Материалдар / Оқушылардың цифрлық білімдерінің деңгейін көтеру , функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдарын қарастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың цифрлық білімдерінің деңгейін көтеру , функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдарын қарастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Bayandama
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Тамыз 2023
422
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ........................................................................................................................3


1. PISA – ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІ МЕН БІЛІКТІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ...................................................................5


1.1 PISA зерттеулерінің мазмұны................................................................................5

1.2 PISA бойынша тапсырмалардың ерекшеліктері...................................................8


НЕГІЗГІ БӨЛІМ .......................................................................................................11

2. МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА PISA тапсырмаларын ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ.............................................................................................................11

2.1 Математика сабағында PISA есептерін қолдану................................................11

2.2 Ашық сабақ жоспарлары......................................................................................12

2.3 PISA бойынша математикалық тапсырмалар.....................................................20


ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................32

3.1 PISA тапсырмаларына байланысты тест тапсырмалары...................................32

3.2 Тест тапсырмаларына сараптама.........................................................................40


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................42

ҚОСЫМША...............................................................................................................43




















КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұл зерттеу жұмысында PISA халықаралық зерттеулер әдісін математика сабағында қолдану әдістемесі қарастырылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пpeзидeнті – Елбасымыз Н. Ә. Нaзapбaeв: «...Адaмзaт үшін ХХІ ғaсыp жaңa тeхнологиялapдың ғaсыpы болмaқ, aл осы жaңa тeхнологиялapды жүзeгe aсыpып, өміpгe eнгізу, игepу жәнe жeтілдіpу – бүгінгі мeктeп мұғaлімдepінің, сіздepдің eншілepіңіз», – дeп aтaп көpсeткен болатын. Елбасы Жолдауында жалпы білім беретін орта мектептерде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталмыш міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады [1].

Мектеп оқушыларының функционалық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары, 2012 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы қабылданды [2]

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде.

РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.

Математика – күрделі нақты пәндердің бірі. Мектеп оқушыларына математиканы оқытуда РІSА зерттеулер әдісін қолданудың көптеген әдістемелері бар. Таңдалған тақырыбымыз осы айтылған мәселелер зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түседі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын математика сабағында қолдана отырып, белсенді оқыту әдістері арқылы, оқушының белсенділігін арттыру, ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын ояту.

Зерттеу жұмысының мақсаты

  • PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын математика сабағында пайдалана отырып, оқушылардың танымдық күшін қалыптастыру, ойлау, талдау қабілеттерін шыңдап, ойын еркін жеткізе алуға жетелеу.

  • PISA халықаралық зерттеу тапсырмалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оқу барысында игерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу.


Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді алға тартамыз:

  • PISA бойынша тапсырмалардың ерекшеліктерін анықтау;

  • Тақырыпқа байланысты PISA тапсырмаларына сәйкес есептерді шығаруға және жан-жақты түсіне білуге баулу;

  • Есептер мен тапсырмаларды шеше отырып, оқушылардың математикалық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;


  • Математика сабағында PISA әдісін қолдануды қарастыру және алған білімдерін өмірде қолдана алу дағдыларын қалыптастыру


Зepттeу ныcaны. РІSА зерттеулері бойынша математикалық тапсырмалар.

Зepттeу жұмыcының дepeккөздepi. Бұл opaйдa математика пәні бойынша РІSА әдістеріне ғылыми зерттеу шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері және тақырыпқа сай математикалық тапсырмалар жинау үшін «Математика» оқулығы негізге алынды.

Зepттeу әдic-тәciлдepi. Зepттeу бapыcындa тeopиялық-әдicтeмeлiк нeгiз peтiндe РІSА зерттеулері тeopияcының қaғидaлapы бacшылыққa aлынды. Қaжeтiнe қapaй cипaттaу, тaлдaу, жүйeлeу, тoптaу, caлыcтыpу, жинау тәciлдepi қoлдaнылды.

Жұмыcтың тeopиялық жәнe пpaктикaлық мәнi. Зepттeу бapыcындa aлынғaн тұжыpымдap мeн нәтижeлep математиканың жaлпы тeopиялық нeгiздepiн, жоғары математика, геометрияны дaмытуғa ceптiгiн тигiзe aлaды. Жұмыcтың нәтижeлepiн математика бoйыншa apнaйы куpcтapдa, математиканы түрлі дeңгeйдe oқитын aудитopиялapдa, пpaктикaлық математика куpcындa, әpтүpлi oқулықтap, cөздiктep (математикалық т.б.) жacaудa пaйдaлaнуғa бoлaды.

Зepттeу жұмыcының құpылымы. Шығармашылық жұмыc кipicпeдeн, eкi тapaудaн, қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн тұpaды.

















1. PISA – ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІ МЕН БІЛІКТІЛІГІН БАҒАЛАУ-ДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ


1.1 PISA зерттеулерінің мазмұны


Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады [3].

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары  мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда [3].

PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулері дегеніміз не және оның маңыздылығына тоқтала кетсек.

РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.

PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

PISA – (Programme for International Student Assessment) оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы [4].

PISA – 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық деңгейін бағалауға арналған халықаралық зерттеу. Жобаны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) үйлестіреді. Зерттеуді білім беру саласындағы жетекші халықаралық ұйымдар қатысатын Консорциум жүзеге асырады.

Зерттеудің мақсаты: міндетті жалпы білім алған оқушылардың қоғамда толыққанды жұмыс істеу үшін қажетті білімі мен дағдыларын (функционалдық сауаттылығын) бағалау. Бұларға қосымша оқушылардың білім алудағы жетістіктеріне әртүрлі факторлардың қалай әсер ететінін зерттеледі. Бұлар – әлеуметтік-экономикалық аспектілер, білім беру ұйымдарының сипаттамалары және жасөспірімдердің мектептен тыс білім алу мүмкіндіктері.

PISA негізінде – бұл өмірде кездесетін ситуацияларды шешуге қатысты пәндік білімін, біліктілігін, дағдысын жинақтап көрсетуге бейімділігі. Бұл жаста көп елде мектептегі міндетті білім тәмамдалады. PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.

РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық [4]. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. РІSА бағдарламасы бойынша 2009 жылы оқу сауаттылығы зерттелді (1-сур.).



1-сурет. PISA жобасының даму стратегиясы 2009 жылы Қазақстан PISA зерттеуіне алғаш рет қатысты.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстан оқушылары мынадай көрсеткіштерге қол жеткізді:

аса күрделі емес оқу мәтіндерін қолдана және оларды күнделікті жағдайда пайдалана білетіндердің үлесі зерттеуге қатысушылардың тек 5 пайызын ғана құрады (ОЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 28,6 %);

нақты модельдермен нақты жағдайларда тиімді жұмыс істей алатын, әртүрлі тапсырмаларды дамыта және кіріктіре алатын оқушылардың үлесі математикалық сауаттылық бойынша қатысқан оқушылардың 4,2 пайызын құрады (ОЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 16 %).

Оқушылар бойындағы бейімділік пен талантын, танымдық, ізденушілік қабілеттерін зерттеу негізінде қазіргі заман талабына сай шығармашыл тұлға қалыптастыру. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды.

Еліміздің 2012 жылы сәуір айында болған PISA-2012 негізгі зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өмірінде орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Жаратылыстануға арналған тапсырмаларды орындау барысында окушылардан жаратылыстанудың тексерілетін бөлімдері бойынша нсгізгі түсініктерді, заңдар мен ұстанымдарды білуін корсете алуы ғана емес, оларды мәселелерді шешуде пайдалана алу қабілеттері, табиғат құбылыстарына түсінік беруі, қарапайым зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін ұсынулары талап етіледі [5].

Жаратылыстану ғылыми сауаттылығы – тұлғаның негізгі жаратылыстану ғылыми таным әдістерін қолдана алу қабілеті, сұрақ құрылымына байланысты білімдерін қолдану және жетілдіру, жаратылыстану ғылыми құбылыстарды түсіндіру және ғылыми дәлелдерге негізделген қорытынды жасай алуы.

PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі (2-сур.).



2-сүрет.


Жаратылыстану бағытындағы ғылыми сауаттылықтың ерекшеліктері:

- жаратылыстанудың негізгі ерекшеліктерін адами таным мен зерттеу формасы ретінде түсіну қабілеттілігі;

- жаратылыстану ғылымдары мен технологияның материалдық, интеллектуалдық және мәдени салаға әсер ететіндігі туралы білімді көрсету;

- мектепте алған білімді түрлі өмірлік жағдайларда қолдана алу қабілеттігі, қойылған мәселелерді ғылыми әдістермен шешу, ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс жасай және оны сыни тұрғыдан бағалай алу;

- эксперимент тәжірибелер жасау, болжамдар келтіру және қолдайтын немесе жоққа шығаратын зерттеулер өткізу, айтылған көзқарасқа қарсы шығу немесе оны негіздеу.

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық – бұл ғылыми-жаратылыстану саласында әр түрлі өмірлік жағдаяттарды шешудегі жеке дәлелдемелерінің таңдауында адамның өз білімдерін пайдалану қабілеттілігі.

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының компоненттері – құбылысты ғылыми тұрғыдан негіздеп түсіндіріп, ғылыми зерттеуді талдау және жобалау, берген көрсеткіштерді ғылыми жорамалдауы.

Оқушылар бойындағы бейімділік пен талантын, танымдық, ізденушілік қабілеттерін зерттеу негізінде қазіргі заман талабына сай шығармашыл тұлға қалыптастыру.


1.2 PISA жобасы тапсырмаларының ерекшеліктері


PISA тапсырмаларына келетін болсақ, тапсырмаларды зерделеп отырсам, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып отыратын, логикалық тест тапсырмалары ашық немесе жабық күйінде берілген.

PISA бағдарламасы міндетті білім алуды аяқтаудың алдында тұрған оқушылардың қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін қажетті белгілі бір білім мен машықтар жиынтығын қаншалықты жақсы меңгергенін бағалауды көздейді. Басқаша айтқанда, оқушылардың ересек өмірге араласуға дайындық дәрежесі бағаланады.PISA тесті «Оқушылар қазіргі заманғы қоғамда еңбек ету үшін қаншалықты білімге ие?» деген негізгі сұраққа жауап береді. PISA  білім алушылардың академиялық білімін емес, оларды қолдану тәжірибесін зерттейді.

Оқушының білімін қалыптастыруға бағытталған құзыреттілік түрлері :

1. Ақпараттық құзыреттілік: Өзбетіншета буға, талдауға, іріктеу жасауға, түсіндіруге және ақпаратты тасымалдауды, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді

2. Коммуникативтік құзыреттілік: Нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға мүмкіндік береді.

3.Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі: Әр түрлі жағдайда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға мүмкіндік туғызады.

Бірінші топқа енетін тапсырмалар ғылыми тану әдістеріне жататын, ғылыми білімдерді алу тәсілдеріне жататын құзыреттілікке тиісті. Осы тапсырмаларда оқушыға қандай болмасын фактілерді орнату тәсілдерін табу ұсынылуы мүмкін, физикалық өлшемді анықтау, гипотезаларды тексеру, ұсынылған мәселенің зерттеу жоспарын белгілеу.

Екінші топ тапсырмалары үдеріс барысы немесе өзгерістерді болжауға, құбылыстарды түсіндіру және сипаттау біліктерін қалыптастырумен байланысты құзіреттілікке тиісті (құзыреттіліктің екіншісі). Осы біліктер анық ғылыми білімдер мөлшерінде негізделмей, сондай құбылыстардың модельдерімен қызмет ету қабілеттілігінің, және сол тілде түсіндірме және сипаттама беріледі.

Үшінші құзыреттілікке тиісті тапсырмалар бар мәліметтер негізінде қорытынды алуға біліктілікті алуды қалыптастырады. Осы тапсырмалар сандар, суреттер, кестелер, схемалар, диаграммалар, сөз сипаттамасының көпшілік түрінде беріледі.

РISA есептерінің шарты: өмірден алынған қандай да бір ситуацияның жазбасы; не есептің шарты, не сұрақтың мазмұны нақты бір пәндік білімге сүйенбейді; есептің шарты тұлғалық тәжірибемен сәйкестендірілген – ашық; әрбір есеп немесе тапсырма өзіндік шешімді талап ететін қандай да бір ситуация болып табылады [5].

Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз.<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!