Оқуға құшатр жобасы бойынша Мен де оқыдым, сен де оқы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқуға құшатр жобасы бойынша Мен де оқыдым, сен де оқы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен де оқыдым, сен де оқы

Мақсаты: Оқушыларды әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру.
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: топтық жұмыс, ой қозғау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: топ аттары, сайыс түрлері, қима қағаздар.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық.
Кіріспе сөз. Бүгін біз сендермен «Мен де оқыдым, сен де оқы » атты сайыс сабағымызды өткіземіз.
Оқушылар асық арқылы топқа бөлінеді.
1топ Алғырлар
2-топ Білімділер
3-топ Ойшылдар

Әр топ ұрандарын атап, өздерін таныстырады.
Балаларға кезеңдері таныстырылады

1 кезең Таныстыру ( әр топ өз ұрандарын айтып шығады)

2 кезең Бәйге сұрақтары (Quizziz әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді)

3 кезең Ұшқыр ойдан ұтымды жауап (Сұраққа мақал арқылы жауап береді)

4 кезең Тұлғаны таны (Әр тұлғаның өмірі есеп арқылы беріледі , кім екенін табу керек)

5 кезең Мен оқыған өлеңдер ( әр ақынның өлеңдерінен үзінділер алынады,жауап береді)

6 кезең «Ғажайып сандық»

1 кезең Таныстыру

Әр топ өздерін таныстырып шығады

1-топ Білгірлер

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.


2-топ Ойшылдар

Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты шаң қаптыру межеміз.


3-топ Алғырлар

Алғырлармыз, дарынбыз

Таң қалдырар бәрін біз.

Әдебиеттің сайысына

Ерекше біз дайынбыз


2 кезең Бәйге

«Бәйгеге түсіп жарыспай,
        Жүйріктің бағы жанар ма?
        Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар мән.

Quizziz әдісі арқылы топтар сұрақтарға жауап береді

  1. Абайдың қанша қара сөзі бар?

2. «Аяз би әліңді, құмырсқа жолыңды біл» қай ертегіге тән мақал?





3. «Алып Ер Тұңға» қандай жырға жатады?

  1. 870 жылы дүниеге келген ғұлама кім?

1490 жылы дүниеге келген жырау кім?

6. 1889 жылы Абайдың қай өлеңін жазды?

7. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады...» Нешінші қара сөзі?

8. 1912 жылы Троицик қаласындағы медреседе оқыған ақын кім?

9.Үш бәйтеректі атаңыз

10. Бес арысты атаңыз


3 кезең Ұшқыр ойдан ұтымды жауап (Сұраққа мақал арқылы жауап береді)

«Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.» ,-деп келесі кезеңді бастаймыз


1-топ:
1. Қар жанады ма? (Қалауын тапса, қар жанады)
2.
Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (қолыңнан келсе, қонышыңнан бас)
3. Оттан не ыстық? (Отан оттан да ыстық)
4. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс күймейсің)

2-топ:
1. Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті)
2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)
3. Шошқа үре ме? (Қорада ит жоқта шошқа үреді)
4. Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)

3-топ:
1. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)
2. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді)
3. Ер қаруы нешеу? (Ер қаруы – бес қару)
4. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (Батыр бір рет, қорқақ мың рет өледі)


4 кезең Тұлғаны таны (Әр тұлғаның өмір сүрген жылы есеп арқылы беріледі, кім екенін табу керек)

«Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. » — деп келесі кезеңді бастаймыз. 

Балалар есепті шығару арқылы ақын, жаузшылардың кім екенін табады


4000:2-127= 1873 ж. Ахмет Байтұрсынұлы)

1000*2-106= 1894 ж. Сәкен Сейфуллин)

2000+125-228= (1897 ж. Мұхтар Әуезов)

Мағжан Жұмабаев

Ыбырай Алтынсарин

Жұмабек Ташенов


5 кезең Мен оқыған өлеңдер ( әр ақынның өлеңдерінен үзінділер алынады,жауап береді)

Оқушыларға өлеңдер беріледі, сол өлеңді мәнерлеп, жатқа айтады

1.Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам!

.................................................................................................................






Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда,кім болам?


2.Арсыз,малсыз,ақылсыз,шаруасыз

Елірмелі маскүнем байқалған соң

.........................................................................................................................

Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,

Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал,қой!


3.Жұпарын қардай боратып,

Арулар қашқан өкінбес

...........................................................................

Торы төбел ат мініп,

Той тойлаған өкінбес


4.Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

.....................................................................................................
Көкте — бұлт, жерде — желмін гулеген,
Жер еркесі — желдің жөнін кім сұрар?


5.Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,

Қасіреттің жасына көз жуынар

...............................................................

О,жаратқан,көп неткен ақымағың,

Құм сықылды тез ысып,тез суынар


6.Болмасаң да,ұқсап бақ

Бір ғалымды көрсеңіз

..............................................................

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз


6 кезең «Ғажайып сандық»

Сандықтан сандар таңдау арқылы сұрақтар алынады, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Кейіпкерлер әлемі

20 ұпай. «- Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманы, құстың жаманын және шөптің жаманын тауып әкеліңдер». Қай ертегідегі кімнің сөзі?
2. 30 ұпай. «Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін?! Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар - жоғары идеялы есімдер». Кімнің қай шығармасындағы кейіпкердің сөзі?
3. 40 ұпай. «Биыл оның жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол - аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет - бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала - бозбаланың қалпына бейімделген». Қай кейіпкердің портреті?

Әдебиет теориясы
1. 20 ұпай. Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін - кейпін, жүріс - тұрысын суреттеуді не деп атайды? (портрет)
2. 30 ұпай. Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілін не деп атайды? (Кейіптеу)
3. 40 ұпай. Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі не деп аталады? (Диалог)

«Өлең - сөздің патшасы»


1. 20 ұпай. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы - ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Кімнің қандай өлеңінен үзінді?


2. 30 ұпай. Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім, жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп, тулатын бір қозғайын да...
Кімнің қандай өлеңінен үзінді?
3. 40 ұпай. Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!...»
Кімнің қандай өлеңінен үзінді?

Қорытынды
Мұғалім: Міне «
Мен де оқыдым,сен де оқы » атты сайыстан сайыскерлерімізді анықтайтын кезеңге жеттік.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл мықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.



Ортаға  « Сиқырлы қалта» топ ете түседі, ішінен смайликтер пайда болады.  Әр смайликтің артында тілек сөздер жазулы тұрады, әр бала өздерінің сол жақтағы көршілеріне тілектерді оқи отырып табыс етеді.

Осымен сайыс сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2024
70
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі