Материалдар / Оқылым тапсырмалары Қонақжайлылық 9 сынып

Оқылым тапсырмалары Қонақжайлылық 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқылым бойынша тест тапсырмасы оқыту орыс тіліндегі 9 сыныпқа арналған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

9 сынып. Оқылым.

  • Қонақжайлық - қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Қарағым, осыны ұмытпа, - деп әжем айтып отырады. Түс кезінде бізге шаршаған екі бала келді.

  • Апа, біз алыстан келген жолаушы едік. Рұқсат болса, бауырымыз екеуіміз сіздерде қонып шығайықшы. – деп сұранды он төрт жастағы қыз.

  • Құдайы қонақ болсаңдар, төрге шығыңдар, қарақтарым, - деді әжем. Тағамның ең үлкені – ет болғандықтан, қазанға қазы-қарта, шұжық салынды. Ыстық бауырсақ пен жент, құрт жеп, қымыз бен шайды ішіп отырғанда: - Апа, сізді үйге келіп дәм татсын дейді, - деп көршінің баласы келді.

  • Әке-шешеңе айта бар, келмеді деп ренжімесін. Үйде қонақтар бар, - деді. Әжемнің «қонақтары» менен төрт-бес жас қана үлкендігі бар екі жолаушы бала. Тамақ ішіп отырған апалы-інілілерге іштей құрметпен қарадым. Жолы үлкен сыйлы қонақтар ғой!

1.Мәтін мазмұнына сәйкес мақалды көрсетіңіз.

А) Отан оттан да ыстық.

В) Ел іші алтын бесік.

С) Ерлік – елдің сыны.

D) Батыр жарасыз болмас.

Е) Қонағын сыйлаған төрге шық дейді.

2.Келген қонақ қыз неше жаста?

А) он екі

В) он үш

С) онтөрт

D) он бес

Е) он алты

3.Мәтінде аталған нан тағамы:

А) жент В) шай С) бауырсақ D) таба нан Е) қымыз

4.Келген қонақтар:

А) апалы-інілілер

В) ағайындылар

С) апалы-сіңілілер

D) әпкелер

Е)көршілер

5.Шаршаған екі бала қай кезде келді?

А) таңертең

В) түс кезінде

С) кешке

D) сағат жетіде

Е) түнде

6.Құдайы, сыйлы сөздерімен тіркескен зат есім:

А) қыз

В) дәм

С) бала

D) көрші

Е) қонақ

7.Қазақ халқына тән ұлттық қасиет:

А)көрегендік

В)мергендік

С)сезімталдық

D)ұлылық

Е)қонақжайлылық

8.Мәтінде аталған сиыр сүтінен жасалатын тағам:

А) құрт

В) шай

С) бауырсақ

D) шай

Е) қымыз

9.Мәтінде аталған қазақтың ұлттық сусыны:

А) құрт

В) шай

С) бауырсақ

D) шай

Е) қымыз

10.Ата-ана сөзінің синонимі:

А)төрт-бес

В) әке-шеше

С) қонақжайлылық

D) қазы-қарта

Е) апалы-інілі





17 Ақпан 2018
3924
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі