Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушыларды ғылыми жұмысқа тарту жолдарының әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдердің тамыз оқуы жайлы баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы



«М Әуезов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Тақырыбы: Оқушыларды ғылыми жұмысқа тарту жолдарының әдіс-тәсілдері







География пәнінің мұғалімі:

Ақнұр Омарбекова Ақылбекқызы









Қызылкөл ауылы

2016-2017 оқу жылы





Жоспар:



І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Оқушыларды ғылыми жұмысқа тарту

  2. Оқушыларды ғылыми жұмысқа тарту жолдарында қолданатын әдіс-тәсілдері

  3. Оқушының ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі.

ІІІ. Қорытынды.

































Кіріспе

Қазіргі оқу үрдісін ұйымдастыру тек қана білім берумен шектелмеуі тиіс. Шәкірттеріміздің жан жақты дамып, ойлау тәсілдерін меңгертіп, байқампаздығын арттырып, талдау жасау, салыстыра білу, қорытынды жасауға үйрету үшін оларды география пәні бойынша бастап ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу қажеттігі туындайды.
География пәні бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарына үйрету балалардың ерік жігері, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылуына әсерін тигізеді. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай, зерттеушілік дағдылары қалыптасқан оқушыларды дайындауға қол жеткізсек, орта буынды әрі қарай қиналмай, еркін жалғастырып кететін шығармашыл, теориялық білімін іс жүзінде қолдана алатын, елжанды жас ұрпақты дайындаған болып шығамыз.
Ғылыми жобаны жазу туралы арнайы нұсқауды негізге алу жөн. Оқушыдан әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидаларын білу. Ғылыми жоба жұмысымен үнемі үздіксіз жұмыс жүргізу үшін оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, жоспарды сауатты құра білуді қалыптастыру керек. Осы жұмысты орындаған кезде ойын жазбаша түсіруге дағдыландыру іске асырылады. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі.
Оқушының өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі, өзінің күнделікті үздіксіз жүргізген жұмысы өз нәтижесін береді. Нәтиже қай жұмыста да нәтижелілігімен бағалы. Жас ұрпаққа білім беруде олардың ғылыми жобаға деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады бұндай жұмыстар оқушылардың ой - қабілеттерін арттыра түсетіні белгілі.
Мектепте жоба жазуды 5 - сыныпта бастаған жөн деп ойлаймын. Жобалау жұмысын үйрету шәкірттеріміздің өзінше еңбек етіп, еркінше талаптануына, өз пікірін, ойын сарапқа салуына әсерін тигізері сөзсіз.















Зерттеу жұмыстары ең алдымен зерттеу күнделігін жүргізуді үйретуден басталады. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.
Ғылыми жобада бет парақ, мазмұны, кіріспе, теориялық бөлімі, зерттеу бөлімі, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымша (егер қажет болса) болуы керек. Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.
Нағыз ұстаз қай ғасырда да - ұстаз болып қала бермек.Ұстазға қойылатын талап мен тілек қаашан да ортақ. Ол - Білімділік, Имандылық, Парасаттылық.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік, негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
Зерттеу әдісі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез –келген мамандықпен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет және ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуға өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.
Зерттеу-дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Айналасындағыларды танып білуге деген талпыныстың арқасында ғана тіршілік иесі белгілі бір ортаға икемделіп, өмір сүру қалпын қалыптастырады.
Биік таным қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу керек. Өйткені география пәні бойынша оқушылардың түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығы жоғары болады, танымдық қабілеті үнемі сұранысқа ие, мұғалімнің қандайда болмасын жаңашыл ұсынысын аса қызығушылықпен қабылдайды және орындауға асығып тұрады. Ал зерттеу мен ізденіс теориялық білімді практикамен ұштастыруға мүмкіндік береді, оқушының болашақ мамандық таңдауына да бағдар болады.


Оқушыларды ғылыми жұмысқа тарту



Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерінің ашылуына оқушыларға мүмкіндіктер жасау. Оқушылардың шығармашылығын шыңдау, ғылыми ізденістерін арттыру мақсатында білім мекемелерінде оқушылардың ғылыми қоғамы ұйымдастырылған.
Ғылыми жұмысты бастаудың бірінші шарты: білімге ынтазар, табанды, танымдық қабілеті терең оқушыны сыныпта байқау және болашақ жұмысқа бейімдеу, әдеби кітаптар беру, ғылыми-көпшілік журналдарды оқыту. Әрине, бұл жерде мұғалім бір оқушыны бөліп-жармай сыныппен жұмыс жүргізуі тиіс;
Бірінші шарты: сабақ процесінде өтілетін тақырыптарды қызықты өткізу. Түрлі есептерді, зертеу, саралау, бақылау элементтеріне баулу. Сабақты үнемі өмірмен, басқа пәндермен байланыстырып отыру және ең бастысы оқулық шегінен тыс қызғылықты мәліметтерді беріп отыру. Бұл әрине мұғалімнің сабаққа тыңғылықты дайындалуына тікелей тәуелді.
Екінші шарты: сыныптан тыс шараларды, пән апталықтарын үлкен дайындықпен өткізу. Мектепішілік шараларда география пәнін мәселесін оқушылар арасында кеңінен насихаттау. Осы шарттар орындалған жағдайда шәкірттердің арасынан пәнге деген қызығушылығы жоғары оқушылар іріктеле бастайды. Олар сабақ процесінде сұрақтарды көп қояды, шараларға белсене қатысады және мұғалімнің көмекшілеріне айналады. Мұғалім мен оқушы арасында өзара сенім орнайды.
Үшінші шарты: пәрменді шаралар арқылы оқушылардың белсенділіктерін көтеру. Оларға акциялар, топсеруендер, саяхаттар жатады. Осы жұмыстардың басы қасында өз көшбасшылары пайда болады. Олар хабарламалар дайындап, қабырға газеттерін шығарады, өлең, шағын әңгімелер жазады, яғни шығармашылық белсенділіктерін көрсете бастайды. Осы шарттар орындалған жағдайда ғылыми жұмысқа дайын, үздік оқушы іріктеледі.
Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымынң мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде шығармаларды таңдайды. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындады, осы міндеттер бойынша оқышылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады.
Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптерін пайдаланып, жұмыстанып келемін.
1. Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсетемін, қосымша мағлұматтар беремін.
2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасаймыз және сұрыптаймыз.
3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу.
4. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын талдай білуі ескеріледі.
5. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі оқытушының басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, айқындай үдері қалыптастырылыды.
Ғылыми жұмыстарды орындау барысында оқушылар ғылыми әдебиеттермен, интернет арқылы мәліметтер жинап, бақылау жұмыстарын жүргізеді, зерттеу жұмыс жоспарын жасайды. Атап айтқанда:
1. Тақырыбын таңдау.
2. Пәні, мақсат-міндеттерін қою.
3.Зерттеудің теориялық, практикалық маңыздылығы.
4. Тақырыпқа сай мәліметтер жинау.
5. Теориялық білімінің жоспарын талдау, оны бақылау дәптеріне жазып отыру.
6. Практикалық бөлімнің жоспарын талдау, зерттеуге керекті тәжірибе жүргізу.
7. Нәтижелерін талдау.
8. Редакторлау.
9. Презентациялау.
10.Жобаны қорғау.
Дарынды, шығармашыл балалар халқымыздың баға жетпес байлығы, ұлы қазынасы. Олар ертеңгі заман жүгін көтеретін, дәуір көшін бастайтындар. Ауданда шығармашыл, дарынды балаларға қолдау көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған. Кіші Ғылыми жоба жұмыстарының байқауларын өткізіп дарынды оқушыларды анықтаймыз.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оқушылар үлкен өмірлік тәжірибе жинақтайды. Ізденісте жүретін балаларды шығармашылық іс-әрекетке баулу өз нәтежиесін беретініне көзім жетті. Тек қана мұғалімнің жан-жақты ізденісі, таптауырын методикадан бас тартып оқушыларды өмірге практикалық, іс-әрекет тұрғысында тәрбиелеу үлкен нәтижеге жеткізбек. Дарындылықты дамыту, қызыреттілігі бекем тұлғаны өмірге дайындау өзіміздің қолымызда.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұраттың ең бастысы – өзінің ісін өмірін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу.
«Атың болса жер таны желіп жүріп, асың болса ел таны беріп жүріп» дегендей, тамшының теңізге ұласуының іргетасы қалану жолуында еңбек етудеміз.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев белгілеген «Қазақстан – 2050» бағдарламасы және жыл сайынғы Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» деп үлкен сенім білдірді.
Білім – әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, асыл болмыс – бітімі, рухани байлығы. Сондықтан ұстаздар жастар білімін өркендету жолында аянбай еңбек етіп, жас ұрпақты игілікті істерге құрметтеп, қарауға жұмылдыруда. Әдетте, алыс жолға шыққан жолаушы барар жерін бағыттап, жүрер жолын бағамдап алады. Біздер де жарқын болашаққа бет алған жолаушы сияқтымыз. Рухани жан-дүниесі мол, білімді, дарынды, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда бағытымыз айқын.
Оқушыларды ғылыми жобалаға қатысуға ниет еткен бала әр оқу жылының басында мектепте, аудандық білім бөлімінде, содан кейін облыстықа жолдама алады. Онда оқушының ғылыми жобасының тақырыбы, бағыты, пәні, секциясы, тағы басқалары көрсетілуі керек. Ол жетістіктердің нәтижелері іріктеліп, сол бойынша балалардың арасынан лайықтылары таңдалады.













Оқушыларды ғылыми жұмысқа тарту жолдарында қолданатын әдіс-тәсілдер


Қазіргі қоғам шығармашылықпен ойлай алатын, ізденімпаз, өздігінен әрекет ететін,зиялы, жауапкершілігі мол тұлғаларды қажет етеді. Қазіргі таңда оқытылатын пәндер балалардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуда, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударылуда. Жеке тұлға, дарынды шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – жеке тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер кейінгі кезде кеңінен насихатталуда.
Қазіргі өзгермелі заманда оқу мен оқыту үрдісінде баланы өмірге бейімдейтін, алған білімін өмірде қолдана алатын, оқушы өзін-өзі дамыта алатын, шығармашыл, елжанды, сыни ойлайтын, проблемаларды шеше алатын тұлға болып өсуі үшін қолайлы жағдай жасалуда.
Мектептегі ғылыми - зерттеу жұмысы оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыруда игі ықпал ететіні сөзсіз. Олай болса ғылыми зерттеу жұмысын жолға қоюдың негізгі мақсаты – осы. Мектептегі ғылыми жоба жазу жұмысының қай түрі болса да өте күрделі ой еңбегі, шығармашылық іс. Оқушының ақыл - ой қабілетін дамытып, белсенділігін арттыруда осындай жұмыстар орасан зор міндет атқарады. Сондықтан мұндай күрделі ақыл - ой еңбегін ұйымдастырып отыру өте қажет.
Сондықтан балаларды зерттеу жұмысына баулуға қызығушылығы бар, тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі жоғары оқушыларды таңдаған дұрыс.

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына құндылықтар,ұлттық рухани мұралар,адамгершілік пен ізгілік,елжандылық қалыптасқан,тәні мен жаны сұлу,өзіне –өзі сенімді,ғылыми теориялық білімділігімен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік,өмірлік және әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отырғаны баршамызға мәлім..Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік,білімділік,шығармашылық арқылы ғана жетуге болады.Сондықтан мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған балалардың жеке қабілетін бейімділігін анықтау және оны дамыту,соның негізінде олардың болашағына бағыт беру,кезек күттірмейтін білім беру үдерісіндегі мәселе болып қала бермек. Осы аталған мәселенің өзектілігі сонда,жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап,оған қолдау көрсету бүгінгі күннің басты жұмысы. Атақты Абай атамыз адамды қоршаған орта табиғатының бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы туылғаннан білуге,түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді.Бірақ бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта бастайды. Біреулер айналадағы құбылысқа , таңдана, тамашалай қарайды,ал біреулер оны сын көзбен қарап, ой қорытуы,сыни пікірлер айтуы мүмкін.Осы таңдана тамашалай қараған баладан шығармашылық қабілетті танып,оның өзіндік қабілет,бейімділіктерін ашу, мектеп қабырғасынан шығармашылыққа баулу ақыл- ойын дамыту мектеп мұғалімдеріне жүктеледі. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Оқыту үрдісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет.Олар–патриотизм,мен парасаттылық нормаларын,ұлтаралық келісім мен толеранттылық, мойынұсынушылық.Бұл құндылықтар,меншіктің қандай түріне жататындығына қарамастан барлық оқу орындарында сіңірілуі тиіс» деп көрсетсе,бұл істе ұрпақ жауапкершілігі тек мұғалімдерде деп сезінеуге болады.







































Қорытынды

Қазіргі білім беру, ғылым, өмір талабы , оқушы талғамы үнемі өсуде. Соған орай әр мұғалім шәкірт жүрегіне жол табарлық,пәніне қызықтырарлық ең тиімді әдістерді қолдануды іздейді, оқыту тәсілдерін жетілдіреді. Өйткені оқушыдан терең білімділікті , ұтымдылықты , ізденімпаздылықты талап ету үшін , мұғалімнің тәжірибесі де,білімі де маңызды болып отыр. Күнделікті сабақта оқушыға тапсырманы күрделендіріп беріп ,бағыт бағдар берілсе тапсырманы орындағанда шығармашылық ізденіске баулыса,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушы қабілетін,танымдық сұрақтар беру арқылы –оқушының ойлау қабілетін,теориялық тапсырмалар беру арқылы тақырыпты меңгеру қабілетін, салыстыру әдісімен салыстыра талдай білуге, тест әдісімен еске сақтау қабілетін дамытуға ,өз ойын жан-жақты толық дамытуға жол ашуға болады. Мен география пәнін оқытуда сабақта оқушыларың қызығушылығын арттыру бағытында сабақты түрлендіре өткізіп,өмірмен байланыстырып,қазіргі заман талабына сай қажетті білім алуына барынша жұмыстанамын.Өз іс-тәжірибемде Оқушының жеке қабілетін ашуда сабақта,үйірме жұмысында,факультативтік оқушылармен даралап жұмыс жасау кезінде шығармашылық қызығуы қалыптасқан оқушылар бойынан мынадай ерекшеліктерді байқап отырдым. Оқушының өзіндік ойлау ерекшеліктері басым,түрлі болжамдар жасауға қабілетті,қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар, шығармашылықпен айналысуға ұмтылып тұрады,өз білігін сынауға тырысады,ақыл –ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағытталып, кәсіптік бағдарға,өзінің кім,қандай маман болатынына бағыттала бастайды. Сонымен қатар оқушының шығармашылық жеке қабілетін шыңдауда мұғалім оқушы шабытын ояту үшін,құлшындыру,еліктіру, «Бәрекелді, сен қабілеттісің!», «Бүгін сен кереметтсің!» деген сөздер арқылы балаға сенім білдіру,жетістігін бағалап,мадақтау, шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық таныту,қамқорлық жасау, қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беріп отыру да ауадай қажет екенін жоққа шығара алмаймын.Оқушыны шығармашылыққа бейімдеуге,зерттеуге тәрбиелеу үшін оқушылардың ғылыми –тәжірибелік жұмыс жолын,зерттеуге алған тақырыбын таңдап, бағыт –бағдар беріп отыру керек.

Мектебіміздегі дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында құрылған оқушылардың ғылыми қоғамы осы тиімді әдісті қолданады. Жобалық оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің жолында бірқатар тәсілдер мен іс-қимылдар қолданады. Атап айтқанда : 1.Ғылыми таным меңгеру(талдау,салыстыру,тасымалдау,ой- негіздеу,жинақтау, ой-қорыту,бақылау, ғылыми талдау,ғылыми түсіндірме,т.б.)

1.Оқушының өзіндік іс-қимылдары (танымжорық,тәжірибе іс-қимыл,ғылыми әдебиеттер оқу,нормативтік құжаттармен танысу,талдау,қоғамдық өмірдегі құбылыстарды тану,бақылау,сөздіктермен жұмыс,эвристикалық әңгімелер,түрлі дарынды тұлғалармен кездесу,сұхбаттасу, эксперимент жүргізу)

2. Жобалық оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың ғылыми айналысуы үшін өзім жүргізген биология пәні үйірмесін «Жас эколог» деп алып, оқушыларды зерттеу жұмысына баули бастадым

Осындай зерттеуге бағытталған тапсырмаларды орындау барысында нәтижелі жұмыстардың мазмұнды көрсеткіштері өз деңгейінде көріне бастады. 2014 жылы 10 сынып оқушысы Кемал «Денсаулық және қоршаған орта » номинациясында бойынша ауданан І-орын алып, облыстан ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

2015 жылы 9 сынып оқушысы Одаман Қарлығаш «Эколгия және адам денсаулығы» бағыты бойынша аудандық 3 орынды иемденді.

2016 жылы 8 сынып оқушысы Қуанышбек Қаракөз «Экология және балалар» атты облыстық оқушылардың зерттеу жұмыстары мен жоблар байқауында»марапатталды

2016- 2017 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобалар жарысында аудандық кезеңінде «Өлкетану» секциясы бойынша 8- сынып оқушысы Жылқыайдар Ақбота 2-орын алып облысқа жолдама алды.

2017 жылы 8- сынып оқушысы Жылқыайдар Ақбота «Эклогия және балалар» атты оқушылардың зерттеу жұмыстары мен жобалар байқауында ауданнан 2-орын алып, облыстан «Алғыс хатпен» марапатталды

2015 жылы 11 сынып оқушысы Молдаш Береке жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобалар жарысында аудандық кезеңінде «Өлкетану» секциясы бойынша І-орын алып облысқа жолдама алды.

Ал өзімнің осы жобалық жұмысымнан түйгенім,қазір осы жұмыспен айналысқан оқушыларым жоғарғы оқу орындада ғылыми жұмыспен айналысып жатыр. Айта кетер болсам Молдаш Береке Халық Аралық Гуманитарлық-Техникалық Универсиетте оқиды. Республика көлемінде «Жас зерттеушілер-2017» атты ғылыми-тәжірбиелік конференцияда І дәрежелі дипломмен матапатталды. ҮІІІ Республикалық «Ғылыми шарайнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстар сайысында ІІІ –орын алды. Ал Одаман Қарлығаш Алматы қаласында Еуразия Ұлттық Университетінде өте жақсы оқып жатыр.Егер оқушы осы мамандықты өзі ұнатып таңдаса, оның жақсы маман болатынына, Елбасы Н.Назарбаев халыққа жолдауында көрсеткендей ізгілігімен XXI ғасырды құрушы,іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны болып қалыптасатытына» сенімім бар.



























































Қолданылған әдебиеттер тізімі:





  1. География және табиғат негіздері, 2014 ж.

  2. Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» - 17 бет

  3. М.А.Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» - 48 бет

  4. Болашақ журланы

5.«Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру» (2 бет) 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі