Материалдар / Оқушылар арасындағы вейп тұтынудың алдын алу(тәрбие сағаты)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылар арасындағы вейп тұтынудың алдын алу(тәрбие сағаты)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатына презентация
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



137 жалпы орта білім беретін мектеп





Дөңгелек үстел

Тақырыбы: Оқушылар арасында вейп тұтыныудың алдын алу



Сынып : 9 «д», 7 «ә»

Сынып жетекшілері : Давлатова М,

Керимкулова Н



2023-2024 оқу жылы


Тақырыбы: «Оқушылар арасында вейп тұтынудын алдын алу»

Мақсаты:

-Электрондық темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиян әсерін ашу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
-  Оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын–алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын  аулақ  ұстауын, оқушының санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту;
-  Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Түрлі суреттер, бейне жазба, темекінің зиянды жақтарын көрсететін нақыл сөздер, суреттер, мақал-мәтелдер.

Сабақтың әдісі:

1. Баяндау;
2. Суреттер салу.
3. Тақырыпты талқылау.

Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлімі 

Қазір жастар, әсіресе жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында электронды темекі сәнге айналған. Халықаралық тілде бұл – “вейп” деп аталады.  Ол ағылшынның “vapе” - “буды  жұту және шығару” сөзінен шыққан.

   Иә, рас вейп бір қарағанда әдемі, сәнді, оның үстіне темекі сияқты үстіңнен жағымсыз иіс шығармайды. Адамдар, әсіресе қыздар вейп тартатындарға “темікішілерге” қарағандай мұрнын басып, тыжырынып қарамайды. Вейпингтің жасөспірімдер мен мектеп жасындағы балаларды өзіне еліктіріп кеткендігі осындай қасиеттері болса керек. Ал никотиннің дәмін татып қалғандар вейпті осы темікіден құтылу үшін тарта бастайды.

    Вейпті жарнамалаушылар оның құрамындағы хош иістер адам ағзасына мүлде зиянсыз деген дақпырт таратты. Бірақ жақында Нью-Йорк университетінің медицина мектебінің ғалымдары электронды темекіден шыққан түтін тышқандарда өкпенің қатерлі ісігін тудыратынын анықтады.

     Аталған зерттеу электронды темекі мен рак ауруынан болатын никотиннің нақты байланысын бірінші болып анықтады. Бұл туралы америкалық ғылыми еңбектер академиясының Proceedings of National Science Academy жариялаған зерттеуінде егжей-тегжейлі айтылған. Ғалымдар аз ғана вейп тышқандардың ДНҚ-сын зақымдауы және оларда өкпе рагы сонымен бірге қуық қатерлі ісігін тудыруы мүмкін екенін анықтады.

    Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 54 апта ішінде никотині бар электронды темекіден уланған 40 тышқанның 22,5 пайызында өкпе обыры, ал 57,5 пайызында қуық қатерлі ісігі дамыған.

Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.

Темекі, ішімдік, нашақорлық – адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді  жеткізгіміз келеді.Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз “Темекі тартқаның –өзіңді құртқаның” тақырыбында өтеді. 19 қараша Халықаралық темекі тартудан бас тарту күні.

Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97%  өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды. Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20% . Қатерлі ісік ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады. «Электронды темекінің қауіпсіз дүние емес екендігі, және ол Кейінгі кезде ТМД көлемінде, соның ішінде Қазақстанда жастардың вейп пен никпэктен зардап шегіп, улану деректері кездесуде. Бұлар, тіпті қарапайым темекіден қауіпті болып шықты. Себебі оларда никотин дозасы синтетикалық никотиннің шоғырлану көлеміне байланысты. Кейбір вейптер 300 рет соруға арналған. Бұлардың барлығы бекітілген мемлекеттік стандартсыз, бақылаусыз жасалатындықтан, онда нақты қанша никотин бары беймәлім. Мәселен, бір дана шылымда орташа есеппен 1-2 миллиграмм никотин болса, бір никпэкте оның көлемі ондаған есе асып түсуі мүмкін. Соның кесірінен оны тұтынған жастардың ауыз қуысы  толған жара. Үнемі уланып, құсып жүргені. Дәрігерге қаралмаған соң улану дерегі тіркелмейді. Тәрбие сағатының қортындылай келе қазіргі күнде темекі шегушілікпен күрес бағдарламалары бүкіл әлемде жасалынуда, осыған орай қоғамдық орындарда темекі шегуге Европа елдерінде тіпті темекі өнімен сатуға тыйм салынған. Егерде біздің елімізде осы шараларды қолдансақ шылым шегетіндер саны азаятыны анық деп ойлаймын.

«Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, темекі шегу жыл сайын әлемде 8 миллионнан астам адамды өлтіреді, дейді Ш. Шукуров. — Темекі түтінінің құрамындағы улы заттар денсаулыққа теріс әсер етеді, тыныс алу жолдары мен қан тамырларының шырышты қабығының қабынуын, склеротикалық өзгерістерді және қатерлі ісіктердің пайда болуын тудырады. Сонымен қатар, темекі шегудің өкпеге зиянды әсері дәлелденген факт.

Бүгінде ағзаға зиянсыз деп айтылған электронды темекі, керісінше, денсаулыққа өте қауіпті өнім болып табылады және адам ағзасында түрлі ауыр ауруларды тудырады. Яғни, электронды темекі шегу процесінде никотин, хош иісті, тәтті дәмі бар басқа да химиялық заттар ағзаға зиянды әсер етеді.

Сонымен қатар, электронды темекі шегу (вейп), әдеттегі темекі сияқты, өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларын, иммунитетті әлсіретеді.

Атап айтқанда, бұл өнім орталық жүйке жүйесіне теріс әсер етіп, темекі шегушілердің тәуелділігін тудырады.

Сонымен қатар, дәрігерлер мұндай пациенттерге COVID-19 инфекциясы тыныс алу, иммундық және жүрек-қан тамыр функциялары бұзылған адамдарда ауыр екенін ескере отырып, электронды темекіні пайдаланбауға кеңес береді.

Өйткені ондағы аэрозольдік әсер өкпе тінінің әр түрлі жасушаларына, оның ішінде сау өкпенің қалыпты қызметін сақтайтын жасушаларға теріс әсер етеді.

Аэрозоль сонымен қатар өкпенің кейбір иммундық жасушаларын жояды, оның инфекциямен күресу қабілетін төмендетеді.

Вейп темекі шегушілерге ғана емес, айналасындағылардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіреді. Яғни, қайталама түтіннің құрамындағы никотин темекі шегетіндерге қарағанда айналасындағылардың денсаулығына зиянды.

Белгілі болғандай, жасөспірім шақ-ми дамуының маңызды кезеңі, ал электронды темекі шегетін балалар мен жасөспірімдерде мидың дамуында бұзылулар, есте сақтау мен танымдық қабілеттің төмендеуі, қауіпті невроздар болады. Жүкті әйелдерде никотин ұрықтың миына ұқсас әсер етеді.

Деректерге сәйкес, 2019-2020 жылдар аралығында (2020 жылдың 18 февраліне дейін) Америка Құрама Штаттарында барлығы 2807 адам ауруханаға жатқызылды және электронды темекіден өлім тіркелді.

Ол сонымен қатар 29 штат пен Колумбия округінде 68 адамның қайтыс болғанын растады. Сондықтан, бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін электронды темекі таралуын күрт шектеу шараларын енгізуге шақырады.

Электронды темекі

Қауіптісі сол, біріншіден, элек­тронды темекілер мен айкостар шылымға қарағанда зияны аз деп насихатталады. Шынында олай емес екенін зерттеулер дәлелдеді. Екіншіден, әсем безендірілген кішкентай құтыға, қорапшаға толтырылған бұл өнімдер әлдебір инновация, сәнді тауар ретінде ұсынылады. Мәселен, вейптерда батарея заряды, картридждегі өнімі қан­ша қалғанын көрсететін ин­ди­катор-лампа қарастырылған. Нәтижесінде, жастар оны де­вайс, гаджет деп таниды. Үшін­шіден, бозбала түгіл, бойжет­кендер де туған күнге бір-біріне вейп сыйлайтын жаман дәстүр қалыптасуда. Демек, бұрын қы­зықпаған қыз бала сыйлық ре­тінде алған соң әрі достарының көңілін қалдырмау үшін оны та­тып көруі, сөйтіп тұрақты тұ­тынуға көшуі ғажап емес. Осындай қауіпті көре оты­рып, мемлекеттің оған үн қат­пауы, тосқауыл мен шектеу қой­мауы – болашаққа балта шап­қанмен бірдей болар еді. Сондықтан Денсаулық сақтау ми­нистрлігі Парламентке табыс­таған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекс жобасына ұлт жа­нашырлары асыға күткен өзге­рістер енді. Оған сәйкес, электронды те­мекі дәстүрлі шылыммен теңес­тірілді. Тиісінше, оны да ғимарат ішінде будақтатуға тыйым салынады. Бұған қоса, «дәстүрлі» және электронды темекілерді ашық сөреде сатуға жол берілмейді. Олар арнайы жабдықталған сө­реде шымылдырық артына жа­сы­рылуы тиіс. Шылымқор сұ­раса ғана сатушы әлгі жабық пер­дені түріп жіберіп тауарды алып береді. Бұдан бөлек, Қазақстанда темекі өнімдерін тек жасы 21-ден асқан адамдарға ғана сату көзделіп отыр. Бұған дейін 18-ге толғандар сатып ала беретін. Осы жаңалықтарды қарас­тыратын Денсаулық кодексі жобасын Мәжіліс екі оқылымда мақұлдап, Сенатқа жолдады. Егер Сенат қолдаса, Мемлекет басшысы қол қойса, жаңа кодекс өмірге жолдама алмақ. ДСМ тұжырымдауынша, темекіге қарсы жаңа шаралар 5 жыл ішінде әлгі жаман әдеті бар қазақстандықтардың санын 5%-ға азайта алады. – Кез келген гипермаркетке, ірі дүкенге кірсеңіз, темекі өнімдері касса алдындағы биік орналасқан әдемі сөреде қаз-қатар тізіліп тұрады. Кассаға ке­зегіңізді күткенше соны тама­шалауға мәжбүрсіз. Бұл әсіресе, жастардың оған деген ынта-ықы­ласын тудырады. Министр­лік әзірлеген жаңа кодекс жо­басы бойынша бұл тауар енді жабық сөреге жасырылуы керек. Онда сигареттің қандай түрлері бары алфавиттік ретпен арнайы тізімде жазылады. Шылымқор адам соны оқып, өзіне керектісін таңдап ала алады, – дейді депутат Зәуреш Аманжолова.   


Венн диаграммасы арқылы темекінің “зияны”  мен  “пайдасы”

АҚШ бас тартқан өнім

Батыс Қазақстан облысымен шектесетін ресейлік Самара об­лысындағы «Южный город» бі­лім орталығының директоры Вла­димир Кильдюшкин бір қы­зықты тәжірибесін ортаға салды. «Бұл күрестен мектептердің тыс қалатыны дұрыс емес. Біз мысалы, бірден қатаң ұстанымда табандадық: мектеп аумағында тек оқушылар ғана емес, мұға­лімдер де шылым шеге алмайды. Бұл талапты бұзған мұғалім не шәкірт орталықтан қуылады. Сабақ үстінде сұранып кетіп, аулақта синтетикалық никотин тұтынатындар болды. Оларды анықтау үшін қулыққа бардық: стоматолог маманды жалдап, 8-9-сынып оқушыларын тегіс тек­сер­дік. Маман балалардың аузы­на үңіліп, тістерінің сау­лығын бағалады. Сонымен бірге кімнің тілі жасылға боялғанын белгіледі. Әшкереленген фак­тілерді ата-аналарына, олар үн қатпаса, ба­лаларға қамқорлық саласына жа­уапты органдарға хабар­ла­дық», – дейді Владимир Киль­дюшкин. Ресей МемДумасы таяуда электронды темекілер мен вейпті темекіге теңеп, оны қоғамдық орындарда тұтынуға және кәме­летке толмағандарға сатуға ты­йым салатын заң қабылдады. Бұл синтетикалық індеттен дамыған елдер де зардап шегуде. Вейпингтің кең таралуы АҚШ-та адамдардың өкпесінің зақым­да­луына және өліміне әкеліп соқ­тырды. Коронавирус панде­миясы басталғанға дейін Құрама Штат­тарда вейп пайдалан­ған­дардың «өкпенің ауыр кеселіне» шалды­ғуының 2 500-ден астам оқиғасы тіркелді. 50 адам қайтыс болған. Осыған орай Америка президен­ті Дональд Трамп бұл өнімді шек­теу ісін қолға алды. Нью-Йорк штаты 2019 жылдың қыркүйегінде бірінші болып, элек­тронды темекілерге тыйым салды. 2020 жылдың басында бүкіл АҚШ-та электронды темекілерді арналған жұпар толтырғыштары бар картридждердің көп түрін сатуға тыйым салынды. Шектеу жастар көп тұтынатын жалбыз, жеміс-жидек, кәмпит дәміне ие сұйықтықтарды қамтыды. Тек сұранысы шамалы темекі және ментол иісі шығатын толтыр­ғыш­тар нарықта қалды. Мамандардың түсіндіруінше, никотинсіз қоспаның құрамы глицериннен және этиленг­ли­колден тұрады. Олар шектен тыс қызғанда аса улы альдегидтер пайда болады. Электронды теме­кілерді өндірушілер өз девайсінде температура қадағаланатынын жариялап жатады. Алайда жур­налистер мен сарапшылар мұ­ның тек шоуға арналған экспонат екенін, саудаға түсетін вейптарда қыздыру шамасы бақылан­бай­тынын анықтады.  

Бейнежазба көрсету.

Егер темекіні тастасаңыз:

24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.
2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі.
3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.
3 – айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.
1 – жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.
10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі.
15 – жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.
Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында ада-күде арылуға болады. Темекі тастаған соң, оны қайтадан тартпау керек.

Сабақты қорытындылау.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен бақытты болады өмір» дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан. Дені сау халық - бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні  сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!