Материалдар / Оқу үрдісінде STEM технологиясын пайдалану

Оқу үрдісінде STEM технологиясын пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
STEM - білім беру білім саласы жаратылыстану, математика және информатика, робототехника, құрастыру, бағдарламалау, модельдеу, 3D – жобалау, графикалық дизайн, технологиялық сауаттылық, инженерлік тәжірибе қабілеттіліктерін, дағдыларын дамытуға бағытталған пәнаралық байланыс. Пәнаралық байланыс арқылы, STEM оқыту жүйесін дамыту мақсатында IT кабинеті ноутбуктермен, лего, мехотроникаға арналған құрал жабдықтар, 3Д принтирмен, интерактивті тақта, проекторімен, «Робототехника» қосымша сабағында студенттер EV3 құралдарын танысып, роботтар құрастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2022
672
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу үрдісінде STEM технологиясын пайдалану


Президентіміздің жаңа Қазақстан құру туралы айтып жатқан мәселелерін іске асыру қоғамның сұраныстары, жеке тұлғаның мүдделері де өзгеруде.

Қазіргі кезде цифрлық білім беру технологияның жедел дамуы барлық саланы цифрландырудың жылдам дамуына байланысты STEM білім беру маңызды және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ерекше назар аударуда.

Қазіргі кезде білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылық, логикалық қабілетін дамыту – бүгінгі заман талабы. Оқу жүйесінің басты мақсаты білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жайындағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында цифрландыру барлық реформаның басты элементі деп атап өтті. Қазіргі уақытта цифрлық технологияның жедел дамуы, ғылымда математика, информатика, технология пәндерін, өнер мен инженерия сияқты басты салалар бір мезгілде дамуы бір сөзбен айтқанда STEM деген сөзбен айтуға болады.

SТEM деген сөздің мағынасы:


STEM аббревиатурасын алғаш рет американдық бактериолог Р.Колуэлл 1990 жылдары ұсыңған, бұл 2000 жылдары қолдана бастады. STEM негізінде бұл тұжырымдаманың жаңа нұсқалары пайда болды, ең көп тараған STEАM (ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) және STREM (ғылым, технология, робототехника, инженерия және математика).

Технологиялардың қарқынды дамуының арқасында жаңа мамандақтар пайда болуда, STEM мамандардарының қажеттілігі күннен күнге керек болуда. STEM - білім беру саласы мемлекеттік бағдарламалармен жүргізіледі.

STEM технологиясы студенттердің сыни ойлауға, креактивті ойлауға, өз бетінше білі алуға жетелейді.




STEM - білім беру білім саласы жаратылыстану, математика және информатика, робототехника, құрастыру, бағдарламалау, модельдеу, 3D – жобалау, графикалық дизайн, технологиялық сауаттылық, инженерлік тәжірибе қабілеттіліктерін, дағдыларын дамытуға бағытталған пәнаралық байланыс.

Пәнаралық байланыс арқылы, STEM оқыту жүйесін дамыту мақсатында IT кабинеті ноутбуктермен, лего, мехотроникаға арналған құрал жабдықтар, 3Д принтирмен, интерактивті тақта, проекторімен, «Робототехника» қосымша сабағында студенттер EV3 құралдарын танысып, роботтар құрастырады.

Бұл дегеніміз цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану, шығармашылық тапсырмаларға, шағын жобаларға, топтық, жұптық жобаны оқу үрдісінде қолдану. Нақты ғылымдардың негізгі принциптерінде STEM технологиясы арқылы білім беру студенттердің қызығушылықтарын әрі қарай дамытып, өз бетінше, теорияны практикамен ұштастырып, бәсекеге қабілеті күнделікті өмірімізге енгізу барасында цифрлық сауаттылықты, заманауи шығармашылық қабілеттерін дамытады және қызушылығы артады.

STEM білім берудің артықшылықтары:

  • тақырыптар бойынша кіріктірілген оқыту;

  • ғылыми- техникалық білімдерді өмірде пайдалану;

  • сыни тұрғыдан ойлау және есептер шығару дағдыларын дамыту;

  • өзіне деген сенімді қалыптастыру;

  • белсенді қарым - қатынас және командамен жұмыс;

  • техникалық пәндерге қызығушылығын арттыру;

  • жобаларға креактивті және жаңашыл көзқарас;

  • әр баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың іс-әрекетіарқылы техникалық шығармашылыққа мотивациясын дамыту.

STEM білім беру – жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік беретін инновациялық әдістеме. Физика пәнің STEM жүйесі бойынша оқытудың маңызы зор.

STEM оқытуды енгізу үшін жаратылыстану циклінің субъектілерін біріктіруге болады. Физика пәнінің оқытушысы болғандықтан мен робототехникаға қызығушылығын анықтау мақсатында студенттерге сауалнама жүргіздім.

Каhoot – білімді тексерудің ыңғайлы, қызықты ресурсы Кahoot-мобильді құрылғыларды дұрыс жауабы бар онлайн викторина, тест тапсырмаларын сурет, видео т.б. құруға мүмкіндік беретін сервис. Интернет сервистің веб сайты – www.getkahoot.com.


Сұрақтар

Жауабы:

1

Сізге робототехника қызықтыра ма?

Иә

Жоқ

2

Робототехника қалай жасалынғанын білесің бе?

Иә

Жоқ

3

Робототехника кружокқа қатысқың келе ме?

Иә

Жоқ

4

Робототехника пәні болғанын қалайсың ба?

Иә

Жоқ

5

Робот деген не білесің бе?

Иә

Жоқ

6

Робототехника қолданылатын салалар ...

Иә

Жоқ

7

EV3 дегеніміз не?

Иә

Жоқ

8

Мотор дегеніміз не?

Иә

Жоқ

9

Датчик дегеніміз не?

Иә

Жоқ

10

3D модельдеу дегеніміз не?

Иә

Жоқ


Сабақ беретін 120 студенттен сауалнама алғанда, ер балдардың робототехникаға қызығушылығы басым екен байқадым.


Нақты ғылымдардың негізгі принциперінде STEM білім берудегі техникалық және гуманитарлық мамандықтарға шығармашылық қабілеттерінің дамуына жобалық ойлау және кеңістікті ойлауды қалыптастырады..

Заман ағымына қарай инновациялық технологияларды қолдану, кез келген сабақта цифрлық білім ресурстары мен электрондық оқулықты, интерактивті тақта, интернетті пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаев халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қашықтықтан оқытуды біртіндеп дәстүрлі оқуға көшуді, қолжетімді әрі сапалы білім беру бәсекеге қабілетті маман дайындау және «Біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарқында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн» деп атап өткендей, қашықтықтан оқыту технологияларының кез келген цифрлық білім беру ресурстары мен АКТ-ның сан алуан нұсқаларын пайдаланып қашықтықтан оқытуда "ZOOM" және "Daryn Member" платформа мен ютуб каналында бейне сабақтары, инновациялық оқу әдістемелерді енгізу арқылы студенттердің саналы да сапалы білім сапасын арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технология пайдаланудамын.

Бұл дегеніміз жаңа Қазақстан бірінші кезекте сапалы, сауатты және саналы білімді меңгерген білікті мамандарды дайындау үшін оқытушы әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданатын болса, онда студенттердің шығармашылық қабілеттері, білімге деген қызығушылығы артады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ