400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушыға педагогикалық-психологиялық мінездеме

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшінің оқушыға берген педагогикалық-психологиялық мінездемесі. НИШ, КТЛ мектептеріне қабылданушыларға, 11 сынып әскери бөлімшеге тапсыруға арналған. Оқушының барлық қабілеттерін көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

«Дарын» дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі

11с-1 сынып оқушысы Текемұрат Бекарыс Мүсірханұлына берілген

педагогикалық-психологиялық


МІНЕЗДЕМЕ


І. Жалпы мәліметтер


Текемұрат Бекарыс Мүсірханұлы 2006 жылы мамырдың он тоғызыншы жұлдызында дүниеге келген. Отбасында бес ағайынды.

2021 жылы «Дарын» мектеп-лицейіне 10 сыныпқа қабылданды. Сыныпта екпінді оқушы, химия және биология пәнін сүйіп оқиды. Ақындар мүшәйрасының жеңімпазы, белсенді оқушы


ІІ. Оқуға, еңбекке, қарым-қатынасқа қабілеті


1. Үйрену мотивтері: кәсіптік бағдар деңгейі өте жоғары. Жалпы үлгерімі өте жақсы. Берілген тапсырманы дер кезінде бұлжытпай орындап отырады. Бос уақытын ізденіспен, жаңа дүниелерді тануға, өзін дамытуға арнауға тырысады.

2. Біліктілігінің ерекшеліктері: шығармашылық қабілеті жоғары, білімді.

3. Оқу шеберлігі: ойлау қабілеті өте жақсы, логикалық есептерді тез шығарады.

4. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өзі оқитын сыныптың ең белсенді оқушысы. Қолға алған ісін аяғына дейін жеткізеді. Өз ісіне тиянақты, жүктелген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды.


ІІІ. Қоғамдық қызметі мен ынталығы


Сабақ барысында Бекарыс ынтасымен, зейінімен бірден көзге түседі. Өмірде толып жатқан оқиғаларға сабақ барысында өз көзқарасын, ойын білдіріп, белсенділік танытады. Сабақтан қалмайды.


ІV. Жеке тұлғаның бағыт-бағдары және ерекше бейімділігі


Текемұрат Бекарыс – жан-жақты, өз ойын еркін білдіреді және толық жеткізе алады. Кез келген ортаға тез бейімделеді. Тапсырманы жылдам орындайды. Оқудағы басты мақсаты – болашақ мамандығы үшін еңбектеніп, қызығушылықпен жұмыс істеп, өз үлесін қосу. Қызығушылығы: кітап оқу, өлең шығару. Оқуға бейім, ынталы. Білім алуға деген құштарлығы жоғары. Оқудағы басты мақсаты ‒ білімді болу үшін өте жақсы оқу, өзгелерге үлгі болу.


V. Ұжыммен қарым-қатынасы


Бекарыстың сыныбындағы беделі жоғары. Дұрыс деп тапқан нәрсесін орындата біледі. Достарына сыйлы. Сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста. Достары арасында сыпайылылығымен, ұқыптылығымен көзге түседі. Сыныптастары Бекарыстың қарапайымдылығын, ашық мінезін ерекше бағалайды. Барлығымен тең араласады.

Достарының, құрбыларының сенімінен шыққан, ол туралы сыныпта жағымды көзқарас қалыптасқан. Оқытушыларымен қарым-қатынасы жақсы.


VІ. Мінез-құлқының ерекшелігі


Текмұрат Бекарыс – ашық мінезді, тез тіл табысып кетеді, бауырмалдығымен, ақкөңілділігімен айналасындағын өзіне баурап алады. Алдына қойған мақсаттарына жетуге талабы зор. Әрқашан білмегенін сұрап, жаңа нәрсеге жаны құштар, ізденімпаз, еңбекқор.

Берілген тапсырмаларды тез орындайды. Ширақ. Әрқашан көңілді жүреді. Мінез-құлқының ерекше айқын белгісі ретінде кез-келген ортаға жылдам бейімделіп кете алуы, сонымен қатар, адалдығы, байсалды қасиетін айтып кетуге болады. Көңіл-күйі әрқашан жоғары, жайдары жүреді.


VІІ. Жалпы қорытындылар


Текемұрат Бекарыс – терең білімді, ізденімпаз, жан-жақты хабардар, алғыр оқушы. Алдына қойған мақсат қазірдің өзінде айқындалған. Өзін болашақта медицина саласынан көргісі келеді. Білікті де білімді маман болатынына сенімім мол.


Сынып жетекшісі Тасқынбай Маусымжан
















Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

«Дарын» дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі

11с-1 сынып оқушысы Ізбасар Азамат Исенбайұлына берілген

педагогикалық-психологиялық


МІНЕЗДЕМЕ


І. Жалпы мәліметтер


Ізбасар Азамат 2006 жылы ақпанның бірінші жұлдызында дүниеге келген. Толық отбасы

2022 жылы «Дарын» мектеп-лицейіне 11 сыныпқа қабылданды. Тарих пәнін сүйіп оқиды.


ІІ. Оқуға, еңбекке, қарым-қатынасқа қабілеті


1. Үйрену мотивтері: кәсіптік бағдар деңгейі жоғары. Жалпы үлгерімі жақсы. Берілген тапсырманы дер кезінде бұлжытпай орындап отырады.

2. Біліктілігінің ерекшеліктері: шығармашылық қабілеті жоғары, дарынды.

3. Оқу шеберлігі: ойлау қабілеті жақсы.

4. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өзі оқитын сыныптың ең белсенді оқушысы. Қолға алған ісін аяғына дейін жеткізеді. Өз ісіне тиянақты, жүктелген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды.


ІІІ. Қоғамдық қызметі мен ынталығы


Сабақ барысында Азамат ойлау қабілетімен бірден көзге түседі. Өмірде толып жатқан оқиғаларға сабақ барысында өз көзқарасын, ойын білдіріп отырады. Сабақтан қалмайды.


ІV. Жеке тұлғаның бағыт-бағдары және ерекше бейімділігі


Ізбасар Азамат – жан-жақты, өз ойын еркін білдіреді және толық жеткізе алады. Кез келген ортаға тез бейімделеді. Тапсырманы жылдам орындайды. Оқудағы басты мақсаты – болашақ мамандығы үшін еңбектеніп, қызығушылықпен жұмыс істеп, өз үлесін қосу. Қызығушылығы: домбыра тарту. Білім алуға деген құштарлығы жақсы.


V. Ұжыммен қарым-қатынасы


Азаматтың сыныбындағы беделі жоғары. Достарына сыйлы. Сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста. Достары арасында сыпайылылығымен, ұқыптылығымен көзге түседі. Сыныптастары Азаматтың қарапайымдылығын, ақкөңілділігін, ашық мінезін ерекше бағалайды. Барлығымен тең араласады.

Достарының, құрбыларының сенімінен шыққан, ол туралы сыныпта жағымды көзқарас қалыптасқан. Оқытушыларымен қарым-қатынасы жақсы.


VІ. Мінез-құлқының ерекшелігі


Ізбасар Азамат – ашық мінезді, тез тіл табысып кетеді, бауырмалдығымен, ақкөңілділігімен айналасындағын өзіне баурап алады. Алдына қойған мақсаттарына жетуге талабы зор. Әрқашан білмегенін сұрап, жаңа нәрсеге білуге ұмтылады. Есте сақтау қабілеті өте жақсы

Берілген тапсырмаларды тез орындайды. Ширақ. Әрқашан көңілді жүреді. Мінез-құлқының ерекше айқын белгісі ретінде кез-келген ортаға жылдам бейімделіп кете алуы, сонымен қатар, адалдығы, байқампаздық қасиетін айтып кетуге болады.


VІІ. Жалпы қорытындылар


Ізбасар Азамат – терең білімді, ізденімпаз, жан-жақты оқушы. Оның болашақта өз мамандығының шебері болатындығына сенімім мол. Алдына қойған мақсат қазірдің өзінде айқындалған.



Сынып жетекшісі Тасқынбай Маусымжан




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
31 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
4037
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі