Материалдар / Оқушы – ұстаз – ата-ана – үштік одақ ынтымақтастығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушы – ұстаз – ата-ана – үштік одақ ынтымақтастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы – ұстаз – ата-ана – үштік одақ ынтымақтастығы. Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2023
257
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 21/11/2023

Тақырыбы: «Оқушы – ұстаз – ата-ана – үштік одақ ынтымақтастығы»

Мақсаты: Ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту,бала тәрбиесінің бағбаны-ата-ана мен мұғалім екенін ұғындыру. Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.
Көрнекігі: Интерактивті тақта, ресурстар мен стикерлер.

Әдіс-тәсілдер: пікір алмасу, сұрақ-жауап,  топтастыру стратегиясы, психологиялық жаттығулар, постер қорғау, талдау, салыстыру, ой жинақтау, кері байланыс.


Қатысушылар: Ата-аналар,оқушылар және мұғалімдер.

Жүрісі:

Салеметсіздер ме,құрметті қонақтар?! «Оқушы – ұстаз – ата-ана – үштік одақ ынтымақтастығы» тренинг сабағына қош келдіңіздер. Тренинг сабағымды « ә ә» әнмен бастағым келіп отыр.

Мұғалім әуен  ырғағымен   қатысушыларды көргеніне қуанышты екенін   айтады.

  • Құрметті оқушылар және бүгінгі сабағымызға қатысып отырған қонақтар, сабағымызды бастамас бұрын мен бір сұраққа жауап алғым келіп тұр. Жалпы баланың жеке тұлға болып қалыптасуын, оның жан-жақты тәрбиелі болып шығуы үшін кімдердің ықпалы қажет деп ойлайсыз?

  • Олай болса, дәл қазір өтетін сабағымызда осы тұрғыда болмақ.


Сіздерге ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту үшін қолдануға болатын тренинг көрсеткім келіп отыр. Барлығымыз ортаға шығып айнала шеңбер құрып тұрайық.
Қазір мен сіздермен танысу және алдағы жұмыстарымызды жасауға психологиялық дайындық мақсатында
«Байланыс» тренингін өткіземіз.
Әр қатысушы өзін таныстырып, жіпті қолдарына бір орап келесі адамға береді, ол адам тура осылай қайталайды. Барлығы орап болған соң Қараңыздаршы мына жібіміз неге ұқсап тұр. Бұл адамдардың бір – бірімен қарым - қатынасы. Біздің мысалымызда бұл ата - ана, оқушы, мұғалім, үштігінің байланысы. Ал енді осы
байланыс бір жерден босап шығып кететін болса, не болар еді? Қалай ойлайсыздар?

Жақсы барлықтарыңызға рахмет, орындарыңызға бара берулеріңізге болады.
Бұл жұмыс адамдардың арасындағы байланыстың жіптей жұқа, жіңішке екенін көрсетеді.

3 топқа бөлініп отырады.

  1. Мұғалім

  2. Ата-ана

  3. Оқушы

https://www.youtube.com/watch?v=owcsyIK7NME тамашалап, өз ойларымен бөліседі. (ұстаздар мен ата-аналар)

1- оқушы “Бала көзімен”(ата-анамен мұғалімге деген өздерінің көзқарастарын білдіреді).

2 – ата-ана “Ата-ана көзімен”(оқушы мен мұғалімге деген өздерінің көзқарастарын білдіреді).

3 — ұстаз “Ұстаздар көзімен”(ата-анамен оқушыға деген өздерінің көзқарастарын білдіреді).

II. Тренинг әңгіме: "Шегенің ізі"
Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: (қалай ойлайсыздар ары қарай не болады?)
«Маңайындағылармен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты. Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. (енді не болды, кім қалай ойлайды?)Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған:

«Енді сол кісілермен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді. ( сіздердің ойыңызша бала не істер еді?) Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: (Әкесі не айтады?)«Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Адамдармен қарым - қатынасыңды бұзған сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырып.
Қандай әсер алдыңыздар?
Бұл тапсырманың мақсаты: Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.


III. Ситуациялық сұрақтар.  

Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.

  1. Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?

  2. Сіз мектепте «жұлдыз» ауруына ұшыраған оқушыңыздың теріс қылықтарын көріп қайта-қайта ескерту жасадыңыз, ертеңіне оқушының анасы мектепке келіп үстіңізден прокуратураға шағымданатынын айтты. Сіздің әрекетіңіз?

  3. Тоқсандық қорытынды бойынша сен бір сабақтан үшке шықтың делік. Сенің іс-әрекетің?


IV. «Байлаулы бала» (тренинг):

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

  2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

  3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

  4. Балаңыз басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

  5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.


Сөйлемді аяқта” әдістемесі. Үш топқа беріледі.

1-топ Оқушылар: — Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі… — Отбасы бұл… — Отбасым бақытты болу үшін… — Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі… — Мен қалар едім отбасымның…

2-топ: Ата-анлар: — Біз өз ұстазымызды жақсы көреміз, себебі… — Ұстаз деген … — Ұстазымыз бақытты болу үшін… — Мен қалар едім ұстазымның…

3-топ: Ұстаздар:

Мен өз оқушыларымды жақсы көрем, себебі… — Оқушы деген … — Оқушыларым алғыр,білімді, тәртіпті болу үшін… — Мен қалар едім оқушыларымның

Қызықты сұрақтар  /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:

1.     Балаңыздың туған күні?

2.     Балаңыздың сынып жетекшісінің аты-жөнін толық білесіз бе??

3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.     Балаңыздың сүйікті асы қандай??

5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.     Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7.     Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.     Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып оқиды?

10.Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?

11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

12.Балаңыз қандай мамандыққа бейім?

13.Балаңызбен қарым-қатынасыңыз  екі жаққа бірдей қанағаттандырарлық па?

14.Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?

15.Балаңыз Сізбен сырласады ма?



  1. Мектепке барғанда ең ұнататын ісің

  2. Ертең сен мұғалім болатын болсаң, балаларды неге үйрететін едің?

  3. Бүгін қандай маман иесі болғаныңды қалайсың?

  4. Анаңмен, әкеңмен сырласасың ба?

  5. Сенің ұстазыңның ең қатал ережесі қандай?

  6. Мектепте тәртіп болып жүруге не кедергі?

  7. Мектептегі ең қызық кабинет?

  8. Бүгін өзіңе қандай пайдалы ақпарат алдың?


Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздермен бірге отырып, бала мен ата-ана , ұстаз арасындағы қарым –қатынасты жақсартуға күш салдық. Олардың денсаулығы мықты, көңіл-күйлері көтеріңкі ақылды, мейірімді, еңбекқор болғанын тілейміз.


  «Стакандағы су» Стакандағы суда лай тамшы болады. Сол лай тамшыны алып тастауымыз керек. Стаканды баламыз деп есеатейік, ал су болса оның санасы, жан-жағы,қоршаған ортадан алған жаман қасиеттерін қалай алып тастаймыз?

Кері байланыс:

Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық. Жас бала –жас бір шыбық, жас күнде қай күйде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қайтып алмақ дей келе бүгінгі «Оқушы – ұстаз – ата-ана – үштік одақ ынтымақтастығы» атты сыныптан тыс жұмысымызды аяқтаймыз.


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!