Материалдар / Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда көркем еңбек пәнінің рөлі

Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда көркем еңбек пәнінің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға қажет,халқымыздың мәдени және рухани құндылықты меңгеруде көп пайдасы бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2020
661
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚУШЫ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ РӨЛІ


Исахова Г.Ж.

Бүгінгі тaңдa ХХІ ғaсыр тaбaлдырығын еркін aттaғaн aзaт ұрпaққa тәлім-тәрбие мен бiлiм берудi жeтiлдiрyдiң бacым бaғыттapын aйқындaп, ұлттық сaнaны қaлыптacтыpy көкейкесті мәcелелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған: «Ұлы даланы жеті қыры» атты мақаласында Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақытты айтып қана қоймай, нақты 7 бағыт бойынша маңызды тұстарын атап көрсетті. Бір байқағанымыз, мақалада біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалық ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.

Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға осы ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз. Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше құрметті ата-аналар, ұстаздар оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. «Баланы жастан» демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.

Халық дәстүрі – бұл тарихи қалыптасқан тәрбиелік және әлеуметтік тәжірибенің, мінез-құлық нормаларының, қоғамдық дәстүрлердің жиынтығы. Халықтың мәдени мұрасы педагогикалық құнды идеяларды қамтиды және ғасырлар бойы дәлелденген білім беру тәжірибесі, олар дамып, әлемдік педагогикалық ойларды байытады. Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі халық дәстүрлерінің рөлі зор. Тұлғаның адамгершілік қалыптасуындағы ең маңызды кезең – мектеп жасы. Бұл кезең оқушылардың оқуы мен тәрбиеленуінің кепілі болып табылады.

Өзтарихын білмейтін, өз отанын сүймейтін, ата-бабаларының даңқын және мәдениетін мақтан тұтпайтын адам басқа халықтың салт-дәстүрін, мәдениетін және ұлттық сезімдерін құрметтемейтін болады. Халықтың рухани тәжірибесін қамтитын және оның көркемдік және эстетикалық идеяларын білдіретін халық өнеріне үндеу адамда ұлттық мақтаныш сезімін жандандыруға ықпал етеді. Сондықтан мәдени мұраны, халық өнерін сақтау, оны қазіргі өмірде жаңғырту белсенді және шығармашылық еңбекті талап етеді [1].

Біздің мақсатымыз халқымыздың мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтейтін үйлесімді дамыған балаларды тәрбиелеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

* мәдениетке қызығушылық танытуға және құрметпен қарауға үйрету;

* балалардың ауызша халық шығармашылығына қызығушылығын тәрбиелеу;

* ана тіліне және оның ерекшеліктеріне сүйіспеншілік пен құрмет көрсету;

* балаларға адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу;

* баланы қолдау, оның шығармашылық қасиеттерін дамыту;

* баланы құрдастарымен дұрыс және достық қарым-қатынас жасауға үйрету;

* басқалардың сезімдерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Осы міндеттерді орындау үшін біз қазақ халық мәдениетінің дәстүрлеріне жүгінеміз [2].

Білім саласындағы кез келген пән-қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Көркем еңбек пәнінің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады.

Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру көркем еңбек пәні мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Оқушыларға білім, білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екендігін сезіну қажет. Осы үлкен міндетті атқару үшін көркем еңбек пәнінің мұғалімінің өзі білімді, мәдениетті, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын. Әрине, көптеген мектептерде бұрынғы ізбен «еңбек сабағы» деп көңіл бөлмеуі де мүмкін, бірақ өз пәнін жоғары бағалайтын мұғалім парызын ұмытпауы керек. Сол себептен әр сабағын жаңашылдандырып өткізуді мақсат етіп, күрделі дайындықпен сабақты өткізуге қалыптасқан жөн. Сабақтың сапасы – ол оқушының білімділігі, біліктілігі, мәдениеттілігі.

Сабақ барысында қыздарды тігінге үйретудегі мақсатым-халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық өнерлерімен оқушыларды жеке таныстырып, үйрету. Сапалы білім берумен қатар еңбекке де баулу, үйрету аса қажет, жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Тұлғаның эстетикалық бейнесі өнер мен табиғатты қабылдауы және адамдар арасындағы қарым-қатынастағы қызметі арқылы көрінеді. Талантты және дарынды оқушылардың бойында даму және шығармашылық қабілеттер өнердің түрлі саласында өз ерекшелігіне қарай көрінеді.

Жеткіншек ұрпақты ұлттық сезім мен рухта тәрбиелеуде ұлттық ою-өрнектердің алатын орны ерекше. Қазақ халқының қолөнерінің арнасы кең, түрі сан алуан. Халқымыздың өмір тіршілігінде ою-өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Өнердің басқа да түрлері секілді қолданбалы қолөнері көркем еңбек пәнінде ұлттық ою-өрнекті қастерлеуге жол ашады. Дәстүрлі қазақ өнерінің ерекшелігін айтқанда, қазақ өміріндегі ежелден дамыған ою-өрнек ерекше эстетикалық сезімді үнсіз айғақтайды. Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар мұражайларда сақталуда.Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған айнала дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім-кешектеріне, қолданатын бұйымдары меныдыстарға қарапайым сурет ретінде салған, осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды.

Н. Левитов. Көркемдік –қолданбалы жұмыстар барысында оқушылардың еңбек білімі мен шеберлігін қалыптастыру үрдісінің педагогикалық мақсаты болу үшін оқып, үйрету барысында олардың ақыл-ой қабілеттері мен іс-әрекеттер ерекшеліктерін ескеру керек.

Қазіргі кезде заман талабына сай, мектептің, ұстаздардың алдына қойған мақсаты-мектеп қабырғасында тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрімен таныстыру, еңбекке деген шеберлігімен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұл тек ұстаздардың ғана емес, сонымен қатар қазақтың көне салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс –тіршіліктерін, қолөнерін жадымызда ұстау, келешек ұрпаққа үйрету, жөн сілтеу, ата-бабаларымыздың дәстүрін ұмыт қалдырмау-баршамыздың парызымыз.

Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен, мәдениетімен сабақтастыра отырып, халықтық қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу-ұлтжанды ұлғатты ұстаздардың абыройлы ісі.

Ұлттық тәрбие беру бесігіндегі оқушылардың ата-баба дәстүрін, мәдениетін, қолөнерін және азаматтық арнадағы асыл қасиеттерін еңбекке баули отырып, жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, рухани мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылады. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысының барысында, көркем еңбек сабағында оқушыларға кәсіби көркем еңбек пәнінің үйірме жұмыстарында халқымыздың ұлттық қолөнерін халқымыздың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыра отырып, оқушының іскерлігін, дағдысын, еңбекке деген ынтасын қалыптастыруды негізгі мақсат етіп қою- біздің міндетіміз. Ұлттық мәдениетке негізделген қазақ мектебінің қайта түлеуі қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе болып отыр. Өйткені оқушылардың көркемдік білім алуын арттыру және рухани деңгейін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу – қазіргі білім беруде көзделіп отырған мәселе. Осы тұрғыдан келгенде оқушылардың жұмыс істеу әдет – дағдыларын көркем шығармашылық іскерлікпен жалғастырып дамыту мәселесі қарастырылады. Оқушыларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады.

Көркем еңбек сабағы – мектеп оқушыларын рухани байытып, дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің бірі. Көркем еңбек пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы мынадай дағдыларды немесе іскерлікті қалыптастырамыз:

еңбекқорлыққа;

ұлтжандылыққа;

рухани мәдениетке;

іскерлікке;

шыдамдылыққа;

ізденімпаздылыққа.

Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беруіміз керек.

Ұлттық педагогиканың насихаттауда қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіндіктері мол. Соның ішінде көркем еңбек сабағында халқымыздың қолөнеріне үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрде тәрбие берудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулу мен қатар ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заман талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның , туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек, қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы іскерлікпен шығармашылыққа кіріседі. Оқыту үрдісінің ғылыми негізі мұғалімнің өз жұмысын жоспарлай білгеніне байланысты, сонымен бірге ол оқушының іс-әрекетін де ұйымдастыра білуінде. Оқыту бағдарламасының логикалық жүйілілігін сақтау, ең алдымен, күнтізбелік тақырыптық жоспарды дұрыс ұйымдастыру білуде [3-4].

Сонымен қорытындай келе, осындай халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі оқушылардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысайық.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1 https://podarkidlyavas.jimdo.com/2012/12/03Значение народных традиций в воспитании детей

2 Т. Толстых. Воспитание детей через народные традиции

3 Байболов Ж.Ж. Оқушы қабілетін ашу арқылы кәсіптік бағдар беру. 2015 жылы

4 С. Нұрпейісов «Қазақ халқының ою-өрнегі»


Автор туралы мәлімет

Негізгі параметрлері

Параметрлерді түсіндіру

Аты-жөні

Исахова Гүлбайра Жидебайқызы

Жұмыс орны, қызметі

62 Н. Шойбеков атындағы жалпы орта мектебі, «Көркем еңбек» пәні мұғалімі, Ащыкөл ауылы, Келес ауданы, Түркістан облысы

Қатысу бағыттары

Халқымыздың мәдени және рухани құндылықтарын меңгерту

Баяндама тақырыбы

Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда

Көркем еңбек пәнінің рөлі

Электрондық поштасы

isahova74@mail.ru


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ