәптерге көргендерін жазып жүр

Е) дәптерге жақсылықтарды жазып жүр

18. Үлкен қыз қалай қуанды?

А) жақсылықтар есіне түсіп

В) жамандықтардан құтылып

С) дәптерді ауыстырып

Д) саяхатшыны көріп

Е) әкесінің сөзінен кейін


  1. Өзің осы ертегіден не түйдің?


А) үнемі көңілді жүру керек

В) жақсылық жасау керек

С) білімді болу керек

Д) дәптерге көргеніңді жазу керек

Е) жақсылықты білу керек

20. Неліктен үлкен қыз өзінің дәптерін ауыстырып қойғанын білмеді?

А) сарайдағылар екеуіне бірдей қарағандықтан

В) екі дәптер бірдей болғандықтан

С) әкесі екеуін де жақсы көргендіктен

Д) жазулары бірдей болғандықтан

Е) ұйқысы қанбағандықтан





Ы.Алтынсарин «Такаппарлық»


Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты: - Еңкей, еңкей - деп. Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді: - Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, "Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды және басын жоғары көтерген тәкаппарлықтың әлек болғанынкөзіммен көрдім" деп әрдайым айтушы еді.

1. Америка жұртының даңқты білім иесі, Вениамин Франклин жас күнінде, не себепті Медера қаласына келді деп ойлайсыздар?

А) Бір қарт адамға қонақ болып келді.

В) Қарттың немересі болатын

С) Қартты қарттар күнімен құттықтайын деген мақсатпен

D) Қарт көмекке шақырған еді

Е) Америкаға қонақ болып келді.



2. Франклин мен қарт сөйлесіп келе жатады, сол кезде Франклинге қарттың ескерткен сөзін мәтінге сүйене отырып себебін табыңыз.

А) Ұмытпағайсың, сен жассың

В) Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың.

С) Өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстама

D) Басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүр



3. Мәтінде қарт шал Вениямин Франклинге айтқан кеңесін дұрыс деп ойлайсыз ба?

А) Иә, дұрыс, өйткені кішіпейіл болу керек

В) Жоқ, еңкейген сайын басыну көбейеді.

С) Иә, себебі ол қария.

D) Жоқ, келіспеймін.

Е) Жоқ, әркімнің сөзін тыңдамай, алған беттен таймау керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!