Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқу тәрбие үрдісінің жылдық есебі
КМҚК «Өрел ауылындағы «Балдырған» бөбекжай-бақшасы
2017-2018 оқу жылы бойынша оқу тәрбие үрдісінің І-жарты жылдық
ЕСЕБІ
Әдіскер:А.С.Чакиртова
2017 жыл. Желтоқсан
«Балдырған» бөбекжай-бақшасының оқу әдістемелік жұмысы ҚР негізгі құқықтық заңнамалық, нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі:
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;
-
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 заңы;
-
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы;
-
«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерінеқойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары, ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы;
-
Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты,2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ;
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, ҚРБҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы;
-
Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары, ҚР БҒМ2013 жылғы 17 мамырдағы№ 499 бұйрығы;
-
1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың үлгілік оқу жоспары, ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы;
-
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы, ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы;
-
Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы, ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы;
-
Төтенше жағдайлар туралы заң 1997ж. Бұйырықтар: №102, 113,70;
-
Өрт қауіпсіздігі
-
31.01.2006ж. №125-ІІІ
2017-2018 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмыстарының жылдық жоспары құрылған. Жылдық жоспардың құрылымы 7 бөлімнен тұрады.
І бөлім
1.1.Алғы бет
1.2. Балабақша туралы мәлімет (мекен-жайы, оқыту тілі,топтың саны, балалар саны, мамандармен қамту)
1.3.Өткен оқу жылы туралы мәлімет
1.4. Жоспарлауда ескерілетін негізгі деректі құжаттар
1.5. 2017-2018 оқу жылына арналған негізгі мақсат міндеттер
ІІ бөлім
2.1.1. Іскерлік, кәсіптілік, біліктілік деңгейін көтеру.
2.1.2. Жұмыс циклограммасы
2.1.3. Құқықтық сауаттылықты көтеру
2.1.4. Мамандар туралы мәлімет
Кадрлармен жұмыс формасы:
2.5. Семинарлар
2.6. Байқау, сайыс, көрмелер
2.7 Кеңестер
2.8.Әдістемелік кеңестер
2.9. Педагогикалық іс-тәжірибелерді оқыту, енгізу және тарату
2.10.Өз білімін жетілдіру жұмыстары
2.11. Әдістемелік бөлме жұмысының мазмұны және оны ұйымдастару
2.12.Балабақшаның мектеппен байланысы
ІІІ бөлім
3.1 1. Педагогикалық кеңестер
3.1.2. Ашық оқу қызметтері
3.3.Өндірістік жиналыстар
ІV бөлім
4.1.1. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау.
4.1.2. Денені сауықтыру,шынықтыру іс-шараларының кесте жоспарлары
4.1.3. Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғанысқа байланысты өткізілетін
іс-шаралар жоспары
Vбөлім
5.Оқу-тәрбие жұмысын басқару және бақылау
VІ бөлім
6.1.1.Қоғамдық және отбасылық тәрбие
6.1.2.Ата-аналармен өткізілетін кеңес
6.1.3. Мерекелік ертеңгіліктердің,ойын-сауықтардың және тақырыптық оқу іс-әрекеттерінің жоспары
6.1.4. Жазғы сауықтыру жұмысы
VІІ бөлім
7.Материалдық-техникалық базаны нығайту
7.1. Әкімшілік шаруашылық жұмыстар
7.2. Мидицина қызметкерінің жоспары
Балабақша жайлы мәлімет
Мекен-жайы:
Катонқарағай ауданы, Өрел ауылы, Қабанбай көшесі № 67
КМҚК «Өрел ауылындағы «Балдырған» бөбекжай-бақшасы
Жобалық қуаты 140 орындық
Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.
Мемлекеттік аттестациядан өткен жылы – 2015-2016 оқу жылы
Ғимарат түрі - 2 қабатты
Жер көлемі - 0,4563 га
Жалпы ауданы-1127,8 ш.м
Құрылыс алаңы-710,5 ш.м
Ғимараттың салынған жылы-1989 жыл
Қолдануға берілген жылы - 2011 жыл
Күрделі жөндеуден өтілген жыл -2011 жыл
Топ құрамы:
Ерте жас «Айгөлек» тобы
І сәбилер «Жұлдыз» тобы
ІІ кіші топ «Балдаурен» тобы
Барлығы: 3 топ.
Бала саны: 48 бала
Оқу – тәрбие ағымында – 9 педагог бар
Оның 4–жоғары білімді педагог
5- арнайы орта білімді педагог
Жоғарғы санат –жоқ
Бірінші біліктілік санат – жоқ
Екінші біліктілік санат – 8
Санатсыз-1
Ерте жас«Айгөлек» тобы (1-2 жас), І-сәбилер «Жұлдыз» тобы (2-3 жас), ІІ-сәбилер «Балдаурен» тобы (3-4 жас) арналып құрылған.
Балабақшаның өзекті тақырыбы: Экологиялық тәрбие арқылы балаларды жан-жақты дамыту.
Оқу жылына арналған негізгі міндет:
1) Экологиялық тәрбие арқылы балаларды жан-жақты дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Тәрбиешілер үшін:
- топтарда табиғат бұрышын құру және безендіру;
- мектеп жасына дейінгі балалар түсіне алатындай қарапайым экологиялық білім беру;
- табиғатқа деген танымдық қызығушылығын ояту және дамыту;
- табиғат нысаны мен құбылыстарын бақылау дағдыларына үйрету;
- табиғатта өзін-өзін ұстау қарапайым тәртібін қалыптастыру;
- күнделікті өмірде табиғатты қолдану дағдыларын қалыптастыру
Балалар:
- қоршаған ортаға қарым қатынасының нәтижесін көре білу;
- әр түрлі іс-әрекеттен табиғатпен қарым-қатынасынан әсер алу ;
- балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру;
- балалар табиғатты қорғауда тәжірибелік білім алу;
- балалардың тілін дамыту;
- балалар тәжірибе, қорытынды, нәтиже жасауға үйрету;
Ата-аналарға:
- балалардың қарым-қатынаста қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүмкіндіктер жасау;
- баланың өзінің ойын еркін білдіруге мүмкіндік беру;
- баланың қызығушылығын, бейімділігін зерттеу және оларды дамытуға ынталандыру.
2) «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша жобалық, экологиялық іс-әрекетті негізге ала отырып мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын дамыту.
Балалармен:
- шығармашылық құзыреттіліктің барлық дәрежесін меңгерту
- балалардың сезімдік-эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру
Педагогтармен:
- мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығы бойынша ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыруға және жаңа шығармашылық
шешімдер іздеуге бағыттау
Ата-аналармен:
- баланың өзінің шығармашылық ойын еркін білдіруге мүмкіндік беру
- баланың қызығушылығын, бейімділігін зерттеу және оларды дамытуға ынталандыру.
Мақсаты: экологиялық бағытта тәрбиелеу мен оқыту арқылы балалардың шығармашылық және коммуникативті қабілеттерін дамыту.
Аталған мақсат міндеттерді жүзеге асыру үшін І-жарты жылдық оқу көлемінде атқарылған жұмыстар:
Педагогикалық кеңестер:
Оқу жылының басында педагогикалық ұжым педагогикалық кеңес туралы ереже «Білім туралы» 27.07.2017 ж ҚР заңына сәйкес педагогикалық кеңес қызметінің үлгі ережелеріне (ҚР білім және ғылым министірінің 16.05.2008 ж №272 бұйрығымен бекітілген) ережені басшылыққа ала отырып педагогикалық кеңес жоспарын құрып, меңгерушімен бекітілді. Педагогикалық кеңестің мақсаты мен міндеті айқындалды.
Міндеті-білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі педагогикалық ұжымның күшін біріктіру, білім беру ұйымында педагогикалық ұжымның қызметін педагогикалық жұмысты және оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге бағытау.
Мақсаты: оқыту тәрбиелеу процесін жақсарту және бағдарлама тапсырмаларын меңгерту. Педагогтардың мектеп жасына дейінгі балаларға экология негіздері мәдениетін қалыптастырудағы білімдерін көтеру. Оқу жылына 5 (бес) педагогикалық кеңес жоспарланды. №1 педагогикалық кеңес дөңгелек үстел түрінде өткізілді. Тақырыбы: «Жаңа оқу жылы мектепке дейінгі орталық табалдырығында»
Мақсаты : МДҰ-ның жаз мезгілінде өткізілетін сауықтыру шаралары қорытындысымен таныстыру. МДҰ жаңа оқу жылының жоспарымен таныстыру және бекіту.
1. Жазғы сауықтыру шараларының жұмыс қорытындысын шығару. (сауықтыру жұмысының қорытындысы, ойын-сауықтар)
2. МДҰ-ның жаңа оқу жылына арналған жылдық жоспарын бекіту, жұмыс тәртібі, оқу жоспары ( ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кестесі, шағын топ жұмыс жоспарлары, бағдарларламалар тізімі және технологиясы)
3. Экологиялық тәрбие арқылы балаларды жан-жақты дамыту. Сонымен қатар 2017-2018 оқу жылының жылдық жоспары , топтардың оқу жылына дайындығы сарапталды, әр топтың өтпелі тақырыптар бойынша құрылған тақырыптық-перспективтік жоспарлары және күн тәртібі, ата-аналармен жұмыс, әдістемелік кеңес, әдістемелік сағат жоспары бекітілді.
Ұсыныс: бағдарламалармен , нормативтік құжаттармен танысу, оқу. Топтарға балалардың толымдылығын қамтамасыз ету.
№2 педагогикалық кеңес дөңгелек үстел түрінде өткізіліп, мәселелелік тақырыптар қаралды. Тақырыбы: «Балалардың экологиялық құзыреттілігін дамыту.Топтағы табиғат бұрышымен жұмыс»
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымда балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы экологиялық мәдениеттілігін көтеру»
1.«Мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыруда табиғаттың рөлі».
2.«МДҰ-да заттық- дамытушы ортаны экологияландыру». Тәрбиеші Г.М.Макишева баяндама оқыды, тәрбиеші Ж.С.Джаниярова слайдты-баяндама жасады. Ұсыныс: топ бұрыштарын, заттық дамытушы бұрыштарды жасау, толықтыру, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің партфолиаларын бір жүйге келтіру, шығармашылық топ осы жөнінде жұмыстар атқару.
Әдістемелік кеңестер:
2017-2018 оқу жылына әдістемелік кеңес ережесіне сәйкес 4 (төрт) әдістемелік кеңес және аптасына бір реттен әдістемелік сағат жоспары құрылды. Әдістемелік кеңес-әдістемелік қызмет әрекетімен балабақшаны басқаруды іске асыру мақсатындағы ерікті түрдегі педагогикалық ұжым мүшелерін бірікткретін ұйым.
Мақсаты:мектепке дейінгі ұйымда әдістемелік жұмысты жетілдіру, біріңғай ақпараттық және әдістемелік кеңістікті құру.
Міндеттері:- педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыру үшін жағдайлар жасау;
-
Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларына оқыту үшін жағдайлар жасау;
-
Педагогтардың әдістемелік қиналушылықтарын түземдеу;
-
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату.
№1 әдістемелік кеңес ақпараттық кеңес түрінде өткізілді. Тақырыбы:
-
Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастарудың ерекшеліктері туралы 2017-2018 оқу жылына арналған әдістмелік нұсқау хатпен таныстыру.
Әдістемелік нұсқау хатқа 2017-2018 оқу жылы меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі ұйымдарындарының барлық түрлерінде білім беру процесін ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік материалдарды қамтиды.
Әдістемелік-нұсқау хат мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді және мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлеріне, педагогтары мен мамандарына әдістемелік нұсқаулық болып табылатындығы айтылып, күн режимі және ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы, циклограмма, өтпелі тақырыптармен таныстырылып айтылды.
Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстырылды.
Шешімі: перспективалық жоспарлар, циклограмалар өтпелі тақырыптар мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға ықпал ете отырып іске асырылып құрылсын. Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойыншабалалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға сәйкес бастапқы мониторинг жұмысы жүргізілсін.
№2 әдістемелік кеңес мәселелік кеңес түрінде өткізілді. Тақырыбы: Алдыңғы қатарлы іс-тәжірибе мектебі. Үздік іс-тәжірибені тарту. Мақсаты: алдыңғы қатарлы тәжірибені тарату, жинақтау және пайдалану, оқу тәрбиелік үдерісті сәтті өткізуге ат салысу, педагогикалық ұжымның білім сапасын жақсарту. Мектепке дейінгі тәрбие Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналына тәрбиеші Ж.С.Джаниярованың «Жаңа жылды тойлайық» тақырыбында жіберілген ертеңгілік жоспары, Г.М.Макишева, Н.З.Ултаркова ның материалдары шықты.
Жоспар бойынша аптасына бір рет әдістемелік сағаттар өткізіліп тәрбиешілерге кеңес беріліп отырылды.
Әдістемелік сағаттар: Қыркүйек айы. Нормативтік құжаттармен жұмыс;
Мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшаға бейімделу кезеңі;
Педагог қызметкерлердің кәсіби қызметінің нәтижелілігін бағалаудың рейтингілік жүйесі. Жылдың басы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптарды қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар;
Қазан айы: Мектепке дейінгі ұйымда заттық дамытушы ортаны құру;
Топтарда санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы;
Өз білімін жетілдіру жоспары;
Қараша айы: Вариативтік сабақтар;
Тәулік барысындағы ойындар технологиясы;
Желтоқсан айы: Педагогтардың, тәрбиеленушілердің портфолиаларын дайындау бойынша жадынамалар;
Сабақтан тыс уақыттағы балалардың құрылымдық жұмыстары;
Қоршаған ортаны тану бойынша ұйымдастырылған оқу қызметіндегі балалардың сенсорлық тәрбиесі;
Семинарлар: Бақшаішілк оқу семинары ұйымдастырылып өткізілді. Жауапты әдіскер А.С.Чакиртова мен психолог маманы Ж.Е.Токтарбаева. Семинар бағдарламасы құрылды. Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда экологиялық ортаның алатын орны.
Мақсаты:Мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үдерісін дамыту, қажеттіліктерін талдау.
Семинарда әр түрлі тренинг жаттығулары өткізіліп, тақырып бойынша слайды баяндамалар жасалды. Педагогикалық ұжымның қатысуымен «Балабақшаның болашағы» макеті құрылып, тәрбиешілер өз ойларын, пікірлерін ортаға салды.
Байқау, сайыс, көрмелер:
Оқу жылының басында «Жаңа оқу жылына ең үздік ойын алаңы» атты топтар арасында сайыс өткізілді. Онда топ тәрбиешілері балалардың ойын алаңдарына тазалық жұмыстарын жасаумен қатар балаларға жайлы ойын алаңын жасады. Сайыс қорытындысында барлық топқа мақтау қағазы берілді. Ұсыныс: санитарлық талаптарға сәйкес ойын алаңдарын құру. Қолдан жасалған әр түрлі макеттер, бұйымдар жасауды ұйымдастыру.
Көрме: Ата-аналардың қатысуымен «Алтын күз» тақырыбына табиғи материалдардан көрме ұйымдастырылды. Онда ата-аналар әр түрлі жемістерден, қағаз бұйымдарынан көрнекі құралдар жасап әкелді. Үздіктер анықталып, топтар мен ата-аналар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ұсыныс: топтардағы ата-аналарды көптеп қатыстыру.Балалар шығармашылығын жасалған бұйымдарды көрсету.
Ертеңгіліктер: «Берекелі алтын күз» тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Мерекеге деген қызығушылықтарын арттыру. Күз туралы ән, өлеңдерді айтқыза отырып, би билетіп білімдерін тиянақтау. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр сырын тақпақтап, өлең жолдары арқылы ой өрісін дамыту.
Ұсыныс: Балаларға ертегіні кейіптендіріп ойнауға көп жұмыстану. Балаларға биді, әнді көп қайталатып, жандандыра сөйлеуге үйрету.
Қызметкерлер ән сөздерін білуі керек. Би қозғалыстары әннің сөзіне сәйкес болуы керек. Биге, ойынға қажетті құралдар алдын ала дайындалуы керек. Балалар жасына сай болуы қажет. Ертеңгілікке кіретін кейіпкерлер сөзін жатқа білуі және қолдарында мерекеге сай құралдар болуы керек. Ертеңгіліктерге тәрбиешілерде киіндіру, қатыстыру.
«Елін сүйген Елбасы» тақырыбында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне танымдық сағат өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпаққа Президентімізің сан қырлы талант иесі, құдыретті тұлға екендігін таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Ұсыныс: балаларды бір-бірін тыңдауға, кезекпен сөйлеп, толық жауап беруге дағдыландыру.
«Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» тақырыбында тәуелсіздік күніне арналып ертеңгілік өткізілді.
Мақсаты: Балаларды Отансүйгішке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңгі иелерін тәрбиелеу. Балалардың сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыра отырып Тәуелсіздікке арналған тақпақ, өлеңді жатқа айтуға үйрету. Есте сақтау қабілетін дамытып, көңіл күйлерін көтеру.
Ұсыныс: Дайындалған слайд балаларға түсінікті болуы тиіс және қысқа түрде ғана оқу. Тақпақты мәнерлеп айтуға, дауыс ырғағын салып айтуға үйрету. Баланың есте сақтау қабілетін дамыту, жаттатып айтқызу. Сапқа тұруға, дұрыс жүруге дағдыландыру.
Жүргізушілердің үлгі жоспарлары жинақы, сыртқы беті ертеңгілікке сай безендірілген болуы қажет. Дұрыс басқара білу,ертеңгіліктің ретін білу.
«Қош келдің, Жаңа жыл» ертеңгілігі өткізілді.
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршыаның қандай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың, мыстан кемпірдің карновалдық киімдеріне назар аударту. Көңілді ойындар ойнату, достық-қарым-қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Ұсыныс: Ата-аналарды көптеп қатыстыру. Балалардың музыкалық қабілеті мен шығармашылыған шыңдау. Дауыстарын ашу, мәнерлеп айтуға, тақпақтарды жатқа айтуға дағдыландыру.
Апталықтар: қазан айында «Таза ауадағы денсаулық сақтау құзыреттілігі» апталығы жүргізілді. Балалар серен кезінде әр түрлі спорттық ойындар ойнады, таза ауада жаттығулар жасады, ауыл ішіндегі саябаққа саяхатқа барды.
Қараша айында «Денің сау болсын!» денсаулық апталығы жарияланды. Онда медбикемен бірге денсаулық шаралары ұйымдастырылды. Тазалықты сақтау, гигеналық шаралар туралы түсіндірілді.
Ашық ұйымдастарылған оқу қызметтері: өтпелі тақырыптар бойынша құрылған. Апта тақырыптарына сәйкес қазан айында «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша «Алтын күз» тақырыбында ІІ –сәбилер «Балдаурен» тобы тәрбиешісі Қ.Т.Батекенова, қараша айында «Коммуникация» білім беру саласы бойынша «Өзіңе және өзгелерге көмектес» тақырыбында ІІ-сәбилер тобы тәрбиешісі К.К.Мусина, «Таным» білім беру саласы бойынша тәрбиеші Г.Б.Шагалинова ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін көрсетті.
Мектеппен сабақтастық жоспары құрылып, мектеп алды тәрбиешісімен байланыс жұмысы жүргізіліп отырылды. Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісімен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді.
Ұлттық паркпен байланыс: Балаларға экологиялық тәрбие беру мақсатында маусымдық экскурссиялар ұйымдастырылды. Ұлттық парктің мұражайынан балалар табиғат туралы суреттер, аң-құстардың макеттерін, қолдан жасалған бұйымдарды көріп, тамашалауға барды. Балалар тірі табиғатпен танысып, жыл мезгілдерінің ерекшеліктері туралы білді.
Ата-анамен жұмыс: жыл басында ата-аналармен жұмыс жоспары бекітіліп, әр-түрлі тәрбие жұмыстары мәдени шаралар жүргізіліп отырды. Ата-аналар барлық ашық байқауларға, ертеңгіліктерге қатыстырылды. Ата-аналар тарапынан әр топтарға қолдау көрсетіліп отырылады, психолог маманының жоспарына сәйкес ата-аналарға арналған саулнамалар алынды. Топтық жиналыстар, балабақшаның жалпы ата-аналар жиналысы жүргізіліп отырылды.
Қорытынды: 2017-2018 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – Стандарт), (2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі –Үлгілік бағдарлама) (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1 қосымша), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулыққа (бұдан әрі –Нұсқаулық) сәйкес ұйымдастырылады.
Стандартта мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар айқындалған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:
- өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар;
- апталық циклограмма;
- балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы іске асырылады. Осы жерге дин о0у
Жаңартылған білім мазмұны аясында биылғы оқу жылында оқу тәрбиелеу үрдісіне ерекшеліктер енгізілді. Білім беру салалары мазмұнын кіріктіруді балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес Үлгілік бағдарлама мазмұнын игерудің сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ететін өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар арқылы жұмыс жасайды.
І-жарты жылдық оқу қорытындысы бойынша жарты жыл көлемінде педагогтардың ұйымдастаралған оқу қызметтеріне, даярлықтарына, жалпы жұмыс көлемі мен бағытына меңгеруші мен әдіскер тарапынан бақылау жүргізілініп отырылды. Балалардың балабақшаға күнделікті қатынауы қадағаланып, күн тәртібінің сақталуына бақылау жасалынды. Педагогикалық кеңес шешімі бойынша,оқу жылында тәрбиешілер оқу тәрбие үрдісіне технолгиялық картаны қажеттілігіне қарай оқу қызметіне күнделікті қолдануы үшін қолмен жазып отырды. Өтпелі тақырып бойынша циклограмма, перспективалық жоспар құрылып жүйелі тексеріліп отырылды. Серуенді жоспарлау мен ойындардың ұйымдастырылуына бақылау іс-әрекеттеріне, картотекалар жаңадан жасалынып, бақылауға алынып, тексерілді. Балалар жас ерекшеліктеріне сай бағдарламалық материалдарды біледі. Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын иегру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына бастапқы мониторинг жүргізіліп бала дамуының көрсеткіші шығарылды. Тәрбиеші педагогтардың жұмыстары сараланып рейтингісі шығарылып, мониторингі жасалды. Жылдық жоспардың міндеттерін орындауда экологиялық бағытта тәрбиешілер жоба жұмыстарын жүргізуде.
Ұсыныстар: педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану мен үйренуге іздену. Педагог іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру. Алдына қойған мақсатқа жете білу, жұмысқа тыңғылықты көзкараспен қарау. Балабақша педагогтары мен тәрбиеленушілерінің портфолиоларын жаңалау, әдістемелік қоржындарын қажетті материалдармен толықтырып отыру.
Білім беруді ақпараттандыру, коммуникациялық желілірге сайдттарға шығып іс –тәжірибе алмасу. Ата-аналармен жұмысты жандандыру, іс-шараларға көптеп қатысуға тарту. Санитарлық талаптарға сәйкес ойын алаңдарын құру, балабақшаның ішкі сыртқы көрінісін жаңалау.
Балабақша меңгерушісі: Г.М.Игибаева
Орындаған: А.С.Чакиртова
Жоспар бойынша жазып вариативті кіргізіа мониторнингті соңғы жиынтық есеп бойынша жазып тәрбиешілерге рейтингтік жүйені кіргізіп жазу. Ашық сабақтар ертеңгіліктер семинарды жазу гуля мен жұпардың мақалаларын кіргізу.
Әдістемелік сағаттар: Қыркүйек айы. Нормативтік құжаттармен жұмыс;
Мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшаға бейімделу кезеңі;
Педагог қызметкерлердің кәсіби қызметінің нәтижелілігін бағалаудың рейтингілік жүйесі. Жылдың басы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптарды қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстырылды, талданды.
Қазан айы: Мектепке дейінгі ұйымда заттық дамытушы ортаны құру;
Топтарда санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы;
Өз білімін жетілдіру жоспары құрылды, педагогтарға жұмыс бағыттары түсіндірілді.
Қараша айы: Вариативтік сабақтар;
Тәулік барысындағы ойындар технологиясы тақырыптарында болды.
Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімі туралы ережесімен таныстырып, балалардың қабілетін ашу, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру туралы кеңестер берілді.
Желтоқсан айы: Педагогтардың, тәрбиеленушілердің портфолиаларын дайындау бойынша жадынамалар қарастырылды. Портфолиолары түзетіліп толықтырылды.
Қаңтар айы:

