400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу сауаттылығы пәні білім алушының жеке тұлғалық құндылық сапаларын қалыптастырады

Материал туралы қысқаша түсінік
«Оқу сауаттылығы» пәнін оқытуда негізгі бағытта тыңдаушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, қазақ тілінің тілдік дағдыларын функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан меңгерту басты назарда болады. Оқу сауаттылығы – білім алушының мәтіндегі ақпараттың мазмұнын бағалау, түсіну және интерпритациялау қабілеті болып табылады. PISA анықтамасы бойынша, сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамдық өмірге белсене араласу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалана алу, көрсету және жұмыс жасау болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сауаттылығы пәні білім алушының жеке тұлғалық құндылық сапаларын қалыптастырады


Наралиева Рахила Турсыновна,

Досанов Балғабай Исаевич,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

аға оқытушылары


«Оқу сауаттылығы» пәнін оқытуда негізгі бағытта тыңдаушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, қазақ тілінің тілдік дағдыларын функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан меңгерту басты назарда болады. Оқу сауаттылығы білім алушының мәтіндегі ақпараттың мазмұнын бағалау, түсіну және интерпритациялау қабілеті болып табылады. PISA анықтамасы бойынша, сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамдық өмірге белсене араласу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалана алу, көрсету және жұмыс жасау болып табылады. Оқу барысындағы шығармашылық рефлексия – жеке тұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда маңызды рөл атқарады және адамды, білімді дамытуға, білім алушының жеке тұлға болып қалыптасуына, өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің артуы, алыс және таяудағы шет мемлекеттермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік біліми-ғылым кеңістігінде ықпалының артуы, отандық білім беру саласының жаңа сапалық кезеңге көтерілуі, біліктілік деңгейі әлемдік оқу стандарттарына сәйкес және заман талабына сай келетін халық ағарту саласының алдына жаңа мазмұнды білім беру міндеттерін қойып отыр. Туған елінің тарихи құндылықтарына, тілі мен тарихына, мәдениетіне құрметпен қарап, жаһандану үдерісінде мемлекетіміздің жедел дамуына үлес қосатын білімді де білікті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Мемлекеттік тілді меңгерген білікті мамандарды қалыптастыру жаңартылған оқу мазмұнының міндетті құрамдас бөлігі болуы тиіс. Бұл мәселе отандық жоғары оқу орнына дейінгі білім беру мекемелерінде қазақ тілін оқыту үдерісін қайта қарап, еліміздің даму деңгейі мен халықаралық стандарт талаптарына сай құруды талап етеді. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде тыңдаушыларға алғашқы апталарда «Оқу сауаттылығы» пәні бойынша қазақ тілінің бастапқы бөлімін: қазақ әліпбиін, фонетиканы оқытуды қамтыса, ал келесі кезеңдерде қазақ тілінің грамматикасының негізгі бөлімдерін оқытылады да, тыңдаушылардың функциональдық сауаттылығын, коммунакативтік құзыреттіліктің тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында лексика-грамматикалық тақырыптарға сай мәдени-танымдық, патриоттық тәрбие беруге бағытталған мәдени-танымдық, тәрбиелік мәні зор оқу материалдары сұрыпталып ұсынылады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
22.12.2022
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі