Материалдар / Оқушы білімін сыни тұрғыдан бағалау жүйесі – жоғары білім сапасының кепілі

Оқушы білімін сыни тұрғыдан бағалау жүйесі – жоғары білім сапасының кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы білімін сыни тұрғыдан бағалау жүйесі – жоғары білім сапасының кепілі педагогикалық кеңесте жасалған баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
774
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Оқушы білімін сыни тұрғыдан бағалау жүйесі – жоғары білім сапасының кепілі Сыныптағы бағалау теқ қана техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданатын кез келген нысанның артында обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.Бағалау – одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған.Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады.Егер бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта және кім үшін, қалай өткізуі керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаттары:
  • Оқытудың қиындықтарын анықтау;
  • Кері байланыс;
  • Уәж;
  • Болжау және сұрыптау;
  • Стандарты бақылау және орындау;
  • Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін анықтау.
Бағалаудың мәні.«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандағы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.Бағалаудың түрлері:
  • Бақылау;
  • Алынған мәліметтердің интерпретациясы;
  • Бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.
БақылауБағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бақылау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет.

ИнтерпретацияИнтерпретация қызығушылық тудыратын, яғни, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай параметрлерді көбінесе өлшем деп атайды және оларды оқытудың мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі бақылау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болады немесе интерпретацияны логикалық тұрғыдан мінез-құлықтан шығаруға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның санамен ойлауының нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.

ҚорытындыМәліметтерді интерпретациялау негізінде бағалауды қамтитын қорытынды жасалады. Бұл кезеңде бағалау үдерісі ол қызмет ететін түрлі мақсаттарға және ақпарат қолданылатын тағайындауларға сәйкес түрліше ұсынылған.

Бағалау арқылы оқытуды жақсартудың басты бес факторы:
  • Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;
  • Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
  • Бағалау нәтижелерін ескере отырып , оқытуды өзгерту;
  • Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұо өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді;
  • Оқушылардың өзерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінудің қажеттілігі.
Қортындылай келе оқушылардың өз бетінше білім алуда оқыту үшін бағалаудың ролі зор. Келешекте формативті бағалау түрлерін жетілдіруім және түрлендіріп отыруым қажет. Сабақтағы қолданылатын ынталандырушы, яғни оқыту үшін бағалау түрлері: бағдаршам, шапалық, басмармақ арқылы оқушыларды қолдап-қолпаштап отырамын. Бос, жалған мадақтаулар болмауы қажет оқушының атқарған жұмысына, жеткен жетістіктерін есепке ала отырып айтылуы керек. Сонымен қатар жетістіктерімен, белсенділіктерін бағалауда бірін-бірі, өзін-өзі, топ басшысының бағалауын жүргізіп отырамын. Топ басшысының бағалауы әділ, әрі шынайы болатына көз жеткізіп келемін. Шыныменде топта отырған төрт – бес оқушының нені ұққанын нені ұқпағанын қадағалау арқылы бағалауды топ басшысы әділ балай алатынын ұқтым. Топ басшысының бағалаулары бақылау жұмыстарының қортындысы мен байқау тестінің қортындысымен сәйкестігін байқаадым.

Математика пәні бойынша 2013-2014 оқу жылындағы байқау тестерінің бағалары боынша сараптамасы

Осы сараптамадан байқағаным оқушылардың қауымдастықта, бірін-бірі және өз-өзін оқыту барысында үштік бағалардың жойылып, ал бестік бағалардың саны үштен он сегізге 11б сыныбында, сол сияқты 11а сыныбында екіден он үшке артуы қуантарлық жай. Оқыту үшін бағалаудың түрлендіріліп жүргізілуі өз бетінше білім алуға оқушыларды ынталандарады, өзін және өзгелерді бағалайды, өз бетінше білімді алуға үйренеді. Өзін-өзі құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытады, нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ