Материалдар / Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары
Авторы:
13 Сәуір 2024
210
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары

Кез келген қоғамға дарынды адамдар қажет және қоғамның басты міндеті оларды анықтап, қабілеттерін дамыту Жалпы білім беретін мектепте ерекше дарынды балаларды анықтау үшін шығармашылық орта құру керек. . Алайда, өкінішке орай адамдардың барлығы бірдей өздерінің қабілеттерін өз беттерінше дамытуға дайын емес. Көбінесе бұл жағдай олардың отбасына және мектебіне тәуелді. Отбасының міндеті баланың қабілетін уақытылы көре білу, ал мектептің міндеті – балаға қолдау көрсетіп, оның қабілетін дамыту және оны іске асыруға жағдай жасау. Дәл осы мектеп жасындағы баланың өзіндік шығармашылық тұлғасының негізі қалануы керек. Дарынды балалар өз қатарластарын басып озып, оқу материалын меңгеру қарқындылығымен ерекшеленеді. Мұндай балалармен жұмыс жасау қызықты да күрделі. Мұғалімнің әрбірі мектеп оқулығымен жұмыс жасау қанағаттандырмайтын оқушылармен өмірінде бір рет болсада кездеседі, оларға сабақтағы жұмыс қызығушылық тудырмайды, олар сөздіктер, энциклопедияларды, арнайы әдебиеттерді іздеп жүріп оқиды, өздерін қызықтыратын сұрақтарға білімнің әр түрлі салаларынан жауап іздейді. Мектеп осындай дарынды балаларға ғылым мен өмірге жол сілтеп, өз қабілеттерін ашуларына ықпал етуі қажет. Білім берудің басты міндеті – тек ғана ғылым мен техника аясындағы жоғары білімді маман дайындау ғана емес, сонымен қатар жалпы мәдениет пен сауаттылық аясында жоғары білімі бар бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Ал ол мектепте білім беру деңгейін арттыруға, тұлғаға бағдарланған даралап оқыту тәсілін арттыруға және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға тікелей байланысты. Дарынды балалар сабақ барысында шығармашылық үдеріске түгелдей еніп кетуіне мүмкіндік жасайтын, жаңа жаңалықтарға ұмтылдыратын, белсенді ақыл ой еңбегіне итермелейтін, өз-өздерін тануларына көмектесетін оқытудың ерекше тәсілдерін, ерекше жүйесін талап етеді. Оқыту үдерісін белсендіріп, оған танымдық, шығармашылық сипат беру үшін оқу әрекетінде ақпараттың заманауи құралдарын: медиатеканы, электронды оқулықтар мен энциклопедияларды, интернет желісін, сондай-ақ қазіргі заманғы: ойын, оқу-ізденушілік, проблемалы-ізденушілік және тағы басқа технологияларды тиімді қолдану қажет. Оқу әрекетінің мұндай жүйесі дарынды балаларды озық ойлылыққа, жан-жақты салыстырушылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеп, түрлі болжамдар жасай алуға үйретеді.

Дарынды балаларды сабақ үдерісінде дамыту мен табысты оқытудың басты мақсаты:

пәндік біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру;

дарынды балалардың оқу мотивациясын арттыру;

ақыл-ой қабілеттерін және зерек ойлылықты дамыту;

өзін-өзі бақылай алу, өзін-өзі бағалау дағдыларын меңгеру;

ізденушілік және өз бетінше білім алу әрекеттерін дамыту.

Пәндік олимпиадалар қазіргі уақытта оқу процесінің мазмұны мен оқыту технологиясын жетілдіруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстың болашағы бар түрлерінің бірі болып отыр. Олимпиада оқушының өзінің қандай екенін көрсете алатын, потенциалды мүмкіндіктерін ашатын әлеуметтік¬психологиялық шарттарды жасайды. Олимпиада үздіксіз шығармашылық ізденісте болатын интеллектісі дамыған тұлғалармен қарым-қатынас формасы; олимпиаданың мазмұны, ұйымдастырылу формасы оқушыға өзінің мәнді күштерін жүзеге асыру жолын еркін және жауапты түрде таңдауына мүмкіндік береді; олимпиадаларда оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін, интеллектуалдық потенциалдарын толық әрі еркін іске асыруға, өздерін толық шығармашылық тұлға ретінде байытуына жағдайлар жасайды Олимпиадаға дайындау шарттары:

пән бойынша жалпы және қандай да бір қабілеттері бар оқушыларды анықтап, таңдау

.– пәндік олимпиадаға сабақтан тыс жұмыстар арқылы дайындау;

дамытушы орта жасау;

сабақ барысында жоғары деңгейдегі танымдық және шығармашылық тапсырмаларды орындату

Олимпиадаға дайындау барысындағы ұстанымдар

:– мүмкіндігінше өзіндік жұмыстарды орындату;– белсенді білім алу;

күрделіліктің озық деңгейлілігі;

өткен олимпиадалық тапсырмалар нәтижесін талдау;

жеке жұмыс;

психологиялық ұстанымның болуы (мен жеңіске жетуім керек ұстанымы)

Сабақ барысындағы жұмыстар:

сабақ тақырыбымен байланысты олимпиадалық тапсырмаларды орындау:
– шығармашылық және олимпиадалық үй тапсырмаларын беру;

сыныптан тыс жұмыстар

жеке өзіндік жұмыс тапсырмаларын беру;

топтық жұмыс.

оқу үдерісінде АКТ қолдану

Олимпиадалар – білім жарыстырудың өзіндік ерекшелігі бар бір түрі, оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарының нәтижесі. Егер сабақ – оқу-тәрбие жұмысының негізгі бір формасы болса және оның мазмұны оқу бағдарламасымен анықталса, ал олимпиада оқушыларды сыныптан тыс, қосымша жұмысқа тартатын және оқушылардың ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттерді, анықтамалықтарды өз бетінше оқуға итермелейтін әсерлі тәсілдің бірі. Кез келген деңгейдегі олимпиада оқушының отбасында, мұғалімдер ортасында және сыныптастары арасында мойындаушылыққа қол жеткізуіне мүмкіндік беретін жағдай. Олимпиадаға тиімді дайындау үшін ол бір реттік шара ретінде ғана өткізілмеуі керек. Олимпиадаға дайындау жүйелі жүргізілуі керек. Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың түрлі әдістемелік тәсілдері бар. Олимпиадаға дайындық үшін алынатын оқушыларды 5-6 сынып оқушыларының ішінен таңдаған дұрыс. Біріншіден, бұл сынып оқушыларында білімге деген құштарлық жоғары болса, екіншіден, мұғалім оқушыны олимпиадаға 7-8 сыныптан бастап қатыстыру арқылы, оқушының мол тәжірибе жинақтауына мүмкіңдік беріп, білім денгейін толық көрсетуге мүмкіндік алады. Үшіншіден, мұғалім оқушыны 5-6 жыл үздіксіз дайындау арқылы оқушының пәнді жан-жақты меңгеруіне ықпал жасайды.

Қорыта келгенде, білімді ұрпақ – Қазақстанның ертеңі мен болашағы. Ал, жас ұрпақты жан-жақты терең білімді жеке тұлға етіп тәрбиелеу ұстаздардың біліктілігі мен білімділігіне байланысты.Ұстаздардың абыройын асқақтататын шәкірттеріміз. Шәкірттеріміз әрқашан да жеңімпаз болсын!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!