Оқушылар слеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылар слеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Vunder Time зияткер оқушылардың слеті сценарийі. Озаттар шеруі немесе үздіктер шеруі сынды шараларға сценарийді пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Vunderteam» зияткерлер слеті

Мақсаты: Үздік оқушыларды марапаттау, оқушыларды ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін дамытып, белсенділікке баулу және мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Барысы:


«Болашағы біз елдің» әнімен сахнада оқушылар тұрады. Қолдарында топқа бөліну үшін смарт сағат тағылады.


І жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді оқушылар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар! Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінің зияткер оқушыларымен өткелі отырған «Vunderteam» зияткерлер слетіне қош келдіңіздер!

Бұл күн-білімділердің жұлдызы жоғары тұрған күн!

Бұл күн-өнерлілер мен білімділердің тоғысқан күні!

Бұл күн-әр оқушының жұлдызы жарқыраған күн!

Ия, бүгінгі күн-мектебіміздің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектебіміздің мақтаныштары олимпиада, білім байқаулары, өнер сайыстары мен интелектуалдық сайыстардың жеңімпаздары дәріптелетін күн!

І жүргізуші:

Жаңа жылым, жаңа күнім, ардақты,
Жаңа жылым, салиқалы, салмақты!
Қазағымның айқара ашып есігін,
Жақсылықпен жаңалығын жалғапты!


Жаңа жылым, бейбіт күнім, жаратқан,
Жаңа жылым, достық үнін таратқан!
Елің үшін, жерің үшін кең байтақ,
Жаңа жылда, жаңа күнмен қанаттан!


Осы орайда келе жатқан жаңа 2025-жылан жылы мерекесімен баршаңызды шын жүректен құтықтаймыз. Егемен еліміздің білімге, өнерге, спортқа ұмтылған арманшыл жастарының келешегі жарқын, болашағы берік болсын деп тілей отыра, бүгінгі күні жұлдызы жарқырап, биіктен көрінген оқушыларымызды аса үлкен қошеметпен бүгінгі шарадағы орындарына шақырайық!


(Оқушылардың жетістіктері айтылады, топтарға отырады.)


І жүргізуші:

2024- 2025 оқу жылы біздің мектебіміз үшін ерекше жетістіктерге толы жыл болды. Білім, өнер, спорт бағытындағы түрлі сайыстарда оқушыларымыз топ жарып, мектеп мерейін асқақтатты. Ендеше, құрметті оқушылар, бүгінгі кеш өздерінізге арналады. Жаңа жылдық алғашқы мерекелік құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Гулнур Хайыржанқызына беріледі.


І жүргізуші:

Ұрпағы ұландары, текті жердің,

Қашанда болмысына сүйенемін.

Келешек ғалымдар да, даналар да,

Шығады өздеріннен деп білемін.


Қымбатты оқушылар, бүгін сіздермен үш топта әртүрлі тапсырмаларды орындауда менің көмекшілерім бар. Менің көмекшілерім кім деп ойлайсыздар? Ендеше, менің көмекшілерімді табу үшін алдымен жұмбақтарды шешіп алайық.


Бір адам бар жылына,

Бір ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына,

Сыйлық әкеп береді. Аяз ата


Ақ мамықтай жеңіл өзі,

Қардан туған сұлу қызы.

Шырша жанын әнмен тербеп,

Қуантады кім сізді? Ақша қар


Темір дене, жансыз көз,

Әр бұйрыққа дайын тез.

Қол аяғы болаттан,

Бұл кім өзі табылған? (Робот)

Жарайсыздар, оқушылар! Ендеше қошеметпен қол соғып, менің көмекшілерімді ортаға қарсы алайық!

(Аяз ата, Ақша қар, Робот сөзі)


І тапсырма: Аяз ата қоржынынан озаттарға тапсырмалық-хат. (логикалық сұрақтар)

1-топ.

1. Нені өмірде бір рет қана жасауға болады? \Дүниеге келу\

2. Қай жерде 10+3 1-ге тең болады? \Сағат 13:00\

2-топ.

1. Қандай нәрсенің соңы, ортасы басы болмайды? \шеңбер\

2.Есікті ашу үшін не керек? \Есік жабық болуы керек\

3-топ.

1.Жоғары төмен қозғалады, өзі қозғалмайды? \Лифт\

2.Күн мен түн немен аяқталады? \Н әріпі\


ІІ тапсырма: Жасанды интеллект Роботтан 3 топқа платформалар арқылы тапсырмалар.

1-топ. Gamma арқылы презентация жасау. «Жаңа жылдың шығу тарихы»

2-топ. Canva арқылы құттықтау ашықхатын дайындау

3-топ. Chat GPT арқылы жаңа жылдық тілектер іздеу.

(Бастауыш сыныптардың номері)


ІІІ тапсырма: Тәжірибе алаңы (Ақша қар)

1-топ.

2-топ.

3-топ.


(Жоғары буын номері)


І жүргізуші: Ендігі кезекті болашақта ғылыммен айналысатын, инновация жасайтын, жергілікті технологияларды пайдаланатын, мектеп табалдырығынан ғылымға бет бұрып келе жатқан; дені сау, рухы мықты, салауатты өмір салтын ұстанатын; қазақ халқының мәдениетін дәріптеп, сазды әуенін әуелетіп жүрген оқушыларды марапаттауға кезек берейік! Оқушыларды марапаттау үшін сөз кезегі мектеп директоры Гулнур Хайыржанқызына беріледі.


\Мектеп директорының оқушыларға шәкіртақы табыстауы\


Адамның рухани байлығын арттыратын, ой-өрісін кеңейтетін ең құнды қазына, білімнің алтын кілті, әлемді түсіну үшін ашылған терезе, жанға сая, ойға азық, жүрекке қуат болар, ең үздік құрал-ол кітап. Ендеше, құрметті оқушылар, ата-аналарыңыздыың сіздерге жасаған сый кітаптарын өздеріңізге табыстауға рұқсат етіңіздер. Кітап табыстауды Аяз ата мен Ақшақарға жолдаймыз.


Балалардың ата аналарынан сыйлықты тарату


Құрметті ата-аналар, сіздердің жауапкершіліктеріңіз бен түсініктеріңіздің арқасында балаларымыз жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Әрбір жетістіктің артында сіздердің үнемі қадағалауларыңыз бен қамқорлықтарыңыз тұр. Сіздермен бірлесе отырып, балаларға жақсы тәрбие мен сапалы білім беру жолында әлі талай биік белестерге, толағай жетістіктерге жетерімізге сенеміз. Сіздерге де алғыс хаттарын жолдауға рұқсат етіңіздер!


Ата анаға алгыс хат


І жүргізуші: Білімді ұрпақ-ел болашағы. Елбасымыз «Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы болатынымызға сенемін» деп жастарымызға сенім білдіреді.
Ендеше, осындай білімді де, саналы ұрпақ әр шаңырақта көбейе берсін. Бүгінгі мерекемізге қатысқан барлық ата-аналар мен ұстаздарға, оқушыларға алғыс айта отырып, кешімізді аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп-көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2024
224
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі