Оқырман қаламынан...
Бірнеше күн бұрын мен Дулат Исабековтың сүйіспеншілік пен мейірімге толы «Гаухар тас» шығармасымен толықтай танысып шықтым. Бұл повесть оқырманның көркем әдебиетке деген ерекше қызығушылығын арттырады және де өмірге деген көзқарасын түбегейлі өзгертетін көркем шығарма.
Бұл шығарманың шығу тарихы да өте қызықты. Дулат Исабеков «Гаухар тас» әнін тыңдап, өз елін, жерін сағынып көзіне жас алады. Сондай керемет әсерден туып, бірнеше күн ішінде жарық көрген бұл шығарма көптің жүрегінен орын алғаны да әлі де алары да сөзсіз. «Гаухар тас» шығармасы арқылы біз жазушының қандай саналы да дана жазушы екенін, тілі орамды, қаламынан нәр тамған дарынды тұлға екенін көре аламыз.
Салтанат пен Қайыркеннің арасындағы сүйіспеншілікті ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жазушы қаламынан қарымды, әсерлі шыққан. Бұл шығармадағы ең өкінішті сәт – Салтанаттың қайтыс болуы. Дәл сол сәтте, қадірлі оқырман жүрегімен сезініп, еріксіз көзге жас алады.
Дулат Исабековтың «Гаухар тас» әңгімесі адамдарды бір-бірін бағалауға, бардың қадірін білуге жетелейді. Шығармадағы басты кейіпкерлер – Салтанат пен Қайыржан көпке үлгі болатыны айдан анық.
Мен осы повесті оқып шыққаныма қуанбасам, өкінбеймін. Себебі, өз сөздік қорымды байыттым, өмірлік тәжірибе жинадым, керемет әсер алдым.
Осы шығарманы оқуға сіздерге де кеңес беремін!
Орындаған: Алматы облысы, Іле ауданы, Ынтымақ ауылы, №46 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Өмекбай Жанайым Қуанышқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқырман қаламынан... (Дулат Исабековтың "Гаухар тас" шығармасын оқығаннан кейін)
Оқырман қаламынан...
Бірнеше күн бұрын мен Дулат Исабековтың сүйіспеншілік пен мейірімге толы «Гаухар тас» шығармасымен толықтай танысып шықтым. Бұл повесть оқырманның көркем әдебиетке деген ерекше қызығушылығын арттырады және де өмірге деген көзқарасын түбегейлі өзгертетін көркем шығарма.
Бұл шығарманың шығу тарихы да өте қызықты. Дулат Исабеков «Гаухар тас» әнін тыңдап, өз елін, жерін сағынып көзіне жас алады. Сондай керемет әсерден туып, бірнеше күн ішінде жарық көрген бұл шығарма көптің жүрегінен орын алғаны да әлі де алары да сөзсіз. «Гаухар тас» шығармасы арқылы біз жазушының қандай саналы да дана жазушы екенін, тілі орамды, қаламынан нәр тамған дарынды тұлға екенін көре аламыз.
Салтанат пен Қайыркеннің арасындағы сүйіспеншілікті ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жазушы қаламынан қарымды, әсерлі шыққан. Бұл шығармадағы ең өкінішті сәт – Салтанаттың қайтыс болуы. Дәл сол сәтте, қадірлі оқырман жүрегімен сезініп, еріксіз көзге жас алады.
Дулат Исабековтың «Гаухар тас» әңгімесі адамдарды бір-бірін бағалауға, бардың қадірін білуге жетелейді. Шығармадағы басты кейіпкерлер – Салтанат пен Қайыржан көпке үлгі болатыны айдан анық.
Мен осы повесті оқып шыққаныма қуанбасам, өкінбеймін. Себебі, өз сөздік қорымды байыттым, өмірлік тәжірибе жинадым, керемет әсер алдым.
Осы шығарманы оқуға сіздерге де кеңес беремін!
Орындаған: Алматы облысы, Іле ауданы, Ынтымақ ауылы, №46 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Өмекбай Жанайым Қуанышқызы
шағым қалдыра аласыз


