Материалдар / Оқылым дағдысын меңгертудің тиімді әдістері

Оқылым дағдысын меңгертудің тиімді әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал пән мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады. Дағдылар қазіргі кезде басты назарда.Оқылым дағдысы туралы жан жақты жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2021
481
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың оқылым дағдыларын қалыптастыру және дамыту жолдары

Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады.

Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі.

Сонымен оқылым дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Оқылымды қандай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады? Қандай әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға болады?

Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу [3;95]

Оқылым дағдылары:

Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.

Нақты ақпараттарды табу үшін оқу – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу. Бұл дағдыда тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.

Детальді түрде оқу – әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқу.

Сөз мағынасын мәнмәтіннен ажырату – мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын түсіну (болжау) үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.

Мәтін құрылымын түсіну – мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.

Болжай білу – оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, тест оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.

Мәтін түрлерін ажырата білу – сипаттау, хабарлау, талқылау.

Экстенсивті оқылым – үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды (роман, әңгіме) оқу.

Интенсивті оқылым – мәтіндегі сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін оқу.

Оқылым – оқушының оқу сауаттылығын қалыптастырудың құрамдас бөлігі. Оқылым дағдыларын жақсартпайынша жазылым кезеңі жүзеге аспайды. Оны оқу үдемелігін қалыптастыру кезеңдеріне қарап та танып білуге болады. Ф.Оразбаева өз зерттеулерінде «Оқылымның берілген материалды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік-қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалану керектігінің» маңызды екендігіне баса назар аударады. [2;20]

Оқылым арқылы оқушылар нені үйренеді? Олар мәтінді және оқу стратегиясының типтерін түсінуге, негізгі ойды анықтауға, негізгі ойды және мәтіннің құрылымдық бөліктерін, мәтіннің стилі мен типін анықтауды, оқылған мәтін негізінде сұрақ құрастыруды, әртүрлі деректерден қосымша ақпаратты айқындауды және мәтіндердің салыстырмалы сараптамасын қолдануды үйренеді.

Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды[3;95]

Оқылым кезінде тіл үйренуші қажетті ақпаратпен танысады, оны өзінің тәжірибесінде пайдалануды негізге алады. Оқылым арқылы тіл үйренушінің танымы кеңейеді, ойлау жүйесі дамитын болады. Оқылым механизмдерін қолдана отырып, мәтіндегі өзіне қажетті ақпаратты алатын болады.

Оқылым процесі негізгі 4 компонент арқылы жүзеге асады: көру, ойлау мүшелері, тілдердің таңбалық жүйесі, коммуникативтік қарым-қатынас.

Оқылымды жақсарту ол  жадағай оқудан тұрмайды. Оны жақсартудың жүйеленген әдіс-тәсілдері бар. Солардың ішінде біз жаңарған білім беру бағдарламасы аясында оқылым әдіс-тәсілдерінің 3 кезеңді қамтитынын қарастырып жүргеніміз білеміз.

«Оқылым алдындағы кезеңде оқушылар суреттерді қалай қолдану керектігін, мәтіннің мазмұнын табуды және зерттеуді үйреніп, өздерінің анағұрлым тиімді оқуына көмектеседі. Мәтінді оқыған кезде олар маңызды ақпаратты қажет емес бөліктерінен қалай ажырату керектігін үйреніп, оқу жылдамдығы қаншалықты артатынын және таныс емес сөздерге қалай түсінік берілетінін үйренеді. Оқылымнан кейінгі кезеңде оқушылардан қайтадан оқып шығып, нақты ақпаратты табуды және оқығандарын түйіндеуді сұрауға болады» [1;16]

Отандық ғалымдар тілді үйрену барысындағы оқылымның бірнеше түрін анықтайды: аналитикалық оқу, синтетикалық оқу, дайындықты оқу, дайындықсыз оқу, аударма арқылы оқу, аудармасыз оқу, негізгі оқу, қосымша оқу,т.б. Ал Ф.Оразбаева өз еңбектерінде оқылымның танымдық, зерделік, ізденімдік, көрсетімдік оқылым сияқты түрлерін жіктеп көрсетеді. Сонымен оқылымның бірнеше түріне тоқтала кетсек. Алдымен қарастыратынымыз танымдық оқылым – бұл, көбінесе, оқушылардың жас ерекшелігі мен таным қызығушылығын ескере отырып ұйымдастырылатын оқылым түрі. Мұндай оқылым түрі жалпы өмірден хабардар болу үшін жүргізіледі. Бұл жерде оқушыға қойылатын басты талап -барлық мәтінді есте сақтау емес, өзіне қажетті ең маңыздысын ұғып пайдалану. Бұл оқылымның негізгі идеясын ашуға мүмкіндік беретін оқылым түрі болып саналады.

Екіншісі, зерделік оқылым оқушы берілген материалды, не мәтінді бастан аяқ толық түсініп оқуы талап етіледі. Бұл жерде оқушыға қазіргі жаңарған білім беру мазмұны аясында қолданылып жүрген хикаят картасы, венн диаграммасы, уақиға тізбегі, т.т. тәсілдерді тиімді пайдалануға болады. Зерделілік оқылым кезінде қиын сөздер, қажетті оқиғаларды символдық белгілер арқылы белгілеп, соған оқушының назарын аударуға болады.

Үшіншісі - ізденімдік оқылым. Бұл РISA халықаралық зерттеулері аясында қолданып жүрген әдіс-тәсілдерге көбірек сүйенуге мүмкіндік береді. Оқушы өізне керекті фактіні, хабарды, сілтемені іздеп тауып, пайдалана білу. Бұл жерде көбінесе, оқушыдан көз жүгіртіп оқу талап етіледі. Оқушы өзіне қажетті материалды сызба, графикалық органайзерлердің көмегімен тауып алады. Бұл оқушыда ізденімпаздық қасиеттерді дамытады, оқушының назарын негізгі материалдарға бірден көңіл аударуды көздейді.

Төртіншісі – көрсетімдік оқылым. Оқушы мәтінді тұтас оқып шыққаннан кейін оны абзацтарға бөліп, тақырыпша қояды, негізгі ойларды анықтайды. Бұл жерде оқушы мәтінмен жұмыс істеп үйренеді, мазмұнды ашатын негізгі ойларды, негізгі ойды ашатын сөйлемді, негізгі сөйлемді көрсететін кілтті сөзді табады

Бесіншісі – аналитикалық оқылым. Бұл жерде мәтіннен гөрі мәтінді құрап тұрған тілдік единицаларға, формаларға назар аудара отырып, талдау жасау және оқу. Таңбалық және мағыналық ерекшеліктеріне қарай оқылымның екі жағы болады десек, аналитикалық оқылым техникалық жағына баса назар аударады [3;99]. Оқылым кезінде тілдік дағдыларға тән ерекшеліктерді «Прожектор моделі» арқылы үйрету сөзді «шешуге», не мәнмәтіннен болмаса сөйлемнің құрылысынан ол сөзді түсінуге немесе осының алдындағы білімнің негізінде сөз формасын немесе дыбысталуын тануға ынталанады. Прожектор моделі оқылымға үйретудің фонетикалық әдісіне, грамматиканы білуге, сөздерді анықтау және символдарды білуге, мазмұнды білуге жүйелі түрде жетелейді. Фонетикалық әдіс сөздердің артикуляциялық айтылуына баса назар аударады, сол арқылы грамматиканы танып-біледі.

Оқылымды біз әдетте екі түрлі жолмен жүзеге асырамыз: іштей оқу, дауыстап оқу. Іштей оқу – көз жүгіртіп оқу, Дауыстап оқу – мәнерлеп оқу.

Оқылымды жақсарту оны жүзеге асыру үшін таңдалынып алынған әдіс-тәсілдерге тікелей байланысты. Кейбір ғалымдар шет тілін үйрету кезінде оқылымды үйрету аясында оқушылардың оқыған мәтінді түсінуін жақсарту мақсатында тиімді оқылым әдіс-тәсілдерін үйретуге болатынына назар аударады. Вендэн (1985) оқылым әдіс-тәсілдерінің оқушыларға білім алу үшін жауапкершілікті өздеріне алып, осыған байланысты мәселелерді шешуіне көмектеседі деген тұжырым жасады [1;16].

Осы тұрғыдан алып қарағанда ойын технологиясының элементтерін, қарлы кесек, қай сөз жоқ, «оқуға саяхат», swot талдау, диалог құрастыру, төрт сөйлем, ПОПС, , болжау жасау, аудиовидео құралдары арқылы миға шабуыл тәсілдерін өте тиімді пайдалануға болады және осы өз тәжірибемде қолданудамын. Әркім өз тәжірибесі арқылы оқылым мақсатына қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Оқушыға кез келген мәтінді бергенде оған қойылатын басты талап яғни, бейтаныс сөздердің тек 2 %-ды ғана құрауын мұғалім қадағалау керек. Өкінішке орай, жаңа оқу бағдарламасы бойынша құрастырылған оқулықтардағы мәтін көлемі үлкен болғандықтан, бұл жағдайдан шығудың амалын жасаймын. Мәселен, оқушы әдеттегідей бейтаныс сөздерге емес, таныс сөздерге назар аудара отырып, мәтіннің негізгі ойын түсінуге тырысу керектігіне көңіл аударамын. Себебі оқылым үдерісі кезінде мұғалімнің оқушы әрекетін дұрыс ұйымдастыруы аса маңызды деп ойлаймын. Оқылым кезінде кіріспе, тексеру стратегиясы, өз бетінше оқылым, мәтінге қайта оралу, мәтінге жауап беру кезеңдерін жоспарлауды іске асырып отырамын. Мысалы,  кіріспе кезеңінде оқушыларға мақсаттарды нақты белгілеп, негізгі сөздерге көңіл аудартамын. Әдіс-тәсілдерді іріктеу кезеңінде оқушылар білетін немесе жаңа әдіс-тәсілдердің көмегімен жаңа сөздермен жұмыс жасауға тырысамын. (ойын) Оқылым кезеңінде өз бетінше оқу да маңызды орын алады. Бұл кезеңде оқушының жеке оқуына мүмкіндік беремін. Әр оқушының білімін тереңдету үшін қосымша сұрақтар құрастырады. Мәтінге оралу кезеңінде алынған әдіс-тәсілдерді қайтадан қарап шығып, оны жетілдіре алады. Мәтінді талдау кезінде оқушы өзінің пікірін жеткізуге мүмкіндік алады. Бұл кезеңде оқушылар ПОПС, төрт сөйлем тәсілін, «пікірлер сызығы», «қарым-қатынас аймағы» стратегияларын тиімді пайдаланамын. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқылым дағдыларын жақсарту бойынша әдіс-тәсілдердің тиімді түрлерімен жұмыс жасауға тырысамын.

Оқылымға арналған сабақ құрылымына тоқталар болсам:

Оқылым алды тапсырма – мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар, сөздерді алдын ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.

Оқылым тапсырмасы – әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар (сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.

Оқылымнан кейінгі тапсырма – мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, ұғымдарды қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек деп есептеймін.

Қорытындылай келе, 2018- 2019 оқу жылында 5,6- сыныптарда жаңа бағдарлама бойынша әр тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижесі төмендегі диаграммада нақты көрініп отыр.



Бұл көрсеткіш жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың нәтижесі деп білемін. Себебі, оқылым дағдысы бойынша 5«А»-сыныбында 51-ден 66%-ға, яғни, 15%-ға көтерілгенін, 5«Б»- сыныбында 65-тен 71%-ға, яғни, 6%- ға көтерілгенін, ал 6-сыныпта 66-дан 86%- ға дейін 20%-ға көтерілгенін байқаймыз. Ендеше, осы көрсеткішті тағы да жоғарылатуға болатынын көрсетеді.




















Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

2. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

3.  Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. «Сөздік-Словарь» 2005



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ