ОҚУШЫЛАРДЫ WORLDSKILLS-КЕ ДАЙЫНДАУ
ЖАҒДАЙЫНДА ЖҰМЫСШЫ
МАМАНДЫҚТАРЫН
ДАМЫТУДЫҢ КЕЙБІР
ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Елеуова Л.А., арнайы
пәндер оқытушысы
МКҚК «Ақтөбе
өнеркәсіптік
технологиялар
колледжі»
Қазіргі уақытта кәсіптік және техникалық
білім беру жүйесінде реформалар жүргізілуде: кәсіптік
стандарттар, WorkdSkills стандарттары жұмыс
оқу бағдарламаларына енгізілуде, жаңа мамандықтар картасындағы
мамандықтарды игеру жобалары жасалу үстінде. Оқу-өндірістік
процестерді техникалық жарақтандыруға көп көңіл бөлінуде,
мемлекеттік -жеке серіктестік дамуда. Көптеген ірі корпорациялар,
өнеркәсіптер әлеуметтiк саланың қызметкерлерi өздерi үшiн кадрлар
даярлауға қатысуының қажеттігін түсiніп келедi. Өңірлерде
бірте-бірте жақын болашақта қажет болатын кадрларды дайындауға
көшуде.
Елімізде дәстүрге айналып жыл
сайын өткізіліп келе WorldSkills Kazakhstan республикалық
чемпионатының заманауи кәсіби мамандар
даярлауда, жұмысшының біліктілік мәртебесін арттыруда, техникалық
мамандықтарды насихаттауда маңызы зор.
Біздің колледжіміздің
оқушылары бұл қозғалыстан тыс қалған жоқ. «Сандық бағдарламамен
басқарылатын токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша
республикалық WorldSkills Kazakhstan чемпионатына Ақтөбе
өнеркәсіптік технологиялар колледжінің студенттері 2019 жылдан бері
қатысып келеді. Бұл құзыреттілік бойынша жыл сайын әр облыстан және
ірі қалалардан 16-18 сайыскерлер қатысып отырады. Біздің колледжден
2019 қатысушымыз - Ильясов Бақтыбай соңғы орындардың бірін иеленген
болатын, оған басты себеп жаттығу алаңының алыстығы (ол кезде
Мәскеуде орналасқан DMG MORI Академиясы) және қаражат тапшылығы
болды.
2021 жылы колледжіміз «Жас
маман» жобасы аясында WorldSkills қозғалысың спонсоры- металл
өңдеуші станоктарының әлемдегі ең ірі өндірушісі DMG MORI
неміс-жапондық концерні шығарған, бағдарламалық басқарудың заманауи
жүйесі - әлем бойынша ең соңғы нұсқалардың бірі Siemens 840D
жүйесімен жабдықталған СТХ-310 ECOLINE токарлық станогын алдық. Оқу
бағдарламасына аталмыш станокты игеруге теориялық,
зертханалық-практикалық және оқу өндірістік сағаттары енгізіліп,
«токарлық іс» мамандығының студенттеріне толыққанды үйретіп
келеміз. Колледжіміздің 2023-24 оқу жылының түлектері WorldSkills
стандарты бойынша демо емтихан тапсырып, дипломмен бірге Skills
паспорт алып өндіріс орындарына жұмысқа орналасты.
Студенттеріміздің білім мен білік деңгейінің өсу тенденциясын жыл
сайынғы республикалық WorldSkills Kazakhstan
сайыс нәтижелері бойынша
байқауға болады. 2022 жылы қатысушымыз Аяғанов Нұрсұлтан 7-ші орын
алып медальон иегері атанған болса, 2023 жылы қатысушымыз Сағынай
Даниял 5-ші орын алып медальон иегері атанған болатын, ал енді 2024
жылдың нәтижесі бойынша қатысушымыз Сағынай Даниял 2-ші орын
алып(1), күміс медаль иегері атанды және де Астана, Қостанай,
Ақтөбе қалаларының өндіріс орындарына жұмысқа
шақырылды.

Бұдан байқайтынымыз-
WorldSkills халықаралық қозғалысы отандық кәсіптік және
техникалық білім беру жүйесі үшін көптеген инновациялық шешімдерді,
әдістерді, алгоритмдерді дамытуға жетелейтін өте прогрессивті
бастама болып отыр. Жалпы Қазақстанның WorldSkills қозғалысына
қатысуы кәсіби жүйеге бірқатар оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік
беріп, техникалық және кәсіптік білім беру жағдайын түбегейлі
өзгертуде. Мұндай өзгерістерге мыналар
жатады:
-
Техникалық және кәсіптік білім
берудің аймақтық жүйелерін реформалануы және дамуы, өйткені барлық
дерлік аймақтар чемпионаттарға белгілі бір дәрежеде- сарапшылар,
мамандандырылған құзырет орталықтары, чемпионат қатысушылары және
т.б. ретінде қатысып келеді.
-
Техникалық және кәсiптiк бiлiм
беру ұйымдары мен кадрларды қайта даярлау орталықтарында кәсiптiк
кадрларды даярлау сапасын арттыруда, бұл білім беру ұйымдарының
ішкі дамуына ғана емес сонымен қатар мемлекеттік және үкіметтік
емес құрылымдармен, кәсіпорындармен және т.б. стратегиялық
серіктестікті дамытуға серпін береді
-
Жаңа мамандықтар мен жаңа
формация мамандарының пайда болуы. Автоматтандыру және цифрлық
экономикаға көшу біліктіліктері оқуды аяқтаған кезде алған
дипломдарымен емес, құзыреттермен өлшенетін қабілеттері жоғары
жұмыс күшінің жаңа түріне қажеттілік тудырды. Бүгінгі күні бәсекеге
қабілетті маман ғана емес, сонымен қатар заманауй мамандыққа
бейімделген, соңғы жаңа құрылғылармен, робототехникамен жұмыс
істеуге және өз білімдерін үздіксіз кеңейтуге қабілетті маман
дайындау керектігі туындап отыр.
-
Заманауи мамандықтардың жаңа
стандарты жүйелі түрде Техникалық және Кәсіптік білім беру
ұйымдарында емтихан жүйесін өзгертуде- мемлекеттік қорытынды
аттестаттаудың заманауи жүйесі - WorldSkills стандарты бойынша
демоемтихан енгізілуде. Ол бітірушілердің нағыз өндіріс жағдайында
өзінің игерген біліктілік деңгейін тексеруді қарастырады. Сонымен
қатар, құзыреттіліктер пәндер бойынша бағалары бар дипломмен ғана
емес, нақты дағдыларды тізімдейтін Skills-
төлқұжат пен
расталады
-
Айта кету керек, WorldSkills
байқауы тек белгілі жұмысшы мамандықтары бойынша ғана өткізілмейді,
білім беру саласы үшін де, өндіріс орындары үшін де жаңа, түбегейлі
жаңа мамандықтарды қамтиды. Мысалы,
"мехатроник", "мобильді робототехника", "ұшқышсыз ұшу
аппараттарының операторы", "аддитивті технологиялар жөніндегі
маман"сияқты мамандықтар
Сондықтан WorldSkills кәсіби
байқауларына Қазақстан жастары қатысуы
қажет
біріншіден, мұнда барлық
құнды, жаңа, заманауи құзыреттіліктер
шоғырланған.
Мамандарды даярлау процесінде
WorldSkills кәсіби конкурстарын кадрларды даярлаудың инновациялық
нысаны ретінде пайдалану оның тиімділігіне кепілдік береді, өйткені
бұл студенттердің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін,
коммуналдық қызметтерін, кәсіби ойлау дағдыларын дамытудағы
мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Бүгін WorldSkills қозғалысы
жұмысшы мамандықтарын дәріптеу және кәсіби білім беру жүйесінің
оқушыларды даярлау сапасын арттыру тетігі ретінде қызмет етеді
.