Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Оқу сауаттылығы жаңа форматта 10 нұсқада 10 сұрақтан жасақталған 11- сынып оқушыларына арналған
1.Нұсқа
Рухани мұраларымыздың маңызды түрлерінің бірі — әшекей бұйымдар. Сол әшекей бұйымдардың беттеріндегі өнегелік жазбалар мен өрнектері тәлімдік түйіндер назардан тыс қалып келеді.
Жетісу жерінен табылған, қазір Британ мұражайында сақтаулы, жиегіндегі жазулары бар қалайыдан жасалған айна (ХІІ-ХХІІ ғ.) өзіндік тәлімдік түйіндерімен құнды. Бұл айнада «Айнадай әсем бол» деген нақыл сөздер бар. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында табылған тас мөрде өрнектеліп жазылған «Танда да, жұбан!» деген сөздің ертедегі руникалық әріппенен жазылғандығы белгілі. Демек, өмірден әр нәрсені таңда, содан мейірім тап деген сөз бұл. Павлодар қаласындағы өлкетану мұражайында сақтаулы күміс білезіктегі түркі жазуы қазақша былай оқылады: «Шашылған асыл қазына күлмен тең».
Алтынмен апталған, күміспен күптелген, оюмен көмкерілген небір белбеулерде әртүрлі жазулар сақталған. Сондай бір белбеуде «Белінді бекем бу келген жауға» деген өсиет сөз жазылған. Ал қыз балаға, келіншектерге арналған белдіктерде «Бойынды тік ұста» деген өрнекті жазу бар.
Ерте кездерде (Х-ХІVғ.ғ.) адамдардың белдіктеріне қарап, олардың қандай тектен шыққанын және әскери шендерін білген. Егер алтынмен не күміспен қапталған белдік бай адамдікі екендігін аңғарсақ, ал теріден жасалған белдіктің жауынгерге арналғанын аңғарамыз. Екінші бір белдіктің шетінде қалтасы бар, олар саудагерлер мен көпестерге арналып жасалған. Орыстың белгілі ғалымы В.Радловтың сөздігінде: «Қалталы әшекей белдіктерде құранның сүрелері сақталынады» делінген.
Зергер мен ұсталардың өнерінен туған әшекей бұйымдар арулар бойына көрік, ажар, жігіттерге жігер беретіндіктен ондағы жазулардың тәлімдік рөлі арта түскен. Көптеген әшекей бұйымдар жігер беретіндіктен ондағы жазулардың тәлімдік рөлі арта түскен. Көптеген әшекей бұйымдар ұзатылатын қыздың сән-салтанатты жасауы ретінде қолданылған.
Қазақтың арулары мен ерлеріне ортақ болған әсемдік дүниелердің бірі- ер-тұрман. Әсіресе, әйелдердің ер-тұрмандары көркем болған. Кейбір қадірлі батыр, биге арналған ер-тұрмандардың алдыңғы жағындағы беттерінде күміспен өрнектелген жазулар болған.
Қазақ жасаған зергерлік бұйымдары - біздің бабаларымыздың он саусағынан өнері тамған, жаны сұлу адамдар екенін дәлелдейді. Шеберлер жазған тәлімдік сөздер адам бойы мен ойының таза болуын және ұлтымыздың салт-дәстүрін сыйлауға үйретеді.
1.Мәтін мазмұны бойынша ақпарат
A)Әшекей бұйымдар Жетісу жерінде сақталған.
B)Қалталы әшекей белдік Павлодар мұражайында сақталған.
C)Әшекейлі ер-тұман Шығыс Қазақстан облысында сақталған.
D)Жиегінде жазулар жазылған айна Британ мұражайында сақталған.
2.”Бойыңды тік ұста” деген өрнекті жазуы бар әшекей
A) Ер-тұрман
B) Белдік
C) Айна
D) Білезік
3.Мәтін мазмұны бойынша ерте кезде адамның шыққан тегін анықтауға болатын бұйым
A) Мөр
B) Ер-тұрман
C) Белдік
D) Айна
4.Мәтіндегі негізгі ақпараттың дұрыс реттілігі
1. Әшекей бұйымдар қыздың жасауы ретінде қолданылған.
2. Әйелдердің ер-тұрмандары әдемі етіп жасалған.
3. Айнада нақыл сөздер жазылған.
4. Белдіктерде “Бойыңды тік ұста” деген көркем жазу бар.
A) 2,4,3,1
B) 2,1,4,3
C) 3,4,1,2
D) 1,4,2,3
5.Мәтіннің негізгі түйіні
A) Белдіктеріне қарап,қандай тектен шыққанын,әскери шендерін білген.
B) Әшекейлердегі жазулар ертедегі руникалық әріппенен жазылған.
C) Әшекейлердегі сөздер ұлтымыздың салт-дәстүрін сыйлауға үйретеді.
D) Әшекей бұйымдар арулар бойына көрік,ажар,жігіттерге жігер береді.
1. Денсаулық бізді жа ғана асыл дүниеміз. Денсаулықты ақшаға сата да алмаймыз, сатып та ала алмаймыз. Себебі акша байлық емес, ең басты байлық денсаулық. Денсаулығымызды сақтамасак, күтпесек, оны құртып алуымыз мүмкін. Ал ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмайтын жол іздеу жеңілірек болары айтпасақ та түсінікті.
2. Денсаулықты сақтау үшін пайдалы, адам өміріне зиянын тигізбейтін тағамдарды тұтыну, спортпен шұғылдану қажет, жақсы ұйықтап, таза ауамен демалған да өте пайдалы. Адам денесінің көп бөлігі судан тұрады. Сондыктан күніне кем дегенде бір-екі литр су ішу керек. Адамдар ауырып калса, кейбіреуі дәрігерге бармай, өз беттерімен емделеді. Бұл дұрыс емес. Себебі біз ауырып тұрған жерімізді емдеп, баска агзаға зиян келтіруіміз мүмкін. Сол себептен ауырып қалған жағдайда дәрігерге барып, качи дұрыстап тексеріліп, жазып берген дәрісін ішкен жөн.
3. Денсаулыкка өте қатты зиянын тигізетін ішімдік, темекі және т.б. зиянды заттар жетерлік. Бұндай заттарды мулде пайдаланбау керек. Майлы, газдалған, қуырылған тағамдарды, жартылай дайын өнімдерді, кантты аз мөлшерде тұтынған жөн. Олардың орнына сүттен, балықтан, еттен жасалған табиғи әрі пайдалы өнімдерді, жеміс-жидекті, көкөністі көптеп жеген дұрыс.
4. «Дені саудың жаны сау», деген ата-бабаларымыз. Әрбір адам күніне шамамен сегіз сағат ұйықтауы керек. Сонда адам күні бойы көңілді, сергек болып жүреді. Спортпен шұғылдану, жеке бас тазалығын да ұмытпаған жөн. Спортпен шұғылдансан, денең ширақ болады, өз-өзіңді сергек, женіл сезінесің. Ал бұндай көңіл күйдің адам денсаулығы үшін маңызы аз емес. Жеке бас тазалығына келер болсак, таза жүрген адам көптеген жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупінен ада болады. Халқымыз: «Тазалық саулық негізі», деп бекер айтпаса керек.
5. Әл-Фараби атамыздың денсаулық жайлы айтқан нақыл сөзі: «Адамның денесінің жетілуі оның денсаулығы: егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек»,- деген. Бұл біздің өмірлік ұстанымымыз болу керек.
6. Қорытындылай келе, деннің сау болуы да, болмауы да әркімнің өзіне байланысты. Себебі күнделікті қандай тағам тұтынатынымыз, немен шұғылданатынымыз, адамдармен қандай қарым- қатынаста болатынымыз өз еркімізде. Әр адамның денсаулығы өз қолында!
Мәтін мазмұнына сәйкес, денсаулыкка негіз болатын нәрсе
6.Мәтін мазмұнына сәйкес,денсаулыққа негіз болатын нәрсе
A) Нәзіктік
B) Сұлулық
C) Адалдық
D) Тазалық
7.Мәтін мазмұнына сай ақпарат
A) Адам денесінің көп бөлігі судан тұрады
B) Күніме кем дегенде жарты литр су ішу керек
C) Адам денсаулығы дәрігердің қолында
D) Жартылай дайын өнімдерді пайдаланған дұрыс
8.Мәтін мазмұнында берілмеген ақпарат
A) Газдалған сусындар мен қантты аз мөлшерде тұтынған жөн.
B) Сүт,балық,табиғи өнімдер мен жеміс-жидекті шектеген жөн.
C) Адам денсаулығына зиян келтірмейтін тағамдарды тұтынуы керек.
D) Денсаулығының жақсы болуы үшін спортпен шұғылдану қажет.
9.Мәтін мазмұнының реттілігі
1.Егер денің сау болмаса,онда оны сауықтыру керек.
2.Табиғи өнімдерді тұтыну денсаулыққа пайдалы.
3.Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде.
4.Адамның денсаулығы әркімнің өзіне байланысты.
A) 3,2,1,4
B) 2,3,1,4
C) 4,3,1,2
D) 1,2,3,4
10.Автордың қорытынды ойы көрінетін сөйлем
A) Майлы,газдалған,қуырылған тағамдарды аз мөлшерде тұтынған жөн.
B) Спортпен шұғылдануды,жеке бас тазалығын да ұмытпаған жөн.
C) Денің сау болуы да,болмауы да әркімнің өзіне байланысты.
D) Адамның денесінің жетілуі-оның денсаулығына байланысты
1. Киіз туырлықты көшпелі елдің кұс салуы, халқымыздың алғашқы қалыптасу кезеңінде кәсіп болса да, уақыт өте келе ғажайып ақсүйек өнеріне айналғаны анық. Халқымыздың арғы-бергі тарихына зерттеуші ғалымдардың көзімен қарайтын болсак, саятшылық кәсіптің үш мың жылдан аса тарихы бар деседі. Оған Тамғалы тастағы саятшының қыран құспен аңға шыққан сәтін бейнелеген өрнекті сурет дәлел. Бұл суреттің тарихы осыдан екі мың жылдан әрі асады дейді зерттеушілер. Оған дәлел болатын археологтарымыз зерттеп жүрген ежелгі қорымдарда адамдармен бірге жерленген қыран құстардын сүйегі, тұтынған әшекей бұйымдарында жиі кездесетін бейнелері мен жиһанкездердің күнделіктеріндегі осынау өнер иелері туралы мағлұматтар да қаншама.
2. Кезінде осынау тамаша өнер жайында Италия саяхатшысы Марко Поло, орыс тарихшысы Николай Карамзин, поляк зерттеушісі Адольф Янушкевич секілді көптеген шетелдіктер тамсана жазған болатын. Олардың жазбаларын ескере келе, халыкпен бірге жасасып келе жатқан таңғажайып өнердің үш мың жылдық қана тарихы бар деп айту қисынсыз, бұл өнерге жасаған қиянат болар.
3. Қазақ халқының күнкөріс кәсібі болған аңшылық пен саятшылық хан мен төрелердің, би- шешендердің, сал-серілердің сейіл құрып, сән-салтанатын асырар ақсүйек өнері екендігіне дәлелдер бар. Тіпті Жошы ханның үш мың қыраны болып, Абылай хан бес жүз бүркіт пен үш жүз қаршыға, сұңқар ұстағаны, ал Ақсақ Темір мен Алтын Орданың ханы Тоқтамыстың бүркіттің бір жұмыртқасына бола жауласқандары жайында деректер де сөзімізге дәлел.
Кеңес заманында бүркіт баптап, аңға кұс салу «ескінің сарқыншағы» деп бір жақты қарап, біраз токтау салды. Соның салдарынан соғыс кезінде, ашаршылық жылдарында бір бүркітпен бір ауылды асыраған асылдарымыз бен рухани мұрамыз ескерусіз қалды.
4. Кезінде осынау өнеріміздің маңызын түсініп, құсбегілігіміздің кетеуі кетіп бара жатқанына кынжылыс білдірген әйгілі академик, зерттеуші Әлкей Марғұлан «Саят құстары» деп, алғаш зерттеу еңбегін жазып, саятшылық өнердің мәңгілік мұра, мәңгілік ескерткіш екеніне ерекше тоқталған еді. 1900 жылдардың басында павлодарлық Сәдуақас Шорманов «Қазақтың аушы құстары» атты зерттеу кітабын жарыққа шығарды. Ал өткен ғасырдың елуінші жылдары жазушы Сәбит Мұқанов бір еңбегінде құсбегіліктің қыр-сырын көркем сөзбен суреттеп, «Құсбегілік ұлттық спортымыздың ең биік шыңы» деп бағалаған болатын.
«Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы...» жігіттің жігітіне жарасып, серінің серті мен серігіндей киелі өнерді жанына балаған елдің ұрпағы болғандықтан шығар, ендігі жерде халқымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан өлмес мұрасы құсбегілікті салауатты өмір салтына сай келеді ғой деп, спортка алып келуді ойластыру керек.
11.Саятшылық өнердің өлмейтін мұра екендігін бағалап,еңбек жазған зерттеуші
A) Әлкей Марғұлан
B) Марк Поло
C) Адольф Янушкевич
D) Николай Карамзин
12.Құсбегілік өнердің ежелден келе жатқан өнер екеніне дәлел
A) Ақындардың өлеңдері
B) Саяхатшылардың жазбалары
C) Жазушылардың шығармалары
D) Тамғалы тастағы суреттер
13.Мәтін мазмұны бойынша жауабы бар нұсқа
A) Құс салу өнері туралы шетелдіктер қандай еңбек жазды?
B) Құсбегілік өнеріміздің кенжелеп қалу себебі неде?
C) Жастардан құсбегілікті зерттеп жүргендер бар ма?
D) Елімізде құсбегілікті қалай дамытуға болады?
14.Мәтіннің бірінші азатжолына сәйкес келетін тақырып
A) Құсбегілік-ұлттық спортымыздың ең биік шыңы
B) Ғажайып өнердің зерттеушілердің біржақты пікірі
C) Қазақ халқының күн көріс кәсібі мен ұлттық өнері
D) Құсбегілік-үш мың жылдық тарихы бар өнер
15. Қазақ халқының құс салып, саят құру тарихы сонау есте жоқ ескі замандардан бастау алады. Тарихи деректер мен археологиялық зерттеулерге негізделгенде, қазақтың ата-бабалары - сақтар, қаңлылар, аландар, гұндар түгел дерлік құс салып, ит жүгіртіп саят құрған. Тіпті ежелгі сақ көсемдері арнаулы саят құстары мен аң иттерін бағып-баулитын құсбегілер мен саятшылар ұстаган. Мұны қазақ даласындагы көптеген жартас суреттеріндегі ит жүгіртіп, құс салган саятшылар бейнесі мен археологиялық қазба жәдігерлер дәлелдейді.
A) Құсбегілік өнерді зерттеушілердің еңбегімен таныстыру
B) Құсбегілік кәсіптің үш мың жылдан астам тарихын паш ету
C) Құсбегілік өнердің тарихы ескі замандардан бастау алады
D) Құсбегілік өнерді ғылыми тұрғыда зерттеуді қолға алу
2-Нұсқа
Тойға немесе аска кымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек. Жерге төгілген ақты (сүт, айран) басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді. Іркітті ашық далада піспейді, құты кетіп қалады. Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң-тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіреді. Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды. Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды. Сүт тағамдарын жерге түкіріп тастау күнә болып саналады. Сүт сауатын шелекті су басына апармайды, құты кетіп қалады. Ақтың жуындысын адам жүретін жерге төгуге болмайды. Малдың бірінші сауымынан алынған майды асқа қолданбайды. Онымен босағаны, табалдырықтың жоғарғы бөлігін майлайды.
1.Мәтіндегі сабаға қатысты тағам түрі
A) Айран
B) Қымыз
C) Май
D) Сүт
2.Сүт сауатын шелекті су басына апармау ырымының мәні
A) Майлығы азаяды
B) Сүтті бүлдіреді
C) Құты кетіп қалады
D) Улы жәндіктер түседі
Үйге келген қонақ ілулі тұрған кимешектің үлгісіне карап-ак, отбасындағы әйелдердің жас мөлшері, талғамы мен дәрежесінен хабардар болған. Демек, кимешек әрі төлқұжат, әрі мінездеме рөлін атқарған. «Кимешек пайғамбардың ноқтасы» деген де сөз бар. Бұл жерде «нокта» сөзі тура мағынасында емес, бейнелі мағынада: тыйым, тәртіп, белгілі бір өлшем деген түсінікті білдіреді. Кимешектің өзге мұсылман әйелдер бас киімінен ерекшелігі тек басты жабатын бүркеншектігі ғана емес, салтанатты да сәнді әшекейі мен әдемі пішіні. Кимешек әр аймақтың тұрмыс қажеттігінен туындағанын, ортак өндірістік қатынастардың болмағанын ескерсек, сырт көзге ғана бөлек болып көрінеді. Ал, жақынырақ танысып, бізге жеткен пішім үлгілерін сараласак, негізгі басты ұстанымы ортак. Яғни мәні сақталады, сәні уакыт үрдісіне, жеке ісмердің шеберлік деңгейіне, ой-қиялы мен өресіне сай өзгереді. Алайда ортак қағидасы бұзылмады. Әр өңір өзінше әртүрлі қолданды. Біреу ойығын ойып, біреу жиегін жиып, біреу өңірін сырып киді. Бәрі пайдасын біліп киді.
3.Жеке ісмер өзгерте алады
A) Мәнін
B) Матасын
C) Сәнін
D) Атауын
4.Кимешектің ерекшілігі туралы мәтінде айтылған ойға сәйкес келетін мақал
A) Ағаш көркі – жапырақ
Адам көркі – шүберек
B) Кісінің кісілігі
Киімінде емес,білімінде
C) Кеңесті хан азбайды
Кең киім тозбайды
D) Анадан өнеге көрмеген қыз жаман
Атадан тағылым алмаған ұл жаман
5.Қонақ отбасындағы әйелдің жас мөлшерінен хабардар болған
A) Әшекейі арқылы
B) Ісмерлігі арқылы
C) Кимешегі арқылы
D) Кісі күтуі арқылы
Сабыр түбі - сары алтын
Бір патшаның ғажайып бағы болыпты. Бақта небір әдемі гүлдер мен ғажап ағаштар өсіпті. Патша ғажайып бақты баптау үшін бағбандарды алдыртыпты. Бағбандарға: «Егер кімде-кім ең әдемі гүл өсіретін болса, соған теңдесі жоқ сыйлық берем», депті. Сөйтіп, әрбір бағбанға жер телімін беріпті. Осылайша бағбандар іске кірісіпті.
Бірінші бағбан райхангүлдің бүр жарғанын көре сала қуаныштан жүрегі жарыла жаздапты. Ол райхангүл тезірек ашылсын деген оймен гүл күлтелерін қолымен ашып тастапты. Бағбанның асыққаны соншалық- райхангүлі жұлынып, жұлмаланып, солып қалыпты. Бағбан басқа гүлдерге де осындай әрекет жасапты. Ақырында асығыстықтың салдарынан барлық райхангүлі өспестен солып қалыпты. Сонда барып бағбан өз ісіне әбден өкініпті.
Екінші бағбан гүлдерін шыны құтыда өсірмекші болыпты. Ол гүлдерді аса ұқыптылықпен күтіп баптады. Біресе құтыдағы суды ысытады, біресе суытады. Күні бойы құтының қақпағын бір сәтке ғана ашады. Біраз күндер өткенде гүл бүрін жарады. Гүлдің өскеніне көзі жеткен бағбан құтының қақпағын ашады. Әдемі гүлді дірілдеген нәзік сабағы әрең ұстап тұрады. Гүл сабағының нәзіктігі соншалық сәл ғана соққан желге шыдай алмай, үзіліп түсіп қалады.
Үшінші бағбан гүлдің бүр жара бастағанын көре сала шыдай алмастан, оны үзіп алып, «Қарандаршы, мен ең әдемі гүл өсірдім!» - деп айқайлап, патша сарайына қарай жүгіре жөнеледі. Сарайға жеткенше гүлі солып қалады.
Гүл өсіру үшін ең бастысы уақыт және жылылық қажет екенін білген бір ғана бағбан ешқайда асықпады. Сондықтан ол гүл өскіндерін аялап бақты, суарды, желден қорғады және оны гүлдеуін шыдамдылықпен күтті.
Осылайша бағбан аңқыған хош иісті әсем гүл бағын өсірді.
Патша оған риза болып, осындай ғажайып гүл бағын өсірудің сыры неде екенін сұрайды. онда бағбан оның сыры сабырлылықта екенін айтады.
Осылайша сабырлылықтың арқасында ол бағбан патшаның сыйлығына ие болыпты.
6.Хош иісті гүл бағын өсірудің сыры
A) Ұқыптылық
B) Еңбекқорлық
C) Ақылдылық
D) Сабырлылық
7.Төртінші бағбанның ойынша гүл өсіру үшін қажет ең басты нәрсе
A) Уақыт және
жылылық
B) Су мен топырақ
C) Топырақ пен күннің
көзі
D) Уақыт пен көлеңке
8.Бірінші және үшінші бағбанның іс-әрекетіндегі кемшілік
A) Ұқыпсыздық
B) Асығыстық
C) Жігерсіздік
D) Шағалайлық
9.Патшаның бағбандарға бергені
A) Райхангүл
B) Жер телімі
C) Сыйлық
D) Гүл тұқымы
10.Мәтін оқиғасына қатысатын бағбандардың саны
A) 4
B) 3
C) 6
D) 2
3-Нұсқа
1. Еуропалыктар тұңғыш рет күнбағысты Американы ашқан кезде Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар күнбағысты Еуропаға бұдан төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны «күн гүлі» деп атады. Ал Ресейде күнбағыс осыдан үш жүз жыл бұрын пайда болды. Алғашында оны бақтарға сән үшін өсірген. Ол кезде күнбағыстың ұсақ себеттері – гүл шоқтары көп болған. Бірақ көп ұзамай күнбағыс ұрықтарының, яғни дәндерінің жеуге жарамды тәттілігін байқап, оны бақшаларда да өсіретін болған. 1830 жылы Воронеж губерниясының Алексеевка слабодасынан шыққан басыбайлы шаруа Бокарев күнбағыс дәнінен сығып май алуға болатынын табады. Қазір күнбағыс біздегі ең кең таралған майлы дақыл. Біздің еліміз н табады. Қазір кұнбағыс – біздегі ең кең таралған майлы дақыл. Біздің еліміз Мексикадан келген «күн гүлінің» екінші отанына айналды. selles einu i orun udbinamazan Anratira zehin erineni. Spune, on
а болатынын
2. Күнбағыс далалық қара топырақты өңірге - Молдавиядан Алтайға дейін егіледі. Әрине, ол өзінің жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда 7 мыңға тарта дән болады. Сонымен бірге, мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге дейін жетіп, оның жуандығы білектей болып өседі.
3. Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып қалып отыр. Бірақ күнбағыстың берағы 4 метрге дейін жетіп, оның жуандығы басты нәрсесі оның жақсы майы. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін, одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар жейді. Сабағын турап, булап, шошқаға береді. Себетін кептіреді де ұнтақтайды, ол да жақсы мал азығы. Күнбағыстың кейбір сорттарын сүрлем үшін егеді. Бұл жағдайда оның дәні піспей тұрып, көктей орады.
1.Мәтіннің 3-азатжолындағы күнбағысты пайдаға жарататын сала
A) Егіншілік
B) Мал шаруашылығы
C) Бау-бақша
D) Кондитерлік өнімдер
2.Күнбағыстың беретін басты өнімі
A) Шырын
B) Бал
C) Дән
D) Май
Бес жақсы
Аты айтып тұрғандай бұл бұрынғы ізгі жақсылар — би, бай, мырза, батыр, ел ағалары арасында жүретін жолы да, орны да ерекше бағалы сый, жақсы дәстүр саналған. Елдің аса құрметті, беделді адамдары арасында достық, сыйластық қарым-қатынастарда сый-сияпат немесе құдалар арасындағы қалың мал, киіт орнына да жүрген. Халық арасындағы жоғары құрмет пен марапат, сый-сияпаттың ең жоғары түрі де осы бес жақсы
Бес жақсыға қара нар, жүйрік ат, қалы кілем, алмас қылыш, бұлғын ішік жатады. Құдалар арасында мұның бірі ұзатылған қыздың сәукеле бастаған асыл тағымдарымен алмастырылады. Бұл дәстүр - елдің, ердің мырзалық, мәрттік, елдің, ердің мырзалық, мәрттік, тектілік, сыйластық қасиеттерін көрсететін әрі оның ік, тектілік, сыйластық қасиеттерін көрсететін әрі оның салтанатын, ар-абыройын арттыратын мәртебелі көрініс.
Бес жақсының бір түрінің өзі 4-5 жылқыға бағаланған. Бес жақсы түріне, дәрежесіне қарай бас жақсы, орта жақсы, аяқ жақсы боп үшке бөлінеді. Мұның бәрі бағалы кәде қатарына жатады. Кей жерлерде алты жақсы деген де бар. Бұл дәстүрде бес жақсыға тағы да бір жақсы қосылады. Мысалы, алтын, күміс жамбы, күмістеген ер-тоқым немесе кісе белбеу т.б.
3.Мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтел
A) Басы аманның түгел
B) Жаман ердің батқанын
иесі білмес,ат білер
C) Қалы кілем төрге керек,алмас қылыш ерге керек
D) Тоғыз қабат торқадан тоқтышағымның терісі
артық
4.Бес жақсының біреуінің құны
A) Күміс ер-тоқым
B) Күміс жамбы
C) Кісе белбеу
D) Төрт-бес жылқы
5.Бес жақсыға жатады
A) Алтын жамбы
B) Кісе белбеу
C) Күміс жамбы
D) Қара нар
1. «Тобығың таймасын!» деген ежелден қалған әдемі бата бар. «Бір толарсақ, бір тобық, Санда болар, жар, жар! Қырық кісінің ақылы, ханда болар, жар-жар!». Ескіден қалған бұл ән – бүгінге таңсық.
2. Жоғарыдағы іргелі ұғымдарға өзек болған қой сирағындағы кішкентай сүйекті бабам қазақ ұрпақ тәрбиесінің де ұйтқысы ете білген.
3. «Қоян тобығын жұту» ырымы ежелден бар екен. Сүйекті көбіне шолпы сыңғырына құлақ тігіп, енді жігіт бола бастаған жастар жұтатын көрінеді. «Батыр болсам жүрегімнен шық, Палуан болсам білегімнен шык, Шешен болсам тандайымнан шық, Бақытты болсам маңдайымнан шық», деп, серт байлайды екен сонда. Халық ұғымында тобық қасиетіне қарай әлгі жігіттің айтқан жерінен шығады деген түсінік болған. «Қазақ дәстүрінде қыз бен жігіттің тобық алысуы құр ғана ойын емес, мұнда екі жастың өздері ғана түсінетін бір терең сыр да бар» дейді қаламгер Ілияс Есенберлин. Әжемнің айтуынша, бұл да сертте тұруды сынайтын ойын екен. Мәселен, жігіт пен қыз тобық тығып, жеңгеннің сұрағанын беруге уағдаласады. Бір жылдан кейін бе, бес жылдан кейін бе, тобықты тығуға алған жігіттен қыз кез келген уақытта, кез келген жерде «тобығымды бер» дегенде, қолына ұстата қоюы керек. Егер жігіт тобықты тауып бере алмай қалса, ұтылғаны. Ол уәде бойынша серттескен дүниені сыйлауы қажет.
4. «Тобық тығуда» қызықты уақиғалар да кездеседі екен. Әжемнің әңгімесі ғой, сол заманда бір жігіт жүрегі қалаған аруға тобық ұсынады. Өкініштісі, ғашық жігітіміз көп ұзамай Ұлы Отан соғысына аттанып кетеді. Бірер жылдан соң ауылға «хабар-ошарсыз кетті» деген хабар тарайды. Содан, не керек, он екі жыл салып, туған топырағына оралған соң, қыздан тобығын сұрапты. Сабырлы кыз тобықты ұстата беріпті. Әжем сол екі жастың қосылғанын, тату-тәтті өмір сүріп, мұраттарына жеткенін айтқан.
5. Тағы да бір тамаша оқиға бар. Қыс мезгілі. Құрдас екі жігіт отарда жүріп, тобық тығысады. Бәс былай: кім жеңілсе, жеңгенінің сұрағанын беруі тиіс. Қыс өтіп, жұрт жайлауға көшеді. Тобық иесі құрдасының жеңіл киініп, балағын түріп, қозы тоғытып жатқан қарбаласында сертін сұрай қалады. «Мынандай абыр-сабырда қайдан таба қойсын» деп ойлаған ғой. Қызығы сол, әлгі құрдасы «мә» деп, тілінің астынан шығара салыпты. Жеңілген тобық иесі асқан ризалықпен астындағы жорғасын мінгізіп кеткен екен. Міне, дана халқымызда осындай ойынға айналған, мәні мен мағынасы зор дәстүрлер де көп болған екен.
6.Қыз бен жігіттің тобық алысуы
A) Шешендікті сынайтын ойын
B) Уағдада тұруды
сынайтын ойын
C) Күш-қайратын сынайтын ойын
D) Зеректікті сынайтын ойын
7.Тобық тығуға қатысты 1-2 әңгімелерге ортақ нұсқа
A) Тобықты алған адам сұраған кезінде тауып берген
B) Тобық жұтқан адамның
маңдайынан шыққан
C) Тобықты жасырған адам сұраған кезінде тауып бере алмаған
D) Ұзақ уақыт өткен соң,ойыншылар сертін
бұзған
8.Екі құрдас жігіттің тобық жасырған және оны қайтарған уақыттары
A) Күз-көктем
B) Қыс-жаз
C) Жаз-күз
D) Қыз-күз
9.Тобық ойынындағы басты талап
A) Тобық иесі кез келген уақытта сұрағанда тобықты қайтарып берген.
B) Тек қана қыз бен
жігіт ойнайды.
C) Міндетті түрде берілген тобықты тілдің астына сақтайды.
D) Жеңілген адам жеңгенге астындағы атын ғана
береді
10.«Тобық жұту» ырымы туралы айтылған азатжол
A) Бесінші
B) Үшінші
C) Бірінші
D) Екінші
4-нұсқа
1 мәтін
...Қайран, Тарбағатай! Сен тау болып жаралғалы, құтты қоныс қойнауың мал мен жанға талай толып, талай солды ғой. Не ықылым оқиғалар өтпеді сенің сонау адыр-қырқа, белдерІңде?! Сен екеуміз білетін сыр қанша, жыр қанша?! Қазақ даласының кара шаңырағы Қаратаудан кейін тарих көшін басынан көп асырған шежіре тау — сен-ақ шығарсың, Тарбағатай! Бір халықтың екі түрлі тағдырын кос бүйіріңе теңдеп алып, сол орныңда тапжылмай жатыр екенсің-ау, жарықтығым. Бақыт пен сордың арасын осылайша қақ бөліп, туған елдің шығыстағы бір камалындай, осы қалпында мәңгі мызғымай тұра бер, қайран алтын босағам!
1. Қандай сипаттама Қаратауға қатысты айтылған?
A. Қазақтың қара шаңырағы
B. Кұтты қоныс қойнауы
C. Туған елдің шығыстағы қамалы
D. Бір халықтың екі түрлі тағдырыбар
E. Қайран алтын босаға
2. Автор Тарбағатай тауын қалай қабылдайды?
A. Табиғаттың ерекше сыйы ретінде.
B. Жастық шағының куәсі ретінде.
C. Маңғаздықтың, асқақтықтың символы ретінде.
D. Тарихи кезеңдер куәсі ретінде.
Күн ыстық, көптен жаңбыр жаумай тұр. Орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау деген оймен, себет ала шыққанмын. Аралап келемін, ештеңе кезіге қоймады. Қалың ну арасынан бір алаңқай көрінді. Соған таяндым. Мұндай жерден ылғи да бір құбылыстар үшыратуға болады. Бүгін солардың бірінің үстінен түстім. Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр. Бұл не? Әлде жараланып, илеуге жығылған соң, құмырсқалар талап жатыр ма? Байқаймын, олай емес. Қарға біресе бір жамбасына, біресе екінші жамбасына аунап түседі де, күнге аунаған тауықтай рахаттанып сілкініпсілкініп қояды. Құмырсқа жабыла таласа да, соған шыдап баққан тәрізді. Қара қарға онымен коймай, құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып, қанатының астына тығады. Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да, бір бұтаққа барып қонды. Содан соң шаңды бұрқырата әбден сілкініп алды да, қауырсындарын тарақтап болып ұшып кетті. Қара қарға сияқты басқа кұстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін құмырсқа илеуін осылайша емхана ретінде пайдаланады. Ал құмырсқа илеуіндегі қышқыл қансорғыш насекомдарды жойып жібереді.
3. Қорытынды бөлімінің мазмұнына қатысты тақырып таңдаңыз :
A. «Қара карға»
B. «Емдеу орталығы»
C. «Қансорғыш жәндіктер»
D. «Құстар достығы»
4. Авторды таңғалдырған жағдай :
A. Қарғаның құмырсқа илеуінен ұшып кетуі
B. Саңырауқұлақтың жоқтығы
C. Қарғаның илеудІ ем ретінде пайдаланғаны
D. Құмырсқалар илеуінің көптігі
5. Мәтін стилін анықтаңыз:
A. Іс қағаздар
B. Көркем әдебиет
C. Ауызекі сөйлеу
D. Ғылыми
6. Мәтін не туралы?
A. Құмырсқалардың достығы туралы
B. Ормандағы құбылыс туралы
C. Құмырсқа илеуінің емдік қасиеті туралы
D. Ормандағы өсімдіктер туралы
2 мәтін
Баяғыда өз империясын гүлдендірген, жарқын жеңістерімен тарихта өшпес із қалдырған, өте батыр, өте ақылды және өте керемет жетілген саясаткер патша болыпты. Ол бала кезінде тым ерке болса керек. Сабақ кезіндегі еркелігімен ұстазын шаршатып жіберетін. Ұрысқан жағдайда: «Мен патшаның баласымын, маған ештеңе істей алмайсың»,- деп қорқытатын. Ұстаз патшаға шағымдану әдепсіздік болар деп бІраз уақыт сабыр сақтап жүреді. Алайда еркелігі тым шектен шыға бастағанда, амалсыз әкесінің алдына кіруді ұйғарады. Патшаға келіп жағдайды айтқанында, ол ұстаздың құлағына бұл жағдайдың шешімін сыбырлайды. Ұстаз патша сөзіне таң қалады. Мұндай әрекетке бара алмайтындығын айтса да, патша осы жоспарды орындау керектігіне сендіреді. Ертеңіне кІшкентай ханзада тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында тағы да әкесімен қорқыта бастады. Сол сәтте ішке патша кіріп келеді. Ұстаз ашуланып патшаға ұрсып береді, бұлай жайбарақат кіруге болмайтындығын, есікті қағып рұқсат сұрап кіру керектігІн айтып қуып шығады. Патша басы салбыраған күйде кешірім сұрап шығып кетеді. Бұл жағдайды бақылап отырған ханзаданың тілі тұтылып не айтарын білмей абдырап қалады. Сеніп отырған әкесі көз алдында ұрыс естіген еді. Көздері алақ-жұлақ етіп отырғанында, есік қағылып патша кешірім өтініп, рұксат сұрап ішке кіредІ. Жоспар керемет түрде жүзеге асқан еді. Осы күннен бастап ханзада еркелігін доғарып, ұстазының айтқанын екі етпейтін болыпты.
7. Ұстаз бен патшаның мақсаты не еді?
A. Ұстаздың патшаны ерекше құрмет тұтатындығын дәлелдеу
B. Балаға патшаның ұстаздан қорықпайтындығын көрсету
C. Балаға әкссін сыйлау керектігін түсіндіру
D. Балаға барлық адамдарға тәртіп бІрдей екендігін ұғындыру
8. Мәтіндегі ңегізгі ойға қай мақал сәйкес келеді?
A. Әке балаға сыншы
B. Алып – анадан
C. Білім - бұлақ,
D. Ата - баланың қорғаны
9. Мәтіннің стилі қандай?
A. Ресми іс-қағаздар стилі
B. Ауызекі сөйлеу стилі
C. Публицистикалык стиль
D. Көркем әдебиет стилі
10. Әкесінің әрекетінен бала нені түсінді?
A. Сабақты жақсы оқу керектігін
B. Ұстазының әкесінен қорқатынын
C. Ұстазды патша да сыйлайтынын
D. Әкесінің талап койғыштығын
5-Нұсқа
1 мәтін
1. Астрономияда жаңа туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық сүйікті деген малдарын Ай тұяқты тұлпарым, Ай мұйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен мадақтайды.
2. Ай мен Күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сүлу екі әйел екен. Әсіресе Ай сұлуырак болып мақтанып, Күн оны қызғаньт Айдың бетін тырнап, оған дақ түсірген. Кесірлі Ай жазасын осылай тартқан. Ай бетіндегі қарауытқан дақ содан екен» деседі. Айдың кеш туғанын немесе кемігенін ел Ай «қорғалады» дейді. Күнге жақындап барғанда Ай «қорғалап» бетін жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдейді. Ай түрінің өзгеру құбылысын жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді.
3. «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу құбылысы қазақ ортасында елеулі оқиға болып келді. Жана туған Айды көргенде шаруа адамның көңіліне әр түрлі ой келеді, шаруаға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма деген ойлар тумай қоймайды. Қазақ арасында егер Ай тігінен туса, ауа райы шаруаға жайлы, жылы болады. Ал, Ай шалқасынан жатса, ай суық, жайсыз болып өтеді. Мұны «Айдың өзіне жайлы. халыққа жайсыз болатаны» дейдІ.
4. Қазақ тұрмысында Айды қастерлеуге себеп көп болды: Ай болмаса, түн қараңғысын жамылып қасқыр да, ұры да малға шабуылды күшейтеді, шаруа жайымен ұзақ түн қату да қиын тиеді. Аталарымыздың ай қараңғыда малы түгіл, басы да зор қауіпте болғандығын еске алсақ, неліктен айды қастерлегендігін жақсы түсінеміз. «Қараңғыалғыр» деген сез тегін шықпаған. Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: - Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата қылмайтын Ай екен, депті. Жұрттың бұл сенімдерін саралай келіп, ғылыми тұрғыдан келгенде мынадай қортынды шығарамыз. Жаңа туған Айдың қалпына қарай жұрттың ауа райы өзгереді дегені бос сөз емес,
5. Анығында да, жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай «шалқасынан жатады», өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда жоғары тұрады, Ай жолы да оған жуық, сондықтан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала жарық береді де, бізге Ай шалқалап жатқан сияқты көрінеді. Сөйтіп, жаңа Ай орағының орналасу қалпы мен ауа райының арасындағы бұл кызық іліктестік Күн мен Айдың аспандағы жолдарының әр мезгілдегі өзара орналасуына байланысты.
6. Атан түйе мен шіркей қандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай да сондай. Ай бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен.
7. Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы Ай болатын-ды. Ес білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды. Малшы, керуенші, аңшы, қарақшы бәрі де Айды бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде Айға қарады. Кәне, ойланайықшы, «Мен ұрлық қылғанда ай жарық болды»; «Ай қарап тұрсың ба?» дегендей сөздер де бар емес пе? Осыдан 350 жылдай бұрын Галилей тұңғыш рет ойлап тапқан кұралымен Ай бетінен тауларды көрдім, деп жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше күшейді.
8 Өмір бақи меңіреу жатқан кең дұниенің түкпірлерін шарлауда адам перзенттерінің аяғы тұңғыш рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет болып табылмақ.
1. Ай мен Күннің келемін автор неге теңейді?
A. Терек пен талға
B. Теңіз бен бұлаққа
C. Мал мен жәндікке
D. Аң мен кұсқа
2. Ауа райы суық болғанда ай қалай орналасады?
1.Етпетінен 2.Шалқасынан 3.Тігінен
A. Екіншісі
B. Барлығы бұрыс
C. Біріншісі
D. Үшіншісі
3.Айдың түрінің өзгеруін нешеге бөлеміз?
A. Беске
B. Төртке
C. Екіге
D. Үшке
4.Неліктен айдың бетінде дақ пайда болған?
A. Қызғаншақ болғандықтан
B. Керікті болғандықтан
C. Кеш туғандықтан
D. Сарғыш болғандықтан
2 мәтін
Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрақтар айнаның жиегіне салынған әдемі өрнек сияқты. Көктегі шыжыған қызыл күн өткір алтын шұғыласын көктен жерге бүркіп тұрғандай. Айнала-төңірек, жердүние, жан-жануар, жердегі өсімдік қазір маужырап, марғау тартып тұрған тәрізді. Ойпаң - көк ала құрақты кішкене көлшүмек. Айнала төңірек ылғи белес. Күншығыс жақтан Көкшетаудың басы көрінеді. Тек күнбатыс жақтағы Көкшетау қаласына қараған жотаның оң жағы көсіліп жатқан қиырсыз дала. Белестер де, ойпаңдар да, далалар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек, жасыл жібек кілем төсегендей. Көк ала көлшүмек те жап-жасыл. Оның айнадай суында зеңгір аспанның суреті көрінеді.
5.Мәтінде ненің суреті сипатталған?
A) Құрақты көлшүмектің
B) Қиырсыз даланың
C) Көкшетау қаласының
D) Ағынды өзеннің
6.Мәтіндегі ауа райы
A) Ызғарлы күн
B) Ыстық күн
C) Салқын күн
D) Самал желді күн
3 мәтін
Күн ыстық, көптен жаңбыр жаумай тұр. Орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау деген оймен, себет ала шыққанмын. Аралап келемін, ештеңе кезіге қоймады. Қалың ну арасынан бір алаңқай көрінді. Соған таяндым. Мұндай жерден ылғи да бір құбылыстар ұшыратуға болады. Бүгін солардың бірінің үстінен түстім. Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр. Бұл не? Әлде жараланып, илеуге жығылған соң, құмырсқалар талап жатыр ма? Байқаймын, олай емес. Қарға біресе бір жамбасына, біресе екінші жамбасына аунап түседі де, күнге аунаған тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды. Құмырсқа жабыла таласа да, соған шыдап баққан тәрізді. Қара қарға онымен коймай, құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып, қанатының астына тығады. Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да, бір бұтаққа барып қонды. Содан соң шаңды бұрқырата әбден сілкініп алды да, қауырсындарын тарақтап болып ұшып кетті. Қара қарға сияқты басқа кұстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін құмырсқа илеуін осылайша емхана ретінде пайдаланады. Ал құмырсқа илеуіндегі қышқыл қансорғыш насекомдарды жойып жібереді.
7.Қорығынды бөлімінің мазмұнына қатысты тақырып таңдаңыз
A) «Емдеу орталығы»
B) «Құстар достығы»
C) «Қара қарға»
D) «Кансорғыш жәндіктер»
8.Мәтін стилін анықғаңыз
A) Ауызекі сейлеу
B) Көркем әдебиет
C) Іс қағаздар
D) Ғылыми
9.Авторды таңғалдырған жағдай
A) Қарғанъщ адамнан қорықпағандығы
B) Құмырскалар илеуінің көптігі
C) Қарғаның илеуді ем ретінде пайдаланғаны
D) Саңырауқұлақтың жоқтығы
10.Мәтін не туралы?
A) Құмырсқа илеуінің емдік қасиеті туралы
B) Ормандағы өсімдіктер туралы
C) Ормандағы қбылыс туралы
D) Құмырскалардың достығы туралы
6-нұсқа
1 мәтін
1. Амансың ба, Бауыржан!
Қазір сенің ең жұлдызды сәтің. Пән олимпиадасынан республикалық олимпиадада жеңімпаз атану екінің бірінің колынан келе бермейді. Мектеп директоры Нұрмағамбет ағайың сол хабарды ести сала, аудан орталығындағы ауруханадан сұранып шығып, жетті емес пе? Үйіне бармастан бірден мектепке соғып, жиналыс жасап сені құттықтады- «Мектебіміздің тарихында тұңғыш рет біздің оқушымыз республикалық додадан бірінші орын алын келіп отыр!» - дегенде өзіңе қадалған жүздеген көзден қысылып, төмен қарадың. Сол олимпиадада иеленген «Мақтау қағазы» мен қарақалпақтың «Қырық қыз» дастаны, директордың қолынан қайта алғанда, тіпті ауырлап кеткендей болды. Ал кеште Нұралы ағайың бастаған бір топ мұғалім үйіңе кіріп келе жатқанда кеудеңді мақтаныш биледі. Әкеңнің сәл мақтаныңқырап сөйлегенін де көрдің. Қалаға барса, сен үшін кітап сатып әкеліп жүретін Атажан көкең: «Біздің Баукең Төлеген ағасы сияқты шайыр болады...» - дегенде ұрланып өлең жазып жүргеніңді бәрі білетіндей қысылғаның не? Абырой болғанда, оныңды ешкім байқамады.
2. Енді басқа тірлікті сөз қылайық. Саған айтатын ақылым: өзімшілдік - жақсы касиет емес. Ылғи: «Менікі дұрыс!» - дей беруге болмайды. Әсіресе, футболда. Футбол - ұжымдық ойын. Төрткүл ауданында болған жарыста не істедің? Тақтақөпір ауданының құрамасымен ойнағанда алғы шептегі Жамбыл мен Түгелбайға пас бергің келмей, өзің гол салғың келді. Екі рет алаң ортасында доптан айырылып қалдың. Соның бірі гол болып кақпаларына енді. Балалар ойын соңында кінә артқанда мойындамай қойдың. Тіпті өздерін кінәлі ғып шығардың. 5 Бірақ сенікі дұрыс емес екенін ішің біледі ғой. Сол жолы ұтқандарыңда, жартылай финалға шығар едіндер. Мүмкін, әрі қарай ақтық сынға тұяқ іліктірер ме едіңдер...
3. Дегенмен сен бақыттысың, Бауыржан. Әке-шешең, бауырларың қасыңда. Ал армандарың тіпті ғажап. Кейде түнімен ұйықтамай, армандайтының бар. Сол армандарыңа жетесің түбі. Ал әзірге сабағыңды жақсы оқы
1.Екінші азатжолда автор Бауыржанның кай қасиетін сынға алады?
A) Шыдамдылығын
B) Өркөкіректігін
C) Мансапқорлығын
D) Екіжүзділігін
2.Бауыржанның құпия әуестенушілігі.
A) Өлен жазу
B) Естелік жазу
C) Поэма жазу
D) Шежіре жазу
3.Мәтінде қандай стиль түрлері кездеседі?
A) Ресми, көркем әдебиет
B) Публицистикалық, көркем әдебиет
C) Ғыными, публицистикалық
D) Көркем әдебиет, іс қағаздары
4. «Мектебіміздің тарихында тұнғыш рет біздің оқушымыз республикалық додадан бірінші орын алып келіп отыр!» - дегенде өзіңе қадалған жұздеген көзден қысылып, төмен қарадың» деген пікір Бауыржанның қай қасиетін танытады
A) Ұялшақтығын
B) Салғыртығын
C) Сенімсіздігін
D) Жасканшақтығын
2 мәтін
Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-ден астам сұнқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен шетелдерге өтіп кеткен құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр. Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы кор «Қызыл кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұнқарлардың санын қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан елдерінде жүргізген, Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде кипі, ақ киімге оранған арабтардың Алтай өңіріне келуі - күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонақтардың әрбір әрекеті мен жүрістұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды. Саятшылық пен құсбегілік қазақтың канына сіңген өнер болса да, арабтардан үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс санағандықтан, Араб Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық құратын көрінеді. Сонымен бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған кұс міндетті тұрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырған осы экологиялық бағдарлама да дәстүрдің негізінде жасалыпты. Біріккен Араб Әмірлігі табиғат ресурстарына өте бай. Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және құстың санын көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу дәстүрі бойышпа сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды броконьерлік жолмен аулап, шетелге сататындар көбейіп кетті. Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде корғау жөніндегі бағдарламаға мемлекет жан-жақты колдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди Шығыс Казақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Ақцияны ұйымдастырушылар, ең бастысы, еркіндікке жіберілген кұстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе дейді. Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өнірдің табиғаты сұңқар және ителгі сиякты құстарға өте қолайлы. Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қөрегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, кұстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, дейді экологилық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль-Баварди. Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұнқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар онын әрқайсысына құны 2 мың доллар тұратын электрондық кондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен куат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін қажет.
5. Мәтін не туралы?
A) Құстардың уақытша бостандығы
B) Аңшылық
C)Ителгілердіңөмірі
D) Құстардыкорғау
6. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.
A) Біріккен Араб Әмірлігінде табиғат ресурстары тапшы
B) Кұсбегілікпен арабтар сәндік үшін айналысты
C) Бұл жер табиғаты құс өсіруге қолайсыз
D) Құстардың арнайы емделу орталықтары бар
7. Дубайдағы экологиялық агенттік жобасының басты мақсаты
A) Қаражат табу ұшін өсіру
B) Сән-салтанат, серілікқұру
C) Сұңқартүрлерін жинау
D) Сұңқарлардың санын қалпына келтіру
3 мәтін
Жексенді сыныптастары да, мектептегі басқа оқушылар да «Тәртіпсіз Жексен» деп атайды. Шынында да солай. Сабақта тыныш отырмайды, жан- жағындағыларға үнемі кедергі жасайды. Жазады, сызады, жыртады. Әбден болмаса, қағаздан ұшақ жасап, мұғалиманың көзін ала бере, ұшырып жібереді. Сағыз да шайнайтын сол. Қасындағы Зағипаға да күн бермейді. Түртеді, мазақ етеді. Еңбек сабағы болатын. Оқушылар қағаз қиып, гүл жасауға кірісті. Тек Жексен жан-жағына жалтақтап, бостан-бос отыр. Өйткені, оның қайшысы да, желімі де жоқ... Бір кезде мұғалім қарсы алдындағы Айдарды тақтаға шақырды. Осы мезетті пайдаланып, Жексен Айдардың желімін алын, оның орындығына төгіп қойды. Жабысын қалып, күлкі болсын дегені. Жексен, кәне, жасаған гүліңді көрсетші, - деді апай осы кезде. Жасаған жоқпын, - деді бұл. Алай, оның желімі де, қайшысы да жоқ, - деді Зағипа. Айдарда бәрі бар екен. Соның орнына отырып жасай ғой, - деді апай. Ал Айдар сенің орныңда отыра тұрсын. Жексеннің жүрегі су етті, Өйтсе де амал жок, сездірмеуге тырысты, Отырды... Сабақ бітті. Окушылар у-щу болып, сыртқа шықты. Сыныпта Жексен ғана жалғыз қалды. Орнынан ептеп тұрып көріп еді, тұра алмады.
8.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.
A) Ата-анасы Жексенге неге тәртіпсізсш деп кейіді?
B) Жексен істеген ісін қалай түсіндірді?
C) Загипа Жексенге неліктен күн көрсетпейді?
D) Сыныпта жалғыз қалған оқушы кім?
9.Жексеннің әрекетіне қатысты мақалды табыңыз.
A) Тентек жұртқа теріс, өзіне дұрыс
B) Жан қиналмай, жұмыс бітпес
C) Ақылы жоктыңарманы жоқ
D) Біреуге ор қазба, өзің түсесің
10.Мәтінді жазудағы автор мақсатын көрсетіңіз.
A) Айдар мен Жексенді салыстыру-
B) Зағипаның үлгілі оқушы екенін көрсету
C) Тәрбиесізқылықтарды әшкерелеу
D) ұстаздың тәрбиесіне көңілі толмау
7-Нұсқа
1 мәтін
Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, колынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенмен де өсе келе үлкен қызының мінезі өзгере бастапты. Ол үнемі мұңайып, бақытсыз кейіпте жүретін болыпы. Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е... сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді» - дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», - дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етті. Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса, екеуі түнде жатар алдыңда жастықтарының астынан бір дәптер шығарын, бір нәрселер жазып, таңертең жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты. Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алын, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қойды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. Өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты. Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті, Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің ұлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», - деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.
1.Кіші қыз неге бақытты еді?
A) Өзінің көркіне көзі тояды
B) Ақылдылығынасенімді
C) Өзіне жасалған игі істерді ойлайды
D) Әкесі қатты еркелетеді
2.Патшаның үлкен қызының дертке шалдығуының себепшісі
A) Өзі
B) Сіңлісі
C) Сарай қызметшілері
D) Саяхатшы
3.Мәтіндегі негізгі ой кімнің сөзі арқылы беріледі?
A) кіші қыздың
B) Патшаның
C) Саяхатшының
D) Қызметкерлердің
4. Саяхатшы неліктен қыздардың күнделігін жасырын оқыды?
A) Қыздар тәрбиесімен айналысу үшін
B) Қыздардың сырын ашуүшін
C) Қыздардын ақылдылығынбілу үшін
D) Патшалықтың құпиясын ашу үшін
5. Мәтіннің стилі қандай?
A) Ауызекі сөйлеу стилі
B) Көркем әдебиет стилі
C) Ресми іс-қағаздарстилі
D) Публицистикалық стиль
2 мәтін
1. Астрономияда жаңа туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық сүйікті деген малдарын Ай тұяқты тұлпарым, Ай мұйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен мадақтайды.
2. Ай мен Күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сүлу екі әйел екен. Әсіресе Ай
сұлуырак болып мақтанып, Күн оны қызғаньт Айдың бетін тырнап, оған дақ түсірген. Кесірлі Ай жазасын осылай тартқан. Ай бетіндегі қарауытқан дақ содан екен» деседі. Айдың кеш туғанын немесе кемігенін ел Ай «қорғалады» дейді. Күнге жақындап барғанда Ай «қорғалап» бетін жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдейді. Ай түрінің өзгеру құбылысын жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді.
3. «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу құбылысы қазақ ортасында елеулі оқиға болып келді. Жана туған Айды көргенде шаруа адамның көңіліне әр түрлі ой келеді, шаруаға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма деген ойлар тумай қоймайды. Қазақ арасында егер Ай тігінен туса, ауа райы шаруаға жайлы, жылы болады. Ал, Айшалқасынан жатса, ай суық, жайсыз болып өтеді. Мұны «Айдың өзіне жайлы. халыққа жайсыз болатаны» дейдІ.
4. Қазақ тұрмысында Айды қастерлеуге себеп көп болды: Ай болмаса, түнқараңғысын жамылып қасқыр да, ұры да малға шабуылды күшейтеді, шаруа жайымен ұзақ түн қату да қиын тиеді. Аталарымыздың ай қараңғыда малы түгіл, басы да зор қауіпте болғандығын еске алсақ, неліктен айды қастерлегендігін жақсы түсінеміз. «Қараңғыалғыр» деген сез тегін шықпаған. Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: - Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата қылмайтын Ай екен, депті. Жұрттың бұл сенімдерін саралай келіп, ғылыми тұрғыдан келгенде мынадай қортынды шығарамыз. Жаңа туған Айдың қалпына қарай жұрттың ауа райы өзгереді дегені бос сөз емес,
5. Анығында да, жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларындаАй «шалқасынан жатады», өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда жоғары тұрады, Ай жолы да оған жуық, сондықтан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала жарық береді де, бізге Ай шалқалап жатқан сияқты көрінеді. Сөйтіп, жаңа Ай орағының орналасу қалпы мен ауа райының арасындағы бұл кызық іліктестік Күн мен Айдың аспандағы жолдарының әр мезгілдегі өзара орналасуына байланысты.
6. Атан түйе мен шіркей қандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай да сондай. Ай бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен.
7. Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы Ай болатын-ды. Ес білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды. Малшы, керуенші, аңшы, қарақшы бәрі де Айды бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде Айға қарады. Кәне, ойланайықшы, «Мен ұрлық қылғанда ай жарық болды»; «Ай қарап тұрсың ба?» дегендей сөздер де бар емес пе? Осыдан 350 жылдай бұрын Галилей тұңғыш рет ойлап тапқан кұралымен Ай бетінен тауларды көрдім, деп жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше күшейді.
8 Өмір бақи меңіреу жатқан кең дұниенің түкпірлерін шарлауда адам перзенттерінің аяғы тұңғыш рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет болып табылмақ.
6. Ай мен Күннің көлемін автор неге теңейді?
A) Теңіз бен бұлаққа
B) Жұлдызбен сатурнға
C) Терек пенталға
D) Аң мен құсқа
7. Ай шалқасынан жатқанда ауа райында қандай өзгеріс болады?
A) Көктем туады
B) Түн қысқарады
C) Қатты ыстықболады
D) Күнсуытады
8. Ай қашан толады?
A) Күннен алыстағанда
B) Таң атқанда
C) Айқорғалағанда
D) Күншыққанда
9. Неліктен айдың бетінде дақ пайда болған?
A) Көрікті болғандықтан
B) Қызғаншақболғандықтан
C) Кеш туғандықтан
D) Ерке болғандықтан
10. Ай мен күннің көлемі сөз болатын азатжол
A) Жетінші
B) Бесінші
C) Бірінші
D) Үшініші
8–нұсқа
1-мәтін
Табиғатқа зер салсақ, одан ауа райын болжағыш «синоптик» өсімдіктерді кездестіруге болады. Мысалы, гүл кауашақтары біркелкі ашылса, ауа райы ашық болады. Керісінше, гүлдері төмен қарап, жабылып тұрса, ауа райы жауын-шашынды болып келеді. Өсімдіктің сабағы төмен қарап иіліп тұрса да, жауын-шашын болады. Ал егер тік болса, ауа райы жақсы болады деп алдын ала пікір айтуға мүмкіндік бар. Мұны қымыздық, бақбақ, егінжай шырмауығы сияқты есімдіктерден байқай аламыз. Егер қайың қандыағаштан гөрі ерте жапырақ жайса, жаз құрғақ, жылы болады. Егер кандыағаш ерте бүршік атса, жаз ылғалды, салқын болады деп есептеледі.
1. Жаздың салқын болатындығынқай өсімдік арқылы болжауға болады?
A) Қандыағаш бүршіктері
B) Гүл сабақтары
C) Сарғалдақ бүршікгері
D) Өсімдік түптері
2. Ауа райы ашық болатындығын қалай білуге болады?
A) Өсімдік гүлдері ашылып тұрады
B) Гүлдін сабағы иіліп тұрады
C) Ағаш бүршіктері салбырап тұрады
D) Қызғалдақ гүлдері жабылып тұрады
2 мәтін
Жексенді сыныптастары да, мектептегі басқа оқушылар да «Тәртіпсіз Жексен» деп атайды. Шынында да солай. Сабақта тыныш отырмайды, жан- жағындағыларға үнемі кедергі жасайды. Жазады, сызады, жыртады. Әбден болмаса, қағаздан ұшақ жасап, мұғалиманың көзін ала бере, ұшырып жібереді. Сағыз да шайнайтын сол. Қасындағы Зағипаға да күн бермейді. Түртеді, мазақ етеді. Еңбек сабағы болатын. Оқушылар қағаз қиып, гүл жасауға кірісті. Тек Жексен жан-жағына жалтақтап, бостан-бос отыр. Өйткені, оның қайшысы да, желімі де жоқ... Бір кезде мұғалім қарсы алдындағы Айдарды тақтаға шақырды. Осы мезетті пайдаланып, Жексен Айдардың желімін алын, оның орындығына төгіп қойды. Жабысын қалып, күлкі болсын дегені. Жексен, кәне, жасаған гүліңді көрсетші, - деді апай осы кезде. Жасаған жоқпын, - деді бұл. Алай, оның желімі де, қайшысы да жоқ, - деді Зағипа. Айдарда бәрі бар екен. Соның орнына отырып жасай ғой, - деді апай. Ал Айдар сенің орныңда отыра тұрсын. Жексеннің жүрегі су етті, Өйтсе де амал жок, сездірмеуге тырысты, Отырды... Сабақ бітті. Окушылар у-щу болып, сыртқа шықты. Сыныпта Жексен ғана жалғыз қалды. Орнынан ептеп тұрып көріп еді, тұра алмады.
3. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.
A) Ата-анасы Жексенге неге тәртіпсіз деп кейіді?
B) Неліктенмұғалім Жексенге ренжіді?
C) Сыныпта жалғыз қалған окушыкім?
D) Жексен істеген ісін калай түсіндірді?
4. Айдар еңбек сабағына түгел әкелген заттар.
A) Желім, қайшы, қағаз.
B) Гүл, ұшақ, кағаз.
C) Қалам, қайшы,гүл.
D) Сағыз, гүл, желім.
5. Жексеннің әрекетіне қатысты мақалды табыңыз.
A) Біреуге ор қазба, өзін түсесің
B) Ақылы жоқтың арманы жоқ
C) Тентек жұртқа теріс, өзіне дұрыс
D) Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді.
6. Мәтінді жазудағы автор мақсатын көрсетіңіз.
A) Жексеннің тәртіпсіздігін мақтан ету
B) Тәрбиесіз қылықтарды әшкерелеу
C) Ұстаздың тәрбиесіне көңілі толмау
D) Зағипаның үлгілі оқушы екенін көрсету
3 мәтін
Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алын, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне құйылған суды қожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып құйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді. Бұл жағдай дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы жалғасыпты. Су тасушы күн сайын қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарты шелек қана су жеткізіп жүріпті. Сау шелек өзінің калтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын, тесік шелек байғұстың іштей мұңайғаны сонша - жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен. Екі жыл егіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын», - депті, назарын төмен салған күйі. Таңғалған су тасушы: «Неге?» деп сұрапты. Шелек: «Өйткені менің бір бүйірім тесік болғандықтан ылғи да сіз толтырып құйған судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей катты қысылам. Менің кесірімнен сіз де өзіңізге тиесілі төлемақыңызды толықтай ала алмай келесіз», - дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те жоқ. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқашы», - депті жай ғана. Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен, Тіпті әлгі гүлдерге қызуы жақсы түсіп тұрған күнді де байқатты. Сонда су тасушы: «Көрдің бе? - деп сұрапты, - бұл сендегі кеңшілікті менің 13 байқағандығым әрі оның өз жөнін тауып, орайластыруымның жемісі, - деп сөзін 14 жалғастырыпты. Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім,. ал сен болсаң, күн сайын біз өзеннен су алып қайтқанда оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері осы әдемі гүлдермен қожайынды таңқалдыра, өтер жолды жайнатып келдім. Егер сен тесік болмағанында қожайынымыздың үйінде мұндай әдемілік болмас еді», - деп түсіндірген екен.
7. Су тасушының ерекше қасиетін керсетіңіз.
A) Әңгімешілдігі
B) Дарындылығы
C) Сенімсіздігі
D) Тапқырлығы
8. Тесік шелекке тән қасиет
A) Батылдық
B) Менмендік
C) Өшпенділік
D) Ізеттілік
9.Мәтінде бүтін шелектің кай қасиеті көрінеді?
A) Намысқойлығы
B) Мақтаншақтығы
C) Озбырлығы
D) Жалқаулығы
10. Мәтін стилі
A) Публицистикалық
B) Іс қағаздар
C) Көркем әдебиет
D) Ауызекі сөйлеу
9-Нұсқа
1 мәтін
Атадан балаға мирас болып келе жаткан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ер балаға айдар шаш және кекіл қою. Қазақ халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта «Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдарлы бала жеті жасқа немесе он үш жасқа келгенше тіл-көздін сұғынан сақтайды деп алғызбаған. Халық дәстүрінде балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наұрызбай батырдың айдары болған, Қазақта Айдар деген адам есіміде бар. Казақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардың наным-сенімдері бойынша аурушаң балаға айдар койса, ол тез сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен.
1. Айдарға байланысты казақтың нанын-сен імін көрсетіңіз
A) Бала болашақта ғалым болады
B) Тіл мен көзденсақтайды
C) Бала дәулетті, байадам болады
D) Бала аурудан тез сауығып кетеді
2. Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыныз
1. Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да кояды.
2. Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған.
3. Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар.
A) Тек екіншісі
B) Тек біріншісі
C) Тек үшіншісі
D) Біріншісі мен екіншісі
3. Мәтін бойынша баланың айдарын кай кезде алады?
A) Қырқынан шығарған кезде
B) Он жасқа толғанкезде
C) Тілішыққан кезде
D) Сүндетке отырғызған кезде
4. Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарғанбелгісі
A) Шашына үкі таққан қыздар жиі кездеседі
B) Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі
C) Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиікездеседі
D) Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі
5. Мәтін стилін анықтаңыз
A) Іс қағаздар
B) Ресми
C) Ауызекі сөйлеу
D) Көркем әдебиет
2 мәтін
Нан тарихының тамыры ежелгі заманға кетіп жатыр. Ғалымдардың пікіріне қарағанда, ол он бес мың жылды құрайды екен. Алғашқы нанның өсімдігі бидай да, сұлы да, арпа да емес, кәдімгі емен екен. Ежелгі адамдар емен жаңғағын үгіп, одан ұн жасаған. Бұған археологтардың қазба жұмыстары дәлел, Дәнді-дақылдарды қолдан егуді, оның дәнінен ұн жасауды адамдар бірте-бірте меңгерген. Сұйық ботқа — казіргі нанның бастапқы түрі болған. Ал Африка мен Азияның бірқатар елдерінде осындай быламықтарды нан ретінде әлі де қолданады.
6.Алғашқы нан неден жасалған?
A) Арпа-бидайдан
B) Емен жаңғағынан
C) Шырша жаңғағынан
D) Ұннан
7.Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?
A) Ac - елдің құты
B) Ac иесімен тәтті
C) Жаман ауруға-жақсы ас
D) Ас атасы-нан
3 мәтін
Әбунасыр ылғи да қолынан тастамай Аристотельдің «Физика» кІтабын оқып жүреді екен. Содан бір жолдасы: Сен мына кітапқа неге сонша қадалып қалдың? - деп сұрайды. Сонда Әбунасыр: Бұл кітапты қырық мәрте оқып шықтым. Тағы да оқуым керек. Өйткені, әлі толық ұғынып болған жоқпын, - деп түсіндіре жауап береді. Әбунасыр ешқашан қолына алған кітапты бір не екі мәрте оқып шығып қоя салмаған. Қайта оның мағынасына толық түсінгенше ерінбей-жалықпай оқи берген. Сөйтіп, кітапта баяндалған жайлардың мән-мағынасына ой жіберіп, жаңа ұғымдардың есігін ашып отырған. Сол есік арқылы өзі қалың ойдың ішіне кіріп, ғылым әлемінің таңғажайып сырларына қанған, гүлзарларын шарлаған. Әл-Фараби - көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атауына ие болды. Әл- Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор. Оның 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаты бар. Айналысқан ғылыми салалары: философия мен логика, саясат пен этика, музықа мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» деп аталады. Оның атақты «Музыка туралы үлкен трактат» деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
8.Әл Фарабидің «Бұл кітапты қырық мәрте оқып шықтым. Тағы да оқуым керек» деген жауабы арқылы кейіпкердің қандай қасиетін көруге болады?
A) Алғырлық
B) Енжарлық
C) Талғампаздық
D) Табандылық
9.Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы.
A) 150-ге тарта музыка туралытрактаттар
B) 150-ге тарта философия және логика туралы трақтаттар
C) 150-ден астам логика туралы зерттеулер
D) 150-ге тарта философиялық және ғылыми трақтаттар
10.Мәтінге лайық тақырып
A) Кітап әлемі
B) Таңғажайып әлем
C) Ғылымғақұштарлық
D) Әлем сырлары
10-Нұсқа
1 мәтін
Тау етегі. Жалпақ аңғардың теріскей беті сірескен қалың қарағай. Күнгей беті тақырлау. Өрге тырмысып, жотаның төбесіне қарай өрмелеген, таспадай тартылған жалғыз аяқ жолдың жағасында бармақтай-бармақтай шілтиген кішкене көкшіл гүлдер өсіп тұр. Әлденедей үмітпен алысқа, көкпенбек аспанға телміреді. Сонша қадалып, қайда қарап тұрсындар? - деп сұрады гулдерінің желкесіне өрмелеп шығып алған қызғылт түсті, белі қылдырықтай, буындары бунақ-бунақ құмырсқа. Бір қиырға созылып, бел-белестерден асып кетіп жатқан жалғыз аяқ соқпақтын қайда барып тұйықталатынын білу үшін соның түкпіріне көз жіберіп тұрмыз. Оның сендерге не қажеті бар? Мына есіп тұрған жерлеріңнің өзі қандай әсем, жаннат секілді. Шөбі де қою, қүйқадай ұйысқан. Жаңа ғана алақандай қызыл қанат көбелек төбемізден елпелектей ұшып өтті. Соның басқан жолының түбін бағдарлап тұрмыз. Күндердің күнінде ұша қалсақ, адаспаспыз. Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойыңдар. Е, неге, біз де жол тауып алайық та. Гүлдер ұшпайды, орнында тұрып тұқым себеді. Сол тұқымы келесі жылда көктеп, ұрпағы тарайды. Ал гүлдің ұшқаны өлгені. Шаңға көміліп, жүргіншілер табанының астында жаншылып жатады. Құмырсқаның сөзінен шошыды ма, әлде иланды ма, бармақтай гүлдер таласып дау айтпастан бүрісе состиып қалысты. Жел есті. Қарағайлар уілдей теңселеді. Жұлдыздар төніп, Қадала жерге қарайды. Жарығын төгіп, Бақытқа соны балаңды. Үмітке теліп, Телміртіп тұрды талайды. Алайда гулдер қызыл қанат көбелек ұшым кеткен кеңістіктен көз алмайды. Әлдеқандай бір жарқын жол іздеген отты үміттерінен арыла алар емес.
1.Мәтіннің стилі
A) Көркем әдебиет
B) Ауызекі сөйлеу
C) Публицистикалық
D) Ресми іс қағаздар
2.Мәтіннің тақырыбына лайық атау
A) Арманшыл гүлдер
B) Орындалғап арман
C) Қызғаншақ құмырсқа
D) Қызыл қабат кабелек
3.Құмырсқаның: «Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей- ақ қойыңдар» деген сөздері кандай мақсатпен айтылған?
A) Босқа үміттендірмеу үшін
B) Қол ұшын беру үшін
C) Жігерлендіру үшін
D) Қанаттандыру үшін
4. Мәтін тақырыбына сәйкес мақал-мәтел
A) Жақсы сөз - жарым ырыс
B) Жол мұраты -жету
C) Арманның үлкен,кішісі болмайды
D) Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді
5. Гүлдердің армандауына себеп болған не?
A) Көбелек
B) Қарағай
C) Жел
D) Құмырсқа
6. Құмырсқа мен гүлдердің диалогынан гүлдердің қандай қасиеті көрінеді?
A) Талапшылдығы
B) Қайрат-жігері
C) Даукестігі
D) Арманшылдығы
2 мәтін
1. Төрт түлік малды тіршілік-тынысына тірек еткен көшпелілер кәдімгі сүттен небір тамаша тағамның түрін жасай білген. Солардың бірқатарын атап өтуге болады: қымыз, шубат, айран, қатық, қаймақ, балқаймақ, кілегей, ақ қаймақ, ақ ірімшік, қызыл ірімшік, сусыз сүт, сыпырма сүт, кұрғақ сүт, койыртпақ, іркіт, сарысу, тасқорық, шалап, сүт кеспе, сүт салма, уыз, сірне, құрт, торақ құрт, сықпа, сузбе т.б. Міне, бұлар жылқы мен түйенің, қой мен ешкінің, сиырдың сүтінен жасалған тағамдар. Осылардың ішінде таза көшпелі өмір салтының сұранымы дүниеге әкелген тағамнын бірі - құрғақ сүт.... От қуалаған малдың тісіне ерген елдің көші-қон кезінде төрт түліктің аяғын көштен бұрын қимылдататын әдеті. Ақар-шақар елдің «әуп» деп тұрып кете коюы оңай емес, артынын-тартынын жүріп сауын малынан екі-үш күн кейіндеп калатын жайы жиі болады. Өмірдің осы бір сұраным-мұқтажы құрғақ сүт дайындауды дүниеге келтірген сияқты.
2. Сәрсенбінің сәтіне көшеміз деген хабар тиісімен-ақ, әр шаңырақтың ас- суына ие отанасы қолы епсекті біреудің тілін таба жүріп, жаңадан сойылған қойдың терісін түгінен арылттырып алады. Теріні түгінен айырудың мұндайда екі тәсілі қолданылады. Бірі - и салу тәсілі. Тек иі өтіп кетпейтіндей, идің быршығн дәмі мен өткір иісі теріге сіңбейтіндей болуы керек. Екіншісі - теріні жібітіп отырып, өткір ұстарамен түгін қырып тастайды. Сонан соң түксіз теріні суға салып, шуашы мен шайырынан айырғанша әбден сапсын жуады. Ақжемделіп май-сөлінен арылған тері шүберектей болып тазарған кезде, керегеге жая салады.
3. Келесі күні қой-ешкіні қосақтап жібереді де, мол етіп сүт сауады. Ол сүтті мүмкіндігінше үлкен қазанға толтыра құйып, әлгі теріні соған салада да, астына маздатып от жағады. Біраздан соң тері салған сүт шымырлал қайнай бастайды. Қайнаған сайын қойыла бастайды, Қайнаған сайын суттің бар маңызын тақыр тері бойына сіңіре береді. Бір мезгілдер болғанда, сүт қойыртпақтанады. Тері болса ағара бөртіп, әбден ісінеді. Содан қоюланған сүт сарқыла таусылып, енді сарғайып күйеді-ау дегенде от үзіледі де, тері қазаннан алынады. Тері түнімен жел қағып тобарсып, ертеңіне күнімен тұрса кеуіп-ақ қалады. Келесі күні тағы да қой-ешкі қосақталып, дәу қара қазан сүтке толады. Тағы да астына жайнатып от жағып, әлгі сүт сінді теріні тағы да салады. Осы жағдай үшінші рет қайталанады. Сол кезде сүт сіңген терінің қалыңдығы бармақ елі болып, өн-бойына уыз сүттің маңызы тұтылады. Үшішпі peт жайылған тері тобарсын кебе бастаған кезде қойыршықтап орайды да, маңызы үшып кетпес үшін қарынға немесе бүйенге сала салады.
4. Келесі күндері тең буылып, үй жығылып, таң құланиектенгенде моншақтай тізілген көш те қозғалады. Бие сауым өтеді.,. Ет асым өтеді... Күн иыққа көтерілген кезде түйе қомында тербеліп келе жатқан балалардың мандайын күн шалып, таңдайы кеберсіп, қыңқылдай бастайды. Мұндайда езуінен мәйегі кетпеген ерке балаға қымыз береді, ішпейді... Айран береді, ішпейді... Қойыртпақ береді, іпшейді... Су береді, ішпейді. Оған керегі - тіл үйірген уыз сүт. Сонда балажан ана қарынның ауызын шешіп, сүт сіңген теріден алақандай ғана кеспі алады да, тостағанға құйған суға тастап жібереді. Сол-ақ екен уыз иісі бұрқ етіп тәбет шақырып, тостағандағы су жаңа сауған сүттей болып шыға келеді. Тек қана сүт ішіп үйренген ұл дем аямастан тостағанды басына бір-ақ көтереді. Сол кезде тостағанның түбінен бір жапырақ «бірдеңені» көреді де «бұл не?» дегендей анасына қарайды. Анасы болса, «жей ғой, боташым!» дейді. Сары атанды бесік еткен ерке ұл бал татыған уыз құйқаны жайлауға жеткенше ермек етеді.
7. Мәтіннің нешінші азатжолында толық дайындалған құрғақ сүт туралыайтылады?
A) Үшінші
B) Бесінші
C) Бірінші
D) Екінші
8. Құрғақ сүт жасауға қай түліктің сүтіпайдаланылады?
A) Қой мен ешкі
B) Сиыр
C) Бие
D) Сиыр мен қой
9. Түйе қомында келе жатқан балалардың сұрап ішерсусыны
A) Қойыртпақ
B) Айран
C) Шалап
D) Уыз сүт
10. Мәтін қандай стильде жазылған?
A) Ғылыми стиль
B) Ауызекі сөйлеу стилі
C) Көркем әдебиет стилі
D) Публицистикалық стиль
11-нұсқа
1 мәтін
Адамдар қандай болмасын әр түрлі істің айқындығын, дәлдігін, нақтылығын қалайды ғой. Ондай әрекеттерінде ешкімге зиянын тигізбейтін, барша жұртқа түсінікті ұғым болуға тиіс. «Осы ойдың мәнісі не?» деген мәселе төңірегінде бір топ шәкірт өзара пікірлері тоғыспай, ұзақ таласады. Бірақ қанша айтысса да, тиянақты бір түйінге тоқтала алмайды. Ақырында ғұлама ұстаздарына барып, пікірталастарының түйінін шешіп беруі үшін өтініштерін айтады; О, құрметті ұстаз, біз ақиқаттың не екені, оның өмірге қалай келіп, әрекетсе қалай ықпал ететіні, атқаратын қызметінің мәртебесі жайында пікір таластырып, бір түйінге тоқтала алмай дал болдық. Осы жайды түсіндіріп, түйінін тауып беруіңізді өтінеміз!... Әбунасыр біраз ойланып отырды да, әлден уақытта басын жоғары көтеріп алып, шәкірттеріне былай деді: Әрбір адамның көкейінде өзі иланыммен сеніп ұстанған пікірі мен нанымы болады. Сол пікір мен наным сенімді іске, ойға жетелейді. Сол жекелік пікір мен сенім басқа бір адамның пікірі мен сеніміне сәйкес келсе, сонда пікірлер тоғысады да, ақиқат туады. Пікір мен сенімнің бір арнаға түспеуі дау- жанжалды қоздырады. Ал ақиқат адамға айқындықты үйретеді. Онсыз дәлдік жоқ. Әбунасыр қорытқан ой шәкірттердің санасыңдағы ақиқаттың әлі бұлыңғыр жолын нұрландырып жіберді, айқындықтың негізін анық танытты.
1.Шәкірттердің ортақ пікірге келе алмау себебі
A) Мақтанқұмарлықтары
B) Атаққұмарлықтары
C) Өздеріне тымсенімді болуы
D) Ақиқат пен пікірдің айырмашылығын білмеуі
2.Ойшылдың ақиқаттың тууы туралы пікірі қандай?
A) Әр адамның қарама-қайшы пікірінен туады
B) Көзқарастардың әртүрлілігінен туады
C) Адамның сенімінен туады
D) Көзқарастардың бір жерден шығуынан туады
2 мәтін
Израильде әрбір бала дарындылық бойынша тест тапсыру мүмкіндігіне ие көрінеді. Әрине, оның бәрі ата-анасының қалауы бойынша жүзеге асырылатыны анық. Жалпы, дамыған елдердің бірқатарында тек қана ақылдыларды ғана емес, сонымен қатар, керісінше, ақыл- ойы артта қалған балаларды да анықтаумен айналысатын арнайы бағдарлама бойынша тест өткізу баяғыдан дәстүрге енгенін айта кетелік. Израиль мемлекетінде бүгінде он бес мыңдай вундеркинд баланың жабық мектепте арнайы бағдарлама бойынша оқытылып жатуы мемлекеттің өз азаматтарының интеллектісін пайдаланудағы керемет жетістігі демеске болмайды. Мемлекеттік құпияға жататындықтан, ондағы білім беру бағдарламасы туралы ешқандай мағлұмат алу мүмкін емес. Жапоныңда да, ағылшынында да бұл жағынан арнайы жүйе қалыптасқан. «Алтын басты балалардың» мемлекеттің дамуына зор үлес қосатынын жақсы 23 білетін бұл елдер вундеркинд балаларға орасан қаражат бөліп отырады.
3. Мәтін мазмұны бойынша Израиль мемлекетінде вундеркинд балаларға деген көзқарас дәлелі
A) Жалпы білім беретін мектептерде арнайы бағдарламаменоқытады
B) Арнайы мектептерде көпшілікке арналған бағдарламаменоқытады
C) Арнайы қаражат тек ата-ана тарапынан бөлінеді
D) Жабық мектептерде арнайы бағдарламамен оқытады
4. Төменгі пікірлердің дұрысын таңдаңыз.
A) Вундеркиндтер әзірше ел үмітін ақтай алмай отыр.
B) тест тапсырарда бала ата-анасының қалауына сүйенбейді
C) Арнайы жобаны іске асыру - Жапон елінің өркендеуіне ықпал етті.
D) Дарынды балалармен жұмыс жасау көп қаражатты керек етпейді.
5. Мәтін мазмұны бойынша «Алтын басты балалар» дегендер кімдер?
A) Ақыл-ойы баяу дамитын балалар
B) Қарапайымбалалар
C) Ерекшедарынды балалар
D) Үлгерімі төмен оқушылар
6. Тұжырымдардың дұрысы:
1.Израиль мемлекетінде жабық мектептер жоқ-
2.Израильде 15000-дай бала арнайы бағдарламамен оқиды.
3.Жапондықтар мен ағылшындар «Алтын басты» балалар мемлекетке тек шығын әкеледі деп есептейді.
A) Тек үшіншісі
B) Тек екіншісі
C) Бірінші менекіншісі
D) Тек біріншісі
3 мәтін
Менің әкем алғанына емес, біреуге бергеніне қуанатын адам еді. Күзгі жеміс жинау кезеңі - әкемнің өміріндегі ең бақытты күндері болатын. Мәуе төккен күзгі ағаштар түбіндс асығысүсігіс жеміс жинап жатқан балаларға мейірлене ұзақ қарап, іштей елжіреп, нұрланып, рухтанып, тіпті көрер көзге кәдімгідей жасарып кететін еді, Маған әкем өзінің өмірін, күш- қуатын, қабілетін осы минуттар үшін, яғни адамдардын өзіне риза болған қуанышты жүздерін көру үшін жұмсап жүргендей боп көрінетін. Соғыстан кейінгі жылдары ауылда ер адамдар саусақпен санарлықтай ғана еді. Мүмкін, содан шығар, әйтеуір ауылда біреудің пеші яки таңдыры бұзылып қалса да, есік-терезесі қирап немесе құдығынан су шықпай жатса да әкемді шақырып әкететін. Өз үйіміздегі қыруар шаруалар басымыздан асып жатса да әкем көмек сұрап келгендерге «жоқ» демейтін. Түн ортасы болса да орнынан тұратын да әлгі жәрдсм сұрап келген адамға ілесіп, үн-түнсіз үйден шығып кете беретін. Мұндайда әкемнің қабақ шытқанын көрген емеспін. Ең бастысы - әкем өз еңбегі үшін әлгі адамдардан көк тиын да алмайтын. «Еңбегіңіз ғой, алыңыз» деп коймайтын кісілерге қатты ренжіп, кейде кейіп тастайтын. Әкемнің осы мінезін жақсы білетін ауылдастары мұндайда: «Бізден қайтпаса, құдайдан қайтсын» дегеннен басқа сөз айтпайтын. Әкем осы бір ауыз сөздің өзіне қатты риза болып қалатын. Бір жолы әкем үйге ете кеш келді. Күйеуі соғыстан қайтпай, жесір қалған бір көп балалы әйел бар еді. Сол үйдің шатырын жөндепті. Дәл сол күні көрші ауылда тұратын ағам мен жеңгем қонаққа келген еді. Ағам сол жолы әкемізге зіл тастап сөйледі: Өз шатырымыздан су сорғалап тұрғанда, өзгенің шатырын жамап- жасқап жүргеніңіз калай? - деді. Әкем оған ренжіген жоқ. Қайта қарқылдап күліп алды да, ағамның әлгі сұрағына сұрақпен жауап берді: Әрқайсымыз тек өзіміз үшін ғана тырбанып бақсақ, онда анау өзі үшін жайылып жүрген малдан қандай айырмамыз болмақ? Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол керек» дегендей маған күлімсірей қарады. Қазір ойлап қарасам, әкем өз отбасын ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп аталатын пәннен мықтап дәріс беріп кеткен екен. Бүгінгі қиын-қыстау кезеңнің өзінде ауылдастарым бір-біріне қарасып, жең ұшынан жалғасып келеді. Қартайып қалғап көршісінің тозығы жеткен шатырын жөндеп, сынған терезесін салып беретін қайырымды жігіттер ауылда әлі де бар екен.
7. Мәтіннің негізгі ойы қандай?
A) Әке мен бала арасындағы қарым-катықасты орнату
B) Әке еңбегінің өтеусіз қалғаны туралы
C) Әкенің ауылдастарына деген шексіз қамқорлығын паш ету
D) Әкесіне деген екпесін жеткізу
8. Мәтінде суреттелетін кезең
A) Соғысқа дейінгі жылдар
B) Жеңіс қарсаңындағы жағдай
C) Соғыстың алғашқы жылдары
D) Соғыстан кейінгі жылдар
9. Жеңгесінің әрекетіненоның қандай ойын аңғарамыз
A) Жағдайды түсінбегендігін
B) Інісінің сөзін қолдамайтынын
C) Күйеуінің сөзімен келісетіндігін
D) Күйеуінің сөзін қолдамайтынын
10. Ағасының зілді сөзіне қайтарған жауабы кейіпкер әкесінің қандай қасиетін көрсетеді?
A) Сабырсыздығын
B) Өзімшілдігін
C) Кеңпейілдігін
D) Бірсөзділігін
12-Нұсқа
1 мәтін
Баяғы заманнан қазақтың қонысы болған құтты мекеннің айшықты орындарының бірі - Жасыбай көлі. Көлге кеудеңе дейінгі тереңдікке түсіп төменге қарасаң, мөлдір судың түбіндегі тастар айқын көрініп жатады. Жалпы, географ мамандардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, судың беткі аумағы 3,7 шаршы шақырымды құрайды екен. Ал ең терең жері — он төрт метр. Әрине, географиялық сипаттамасы өз алдына жеке әңгіме. Жасыбай көлінің тарихи тарту болар тамашалары да баршылық. Егер аңыз-әңгімелерге сенсек, бұл көлдің бұрынғы атауы Шойынкөл екен. Бірақ кейін келе Жасыбай атанған. Негізінен, Ер Жасыбай - қан жұтқан калмақтармен қиян-кескі соғыста ерлігімен көзге түсіп, елдің мақтанышына айналғанқаһарман батыр.Ал оның есімі қалайша көлге берілгені туралы тарихи аңыз бар. Егер де тарихи деректерге сүйенсек, 1752 жылы жоңғар әскері Ертіс жағынан Баянауыл жерін басып алуды көздеп, шабуыл жасаған. Сол кезде қазақтың ханы Абылай Сабындыкөлдің шығыс жағынан жауға тойтарыс беру үшін жедел түрде Олжабай Толыбайұлын басшы етіп әскер үйымдастырған екен. Сол әскер жасақтарының бірін көзсіз батыр Жасыбай басқарып, шабуылдаушылармен соғыста алдыңғы шепте болған. Мүның өзінде де үлкен мән жатыр. Егер де әскердің алдыңғы шебі мықты болса, онда жауды жеңу оңайырақ болады. Яғни тиген жерінен ұрандатқан жауды тесіп өтер өткір де қайсар қаһарманның керегі анық. Міне, осындай жауапты тапсырманы Жасыбайға жүктеген. Шойынкөлдің оңтүстік-батыс бөлігінде Жасыбай баспи-ан жасақ жоңғарларға қарсы тұрып, жеңістің жалауын желбіреткен. Табанды ер бастаған ұлдардың тоқпағына төзе алмаған калмақтар жеңіліс тауып, қазақтың қылышынан аман қалғандары тентіреп, тым-тырақай қашқан. Жауды аттан түсірген жасақбасы Жасыбай Сабындыкөлдің ортасында жолдастарымен демалып жатқанда, қалмақтың аман қалған қаскүнемдерінің бірі садақпен оқ атып, батырды жаралап өлтірген. Бұл әрине, сол уақытта қазақ әскері үшін орны толмас қаза еді. Қайғылы хабарды естіген Олжабай батыр ашуға мініп, өз әскерін қайта көтеріп, қырғыннан аман қалған қалмақтардың соңына түсіп, қуғынға алған. Баянауылдың таулы аймақтарының шығыс жағына қарай тоқсан бес шақырым жерде Олжабай батыр ата жауын қоршауға алып, бірін аман қалдырмай қырып тастаған керінеді. Және сол жер бүгінгі күнге дейін «Қалмаққырылған» деп аталады. Жалпы мұндай шабуыл екі ғасырға созылған қазақ-қалмақ соғысында күшті тойтарыстардың бірі болды. Ал жергілікті халық болса, Шойынкөлді батырдың атымен атап кеткен. Яғни бүгінгі күнге дейін көл мен сол аймақ Жасыбай деп аталады.
1. Баянауылдағы «Қалмаққырылған» жерінің атауы қай батырға байланысты
A) Жасыбай
B) Абылай
C) Бәсентиін
D)Олжабай
2. Мәтін қандай стильде жазылған?
A) Іс қағаздар стилі
B) Ресми стиль
C) Ауызекі сөйлеу стилі
D) Публицистикалық стиль
3. Екінші азатжол қандай үлгіде жазылған?
A) Тарихи аныз.
B) Аңыз әңгіме.
C) Ой толғау.
D) Шыншыл ертегі.
4. Алғашқы азатжолда ой қалай берілген?
A) Салыстыру арқылы
B) Суреттеу арқылы
C) Пайымдау арқылы
D) Дәлелдеу арқылы
Бір ормаңда екі адам ағаш шабады екен. Бірінші адам таңертең ерте ұйқысынан оянып, бір ағаш шапса, дереу екіншісіне өтіп тыным тапайды. Таңнан қара кешке дейін дәл осылай еңбектеніп, тынығу дегенді білмейді. Тіпті түскі тамақты да ұмытып кететін болыпты. Кешкісін әлгі досынан бірнеше сағат кейін үйіне қайтады екен. Екінші адам болса, ағаш шауып түсірген сайын біраз отырып тынығып, қас қарая бастағанда үйіне қайтып кететін болыпты. Апта бойы осылай еңбектенгеннен кейін, бір апталық ағаштарын санайық депті. Нәтижесінде, екінші адамның шапқан ағаштары көбірек екендігі мәлім болыпты, Бірінші адам ызаға булығып, қасындағы адамнан мұның сырын сұрайды. Екінші адам азғана езу тартып былай деп жауап қатады: Мұның айтарлықтай сыры жоқ. Сен тынбай еңбектенесің. Ал мен кей- кейде тынығып отырып, балтамды қайрап алам. Өткір балтамен жұмыс істеу жұмысты жеңілдетеді әрі шарашамайсың.
5.Әңгіменің түйініне сәйкес келетін мақал.
A) Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.
B) Ер дәулеті - еңбек.
C)Келген дәулет,Кеткенбейнет.
D) Еңбек түбі - береке,Көптің түбі -мереке.
6.Бірінші адамды ренжіткен жағдай.
A) Уақыттың тығыздығы
B) Екінші адамныңжауабы
C) Қасындағыадамның еріншектігі
D) Көп күш жұмсап, төмен нәтижеге жетуі
Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өнірі - Бурабай. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл - теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км. Едәуір терең: орташа алғанда 4,5 метрден, ең тереңі 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұшы, жұмсақ, тұнықтығы сондай - түбі және ондағы жәңдіктер анық көрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан сияқты балықтар өседі. 31 Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі - Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім «Бурабай», «Оқжетпес» демалыс және сауықтыру орындары бар. Бурабай демалыс орны тұрғысында 1910 жылдан мәлім бола бастаған. 1910 жылы қымызбен емдеу-сауықтыру орны ашылған. 1920 жылдан мемлекеттік маңызы бар демалыс орнына айналған. Тәуелсіз ел болғалы, іргесіне Астана келгелі, Бурабай колінің, мұндағы демалыс орындарының маңызы бұрынғыдан да арта түскен. Жақсы жол салынып, демалыс үйлері жақсартылып, қызмет көрсету жағдайы жақсартылған.
7.Мәтінге қатысты дұрыс тұжырым:
1.Көкшенің әсем табиғатын суреттеу.
2.Бурабайдағы тас жолдардың сапалылығын жеткізу.
3.Бурабайдағы демалыс орындарымен таныстыру.
A. Біріншісі мен екіншісі дұрыс.
B. Біріншісі дұрыс, үшіншісі бұрыс.
C. Біріншісі мен үшіншісі дұрыс.
D. Екіншісі дұрыс, біріншісі бұрыс.
8.Автор Бурабай көлінің мөлдірлігін калай жеткізеді?
A. Суындағы жәндіктер анық көрінеді.
B. Бурабай көлі осы өңірге ерекше сипат береді.
C. Тұйық көл болғанымен балықтар мекен етеді.
D. Суының терендігі 4,5 метр,
9.Бурабайдың демалыс орны ретінде жария болған уақыты.
A. Он тоғызыншы ғасырдың аяғы
B. Он тоғызыншы ғасырдың оныншы жылдары
C. Тәуелсіздік жылдарында
D. Жиырмасыншы ғасырдың оныншы жылдары
10.Бурабайдың географяялық жағдайы нешінші азатжолда айтылған?
A. Бесінші
B. Екінші
C. Үшінші
D. Төртінші
13-Нұсқа
1 мәтін
1. Пілдер - ежелгі тұмсықтылар тобынан біздін, заманымызға жеткен жалғыз жануар. Бұрын олардың түрі 40-қа жеткен болса, бүгінде үш қана түрі бар: Саванналық африка пілдері, африкалық орман пілдері және азиялық пілдер. Пілдің дене тұрқы - 6-8 метр, салмағы 9 тоннадай болады. Олар 70-80 жыл өмір сүреді. Негізгі ерекшелігі - үстіңгі ерніне жалғасқан ұзын ет тұмсығы (хобот). Олар мұны адамдардың қолындай пайдаланады. Сол арқылы заттың иісін біледі, сезеді және орап ұстайды. Піл тұмсығы бір мезгілде 7,5 литр суды ұстап тұра алады. Пілдердің көздері жақсы көрмейді, есесіне олар ешбір жаратылыс сезбейтін иісті сезіп қояды. Оның тұмсығында 40 мыңнан астам рецептор бар. Пілдің кейбір тұстарыңдағы тері калыңдығы - 4-5 сантиметр болады. 2.Пілдер мұңаяды, уайымдайды, сағынады, ағайындарына көмектеседі, музыкамен айналысады, сурет салады. Өздерінің дене көлеміне қарамастан олар епті және тез козғалғыш келеді және олардың тепе-теңдік сақтау қызметі жақсы дамыған. Басқа ірі сүтқөректілер секілді пілдер ыстыққа қарағанда салқын жерді жақсы кетереді. Күннің ең ыстық уақытын көлеңкеде өткізіп, денесін салқындату мен жылу алмасуды жақсарту үшін үздіксіз құлақтарын қағады. Олар суға шомылып, өздерінің үстеріне су құйып, батпақ пен шанда аунағанды үнатады. Бул әрекеттер терілерінің құрғап кетуінен, күнге күюден және шыбын- шіркейдін шағуынан қорғайды. Пілдер - отбасылық өмірді қадір тұтатын жануарлар. Олардың аналықтары әрқашан отбасымен бірге емір сүреді, өлгенде немесе адамдар ұстап алғанда ғана бөлінуі мүмкін. Олар топ-тобымен жүреді. Топтағы пілдер саны 6 мен 12-нің аралығында болады. Ал аталық пілдер 12 жасқа таяғанда отбасынан бөлініп шығады. Дүниеге жаңадан келген пілдің баласы аяққа тік тұра алады. Салмағы 120 кг-ға жуық болады. Туғанда көзі соқыр болатындықтан, анасының тұмсығына арқа сүйейді. Жаңа туған пілдің өмір сүруге қабілеті болмағандықтан, анасы мен олардын тәжірибелі мүшелері оны үйрете бастайды. Анасы оған бірнеше күтуші таңдап, өзі сүтін көбейту үшін азық жинауға кетеді. Пілдер күніне 100 литр су ішіп, 300 кг жем 32 жей алады. Пілдер тәулігіне
3. сағат шамасында ғана ұйықтайды. Жалпы олардың өмірінің басым бөлігі тамақ іздеуге кетеді. Яғни, бір тәуліктің 20 сағатын осыған арнайды.
4.Пілдер - Африка мен Азияның калың ормандарында және ашық өлкелерінде мекендейді. Азия пілдерінің мекендейтін аймағы: Онтүстік және Солтүстік-Шығыс Үндістан, Шри-Ланка, Непал, Бутан, Бангладеш, Мьянма, Тайланд, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Онтүстік-Батыс Қытай, Малайзия, Индонезия және Бурней аймақтары.
1. Пілдер 1 тәуліктің қанша уақытын ұйқыға арнайды?
A) Алтыдан бірін,
B) Үштен бірін.
C) Екіден бірін.
D) Сегізден бірін.
2. Мәтін мазмұны бойынша пілдер неліктен құлақтарын қағады?
A. Жылу алмасуды реттеу үшін
B. Суықтан қорғану үшін
C. Күнге құймес ұшін
D. Шыбын-шіркейден корғану үшін
3. Жаңа туған пілге катысты дұрыс мәліметтер
1. Аяғына тік тұра алмайды
2. Салмағы 120 келіге жуық болады
3. Туғанда көзі соқыр болады»
A) Үшеуі де дұрыс .
B) Екінші мен үшінші дұрыс
C) Үшеуі де бұрыс
D) Бірінші мен үшішпі дұрыс
4. Пілдердің қай мүшесі нашар дамыған?
A) Қозғалыс мүшесі
B) Дәм тату мүшесі
C) Сезу мүшесі
D) Көру мүшесі
2 мәтін
Бір жігіт жолда кетіп бара жатып ойда жоқта комақты әмиян тауып алды. Жан-жағына қараса, ешкім көрінбейді. «Әмиян тауып алдым кімдікі?» деп айкайлап үш рет айтқаңдай болды. Дегенмен өз даусын басқалар түгілі езі де естімеді. Былайырақ шығып алып әмиянды ашып қараса, ішінде бір машинаға жетерлік қаржы бар сияқты. Қуанғаннан не істерін білмей аңтарылып қалды. Ішінде бір жылылық пайда болып, бала-шағасының былтырғы ескі киімдерімен жүргені, жұбайының жөні түзу бір көйлегі жоғы, ал өзінің бес-алты жылдан бері бір жаңа киім алмағаны, өздерінің көптен бері тойып тамақ та жемегені есіне түсті. Әниянды қалтасына сала бергені сол еді, кенет бұрыштан ботадай боздаған, киімі жұпынылау кісі шыға келді. - Айналайын адамдар-ау, қайырымды жандар, Балаларымның анасы айықпас дертке шалдығып, соны емдету үшін ағайындарым мен жаны жайсаң адамдар ауыздарынан жырып берген қаржымды әмиянымен қоса жоғалттым. Енді не істеймін? Жұбайыма қажетті операцияны қаржысыз қалай жасатамын? Жұбайым о дүниелік болып кетсе, балаларымның күні не болады? Бұл азапты көрсеткенше, маған тезірек өлім жібере қойшы, тәңірім, - деп жылайды. Әмиян тауып алған жігіт ары ойланды, бері ойланды. Ақыры ұяты жеңіп, ботадай боздаған кісінің жанына қалай жетіп барғанын, әмиянды ақшасымен қосып қалай бергенін өзі де байқамай қалды. Кенет үйлердің тасасынан топырлаған адандар шыға келгенде, әмиян тауып алған жігіт тасада қалды. Топтың ішінен салиқалы жігіт ағасы шығып, әмиян тапқан жігітті қапсыра құшақтай алып: Бауырым, саған үлкен рақмет, мені мынау тобырға күлкі қылмадың. Өмірде әлі де мейірімді адал жандар барын дәлелдедің. «Ондай жандар мына заманда жоқ, өткен ғасырларда ада болып кеткен. Егер ондай адамды тауып берер болсаң, осы тұрған бәріміз жабылып, саған он жылқы береміз. Ал таба алмасаң, бар байлығыңды бізге бересің» - деп қоймаған соң, серттескен жайым бар еді. Мынау ботадай боздап жүрген адам осы қаладағы театрдың актері. Өз рөлін тамаша ойнап шықты-ау деймін. Мені жерге қаратпағаның үшін, әлемде әлі де адал адамдар бар екенін дәлелдегенің үшін, тауып алған әмияныңды ақшасымен қоса саған бердім. Бұдан бөлек мына тобырдың менен жеңілгендері үшін беретін он жылқысын да саған бердім, - деді. Қызық көрмекші болып келген тобырдың еңселері түсіп кетті. Өздерінің арасынан әмиян тауын алған жігіттей адам шыққанына сенбейтін сияқты. -Мынау қатыгез, дүрбелең, тек қара басының камын ойлайтын, компьютер басты заманда әлі де тазалықтың бар екенін дәлелдеген АДАМ деген атынан айналайын, әмиян тауып алған жігіт, - деді салиқалы жігіт ағасы толқып тұрып.
5. Оңай олжаға кенелген жігіт пен уәделескен жігітті не байланыстырады?
A) Кедейліктері
B) Кеңпейілдіктері
C) Отбасылық жағдайлары
D) Жүрек адалдыға
6. Мәтіннің қорытынды бөліміндегі жІгіт сөзінің түйіні.
A) Ақкөңілден арамдық шықпас,Арамдық шықса да, жамандық щықпас.
B) Көңіл - қазы, көз - таразы.
C) Байлыққа қол жеткізу - әркімнің арманы.
D) Адам болмысы - ізгілік пен адалдық.
7. топтың арасынан шықкан жігіт қандай?
A) Жүрегінің түгі бар
B) Ақ жүрек
C) Мақтаншақ
D) Атаққұмар
Жаңбыр - табиғаттың ерекше сыйы. Халқымыз жанбыр жауса, «нұр» жауып тұр деп жақсы ырымға балаған. Өзге де елдерде жаңбырға қатысты не бір қызықты мәліметтер бар. Мысалы, Кубада жаңбыр тек түскі уақытта, ал Тайландта түнде ғана жауады. XVII ғасырда Ұлыбританияда жаңбыр туралы заң қабылданыпты. Заң бойынша жаңбырды дұрыс болжамаған синоптик жазаланатын болған. Пара қаласының тұрғындары уақытша жаңбырға қарап түзейді. Себебі бұл жерде жауын қүнделікті бір уақытта жауатын көрінеді. Ботсванада адамдар «пула» деп сәлемдеседі. Бұл сөз «жаңбыр» деген мағына береді. Сонымен қатар ел валютасы да «жаңбыр» деп аталады. Уганда тұрғындарын найзағаймен корқыту мүмкін емес. Өйткенімұнда жылына 250 рет найзағайлы жаңбыр жауады. Сонымен қатар психолоттар туған күніңізде жаңбыр жауса, оны жақсылыққа балаңыз дейді. Егер сіз туған күні нөсер жауын жауса, онда қызметтік мансабыңыз алға басады. Ал егер жаңбыр сіркіреп тұрса, сол жылы қиыншылықтардың да аз болары хақ. Көбіне теңін таппай жұрген жандардың туған күнінде біресе жауын жауып, біресе күн шығып тұрады. Және сол күні көптен куткен сыңарын тауып қалуы да әбден мүмкін. Көбісі туған күнінде жаңбыр жауса, жабырқап жүреді. Ал мамандар керісінше бұған куану керектігін айтады.
8.Валюта аты жаңбырмен байланысты ел
A) Тайланд
B) Ұлыбритания
C) Пара
D) Ботсвана
9. Уақытты жаңбырмен болжайтындар
A) Паралықтар
B) Тайландтықтар
C) Ұлыбританиялықтар
D) Уғандалықтар
10.Психолоттардың пікірінше, туған күні нөсер жаңбыр жауса...
A) Молшылық болады.
B) Жамандық шақырады.
C) Қызметтік мансабыңыз сэтсіз болады.
D) Қызметтік мансабыңыз алға басады.
14-Нұсқа
1 мәтін
1.Баяғы заманнан казақтың қонысы болған кұтты мекеннің айшықты орыңдарының біріЖасыбай көлі. Көлге кеудеңе дейінгі тереңдікке түсіп төменге қарасаң, мөлдір судың түбіндегі тастар айқын көрініп жатады. Жалпы, географ мамандардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, судың беткі аумағы 3,7 шаршы шақырымды құрайды екен. Ал ең терең жері - он төрт метр, Әрине, географиялық сипатамасы өз алдына жеке әңгіме.
2.Жасыбай көлінің тарихи тарту болар тамашалары да баршылық. Егер аңыз-әңгімелерге сенсек, бұл көлдің бұрынғы атауы Шойынкөл екен. Бірақ кейін келе Жасыбай атанған. Негізінен, Ер Жасыбай - қан жұтқан қалмақтармен қиян-кескі соғыста ерлігімен көзге түсіп, елдің мақтанышына айналған қаһарман батыр. Ал оның есімі қалайша көлге берілгені туралы тарихи аңыз бар. Егер де тарихи деректерге сүйенсек, 1752 жылы жоңғар әскері Ертіс жағынан Баянауыл жерін басып алуды көздеп, шабуыл жасаған. Сол кезде қазақтың ханы Абылай Сабындыкөлдің шығыс жағынан жауға тойтарыс беру үшін жедел түрде Олжабай Толыбайұлын басшы етіп әскер ұйымдастырған екен. Сол әскер жасақтарының бірін көзсіз батыр Жасыбай басқарып, шабуылдаушылармен соғыста алдыңғы шепте болған. Мұның өзінде де үлкен мән жатыр. Егер де әскердің алдыңғы шебі мықты болса, онда жауды жеңу оңайырақ болады. Яғни тиген жерінен ұрандаттқан жауды тесіп өтер өткір де кайсар қаһарманның керегі анық. Міне, осындай жауапты тапсырманы Жасыбайға жүктеген. ШойынкөлдІң онтүстік-батыс бөлігінде Жасыбай бастаған жасақ жоңғарларға қарсы тұрып, жеңістің жалауын желбіреткен. Табанды ер бастаған ұлдардың тоқпағына төзе алмаған қалмақтар жеңіліс тауып, қазақтың қылышынан аман калғандары тентіреп, тым-тырақай қашқан. Жауды аттан түсірген жасақбасы Жасыбай Сабындыкөлдің ортасында жолдастарымен демалып жатқанда, қалмақтың аман калған каскүнемдерінің бірі садақпен оқ атып, батырды жаралап өлтірген, Бұл әрине, сол уақытта қазақ әскері үшін орны толмас қаза еді. Қайғылы хабарды естіген Олжабай батыр ашуға мініп, өз әскерін кайта көтеріп, қырғыннан аман қалған қалмақтардың соңына түсіп, қуғынға алған, Баянауылдың таулы аймақтарының шығыс жағына қарай тоқсан бес шакырым жерде Олжабай батыр ата жауын қоршауға алып, бірін аман қалдырмай қырып тастаған көрінеді. Және сол жер бүгінгі күнге дейін «Қалмаққырылған» деп аталады. Жалпы мұндай шабуыл екі ғасырға созылған қазақ-калмақ соғысында күшті тойтарыстардың бірі болды. Ал жергілікті халық болса, Шойынкөлді батырдың атымен атап кеткен. Яғни бүгінгі күнге дейін көл мен сол аймақ Жасыбай деп аталады.
1. Екінші азат жолдағы негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді?
A. Ер тарықпай, молықпайды.
B. Ерді жаяулык, емес, қаяулық аздырар.
C. Ер аруағы - каруы.
D. Ел үмітін ер ақтар.
2. Бірінші азатжолда не туралы айтылған?
A. Жасыбай көлінің байлығы
B. Жасыбай туралы аңыз-ертегілер
C. Жасыбай көлінің географиялық сипаттамасы
D. Жасыбай көлінің шипасы
3. Алғашқы азатжолда ой қалай берілген?
A. Пайымдау арқылы
B. Дәлелдеу арқылы
C. Салыстыру арқылы
D. Суреттеу арқылы
4. Баянауылдағы «Калмаққырылған» жерінің атауы қай батырға байланысты.
A. Бәсентиін
B. Бесен
C. Абылай
D. Олжабай
5. Мәтінді қай мақал қорытындылап тұр?
A. Ер азығы мен бөрі азығы жолда,
B. Ер есімі - ел есінде.
C. Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі.
D. Ер - ырыстың кілті.
6. Мәтін қандай стильде жазылған?
A. Ғылыми стиль
B. Публицистикалық стиль
C. Іс қағаздар стилі
D. Ресми стиль
7.Көлге неліктенЖасыбай атауы берілген?
A. Ру атына сәйкес
B. Көлдің байырғы атауы болғандықтан
C. Жоңғар шапқыншылығына сәйкес
D. Батыр ерлігіне орай
8. Екінші азатжол қандай үлгіде жазылған?
A. Тарихи аңыз.
B. Сын мақала.
C. Ой толғау.
D. Аңыз әңгіме.
2 мәтін
Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет. Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа жанаспайды. Өлең өнері сөзбен, ал живопись (жанды жазу) өнері бояуымен құлпырады, Музыканың негізгі мақсаты - адамның естетикалық қажетін қанағанттандыру, Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені тіл мен музықа тілі бір- бірінен етене қатысқан кезде музықаның әсерлілігі арта түседі. Бұл ғылым, яғни музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, адамды ылғи да бір қалыпта ұстап тұруға құдіреті жетеді.
9. Мәтін бойынша музықаның әсерлілігі қай кезде арта туседі?
A. Спорт пен музыка үйлескенде
B. Қол өнері мен музыка үйлескенде
C. Сурет өнері мен музықа үйлескенде
D. Тіл мен музықа үйлескенде
10. Мәтін мазмұнына қандай нақыл сөз сәйкес келеді?
A. Өнер - таусылмас азық
B. Жігітке жетпіс өнер де аз
C. Кең пейілдіге ас көп
D. Жолың алыс болса, атыңды қинама
15-Нұсқа
1 мәтін
Жаңбыр - табиғаттың ерекше сыйы. Халқымыз жанбыр жауса, «нұр» жауып тұр деп жақсы ырымға балаған. Өзге де елдерде жаңбырға қатысты не бір қызықты мәліметтер бар. Мысалы, Кубада жаңбыр тек түскі уақытта, ал Тайландта түнде ғана жауады. XVII ғасырда Ұлыбританияда жаңбыр туралы заң қабылданыпты. Заң бойынша жаңбырды дұрыс болжамаған синоптик жазаланатын болған. Пара қаласының тұрғындары уақытша жаңбырға қарап түзейді. Себебі бұл жерде жауын қүнделікті бір уақытта жауатын көрінеді. Ботсванада адамдар «пула» деп сәлемдеседі. Бұл сөз «жаңбыр» деген мағына береді. Сонымен қатар ел валютасы да «жаңбыр» деп аталады. Уганда тұрғындарын найзағаймен корқыту мүмкін емес. Өйткені мұнда жылына 250 рет найзағайлы жаңбыр жауады. Сонымен қатар психолоттар туған күніңізде жаңбыр жауса, оны жақсылыққа балаңыз дейді. Егер сіз туған күні нөсер жауын жауса, онда қызметтік мансабыңыз алға басады. Ал егер жаңбыр сіркіреп тұрса, сол жылы қиыншылықтардың да аз болары хақ. Көбіне теңін таппай жұрген жандардың туған күнінде біресе жауын жауып, біресе күн шығып тұрады. Және сол күні көптен куткен сыңарын тауып қалуы да әбден мүмкін. Көбісі туған күнінде жаңбыр жауса, жабырқап жұреді. Ал мамандар керісінше бұған куану керектігін айтады.
1. Мәтіннің негізгі тақырыбы қандай?
A. Жаңбыр жауатын мезгіл
B. Ауа райы туралы ақпарат
C. Синоптиктер болжамы
D. Табиғат тамашасы
2. Уақытты жаңбырмен болжайтындар
A. Тайландтықтар
B. Угандалыктар
C. Кубалықтар
D. Паралыктар
3. Психологтардың пікірінше, туған күні нөсер жаңбыр жауса...
A. Қызметтік мансабыңыз сәтсіз болады.
B. Жамандық шақырады.
C. Молшылықболады
D. Қызметтк мансабыңыз алға басады.
4. Валюта аты жаңбырмен байланысты ел
A. Ұлыбритания
B. Угаңда
C. Лара
D. Ботсвана
2 мәтін
1. Жаршының даусын күтіп тұрған, бастарына өңкей қызыл, көк, ақ шыт үшкілдеп байлаған балалар кекілдерін бунап, үкі таққан аттарын ойнақтатып шыға берді, Жеңіл ер-тоқымды жарау аттар әсем билеп: бір қырындап, ойқастап, ауыздықтарын қарш-қарш шайнап, енді бірі ортекеше орғып, кейбірі кайраңға шыққан балықша жондары жалт-жұлт етіп аласұрып, шыр көбелек айналып тулап, көкке шаншыла қарғып, ұзақ жарысты сезіп, қатты-қатты пысқырып, тұра қалып шегіншектеп, жер тарпып, өздеріне қадалған мың-мың көздің алдынан лек-легімен өте берді.
2. Мойнын соза қараған, аттарға ұмтыла түсіп, кейін ығысып тартіпке келтірген аттылардың қамшысынан жасқанып жұрт шулап түр. Әне, Құлайкөк пен Топайкөк! Әй, ана бір сүліктей қара кімдікі? Ана қазмойын - біздің Көкдауын!.. — дескен жұрт, астыңғы ерні салпиып, жай басын, марғау аяңдап, кекіліндегі тұмарға таққан медалі жарқырап топ арасында Құлагер өте бергенде гу етіп, орындарынан тұрып кетті.
3. Жаршының жағыңда тыным жоқ: «Бас бәйге - бір тайтұяқ алтын, боталы інген, тай, құлынымен бір үйір жылқы; екінші - бір атан түйе, он кұлынды бие; үшінші - бір коспақ. бес құлынды бие, он қой; төртінші - үш құлынды бие, бес қой; бесінші - бір құлынды бие, күміс кесе... Бас бәйгеге ояздың медалі бар, екіншіге күміс сағат, үшіншіге күміс таяқ...»
4. Ақан бәйгеші балаларға біраз еріп, Мөңкені тоқтатып алды да: Ал, қарағым, жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Дегенмен мына бәйгенің сүрқы белек. Байқа, Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, ыққа түсе керме, жел жағында отырғайсың. Түйетастан аса бере тақымды бір қысып, қарқындатып ал да, Кокозекке бұрып түс. Ойлы-қырлы өзек ішінде атыңды сәл теже, Сүріндіріп алма. Одан шыға бере Құлагердің кезін бір сүртіп, қиқуды салып, басын еркін қоя берсең, ар жағын қанатымның өзі- ақ көрсетеді, - деп Құлагердің мойнынан кұшақтады.
5. Барлық жұлдегерлерге ортақ қандай бағалы сыйлық тігілді?
A) Жылқы
B) Түйе
C) Күміс
D) Қой
6. Мәтіннің стилі қандай?
A) ғылыми стиль.
B) Ауызекі сәйлеустилі.
C) Ресмиіс-қағаздар стилі,
D) Көркем әдебиет стилі.
7. Халықтың Құлагерге деген ерекше құрметі нешінші азатжолда суреттелген?
A) Бірінші
B) Барлығында
C) Үшінші
D)Екінші
8. Мәтінде не туралы айтылған?
A) Жаршылар сайысы
B) Ат баптаушылары
C) Аттарды сынау
D) Ат жарысы
3 мәтін
Астрономияда жана туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық сүйікті деген малдарын Ай тұякты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен мадақтайды. 2.Ай мен күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сүлу екі әйел екен. Әсіресе Ай сұлуырақ болын мақтанып, Күн оянып қызғанып Айдың бетін тырнап, оған дақ түсірген. Кесірлі Ай жазасын осылай тартқан. Ай бетіңдегі қарауытқан дақ содан екен» деседі. Айдың кеш туғанын немесе кемігенін ел Ай «қорғалады» дейді. Күнге жақындап барғанда Ай «қорғалап» бетін жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, Күңді қызықтырып, бетін тұгел керсетіп, ереуілдейді. Ай түрінің өзгеру құбылысын жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді. «Жаңа ай жарылқа, ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу құбылысы қазақ ортасында елеулі оқиға болып келді. Жаңа туған Айды көргенде шаруа адамның көңіліне әр түрлі ой келеді, шаруаға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма деген ойлар тумай қоймайды. Қазақ арасында егер Ай тігінен туса, ауа райы шаруаға жайлы, жылы болады, Ал, Ай шалқасынан жатса, ай суық, жайсыз болып өтеді. Мұны «Айдың өзіне жайлы, халыққа жайсыз болғаны» дейді. Қазақ тұрмысында Айды қастерлеуге себеп көп болды: Ай болмаса, түн қараңғысын жамылып қасқыр да, ұры да малға шабуылды күшейтеді, шаруа жайымен ұзақ түн қату да киын тиеді. Аталарымыздың ай қараңғыда малы түгіл, басы да зор қауіпте болғандығын еске алсақ, неліктен айды қастерлегендігін жақсы түсінеміз. «Қараңғыалғыр» деген сөз тегін шықпаған. Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: - Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата қылмайтын Ай екен, - депті. Жұрттың бұл сенімдерін саралай келіп, ғылыми тұрғыдан келгенде мынадай қорытынды шығарамыз. Жаңа туған Айдың калпына қарай жұрттың ауа райы өзгереді дегені бос сөз емес. Анығында да, жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай «шалқасынан жатады», өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда жоғары тұрады, Ай жолы да оған жуық, сондықтан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала жарық береді де, бізге Ай шалқалап жатқан сиякты көрінеді. Сөйтіп, жаңа Ай орағының орналасу қалпы мен ауа райының арасындағы бұл қызық іліктестік Күн мен Айдың аспандағы жолдарының әр мезгілдегі өзара орналасуына байланысты. Атан түйе мен шіркей кандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай да сондай. Ай бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен. Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы Ай болатын-ды. Ес білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды, Маяшы, керуенші, аңшы, қарақшы бәрі де Айды бақты. Ойшыл, сыншылар да тіпті еріккенде Айға қарады. Кәне, ойланайықшы, «Мен ұрлық қылғанда ай жарық болды»; «Ай қарап түрсың ба?» дегендей сездер де бар емес пе? Осыдан 350 жылдай бұрын Галилей тұңғыш рет ойлап тапқан құралымен Ай бетінен тауларды көрдім, деп жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше кушейді. Өмір бақи меңіреу жатқан кең дүниенің түкпірлерін шарлауда адам перзенттерінің аяғы тұңғыш рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет болып табылмақ.
9. Күн мен Айдың көлемін мэтіннің 6-азатжолымен сәйкестендіріңіз
A. Тұлпар мен серке
B. Бура мен құмырсқа
C. Қоймен ешкі
D. Жылқы мен құлын
10. Тұжырымдардың дұрысын табыңыз:
1.Кеш туған не кеміген айды халық «Ай корғалады» дейді.
2.Ай тігінен туса, «Өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» дейді.
3.Шалқасынан туған айға ақсақалдар бата бермейді.
A. ҮшІшпісі
B. Үшеуі де
C. Екінші мен үшіншісі
D. Бірінші мен үшіншісі
16-нұсқа
1 мәтін
Табиғатқа зер салсақ, одан ауа райын болжағыш «синоптик» өсімдіктерді кездестіруге болады. Мысалы, гул қауашақтары біркелкі ашылса, ауа райы ашық болады. Керісінше, гүлдері төмен қарап, жабылып тұрса, ауа райы жауын-шашынды болып келеді. Өсімдіктің сабағы төмен қарап иіліп тұрса да, жауын-шашын болады. Ал егер тік болса, ауа райы жақсы болады деп алдын ала пікір айтуға мүмкіндік бар. Мұны қымыздық, бақбақ, егінжай шырмауығы сияқты өсімдіктерден байқай аламыз.
Егер қайың қандыағаштан гөрі ерте жапырақ жайса, жаз құрғақ, жылы болады. Егер қандыағаш ерте бүршік атса, жаз ылғалды, салқын болады деп есептеледі.
1.Жаздың салқын болатындығын қай өсімдік арқылы болжауға болады?
А) Қандыағаш бүршіктері
C) Өсімдік түптері
В) Гүл сабақтары
D) Бидай дәндері
2.Ауа райы ашық болатындығын қалай білуге болады?
А) Ағаш бүршіктері салбырап тұрады
В) Қызғалдақ гүлдері жабылып тұрады
С) Ағаш тамырлары жайылып тұрады
D) Өсімдік гүлдері ашылып тұрады
2 мәтін
Ғибадатхана гректердің аңшылық кұдайы Артемиданың құрметіне б.з.д. VI-VII ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі кұрылыс әдістерінің бірі - ионика ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Алайда, Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын кұшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ескендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадатхананың жобасын сақтағанмен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110x55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған.Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан.
Қаладан қасиетті орынға қарай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұмыры ұзаққа барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсак, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Дж.Т.Вуд жүргізген қазба жұмыстары кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар мен сарайға әкелінген біраз нәрселер табылған.
3.Қазба жұмыстары кезінде ғибадатханаға қатысты заттар табылды.
A) Үшеуі де дұрыс
B) Екінші мен үшінші
C) Үшеуі де бұрыс
D) Бірінші мен екінші
4.Мәтіннің тақырыбы қандай?
A) Сәулетші Дейнократ
B) Апеллес суреттері
C) Қазба жұмыстары
D) Артемида ғибадатханасы
5.Ғибадатхана құрылысының жаңа үлгісі кімнің басшылығымен іске асты?
A) Апеллес
B) Скопас
C) Дейнократ
D) Дж.Т.Вуд
6.Неліктен Герострат Артемида ғибадатханасына қастандық жасады?
A) Жаңасын тұрғызу үшін
B) Атағын шығару үшін
C) Біреудің қысымымен
D) Көреалмаушылықтан
3 мәтін
Ескі замандарда бір-бірін қатты жақсы көретін өте бауырмал екі ағайынды болыпты. Үлкенінің есімі Халил, кішісі Ибраһим. Халил үйленген, бала-шағалы, ал Ибраһим әлі бойдақ екен. Екеуінің ортақ егіс алқабы бар еді. Бірлесе егіншілікпен айналысып, шыққан өнімді екіге бөлісіп күнелтеді.
Бір жылы екі ағайынды бидай егеді. Шыққан бидайды орып, өнімді екіге бөледі. Кейін екеуі өз үлестерін үйлеріне тасуға кіріседі. Үлкен бауыры Халил: «Ибраһим, сен осында күте тұр, мен қаптарды алып келейін», - дейді. Ибраһим: «Жарайды аға», - деп астық басында қалады. Халил қаптарды алып келуге кеткенде інісі ойланады: «Ағам үйленген, бала-шағасы бар. Маған қарағанда оған бидай көбірек керек», - деп, өзінің үлесіндегі бидайдың бірнеше күрегін ағасының бидайына қосып қояды. Кейін ағасы қаптарды алып келіп: «Қане, Ибраһим, тасуды алдымен сен баста», - дейді. Ибраһим: «Жарайды», - деп бір қапты толтырып, алып кетеді. Ол кеткен кезде ағасы ойланады: «Мен үйленгенмін, бала-шағам да бар. Ал інім әлі бойдақ. Оған әлі көп жұмыс істеп, ақша табу керек. Үйленіп, үй болуы керек», - деп, өзінің бидайынан біраз күрек інісінің бидайына тастайды. Келесі кезекте Халил кеткенде інісі өзінің бидайынан тағы да оның үлесіне қосып қояды. Ағасы да өз кезегінде бірнеше күрек інісінің бидайына тастап отырады. Осылайша біраз уақыт жалғасса да, ағайындылардың бір-бірінің әрекетінен хабары болмайды. Соңында кеш батып, күн қараяды. Ал бидайдың таусылатын түрі жоқ, тіпті азаймайды да.
7.Халил мен Ибраһимнің екеуіне де тән қасиет
А) Сыншылдық
В) Сақтық
C) Болжай білгіштік
D) Жанашырлық
8.Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?
А) Кәсіппен айналысуға шакыру
В) Қайырымдылықты дәріптеу
С) Көркем мінезді үлгі ету
D) Достықты үлгі ету
9.Ағайындылар қандай жұмыспен айналысады?
А) Диірмен тартады
В) Диқаншылықпен айналысады
C) Ұн шығарады
D) Бау-бақша салады
10.Ибраһим неліктен бидайды ағасының қабына салды?
А) Ағасының бай болғанын қалағандықтан
B) Ағасы өзінен үлкен болғандыктан
C) Ағасы отбасын асырай алмағандықтан
D) Ағасына көмектескісі келгендіктен
17-нұсқа
1-мәтін
Жер шарында теректің жүзден астам түрі бар. Біздің елімізде теректің отыз шақты түрі кездеседі. Қазақстан жерінде ақ терек, көк терек, қара терек, мырза терек сияқты түрлері өсіріледі. Терек өте тез өседі, Оның биікгігі елу мстрге дейін жетеді, Мұндай әсем де ірі ағаш көше бойына, аулаға, су қоймаларының жағалауына отырғызылады. Қалалар мен ауылдарды көгалдандыруға, егіс алқабын қорғауға пайдаланылады. Теректің бір артықшылығы - көп күтім тілемейді. Оны кошеттерден көбейтуге болады. Теректің кейбір түрлері жүз жиырма, жұз елу жыл өседі. Терек ағашы жұмсақ болады. Одан сіріңке, қағаз, түрлі бұйымдар жасалады. Теректі кұрылыста да кеңІнен пайдаланады.
1.Мәтін тақырыбын анықтаңыз.
A) Терек ағашы
B) Ағаш өнімдері
C) Ағаштың пайдасы
D) Ағаш түрлері
2.Тұжырымдардың дұрысы:
1. Терек баяу өседі,
2. Терек көп күтім тілемейді.
3. Терек қатты ағашқа жатады.
A) Екініш мен үшінші
B) Текбірінші
C) Тек екінші
D) Бірінші мен екінші
2-мәтін
Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке - отбасы мүшелерінің тірегі, асыраушысы, қамқоршысы. Ата-бабаларымыз балалар тәрбиесіне үлкен мән берген. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым- қатынасы, өнері, білімі -ұя баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кІсі еді, онегелі жерден шыққан ғой»,-деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке - бәйтерек, бала - жапырақ», «Ата - балаға сыншы» деген мақалдар осыны растайды. Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының өрескел мінезқұлықтарын көрсе ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. Осындай үлттық тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған азамат ертеңгі кезде ұлттың тағдырын ойлайтыны анық. Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішіңде қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән бергені баршамызға мәлім. Кез келген ата-ана қызының ертең барған жерінде тастай батып, судай сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.
3.Қыз бала тәрбиесіне қатысты пікір қай бөлімде сөз болады?
A) Үшінші
B) Бірінші және екінші
C) Бірінші
D) Тергінші
4.Мәтін бойынша қазақ халқының қыз баланы тәрбиелеудегі басты мақсаты
A) Қатарынан қалмауы
B) Өскенде ата-анасын асырауға жәрдемдесуі
C) Басқа үйдің үл-қыздарына үлгі болуы
D) Болашақта жақсы келін, аяулы ана атануы
5.Бірінші азатжолдағы негізгі ой
A) Отбасында қыз баланы ерекше құрметтеген.
B) Отбасында ұл баланың тәрбиесінде әкенің орны.
C) Отбасы мүшелері тең қарым-катынаста болады,
D) Отбасында ананың орны жоғары.
6.Төменгі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
1. Жеке бала тәрбиесі ұлт болашағаның жағдайына әсер етеді.
2.Қазақта өрескел мінез-құлық көрген қария тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған.
3. Ұлтық тәрбие - отбасылық құндылықтардың бастауы.
A) Бірінші мен үшіншісі
B) Үшеуіде
C) Бірінші
D) Тек үшіншісі
3-мәтін
Ескі замандарда бір-бірін қатты жақсы көретін өте бауырмал екі ағайынды болыпты. Үлкенінің есімі Халил, кішісі Ибраһим. Халил үйленген, бала-шағалы, ал Ибраһим әлі бойдақ екен. Екеуінің ортақ егіс алкабы бар еді. Бірлесе егіншілікпен айналысып, шыққан өнімді екіге бөлісіп күнелтеді, Бір жылы екі ағайынды бидай егеді. Шыққан бидайды орын, өнімді екіге бөледі Кейін екеуі өз үлестерін үйлеріне тасуға кіріседі. Үлкен бауыры Халил: «Ибраһим, сен осында қүте тұр, мен қаптарды алын келейін», - дейді. Ибраһим: «Жарайды аға», - деп астық басында қалады. Халил қаптарды алып келуге кеткенде інісі ойланады: «Ағам үйленген, бала-шағасы бар. Маған қарағанда оған бидай көбірек керек», - деп, өзінің үлесіндегі бидайдың бірнеше күрегін ағасының бидайына қосып кояды. КейІн ағасы қаптарды алып келіп: «Қане, Ибраһим, тасуды алдымен сен баста», - дейді. Ибраһим: «Жарайды», - деп бір қапты толтырыл, алып кетеді, Ол кеткен кезде ағасы ойланады: «Мен үйленгенмін, бала-шағам да бар. Ал інім әлі бойдақ, Оған әлі көп жүмыс істеп, ақша табу керек. Үйленіп, үй болуы керек», - деп, өзінің бидайынан біраз күрек інісінің бидайына тастайды. Келесі кезекте Халил кеткенде інісі өзінің бидайынан тағы да оның үлесіне қосып қояды, Ағасы да өз кезегінде бірнеше құрек інісінің бидайына тастап отырады. Осылайша біраз уақыт жалғасса да, ағайындылардың бір-бірінің әрекетінен хабары болмайды. Соңында кеш батып, күн қараяды. Ал бидайдың таусылатын турі жоқ, тіпті азаймайды да.
7.Халил мен Ибраһимнің екеуіне де тән қасиет
A) Үнемшілдік
B) Сыншылдық
C) Жанашырлық
D) Сақтық
8.Халил әрекеті арқылы автор нені айтқысы келді?
A) Жайдары болуды
B) Қанағатшыл болуды
C) Адал болуды
D) Жомарт болуды
9.Ибраһим неліктен бидайды ағасының қабына салды?
A) Ағасы өзінен үлкен болғандықтан
B) Ағасы өтініш жасағандықтан
C) Ағасы отбасын асырай алмағандықтан
D) Ағасына көмектескісі келгендіктен
10.Ағайындылар қандай жұмыспен айналысады?
A) Бау-бақша салады
B) Диірмен тартады
C) Диқаншылықпен айналысады
D) Бидай сатады
18-нұсқа
1-мәтін
XVIII ғасырдың соңында Жаңа Зеландияда моа алып құстарын кездестіруге болатын еді, бүгінгі күні олар жойылып кеткен түрлердің тізіміне енгізілген, алайда энтузиастар екі ірі аралдың шалғайдағы қуыстарынан осы бірегей қауырсындыларды кездестіруге әлі де үміттенеді. Бір кездері, адамдар келгенге дейін, Жаңа Зеландия нағыз құстардың «қорығы» болған, бұл жерде сүтқоректілер (жарқанатты есепке алмағанда) болмаған, қауырсындылар патшалығы дәуірлеген және көбейіп тұрған, олардың ең ірі өкілдері - моа құстары үшін тек алып қыран ғана үлкен қауіп төндіретін. Алып моалардан баска, салмағы 20 кг-нан аспайтын кішірек тұрлері де болған. Моаның ең ірілерінің биіктігі 3,5 - 4 метрге жететін және шамамеи салмағы 250 кг-дай тартатын, Сонынен қатар, аналығы аталығынан екі есе ауыр болатын. Әрине, мұндай ұша алмайтын және тістемейтін, жеуге жарамды, еті құнарлы «тауықтар», аралды алғаш ашушылардың құрметіне маори атауын алған. Құстар Полинезия аралынан қоныс аударғандар үшін оңай әрі дәмді табыс болған, Моалардың жойылуына аралға полинезиялық қоныс аударушылар алып келген иттер мен егеуқұйрықтар да бірталай үлес қосқан. Fалымдардың бағамдауы бойынша, моаларды қырып-жою кезеңі IX ғасырдан XIV ғасырға дейін созылған. XIX ғасырдың екінші ширегінде еуропалық ғалымдар экзотикалық құсқа соншалықты қызығушылық танытты. Моалардың қаңқалары аралдарда өте көп болатын, ал тірісі көзге туспейтін. Аман қалған құстарды табуға тырысып, ғалымдар аралдардың ең шалғай бұрыштарына бірқатар экспедициялар ұйымдастырады. зерттеушілердің ынтасын маорилердің «Бақапунақа тауының құзар басында аман қалған бір моа тығылып жүр екен» деген аңызы одан әрі өршітіп жіберді. Өкінішке орай, тауда ешкім тығылмаған болып тықты, бір де бір тірі құс табылмады. Моаларды алғаш зерттеуші палеонтолог Ричард Оуән болды, ол 1839 жылы Жаңа Зеландиядан табылған алып сүйектің, қандай да бір аңның емес, құстың сүйегі екенін дәлелдеген. Ғалым өз өмірінің 45 жылын моаларды зерттеуте арнаған. Оның өтініші бойынша, натуралист Уолтер Мәнтелл 1847 жылдан 1850 жылға дейін оған алып құстың шамамен мыңға тарта сүйегі мен олардың жұмыртқа қабықтарының қалдығын жинап берген. ОҒн әр түрлі моалардың түрлерін сипатаған және мұражайларға алып құстың бірнеше қаңқасын жинап берген. XIX ғасырдың ортасында Кромвелге жақын жерден моаның ең үлкен жұмыртқасы табылған: оның ұзындығы 30 см-ге, ал диаметрі - 20 см-ге тең болған. Моаларды зерттеу қазіргі уақытта да жалғасуда. Ғалымдар 2009 жылы жойылып кеткен алып құстың түсін құрастырып шығуға қол жеткізгендерін жариялады. Олардын қолында жасы 2,5 мың жылдық қауырсын бар болатын. Олардың ДНК-сын зерттей отырын, ғалымдар моалардың төрт түрінде реңсіз қоңыр қауырсын болғанын, тек кейбір жеке дарабастарында ғана қауырсындарының ұшы ақ болғанын анықтаған. Ғалымдардың есептеуінше, нәзік сарғыш реңкті қауырсындары моалар үшін алып Хааст қыранынан жасырыну үшін өте жақсы бүркеме болған, Дәл осы қыран құс - адамдар келгенге дейін моалардың жалғыз жауы және әлемдегі ең ірі қыран құс болатын.
1. Моалардың жүмыртқасының сипаты
A) Салмағы шамамен 25 кг-дай.
B) ұзындығы 20 см, диаметрі 30 см.
C) Салмағы 20 кг-нан аспайды.
D) Ұзындығы 30 см, диаметрі 20 см
2. Мәтін мазмұнына қай тақырып сәйкес келеді?
A) Адам қолынан қырылған алыптар
B) Моалардың дәуірлеу кезеңі
C) Қызғылт реңкті қауырсынды құс
D) Алып қырандар
3. Ричард Оуән мен Уолтер Мэнтелді не байланыстырады
A) Қызығушылығы
B) Кәсібі
C) Туысғығы.
D) Достығы.
4. Моа құстарын кездестіруге әлі де болса үміті барлар кімдер?
A) Саяхатшылар
B) Жаңа зеландиялықтар
C) Мұражай қызметкерлері
D) Өз ісіне кұлшына кіріскендер
5. Мәтін кай үлгіде жазылған?
A) Жарнамалық
B) Үгіт-насихаттық
C) Ақпараттық
D) Ғылыми
6. Алып құстардың жойылуына себеп болған жағдайлар
A) Қыранның жемтігі болуы
B) Эволюциялық ұрдіске байланысты
C) Адамдардың араласуы
D) Ауа райының қолайсыздығы
7. Неліктен моалар адамдардың жемтігіне айналды?
A) Етінің құнарлы әрі дәмді болуынан
B) Құны өте қымбат болғандықтан
C) Сирек кездесетін құс болғандықтан
D) Адамға жиі-жиі шабуылдауынан
8. Қауырсындарының сарғыш түсті болуы моаларды неден сақтандырды?
A) Сұңқардан.
B) Хаастқыранынан.
C) Ит-құстан.
D) Егеуқұйрықтардан
2-мәтін
Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша азаматтың үш жұрты болады. Олар өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Бұл үшеуі де жанашыр, сүйеніш болып саналады. Осы үш жұртқа қатысты айтылатын туыстық қатынас «ағайын», «туыс», «ілік», «жамағайын», «жекжат», «жұрағат», «құдандалы» деп аталады. Қазақтар үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен, бірін-бірі бөтен санамайды. «Қарға тамырлы казақпыз», - деп, аты-жөнін сұрастырып отыру дәстүрге айналған. Ата - әкенің әкесі, оны ел-жұрт «ақсақал» деп құрметтейді. Мұндай кісілер төрден орын алады, оларға әрқашан құрмет көрсетіледі. Оның жолын кесіп өтуге болмайды. «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей, ата - ел ұйтқысы, батагөйі, ақылшысы болып есептеледі. Жастар атадан бата алуға тиіс. «Аталы ел - баталы» деген мақал бар. Атаның айтқаны кейінгілерге заң.
9. Бір отбасындағы туыстық атау
A) «Жекжат»
B) «Ағайын»
C) «Жамағайын»
D) «Ілік»
10. Жігіттің шыққан тегіне байланысты атау
A) Кайын жұрты
B) Жекжат
C) Өз жұрты
D) Нағашы жұрты
Жауап парағы -1
№ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
№ |
1 |
D |
B |
C |
C |
C |
D |
A |
B |
A |
C |
1 |
2 |
B |
C |
C |
A |
C |
D |
A |
B |
B |
A |
2 |
3 |
B |
D |
C |
D |
D |
B |
C |
B |
A |
3 |
|
4 |
A |
D |
B |
C |
B |
C |
D |
A |
D |
C |
4 |
5 |
С |
A |
D |
B |
A |
B |
A |
B |
C |
A |
5 |
6 |
B |
A |
B |
A |
D |
D |
D |
D |
D |
C |
6 |
7 |
C |
A |
B |
B |
B |
A |
D |
D |
A |
A |
7 |
8 |
A |
A |
C |
A |
A |
B |
D |
D |
B |
C |
8 |
9 |
B |
B |
D |
B |
D |
B |
D |
D |
D |
C |
9 |
10 |
A |
A |
A |
C |
A |
D |
A |
A |
D |
C |
10 |
11 |
D |
D |
D |
C |
C |
B |
C |
D |
D |
C |
11 |
12 |
D |
D |
A |
B |
A |
E |
C |
A |
D |
B |
12 |
13 |
D |
A |
B |
D |
D |
D |
B |
D |
A |
D |
13 |
14 |
D |
C |
D |
D |
B |
B |
D |
A |
D |
A |
14 |
15 |
D |
D |
D |
D |
A |
D |
D |
D |
B |
D |
15 |
16 |
A |
D |
B |
D |
C |
B |
D |
B |
B |
D |
16 |
17 |
A |
C |
A |
D |
B |
B |
C |
B |
D |
C |
17 |
18 |
D |
A |
A |
D |
C |
C |
A |
B |
B |
C |
18 |
57

