Материалдар / Оқушылардың дамуына әсер ететін факторлар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың дамуына әсер ететін факторлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың дамуына әсер ететін факторлар
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



















Оқушының дамуына әсер ететін факторлар







































Жоспар:

1. Адам - әлеуметтену процесінің объектісі, субъектісі және құрбаны.

2. Баланың дамуына әсер ететін педагогикалық факторлар.

3. Тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік факторлардың әсері.

4. Даму факторларының үйлесімділігі



























Әрбір адам, әсіресе, балалық шағында және ерте жастық шағының қарсаңында әлеуметтендіру процесінің негізгі объектісі болады. Оған дәлел жастардың осы қоғамға сай тәрбиеленуі, заңға мойынсұнуы, берік отбасын құруға біртіндеп дағдылануы және т.б. әрекеттерге қызығушылық танытып, ынтамен дағдылануға талпынуы бола алады.

Адам өзiнiң дамуы мен қалыптасуы барысында бiртiндеп толыққанды қоғамның мүшесі болады. Өйткені, олар қоғамның объектісі ғана емес, маңызды субъектісіне айнала бастайды. Қарым-қатынас процестерінің жиынтығы қоғам мен жеке әлеуметтік индивидтің қалыптасуына алып келеді. Бұл да адамның әр жас кезеңінде әртүрлi жүзеге асырылып отырады. Мысалы, мектеп қабырғасында жүргенде балалардың өз құрдастары арасында тіл табысуы, өз жоспарларын жүзеге асыруы, содан кейiн ойындағы қалап жүрген оқуына түсуі, оны ойдағыдай бітіруі және т.б.

Әлеуметтену процесінің тиімді жүзеге асырылуы адам қоғамға өзін бейімдеп отыра алғанда ғана болады. Ал егер адам қоғам өзгерістеріне сай пайда болған жаңа талаптарға сәйкес бейімделе алмаса, онда ол әлеуметтенудің құрбаны болады. Мысалы: казіргі уақыттағы жұмыссыз жүрген адамдарды алайық. Олар өз кезінде жақсы маман иелерi болған. Бірақ бүгінгі күннің талабына сай келмей қалуына байланысты, яғни қоғам талаптарына сай өз мүмкiндiктерiн жетiлдiрiп, дайындалмауынан әлеуметтену құрбанына айналып отыр.

Сонымен, адам әлеуметтену процесі кезінде оның объектісі де, субъектісі де және құрбаны да болады екен. Әлеуметтендіру процесі тек қоғамдық мекемелер қызметіне ғана емес, онда өмір сүретін жекелеген адамдарға, тіпті ұйымдарға өзіндік талап қояды. Осы тұста Эмиль Дюркгейм әлеуметтендіру процесін қарастыра отырып, әлеуметтендірудің бастамасы қоғамға байланысты дейді. Сондықтан ол адамды дәл өзінің талаптарына сай тәрбиелеуді қажет етеді. «Әлеуметтендірудің міндеті - қоғамда жаңа ұрпақтарды тәрбиелеу» деген Э. Дюркгейм мен Т.Парсонстың теориялары көптеген зерттеушілерге түрткі болды. Сөйтіп, педагогикалық терминдер сөздігінде «әлеуметтендіру - бұл отбасымен және қоғаммен қарым-қатынас кезінде адамдардың рөлдерінің алмасу процесі» деп сипаттама берiледi.

Соның ішінде, әсіресе, мақсатты бағытталған тәрбие процесінің мәні зор. Әлеуметтенудің тиімділігі көбінесе тәрбиенің гумандық бағытының негізгі принциптерін бiрiздi де жүйелі жүзеге асыруына байланысты болады. Ғұламалардың бірі Әл-Фараби араб халифатында ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекет басқаруға лайық, білім-парасаты мен мінез-құлқы барынша кемел азаматтың болуы сол қоғамдағы тәрбиенің ең бірінші міндеті деп қарастырады. Бұл - сол қоғамның өркениеті үшін қажетті тұлғаның моделі ретінде сипатталды.

Қоғамның қай кезеңінде болсын жеке тұлғаны өзі өмір сүріп отырған қоғамына лайықты азамат етіп тәрбиелеу, қоғамның адам тәрбиесіне қоятын талаптарын қанағаттандыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Жеке адам түсiнiгi қашан да педагог ғалымдарды, ағартушылар мен ойшылдарды ойландырып келген. Адамның адамдығын бiлдiретiн қасиеттер қандай екендiгi және оның өлшемдерi қандай болуы керектiгi және т.б. сұрақтар көпшілікті толғандырып келдi. Осы тұста қазақтың ақыны Абай Құнанбаев өзiнiң 11-ші қара сөзiнде «Қашан бiр бала бiлiм-ғылымды махаббатпен көксерлiк болса, сонда ғана оның аты адам болады», - деп атап көрсетiп, адамдықтың белгiсi оның рухани байлығы мен ықыласында жатқандығын сипаттайды. Сөйтiп, Абай адамдықты бiлдiретiн үш-ақ қасиет екендiгiн: нұрлы ақыл, ыстық қайрат және жылы жүрек деп көрсетедi. Жеке адамның қалыптасу қасиеттерi балалық шақтан басталып, жеткiншек және жасөспiрiм шақта айрықша интенсивтi жүредi де, бұл қалыптасу ересек болған кезде өзiнiң бiршама аяқталу кезеңiне жетедi. Жеке адам өзiнiң биологиялық және рухани дамуында үнемi қозғалыста, өзгерiсте болады. Ол үнемi тәрбиенiң ықпалында болып, жетiлiп, қалыптасып отырады. Жеке адамның дамуы мен жетiлуiнде тәрбиеге зор мән берiледi.

Баланың дамуы күрделi қайшылықтары бар процесс болып табылады. Бұған негiзгi педагогикалық үш фактор әсер етедi.

1.Тұқымқуалаушылық

2. Орта

3. Тәрбие.

1. Ұрпақтарда ата-аналарға тән биологиялық ұқсастықтың болуы тұқымқуалаушылық деп аталады. Мысалы: балаға ата-анадан дене қалыптасуы, шаштың түсi, көздерiнiң, терiлерiнiң түсi ауыса алады. Осының бәрi туа бiткен дене ерекшелiктерi деп аталады. И.П.Павловтың iлiмiне сәйкес адам туылған кезде толып жатқан туа бiткен қасиеттермен туылады. Олар: тамақтану, қорғану, бағдарлау, тiлдiң дамуы, тiк жүру және т.б. Бұл қасиеттер адамдармен араласу барысында қалыптасады. Егер бала адаммен қарым-қатынаста болмаса, ол жүре де, сөйлей де алмайды.

2. Адамның дамуына орта ықпал етедi. Олар: географиялық орта, үй-iшi ортасы, әлеуметтiк орта және ұжымдық орта болып бөлiнедi. Мысалы солтүстiк аймақта өмiр сүретiн адамдар мен оңтүстiкте өмiр сүретiн адамдардың мiнез-құлқы мен әрекетiнде өзгешелiктер кездеседi. Өйткенi олар өмiр сүретiн ортаның температурасы мен табиғаты олардың болмысына өз ықпалын тигiзедi.

Отбасының өзi ондағы баланың қалыптасуына әртүрлi әсер етедi. Тiптi бiрдей ортадағы әртүрлi отбасыларында тәрбие алған балалар әртүрлi болады. Оған отбасының мынадай белгiлерi әсерiн тигiзедi:

- отбасының құрамы;

- отбасындағы адамдардың жас мөлшерi мен баланың отбасындағы туылу реті (тұңғышы, кенжесі секілді);

- отбасындағы әлеуметтiк-материалдық жағдай;

- отбасындағы психологиялық климат және өзара қарым-қатынас;

- отбасында қолданылатын салт-дәстүрлер.

3. Тәрбие - баланың дамуына ықпал ететiн негiзгi әрi шешушi фактор болып табылады. Тәрбиенiң басқа факторлардан айырмашылығы - ол адамның дамуына әрқашан да мақсат көздеп ықпал етуi. Сондықтан, тәрбие адам дамуы үшiн басқарушы рөл атқарады. Жеке адамның, әсiресе, балалық және жасөспiрiм шақтарында дамып, жетiлуi ең алдымен тәрбиенiң ықпалы арқылы жүрiп отырады. Бiрақ тәрбиенiң дәрежесi мен сипаты көп жағдайда тәрбиенiң даму заңдылықтарын қаншалықты ескергенiне байланысты болады. Сөйтiп, тәрбие мен дамудың арасында екiжақты байланыс болады.

Халық «Адамды табиғат жаратқанмен, оны өсіріп, тәрбиелейтін-қоғам»,- деп орынды айтқан. Қоғам дегеніміз - ол баланың қоршаған ортасы, кез келген баланың социумы. Әлеуметтену процесiне жеке тұлғаның дамып қалыптасуына бiрнеше әлеуметтік факторлар әсер етедi. Олар: мегофакторлар, мезофакторлар, макрофакторлар және микрофакторлар.

Мегофакторларға (мего - өте үлкен, жалпы деген мағынаны бiлдiредi) космос, планета, әлем және т.б. жатқызуға болады. Космостың Жер планетасындағы адамдар өміріне тигізетін әсері ертеден-ақ көптеген ойшылдарды ойландырып келген. Бүгінде бұл жаратылыстану ғылымдарында адамдар өмірінің космостық әсерлермен байланысы қарастырылып, есепке алынған. Планета, әлем - бұлар да әлеуметтендірудің мегафакторы. Планета - аспан денелерін білдіретін астрономиялық ұғым. Әлем – біздің планетамыздағы адамдар қауымдастығының жиынтығын білдіретін әлеуметтік-саяси ұғым.

Макрофактор (макро - үлкен деген мағынаны бiлдiредi), оған ел, қоғамдық этнос, мемлекеттiң әлеуметтенуге әсерiн түсiнемiз. Ел - мәдени-географиялық феномен. Бұл географиялық жағдайы мен табиғи ерекшеліктері арқылы айқын ерекшеленетін, белгілі шекарасы бар территория. Ол мемлекеттік егемен немесе басқа елдің билігінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, бір елдің құрамында бірнеше кішкентай мемлекеттер болуы мүмкін.

Микрофакторлар социологтардың айтуынша, адамның дамуына әлеуметтену агенті деп аталатын, демек, тікелей өмірі өзара байланысты іске асатын адамдар арқылы ықпал етеді. Мәселен, балалар мен жеткіншектерге қатысты әлеуметтену агентінің қызметін ата-аналар, ағалары мен апалары туған туысқандары, құрдастары, көршілер, мұғалімдер атқарады.

Мезофактор (мезо - орта, аралық деген мағынаны бiлдiредi) - бұлар үлкен адамдар тобының әлеуметтенуге тигiзетiн әсерi. Әлеуметтендірудің мезофакторларына этнос, аймақ, халық жатады.

Этнос - тұрақты мәдени ерекшеліктері бар, ұлттық сана мен мінезі, менталитеті бар тарихи қалыптасқан адамдар тобы. Мінез-құлқы мен психикасының ерекшеліктері адамдардың этникалық болмысына сай екі құрамдас бөлімнен тұрады.

Балада ұлттық менталитеттің қалыптасуы отбасындағы өмірімен байланысты ана тілін меңгеру процесінен басталады. Соның негізінде ұлттық құндылықтары, ұлттық ойлау жүйесі, мәдениеті мен өмірлік көзқарасы, дүниетанымы, әлемді танып білуі, өмірлік іс-әрекет ерекшелігі көрініс табады. Әрбір бала өзінің ерік-жігеріне және бітіміне қарай өзіндік адамгершілік-имандылық іс-әрекеттерімен танылады. Ол қоғамның бір мүшесі бола отырып, жеке қарым-қатынастан, өз ұстаздарының айтқан ережелеріне сүйенеді, сонымен бірге, өздеріне ұнаған тәжірибелерді мұра етіп ала отырып, сол негізде өзінің жеке басын қалыптастырады.

Дегенмен, қоғамның дамуы әрбір тұлғаның бойындағы ізгі қасиеттерінің сапасына, әлеуметтенуі мен оның жалпы адамзаттық құндылықтарды игеру және қоғам игілігі үшін пайдалану қабілетіне байланысты болады. Сондықтан, жас ұрпақты қоғамға әлеуметтендіру барысында олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіре отырып, олардың ар-намысына тимеуге, абыройларын, ар-ождандарын құрметеуге рухани-адамгершілік пен әдептілікке баулу, адамды сүйе, сыйлай, құрметтей, қадірлей білуге үйрету, қоғамның шынайы иесі болуға талаптандыру қажет.

Жеке тұлғаның қалыптасуында, оның қандай әлеуметтік топтарда болатыны өте маңызды. Әлеуметтенудің барлық сатыларында қоғамның жеке тұлғаға әсері не тікелей, не топ арқылы, Ж.Пиаже көрінетін әдет-ғұрып, дәстүрлер, дағдылар, өмір сүру бейнесі де өзінің әсерін тигізеді. Сонымен бірге, қала мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық айырмашылығы, әртүрлі елдердің тарихи-мәдениеттік ерекшеліктері, т.с.с. факторларды есепке алу қажет. Қорыта айтқанда, әлеуметтенудің нақты нәтижесі осылардың барлығының тең әсерлі күші қандай болуына байланысты. Яғни әлеуметтену мәселесі өз ретінде шағын және үлкен топтарды байланыстыратын көпір іспетті зерттелуі қажет.

















Пайдаланылған әдебеттер

Білім социологиясы Т.Қалдыбаева Алматы 1997

Қазақстан мектебі// 2000 №7

Социально-педагогическая поддержка детства

Народное образование 2002

Социальный мониторинг, 2003г.

Глоссарий

1.Баланың дамуы - балалық шақта өсіп-жетілу барысында жүріп жатқан физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік мінез-құлықтағы өзгерістер.

2.Адам — жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы.

3.Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.

4.Жеке тұлға -адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.

5.Даму – адамның сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нəтижесі. Даму нəтижесінде адам биологиялық түр жəне əлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тəн- дене дамуынан көрінеді. Ал əлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады.

6.Адамның дамуы - адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-жетуінде, оның жүйке жүйесі мен психикасының жетілуінде, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әректінде, дүниетанымының баюында, ізгілігінде, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімінде болатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысты үрдісі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!