Ұстаздарға арналған әдістемелік
тренинг жоспары
Семинарды тыңдаушылардың саны:
30
Мерзімі: 14.02.25ж.
Ұйымдастырушы: Буталиева
И.К.
Тақырыбы: «Оқу үдерісін ұйымдастырудағы
қиыншылықтар»
Мақсаты: - Оқу үдерісін ұйымдастырудағы
қиыншылықтармен кездескен педагогтардың эмоцияналды және кәсіби
жануының алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай
дамыту.
Міндеттері:
-
Ұстаздардың танымдық процесстерін анықтау;
-
Педагог стилі және оның түрлерімен таныстыру;
-
Авторитарлы стилдің ұжымға және бала психологиясына кері әсерін
түсіндіру Ресурстары: (материалдары, көздері) Стикер, видеоролик
«Звездочка на земле», тренинг-жаттығу, сауалнама,
әдістеме.
Эпиграф: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды
тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан
қартаямыз.»
Бернерд Шоу
Жоспар:
1. «Сәлемдесу» ойыны (психологиялық
ахуал)
2. «Өзін-өзі таныстыру» тренингі (Мұғалімдердің
әр түрлі көзқарасын анықтау)
3. Педагогикалық жағдаяттар
әдістемесі. Топқа бөлу (онлайн
платформалар арқылы)
4. Арт-терапиялық жаттығу: «Кезекпен
сурет»
1.
«Сәлемдесіп алайық»
ойыны.
Мақсаты: жақсы көңіл күй
орнату.
Қазір біз сіздермен ойын
ойнайық, әрі қимылмен тез-тез көрсетулеріңіз
сұралады. «Бастаймыз» деген белгі бергенде, мен қалай
амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез
амандасып аласыздар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыздар. Сонымен:
көзбен, қолмен, иықпен, құлақпен, тіземен, иекпен, өкшемен,
арқамен.
2. «Өзін-өзі таныстыру»
тренингі
Мақсаты: Топтағы адамдармен танысу және қандай
көзқараспен қарайтынын, топқа өзін қалай ұстайтынын
бақылау.
Тренинг барысы: Ұстаздарды шеңберге тұрғызып,
бір-бірінің қолдарын ұстап тұрып өздерін таныстырып, мамандықтарын
таңдауға кім көмек берді, осы мамандықты
3. Педагогикалық жағдаяттар
әдістемесі
«Ұстаздық еткен жалықпас
үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздық атаққа
азапты еңбек, шынайы шеберлік арқылы ғана қол жеткізуге
болады.
Педагогикалық жағдаяттар әдістемесінен ұстаздарға
сұрақтар беріледі.
Нұсқау: Сіздерге педагогикалық жағдаяттар
беріледі, соған топтарыңызбен көрініс арқылы жауап
бересіздер.
1-жағдаят.
Әлеуметтік желілердегі сыни
пікірлер
Оқушылардың ата-аналары мектеп пен мұғалімдер
туралы сын пікірлерін әлеуметтік желіде ашық түрде жаза бастады.
Бұл мұғалімдердің беделіне әсер етіп, олардың жұмысына деген
сенімсіздік тудыруда.
2-жағдаят.
Білім
алушы педагогқа: Сіздің сабақта айтқаныңыз,
қорғайтыныңыз маған ұнамайды? – деді. Педагогтың жауабы
қандай?
3-жағдаят.
Ата-аналардың бірі мұғалімге үнемі хабарласып,
баласының бағасын көтеруді немесе ерекше жағдай жасауды талап
етеді. Егер мұғалім келіспесе, ата-ана мектеп әкімшілігіне
шағымданатынын айтып қорқытады.
4-жағдаят.
Оқушылардың сабаққа мотивациясының
төмендеуі
Соңғы уақытта көптеген оқушылар сабаққа
немқұрайлы қарай бастады. Үй тапсырмаларын орындамайды, сабақта
белсенділік танытпайды, тіпті, кейбірі сабаққа мүлдем келмей
қалады. Мұғалім олардың неге бұлай өзгергенін түсіне
алмайды.
5-жағдаят.
«Мен тағы дәптерімді ұмытып кеттім» /үй
тапсырмасын орындауды т.с.с./, - деді білім алушы педагогқа.
Педагог бұған қалай әрекет етеді?
6-жағдаят.
Білім беру жүйесіндегі
өзгерістер
Жаңартылған бағдарлама бойынша мұғалімдерге жаңа
талаптар қойылды. Бірақ олар бұл өзгерістерге дайын емес немесе
жаңа жүйеге бейімделуге қиналуда. Кейбір мұғалімдер өзгерістерді
қабылдамауға бейім.
Топтар арасында жауаптарды
талқылау.
4. Арт –терапиялық жаттығуы: «Кезекпен
сурет»
Мақсаты: Ұстаздар қауымын ортаға шығарып, тақтаға
суреттің аяқталмаған түрін іліп, екі топқа бөліп, сурет
салғызу.
Барысы: Тақтада аяқталмаған сурет ілініп тұр.
Мысалы: Түйенің , жылқының суреттері, соны кезекпен келіп бір сызық
арқылы аяқтау.
Алған әсерлерімен бөлісу.
Рефлекция. (берілген сілтеме
бойынша өтіп, форма толтыру). Мұғалімдер бүгінгі сабақтан алған
жағымды әсерлерімен бөліседі. Біздің жолымыз біткен жоқ, біз
сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез-келген мақсатқа жеткенде
біздің алдымыздағы жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шегі
жоқ!!!
Жоспар:
1.
Оқушылардың танымдық процесстерін анықтау
әдістемелері нәтижесімен
таныстыру.
2.
Мұғалімдердің танымдық процесстерін анықтау;
3. Білім алушылардың мінез және
темперамент ерекшеліктері;
4.
Стресстің бала психологиясына кері әсері;
5.
Мұғалімдердің үш стилі және оның маңызы;
6. Ұжымдағы жағымды ахуалды
анықтауға
сауалнама.
7. «Мұғалім оқушы көзімен»,
«Бес пайдалы кеңес» тренингтің
қорытындысы.
2.
Педагог стилі және оның түрлеріне тоқталу.
1. Авторитарлы стиль – шектен тыс қаталдық,
басқару, бағындыру стилі
2.
Либеральды стиль – немқұрайлылық, шектен тыс
еркіндік.
3. Гуманды стиль – баланың бойындағы жақсы
қасиетті көре білетін, мәдени-этиканы жоғары сақтаған
ізгі мұғалім стилі.
3. Гуманды, классик педагогтардың ұстаз
туралы афоризмдері
«Мектепті емес – мұғалімнің рухани жан
дүниесін реформалау
қажет».
Ш.А. Аманашвили
Мұғалімдерге педагог стилдері және оның түрлері
айтылып, авторитарлы стилдің ұжымға және бала психологиясына кері
әсері түсіндіріледі.
Мұғалімдерге «Звездочка на земле» филімі
көрсетіледі. Мұғалімдерге гуманды, классик педагогтардың
афоризмдері айтыла келе «Ұлағатты ұстаз қандай болуы тиіс?» деген
сұраққа жауаптар беріледі. Мұғалімдерге бала тәрбиелеместен бұрын,
алдымен өзін тәрбиелеуі тиіс екендігі туралы кеңес
беріледі.
Мұғалімге арналған ереже: 1. Басқаларға
үйреткеніңді алдымен өзің орында. 2. «Өзіңді микроскоптың астына
салып қарап шық» Педагогикадағы сүйіспеншілік - “Алдымен сүю керек,
содан соң оқыту керек”. Я. А. Коменский - “Ізгі ниеті жоқ адамның
қолындағы білім, жынды адамның қолындағы қылышпен тең”. Д.И.
Менделеев - Шәкірттің кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің.
Баланың кемшілігін емес, жеңісін ізде. - Балаға сыйлы боламын
десең, алдымен баланы өзің сыйла. М. Макаренко.
Видеоролик
«Жердегі жұлдызшалар» Мұғалімдер педагогтың үш
стилі туралы видеороликті тамашалап, өз ойларын, ұсыныстарын ортаға
салады.
Ұсыныстар
1. Сабақ бастамастан бұрын мұғалімдер
оқушылардың қысылу, қысымнан арылуға көмектесу жағдай
жасау қажет. Релакцация, психологиялық
тренинг, жаттығулар жасау
қажет.
2.
Стресс, қысым, қорқыныш кезінде мидағы ақпараттар
блакировка болып қалады. Жалпы мида блакибатр
бар
Рефлекция Мұғалімдер бүгінгі сабақтан алған
жағымды әсерлерімен бөліседі.
5. Ойын : «Мен кіммін, мен қандаймын», «Менің
жақсы ж/е жаман қасиеттерім». «ТАРАЗЫ» жаттығуы.
6. Ал енді бізді басқалар қандай деп ойлайды?
Парақтағы жасырын есімді оқып оның жақсы және жаман қасиетін жазу,
өзінің жазғанымен таразыдан өткізу. /а/ Тест: «Сіз жанжалшылсыз
ба?»
8. « Ұжымдық массаж» жаттығуы /көңіл – күй
жаттығуы/ 9. Бүгінгі кездесуге бағаларыңызды беріңіз.Ой
пікірлерімен бөлісу. Әр кезде мына кепілдеме естеріңізде болсын ...
/кепілдеме үлестіру/ Рахмет, сау болыңыздар!
сихолог: Біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен
әрдайым қозғалыстамыз. Кез-келген мақсатқа жеткенде біздің
алдымыздағы жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шеті
жоқ!!!