Материалдар / Оқушылар қызығушылығын тудыруда ақпараттық білім беру ортасының құзырлығын дамыту мүмкіндіктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылар қызығушылығын тудыруда ақпараттық білім беру ортасының құзырлығын дамыту мүмкіндіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар қызығушылығын тудыруда ақпараттық білім беру ортасының құзырлығын дамыту мүмкіндіктері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2021
302
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылар қызығушылығын тудыруда ақпараттық білім беру ортасының құзырлығын дамыту мүмкіндіктері

Сағынтаев Қайрат Сағынтайұлы

"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ "Әдіснама және педагогикалық инновациялар" кафедрасы

Ғылыми – техникалық прогресс заманында білім беруді демократияландыру мен ізгілендірудің басты факторының бірі – оны ақпараттандыру.

Ғылыми техникалық  прогрестің қарыштап дамуы мен қоғамның ақпараттануы оқу-тәрбие процесінде оқушының өзіндік таным қызметін атқара  білу әдіс–тәсілдерін менгеруін, өзгермелі ситуация  жағдайында шапшаң бағдарлай білу, компьютер тәрізді таным құралдарын пайдалана білуін талап етеді. Басты мақсат — өзіндік таным қызметін жасай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Жаңа мыңжылдық-бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол-өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгінгі біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау-бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезең енді. Қоғамды ақпараттандыру  экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам- ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты  адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты  білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды.  

Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:
-    қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
-    жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-    білім мен тәрбиенің бірізділігі;
-    жалпы компьютерлік сауаттылық;
-    оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.
Нәтижелері:
-    Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;
-    Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
-    Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;
-    мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуалдық  лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
-    отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;

Мектептің қазіргі даму кезеңінде бұрынғы үйреншікті оқу жүйесін жаңа сападағы оқу жүйесіне ауыстыру мақсаты аясында – өте білімді, өздігінен тиімді ойлай алатын, қазіргі қоғамда өмір сүруге бейімді жеке тұлғаны тәрбиелеу ең басты назарда тұр. Бұл жағдайда оқушылардың өздігінен білім алуы, өздігінен оқуы және өзін-өзі тануы туралы мәселе қою оқу-тәрбие процесінің өзегі болуы шарт. Осыған байланысты қазір балаларды оқытуда жекедара оқытуға (тұлғаны қалыптастыруға бағытталған), олардың өздігінен ізденіп, білім алудың сан түрлі жолдары мен әдістерін игеруіне, өз шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуына айрықша жағдайлар жасалуда. Бұл мәселені шешудің ең тиімді бағыттарының бірі оқу процесіне ақпараттық құралдар мен технологияларды енгізу болып саналады.

Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Жалпы педагогикалық,әдістемелер және компьютердің түйісуінде жаңа бағыт:- оқытудың ақпараттық технологиялары дүниеге келді.Оқу арқылы ақпараттың 10%, тыңдау көрнекі құралдар арқылы 20% ұштастырылса,40-50% оқыту процесінде оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса, білімнің 70% есте сақталады екен. Нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттың бала ойында қалу дәрежесі 90 %. Олай болса мәліметті есте сақтау қолданылатын әдіс-тәсілге байланысты.Сол әдіс-тәсілдің бірі әр сабақта компьютерді пайдалану. Компьютер арқылы түрлі суреттер, графикалық сызу, дыбыс, музыка тыңдау, бейнебаяндар мен кино фильмдер көрсету мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Оқу үрдісінде компьютерді қолдануға негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты қолданылуы қажет. Кейбір жағдайда оқушылардың сұранысын терең ұғыну қажет болса, кей жағдайда пәндік саладағы білімді талдау маңызды роль атқарады

Компьютерлік сабақтардың түрлері

1. Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ

2. Компьютерде өтілетін сабақ

3. Интернетпен өтілетін сабақ

1.Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ

Мультимедиалық сабақ мына бағыттарда өтілуі мүмкін:

1. Жаңа тақырып өткенде,жаңа ақпарат ұсынғанда

2. Өткенді қайталап,біліктер мен дағдыларды бекіту үшін

3. Білімді қорытындылап,жүйелегенде

4. Алған білімді практикада қолданып,бағалау үшін

Бұл сабақта мынадай мультимедиалық оқу құрал-жабдықтары қолданылуы мүмкін:

1. электрондық оқулықтар, анимациялар, видео және аудио сабақтар

2. флипчарттар, Power Point презентациялары

3. оқушылар жасаған презентациялар

2. Компьютерде өтілетін сабақ

Сабақтардың мынадай түрлері болуы мүмкін:

1. Компьютерде электрондық оқу

2. Компьютерлік бақылау тестілерін тапсыру

3. Компьютерде практикалық-лабораториялық жұмыстар істеу

Бұл сабақтарда ең басты кейіпкер – оқушы. Компьютерде тікелей сабақ оқитын, жұмыс істейтін басты тұлға оқушылар болғандықтан, олардың компьютерлік сауаттылығы мен мәдениетіне жоғары талап қойылады. Компьютерде жылдам істеп, тиісті ақпарат пен программаларды тиімді іздеп тауып, іріктеп, өзіне керегін жедел пайдалану жолдарын білуі тиіс. Сондықтан алдымен мұғалімнің өзі осы жоғары талаптарға сай болуы қажет.Ал бұл қасиет жеке тұлға болып қалыптасудың ең алғы шарты және қазіргі заманға сай білім парадигмасының өзі дербес тұлға тәрбиелеуге бағытталған.

3. Интернетпен өтілетін сабақ

1.Интернетте электрондық онлайн оқу

2.Интернет арқылы қашықтан оқу

3.Интернет арқылы конференция,семинар,олимпиадаларға,байқауларға қатысу

Қазіргі кезде Интернетте кез-келген пән бойынша оқу материалдары артығымен жеткілікті. Тіпті youtube, kaztube, educator, iLearning және тағы басқа видеохостингтерде дайын видеосабақтар толып тұр. Оларды сабақтан тыс уақытта интернеттен жүктеп алып пайдалану бір басқа, ал егер мектеп интернетінің жылдамдығы мен сапасы жоғары болса, көптеген сабақтарды тікелей интернетке қосылу арқылы онлайн режімде өтуге болады.

Кәзіргі бүкіл дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған мына пандемия мен карантин кезеңінде ақпараттық технологиялардың ролі артып отыр. Ұстаздар цифрлық білім беру ресурстарын және виртуалды зертханаларды (BilimLand (БілімЛэнд), Google classroom, Zoom сервисі, Microsoft Teams, Google Meet, Free Conference, BlueJeans, opiq.kz қолдану, Daryn.online, Online Mektep)»пайдалануда. Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – электрондық оқыту жүйесінің негізгі бір құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушылар цифрлық білім беру ресурстарын сабақтарға өз бетінше дайындық барысында және білімдерін бекіту үшін қолданады. Цифрлық білім ресурстары бұл - оқу мен мұғалімнің қарым-қатынасын жаңа белсенді деңгейге модельдейтін заманауи жүйенің тренді болып саналады.Сол себепті мұғалімдер түрлі білім платформалары мен ресурстарын пайдаланып, қашықтықтан онлайн форматта оқушыларға өз сабақтарын өтуде.

Ақпараттық технологиялар дамыған дәуірде небір өте мазмұнды көрнекіліктерді де интернеттен тікелей онлайн пайдалану мүмкіндігі бар. Онлайн тест тапсыру, онлайн оқулықтар оқу және т.б. өте қолайлы жасалған оқу құралдары барын, онлайн конференциялар мен семинарларға, пән олимпиадаларына қатысуға болатынын қазіргі кәсіби мұғалім білуі және пайдалануы міндетті деген сенімдемін. Мұндай сабақтар өте көңілді де қызықты, оқушылардың өте жоғары белсенділігімен өтеді. Сабақтардың мазмұны да барынша терең игеріледі. Бір ғана маңызды шарты – мектеп интернетінің мүмкіндігі, яғни жылдамдығы өте жоғары болуы керек!

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді

Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары

Мұғалім үшін:

  1. Оқу уақытын тиімді пайдалану, сабақтың мазмұнын байыта түсу

  2. Аудио-видео арқылы ақпаратты визуалды беру және қабылдау мүмкіндігі

  3. Оқушыларды белсенді іс-әрекетке қосу

  4. Сабақта оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру

  5. Оқушылармен жекедара және іріктей жұмыс істеу мүмкіндігі

  6. Оқушылармен жұмыстың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану

  7. Сабақтардың қызықты да іскерлік көңіл-күйін жасау

Оқушы үшін:

  • Ақпараттың қолжетімділігі

  • Сабақ оқушының заманауи технологиялық дүниетанымына сай әдістермен өтеді

  • Әр оқушы өз қабілеті мен екпінінде оқи алады

  • Өзінше ойлауды дамытады

  • Дербестікке, өзінше шешім қабылдай білуге тәрбиелейді

  • Өз қабілет-қарымына сенімді бекітеді

  • Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге  мүмкіндік алады

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.Компьютерлік технологияларды пайдаланып оқу – заман талабы және болашағы өте үлкен жалпы актуалды үрдіс. Бұл үрдістің оқу сапасын көтерудегі маңызы мен мүмкіндіктері өте көп. Яғни, қазіргі кезде «оқимын» деген талабы бар әрбір жан дүниежүзінің өзі қалаған кез-келген оқу орнында білім алуына толық жағдай бар деп сеніммен айтуға болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!