Материалдар / Оқушы тұлғасын әлеуметтендіру - мектептің әлеуметтік педагогы мен педагог-психологының бірлескен жұмыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушы тұлғасын әлеуметтендіру - мектептің әлеуметтік педагогы мен педагог-психологының бірлескен жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзіреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Себебі өскелең ұрпақтың дені сау, білімді әрі ертеңіне сеніммен қарайтын тұлға болып қалыптасуына аса көңіл бөлуде. Сондықтан да, болашақ ұрпақтың әлеуметтік ортаға бейімделуі, қоғамдағы өз орындарын дұрыс бағыттай алуы, құқықтарының қорғалуы, үлкендер тарапынан зорлық - зомбылыққа ұшырамауын бүгінде әлеуметтік тәрбие беретін мамандар ұйымдастыруда. Ал мектепте оқушыларға олардың әлеуметтік жағдайын көтеру, материалдық көмек көрсету, әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік педагог мамандары қызмет атқаруды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2022
940
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті

С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектеп










Баяндаманың тақырыбы:


Оқушы тұлғасын әлеуметтендіру - мектептің әлеуметтік педагогы мен

педагог-психологының бірлескен жұмыстары














Баяндамашы: әлеуметтік педагог Умирзакова Жанымгуль

Куттымурзаевна














Әйтеке би кенті

24 тамыз 2022 жыл




Оқушы тұлғасын әлеуметтендіру-мектептің әлеуметтік педагогы мен

педагог-психологының бірлескен жұмыстары


Қазіргі таңда білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзіреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Себебі өскелең ұрпақтың дені сау, білімді әрі ертеңіне сеніммен қарайтын тұлға болып қалыптасуына аса көңіл бөлуде. Сондықтан да, болашақ ұрпақтың әлеуметтік ортаға бейімделуі, қоғамдағы өз орындарын дұрыс бағыттай алуы, құқықтарының қорғалуы, үлкендер тарапынан зорлық - зомбылыққа ұшырамауын бүгінде әлеуметтік тәрбие беретін мамандар ұйымдастыруда. Ал мектепте оқушыларға олардың әлеуметтік жағдайын көтеру, материалдық көмек көрсету, әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік педагог мамандары қызмет атқаруды.

Әлеуметтік педагогтың білім беру жүйесіндегі алатын орны ерекше. Әлеуметтік педагог-ол белгілі бір нормадағы қызметті үйлестіруші, адамды өмірге, қоғамға бейімдеуші. Әлеуметтік педагог жұмысты жүйелі жүргізу үшін тәрбие ісінің орынбасарымен, педагог-психологпен, ұжыммен, ата - анамен, бала құқығын қорғау департаменті, ПМПК, оңалту, түзету мекемелері, заң органы мамандарымен, үйден оқитын, тәуекел топтағы, қиын оқушы, патранаттық, қамқоршылық, қорғаншылық тәрбиедегі оқушылармен Арал қоғамдық қорымен тығыз қарым - қатынаста жұмыс жүргізу тиіс.

Соның бір саласы педагог-психологпен бірлесіп жұмыс жүргізу. Бүгінгі таңда әлеуметтік педагог пен мектеп психологтардың алдында күрделі міндеттер тұр, оны шешу үшін кәсіби білім мен іскерлікті меңгеру керек. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында оқу тәрбие процесі барысында кездесетін қиыншылықтар да баршылық. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі әлеуметтік педагог пен мектеп психологының рөлі ерекше.

Әлеуметтік педагог пен мектеп психологтың бірлесе отырып, оқушы мен ата-анасына төмендегідей бағытта жұмыстар жүргізеді:

1. Отбасына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;

2. Балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;

3. Отбасы мен балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық кеңес беру;

4. Балаларды күйзелтетін даулы мәселелерді шешуге көмектесу;

5. Мінезінде ауытқушылығы бар балаларға диагностика және коррекция жасау;

6. Профилактикалық шаралар ұйымдастыру.


Бірігіп атқарған жұмыстың нәтижесінде болашақ жеке адамның дұрыс, жан-жақты жетік қалыптасуына кең жол ашылады. Баланың  интеллектуалдық, шығармашылық, әлеуметтік қалыптасуына негіз беріледі.

Оқушының әлеуметтенуі өмірлік кезеңдеріне қарай жүзеге асырылады. Ол кезеңдер: балалық, жастық, ересектік, қарттық шақ. Әлеуметтену үдерісі жасөспірімдер мен жастық шақта айқын, өте қарқынды дамиды. Бұл кезде оларға қоғам талаптарына бейімделуіне жұмыстар, жастар арасындағы өзіндік мәдениет пен қарым-қатынас стильдері әсер етеді. Негізінен баланың әлеуметтенуінде шешуші ролді отбасы атқарады.

Балаларды әлеуметтік - педагогикалық қолдау - баламен бірге оның өзіндік көзқарасын, мақсатын, мүмкіндігін анықтап, қоғамда қалыпты өмір сүруге кері ықпал кедергілерді жою жолын шешуге, өмір сүруіне, қарым-қатынасына, өзін-өзі  тәрбиелеуіне, алдына қойған мақсатына жету  және адамгершілік қасиетін сақтап қалуына көмектеседі.




Білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік педагог пен мектеп психологы оқушының отбасындағы қиыншылықтарды жою мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

  • Диагностикалық қызметі;

  • Өз құзырлығы шеңберінде көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау;

  • Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру;

  • «Ерекше назардағы» оқушылармен, ата-аналармен жеке жұмыс;

  • Өмірдің қиын жағдайында қалған оқушылардың отбасымен жұмыс жүргізу.


Білім беру ұйымдарында әлеуметтік педагог пен педагог-психологтың жеке жүргізілген жұмыстарының нәтижесінде отбасында туындаған проблемаларды анықтай отырып, бірлесіп шешетін проблемаларына мына мәселелерді жатқызуға болады:


- Оқушылардың мектепке себепсіз келмеуі;

- Оқушы тәрбиесіндегі, мінезіндегі ауытқушылық;

- Баланың құрбыларымен қарым-қатынасындағы қиыншылықтары;

- Мұғалім мен оқушы арасындағы дау-дамай, кикілжіңді шешуге;

- Білім алудағы қиыншылықтарды жеңуде оқушыларға көмек көрсету;

- Оқушының болашақ кәсібін таңдауына көмек беру;

- 1-сынып оқушысын мектептік өмірге бейімдеу;

- Ата-аналарға отбасындағы тәрбиені ұйымдастыруға көмектесу;

- Баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуына көмектесу;

- Ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңді шешу;

- Ата-ана мен бала арасындағы жағымды тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыруға көмек беру.


Білім беру ұйымында оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қиындық туындаған жағдайда қандай әдіс-тәсіл ұйымдастырған жөн.

Әлеуметтік педагогикалық әдіс-тәсіл мен іс-әрекетті жүзеге асыру жолдары оқушыларды әлеуметтендіруде, оларға жекелеген, арнайы көмек беруде қолданылады. Белгілі зерттеуші Э.Ш. Натанзонның бала тәрбиесінде екі әдісті ұсынғым келеді.

«Жалғастыратын әдістер» – оқушыға сыйлау, сенім білдіру, үміттену, көңіл бөлу, өз күшіне сүйендіру, кеңесу, өтіну.

«Кедергі болатын әдістер» – оларға бұйрық беру, ескерту, жазалау, қарсыласу, зекіп айту, сенімсіздік білдіру, ым-шарамен басқару, ызалану - ашулану.

«Жалғастыратын әдісті» қолдану - балалардың ой-санасына, сезім эмоциясына әсер етеді, баланың ішкі жан дүниесін тыныштандырып, өмірге деген қызығушылығын оятып, көңілін көтереді, өз күшіне деген сенімін туындатады.


Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог пен педагог - психологтың оқу тәрбиесінде қиындық туындаған оқушылармен бірлесіп жұмыс жүргізудің маңыздылығы оқушының отбасымен, араласатын ортасымен әңгімелесу, пікірлесу арқылы, отбасындағы туындаған проблемалы білу, уақытында көмек көрсету. Шешу жолдары: құқықтық тәрбие, әлеуметтәк тәрбие, психологиялық тәрбие, медициналық көмек. Оқушыны әрі қарай бақылауда ұстап, педагог-психологпен бірге жүргізілетін жұмыстардың алгоритміне тоқталып өтсем:


  • Отбасының мәртебесін анықтау;

  • Тұрғын үй зерттеу актісін жүргізу;



  • Отбасына әлеуметтік - психологиялық кеңес беру;

  • Көмекке мұқтаж негіздерін және туындаған проблемаларын нақтылау;

  • Ата - ана мен оқушыға жеке психологиялық, медициналық, құқықтық кеңес беру;

  • Өмірге, қоршаған ортаға, ата-анасына, араласын ортасына көзқарасын анықтау, қызығушылығын ояту;

  • Тест жұмыстарын алу, жеке сұхбат жүргізу, жеке психологиялық жұмыс /сұрақ- жауап, тренинг, пікірін тыңдау, әңгімелесу, дебат, диспут/ ұйымдастыру;

  • Отбасындағы туындаған проблемаға нақты жоспар құру;

  • Оқушыға психологиялық - әлеуметтік жеке картасын толтыру;

  • Оқушының проблемасына қарай жеке жоспар құру;

  • Оқушының психологиялық және әлеуметтік жағдайына көмек көрсету;

  • Жоспар бойынша жүргізілген жұмыстарға 3 ай және 6 ай сайын мониторинг жасау.


Қазіргі кезеңде әлеуметтік педагог, педагог-психологпен мектеп және отбасы арасындағы тұлғаның дамуына жағымды іс - әрекеттерді ұйымдастыратын, үйлестіретін, байланыстыратын және нығайтатын негізгі буын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!