Материалдар / Оқушылардың білім деңгейін бонустық бірліктер арқылы бағалау жүйесі

Оқушылардың білім деңгейін бонустық бірліктер арқылы бағалау жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде жаңашыл тәсілдер мен әдістемелер кеңінен енгізілуде. Солардың ішінде оқушылардың оқу жетістіктерін әділ бағалау – оқу нәтижелілігінің маңызды көрсеткіші болып отыр. Осы орайда, білім сапасын нақты әрі шынайы бағалауға кедергі келтіретін қайшылықтарды болдырмау үшін «баға қою» ұғымын «білім деңгейін бағалау» түсінігімен алмастырған жөн деп есептеймін. Бұл бағыттағы алғашқы қадам ретінде оқушылардың білімін бонустық бірліктер арқылы бағалауға арналған тәжірибелік жұмыс жүргізілді.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Оқушылардың білім деңгейін бонустық бірліктер арқылы бағалау жүйесі

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде жаңашыл тәсілдер мен әдістемелер кеңінен енгізілуде. Солардың ішінде оқушылардың оқу жетістіктерін әділ бағалау – оқу нәтижелілігінің маңызды көрсеткіші болып отыр. Осы орайда, білім сапасын нақты әрі шынайы бағалауға кедергі келтіретін қайшылықтарды болдырмау үшін «баға қою» ұғымын «білім деңгейін бағалау» түсінігімен алмастырған жөн деп есептеймін. Бұл бағыттағы алғашқы қадам ретінде оқушылардың білімін бонустық бірліктер арқылы бағалауға арналған тәжірибелік жұмыс жүргізілді.

Жұмыс бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде мен бұл идеяны теориялық тұрғыда дәлелдеп, жазбаша негіздемесін жасадым. Екінші кезеңде бір сыныппен тәжірибе жүргізілді. Үшінші кезең – бірнеше сыныпта түрлі пәндер бойынша салыстырмалы зерттеу, ал соңғы кезеңде бүкіл мектеп деңгейінде бұл әдісті барлық пәндерге енгізу жоспарланды.

Шығыс даналығына сүйенсек, адамның қадір-қасиеті оның өз міндеттеріне деген жауапкершілігі арқылы бағаланады. Білім алушы үшін басты міндет – оқу және тәрбие алу. Сондықтан да оқушының білімін бағалау – оның тұлғалық қасиетін айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі. Осы себепті білімді бағалауға аса байыппен, мазмұнды және әділетті көзқарас қажет.

Білім бағалау – мұғалім жұмысының ең күрделі тұсы. Қалыптасқан ереже бойынша оқушыға қандай баға қою керек екені нақты белгіленгенімен, қазіргі таңда бұл жүйенің шеңберінен шығатын уақыт келгендей. Себебі бес балдық жүйе оқушыны ынталандыруға немесе оның еңбегін нақты бағалауға кейде кедергі келтіреді. Мұндай жүйеде кей жағдайларда әділетсіздік туындауы мүмкін. Мысалы, тоқсан бойы әлсіз нәтиже көрсеткен оқушы соңында жақсы баға алғысы келеді, бірақ өткен екілік баға бұл мүмкіндікке кедергі болады. Бұл жағдайда оқушының ынтасы төмендеп, пәнге деген қызығушылығы бәсеңдейді. Мұғалімнің міндеті – келесі тоқсанда баланың ынтасын қайта жандандыру. Кейде баға тапшылығын өтеу үшін, шындыққа сәйкес келмейтін бағалар қойылатыны да жасырын емес.

Бонустық бірліктер арқылы бағалау жүйесі осындай олқылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұрынғы дәстүр бойынша бір сабақта 5-6 оқушы жауап беруі тиіс болса, жаңа жүйеде бұл талап өзекті болмай қалады. Сабақ барысында берілген 10-15 сұраққа оқушылардың 2-3-еуі ғана жауап беріп, сол арқылы + немесе - түрінде бонус жинайды. Бұл тәсілде оқушы сабақ барысында дұрыс жауап берсе – бонус қосылады, ал дұрыс жауап бермесе немесе жауап бермесе – бонус шегеріледі.

Мысалы, бірінші тоқсанда 6, 4, 7, 11 бонустық ұпай жинаған оқушылар сол көрсеткіштерді басқа тоқсандарда да қайталап, нәтижесінде 24, 16, 28, 44 ұпайға қол жеткізеді. Арнайы шкала бойынша:

  • 25-30 бонус – «5» бағасы,

  • 20-25 бонус – «4» бағасы,

  • 15-20 бонус – «3» бағасы ретінде есептеледі.

Ол іс-тәжірибе барысында былайша жүзеге асырылады. Сынып журналы дәл бұрынғы қалып бойынша толтырылады. Тек әр оқушының аты-жөнінің тұсындағы тор көзді бұрыштама етіп қиғаштап екіге бөлеміз. Тор көздің жоғары бөлігіне + бонустар қойылады да, төменгі бөлігіне - бонустар қойылады.

(кесте 1).

Кесте 1. Сынып журналының үлгісі.

р/с

Оқушының аты-жөні


Қыркүйек

Қазан























1























2























3























4























5























6























7























8























9























10
























Сонда жыл бойы 30 немесе одан да көп сұрақты толық меңгерген бала 5 баллдың иесі деп айтсақ болады. Ал шкаланы 25-30 деп қойған себебім минус бонустар жеп қойған, бірақ толық жауап берілген сұрақтар есебінен толықтырылады. Сонан соң баланың сұралмай қалатын, түрлі себептермен сабақтарды жіберіп алатын күндері болады.

Бұл тәсіл деңгейлетіп оқыту, аралас сабақ және басқа инновациялық методтары жүзеге асыру барысында қолданыс табады деп ойлаймын. Ең алдымен бұл әдістің тиімді жағын қарастырып көрелік. Ол үшін мынадай ІІІ-тірек факторларды алып отырмыз.

І.Бұл - жаңаша тәсіл.

ІІ. Балалардың ынтасын көтереді, серпілісін оятады.

ІІІ. Мұғалімнің бағалау процесіндегі жұмысын жеңілдетеді. Атап айтсақ бағаны түзету, оқушыны ынталандыру және көтермелеу мен жазалау оқушының ар-намысына шаң жұқтырмай отырып жүзеге асырылады.

Ендеше , осы факторларды жеке-жеке дәлелдеп көрелік:

І фактор. Бұл тәсілдің жаңашыл екендігінде дау жоқ. Техникалық прогресс дамыған кезенде бонустарды есептеуді электрондық есептегіш машиналар немесе компьютерлік жүйе арқылы жүзеге асыру өте қолайлы болып табылады. Бес баллдық баға жүйесі бойынша ең ақыры жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандары да бағаланбайды. Ол жерде әр пәннен 30 дұрыс жауап берген бала үздік белгімен марапатталады.

Бұл әдіс сабақ барысын түрлендіруге, мұғалімнің жан-жақты ашылуына, оның жана оқулықтарды, оқу көрнекіліктерін, дидактикалық материалдар мен техникалық оқу құралдарын кеңінен қолдануына мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда мектептердегі білім беру жүйесіне оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын енгізу, мұғалімнің өз білімінің деңгейін көтеруге, шеберлігін шыңдауға көмектесуге және оқушылармен өткізген сабақтарын, педогогикалық процессті өте терең және салалы түрде талдау жасауына жол ашатын бірден-бір интеграциялық тәжірибелердің бірі.

ІІ фактор. Балалардың ынтасын оятып, серпілісін көтеретін бұл әдіс өте тиімді. Әрбір оқушының өзінің потенциалдық мүмкіншіліктерін таразылауына және жағдайды өз күшімен өз пайдасына шешуіне көп әсерін тигізеді.

Әр баланың өз бетінше шебер және белсенді бола білуі, өзін физикалық, психикалық және рухани сезінуінің басты шарты екендігінде дау жоқ. Олай болса, бұл фактордың басты мүмкіншілігі балаларға «қателесуге құқық» бере отырып, оны түзетуге жағдай жасау болса, олар баға үшін қорқуын доғаратыны сөзсіз. Сонымен қатар, барлық балаларды салыстырмалы түрде жіктейтін әдеттен де мүлде арыламыз. Сөзімізді нақтылай түсер болсақ, бір рет қателескен бала да, егер қатесін дер кезінде көрсетіп, түсіндіретін болсак, ол оқушы сол қатені жоюға және қайталамауға белсене кіріседі. Дәл осы кезде балаға жан-жақты көмек қажет. Ол «нашар бағам бар, оны жоя алмаймын» деген ойдан арылуы керек. Есесіне «мен - бонустарды + бонустарға түзетуге мүмкіншілігім зор » деген ынта-жігер, серпіліс ояту мұғалім алдындағы міндет.

Екінші жағынан қарайтын болсақ, бұл - ойын. Үйге берілген тапсырманы сұрау барысында таптырмайтын тәсіл. Плюс бонус жинау үшін балалар бір-бірімен жарысып қол көтеріп, барлық сұрақтардың дұрыс жауабын беруге тырысатыны сөзсіз. Тек дер кезінде оларға тиесілі бонустарын беріп немесе алып отырсаңыз болды. Демек бұл балалардың тарапынан қызығушылық оятуға болатын бірден-бір тәсіл. Бұл тәсіл бастауыш сыныптарда бұрыннан бері қолданылып келе жатқан тәсіл. Мысалы, сабақ барысында дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша, жалауша беріп белсенділіктерін ерекшелендіріп тұратын сәттермен сәйкес. Тек бастауыш сыныпта жалаушалар мен жұлдызшаларды қайтып алып қою үрдісі енгізілмеген.

ІІІ фактор. Бұның бәрінің тиімділігі тек оқу процесстері кезінде ғана емес, тәрбие ісінде де, тәжірибелік сабақтар, ең ақыры балаларды қоғамға пайдалы еңбекке тарту кезінде де өз нәтижелерін береді. Демек, тек 5-ке оқитын оқушы үнемі жақсы да, 2-лік бағаны жиі алатын бала нашар оқушы деген ұғымнан арыламыз. Бұл баланың бойындағы моральдік, рухани және алымдылық-алғырлық қасиеттерін жанжақты ашуға септігін тигізеді. Кішкене ғана мысал, кейбір оқушылар математика, физика, химия сабақтары бойынша үлгермейтіндер қатарында болса, әдебиет, тарих, қоғамтану, география сияқты сабақтардан кілең «беске» оқуы мүмкін. Тереңірек тоқталар болсам, біраз жылдар бойы сырттай және тығыз түрде бақылау жүргізу барысында байқағаным, бір оқушы саптық даярлық тарауы бойынша теория жүзінде де, практика жүзінде де шындалған. Оның дене бітімі, сымша тартылуы, саптық тәсілдерді нақты етіп орындауы және жаңа сабақты түсіндірген, көрсеткен кездердегі ерекше ықыласы мен ыждағаттылығы, саптағы тәртібі 5-тен де артық баға қоюға тұрарлық. Дәл сол оқушы тактикалық даярлық тарауы бойынша теориялық сабақтарда eш белсенділік танытпайды, бағалары нашар, практика жүзінде алғырлық танытуына негіз жоқ, сол үшін ол үлгермейді, яғни нашар оқушы. Мәселенің шиеленіскен тұсы алда, сол оқушыға жылдық баға қою кезінде көп қиындық туындайды. Біздер көбінесе жылдың жылы мезгілдеріне саптық, атыс даярлығы тарауларының сабақтарын қойғандықтан, І тоқсанға саптық даярлық, ІІ-тоқсанға әскери қызмет негіздері, ІІІ тоқсанға тактикалық дайындық, IV тоқсанға атыс даярлығы бөлінеді. Бір тоқсан бойы үздік баға алған, екінші тоқсанда нашар бага алып қалған оқушыға қорытынды бағаны қалай қоярымызды білмей дал боламыз.

Менің ұсынысым, тоқсан соңында жинаған бонустарының жиынтығын есептеп шығарып, жылдық баға қою керек. Демек, тоқсан соңында баға қорытпастан бонустар санын жазып қана қою керек. Сөзімді қорытындылай келе айтарым, қазіргі заманда оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін оқытудың ең озық технологиялары қолданысқа еніп жатқанда білім деңгейін бағалау процессі де үлкен роль атқаратын сектор екендігінде дау жоқ. Сондықтан, оқушы балаларды жаппай ынталандыру үшін бұл таптырмайтын тәсіл. Осы жаңашыл әдісті таразылай келе, оның басым артықшылықтары кемшіліктері көрсетілген мынадай таблица құрастырылды:

(Кесте 2,3)


Кесте 2. Бонустық бірліктер арқылы бағалаудың артықшылықтары.


р/с

Бонустық бірліктер арқылы бағалаудың артықшылықтары

5 баллдық жүйе бойынша бағалаудың қарама-қарсы кемшіліктері

1

Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады. (Ойын арқылы)

Оқушылардың белсенділігі төмен болады.

2

Оқушыларға 2-лік деген баға қойылмайды.

Бір рет екі-лік алған бала тоқсан соңына дейін түзей алмайды.

3

Оқушыларға «қателесуге құқық» бере отырып, қатені түзетуге мүмкіншіліктер береді.

Бір рет қателескен бала нашар оқитын балалар қосылады да,үздіктерге талпынбайды.

4

Баға дефицитін жояды. Баға қоры туралы алаңдаушылық болмайды.

Бір сабақта 3-5 оқушы сұралуы керек деген ереже қалыптасқандықтан баға

қорын толықтыру үшін, төбеден баға алып отырамыз.


Кесте 3. Бонустық бірліктер арқылы бағалауды ұйымдастырудағы кездесетін қиындықтар.


р/с

. Бонустық бірліктер арқылы бағалаудың кемшіліктері.

5 баллдық жүйе бойынша бағалаудың қарама-қарсы артықшылықтары

1

Жаңа үлгідегі сынып журналын енгізу қиындығы.

Бұрыннан қолданыста келе жатқан сынып журналы қолайлы, түсініктк және әбден тексерілген жүйе.

2

Бонустарды қою, оларды дұрыс есептеу мұғалімдерден артық уақыт жұмсауын талап етеді.

Оқушы бір сабақта бір ғана баға алады 3да, оны есептеу, тоқсандық және жылдық бағаларды шығару өте оңай.

3

Балалардың жауап беру уақытын шектеу кесірінен дарынды оқушыларды анықтау, олармен жұмыс жасау қиынға соғады.

Үздік оқушыға бір тақырыпты түгел тапсырып, соған баяндату арқылы белсенді оқушыны анықтауға болады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Әбишев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Қудиярова А.М.

Педагогика. Алматы. 2004 ж.

  1. Зяблева Е.А.

Эффективная оценка знаний.

Учитель. Алматы. 2004 г.

  1. Қоянбаева Ж.Б., Қоянбаев Р.М.

Педагогика. Алматы. 204 ж.


















ЖИ арқылы жасау
17 Сәуір 2025
174
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі