400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу үдерісінде АТҚ құралдарын қолданудың ұтымды жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-ағарту саласында жаңа мазмұнды оқу бағдарламалары жасалуына байланысты біздің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздар ұжымы да (толық мәлімет: https://farabi.university сайтында) инновациялық оқыту жүйесін – АТҚ құралдарын пайдалану әдісін оқу үдерісінде белсенді пайдаланады. Сабақтардың құрылымы дәстүрлі түрде ғана емес дидактикалық ойын немесе сайыс сабағы ретінде құру тыңдаушылардың белгілі бір пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, білімін де тереңдете түседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу үдерісінде АТҚ құралдарын қолданудың ұтымды жолдары


Қазіргі таңда еліміздегі оқу-ағарту саласында жаңа мазмұнды оқу бағдарламалары жасалуына байланысты біздің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздар ұжымы да (толық мәлімет: https://farabi.university сайтында) инновациялық оқыту жүйесін – АТҚ құралдарын пайдалану әдісін оқу үдерісінде белсенді пайдаланады. Сабақтардың құрылымы дәстүрлі түрде ғана емес дидактикалық ойын немесе сайыс сабағы ретінде құру тыңдаушылардың белгілі бір пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, білімін де тереңдете түседі. Осы бағытта пән оқытушылары концентрлі қағида бойынша білім алушыларға қандай ақпарат беретін, сабақтың мазмұны мен құрылымы қалай болатынын жоспарлайды. Қазақстан тілі сабағында тақырыптарға қатысты жаңа сөздерді, тілдік бірліктерді тыңдаушылардың жадында тез сақтату үшін компьютердегі тірек сызбаларды, венн диаграммаларын, эйлер шеберлерін, т.б. қолдану тиімді болады. Сабаққа, тақырыпқа сай қажетті ақпараттарды, мәліметтерді «хэштег» арқылы ғаламтордан, әлеуметтік парақшалардан жылдам таба алады.

Оқу-әдістемелік кешенде оқытудың концентрлі жолымен бірге тура сатылы қағидалары аралас ұсынылған. Тыңдаушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері ескеріліп, материалдар іштей сұрыпталып беріледі. Мысалы, көптілді дәрісханада түркі тілдес білім алушылар мен өзгетілді тіл үйренушілерге арналған тақырыптас лексика-грамматикалық материалдар өзара сұрыпталынып өте жеңіл, жеңіл, жеңілдеу болып бөлінеді. Тіл сабағында оқушылардың белсенділігін арттыру барысында, сапалы да саналы білім алуы үшін әдетіне сіңіру, дағдыландыру сияқты психологиялық жайттар ескерілуі керек»

Тыңдаушыларға қазақ тілі мен Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық сабақтарын оқыту барысында АТҚ құралын қолдану өте тиімді. Шетелдік тыңдаушыларға сан есім туралы слайд көрсету арқылы мағлұмат бере отырып, тілдің негізгі аспектілері бойынша тренинг жаттығуларды орындату арқылы тілдік дағдыларын дамытылады.

Дайындық бөлімінің тыңдаушыларына қазақ тіліндегі заттар мен құбылыстардың сандық ұғымын қалыптастыру жолында әуелі сан есім туралы бастапқы ұғым түсіндіріледі.

Заттардың сандық мөлшері, сан есімнің көбінесе зат есіммен тіркесетіні түсіндіріледі. Сан есімді оқыту барысында АТҚ құралымен қатар көркем әдебиеттің, тарихтың материалдарын пайдалану тыңдаушыларға теориялық біліммен қатар мәдени-танымдық тұрғыдан ақпарат беріп, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын құрметтеуге баулиды.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары Наралиева Р.Т., Бегалиева А.К., Буланова С.Т.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 сәуір
6
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі