Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Оқушылардың денсаулығы – оқудағы жетістік негізі»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты
Баяндама
Тақырыбы:
«Оқушылардың денсаулығы – оқудағы жетістік негізі»
Дайындаған: Калиева Рауан Боранбаевна
Арқалық қаласы
«Біздің бақытымыздың оннан тоғызы
денсаулығымызға байланысты»
Артур
Шопенгауэр
Дені сау
адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан
Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды
басшылыққа алып
келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.
Назарбаев жыл сайын халыққа жолдауында Қазақстан азаматтарының
денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің
кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу
деген.
Еліміздің болашағы жастар болғандықтан, бала
денсаулығын нығайту, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын,
шараларының бірі екендігін атап көрсеткені баршамызға
мәлім. Әрбір өркениетті мемлекеттің
алдына қойған басты мақсаты – өз халқының денсаулығын
жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.
Балалар қауіп-қатердің негізгі тәртіптік факторларына қатынасы бойынша қоғамның ең осал топтарының бірі болып табылады. Мемлекеттік деңгейде адекватты шараларды қабылдау үшін мектеп оқушыларының психологиялық сырқаттануы мен тәртіптік бұзылуларына біртіндеп талдау жасауды талап етеді.
Жас ұрпақтың денсаулығын сақтау – мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеті, яғни елдің ересек халқы денсаулығының іргетасы бала жастан қаланады.
Балалардың не жасөспірімдердің әумесерлік мінез-құлық себептеріне жүргізілген талдаулар келесі жетекші факторларды анықтады:
-
Жағымсыз отбасылық орта;
-
Ата-аналар тарапынан қамқорлықтың жоқтығы;
-
Тәрбиеднгі кемшіліктер;
-
Күйзелістермен, қоғамдық міндеттермен күресуге қабілеттсіздігі;
-
Өмірлік дағдысының жоқтығы, соның ішінде айналасындағылармен және құрдастарымен;
-
Агрессиялық жарнамалардың болуы;
-
Балалардың бос уақытын өткізу мәселелері;
-
Мемлекеттегі психологиялық көмек қызметінің нашар болуы;
Заманауи кезеңде мектептің ең маңызды мақсаттарының бірі - мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау.
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан-жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру.
Екіншіден, салауатты өмір салты- ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу.
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: оқушылардың психологиялық, денен-қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру.
Сабақтарды оқытудың белсенді түрлерін пайдаланып өткізген дұрыс: яғни, сюжетті ойындар, тест, реферат, пресс-конференциялар, семинарлар өткізу, ғылыми қарапайым әдебиетпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты
білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі
мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін
дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып
отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен
мақсаты: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық
іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға
тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан
толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Мұғалім
алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы
мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу
үрдісін жүргізуі керек.
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол
ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған
елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы. Осыған байланысты
шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет
деп ойлаймын.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында
өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам
дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге
үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден
өз орнын табуға көмектеседі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы
оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген
ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын
қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай,
оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет
білігін ұштай түседі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің де бар
екенін әр уақытта есімізде ұстаймыз.
Ондай
кедергілер:
1. Оқушының әлеуметтік
жағдайының болмауы.
2. Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне
сенбеуі, жалқаулығы.
3. Денсаулығының нашарлығы.
Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп,
олардың өміріндегі осындай кемшіліктері болса, оны алдын-ала
анықтау керек.
Қорыта
келгенде, “Ұдайы еңбек ету- өнердің
де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың
шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі
ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Бала денсаулығы басты мақсат сондықтан
баланың денсаулығын нығайту, жетілдіру үшін аянбай еңбек ету керек.
Әрқашан жан – жақты ізденісте болып, баланың мінез - құлығына аса
назар аудару керек. Оқушылардың бойы әрдайым шынығып тұруы керек.
Сабақтарда қанша отырып жұмыс істесе, соншалықты қозғалыста болуы
қажет.
Осы бағыттарда жұмыс жүргізу үшін
педагогикалық технологияларды қолдануға болады. Педагогикалық
технология оқытудың түрі, құралы және әдісі, оларды мұғалім өз
жұмысында білім берудің оптималды нәтижелеріне қол жеткізу үшін
қолданады. Педагогикалық технологиялардың бірі – денсаулық сақтау
технологиялары. Денсаулық сақтау технологиясы формалардың,
құралдардың және әдістердің жиынтығын көрсетеді, олар адамның дене,
психикалық, адамгершілік және әлеуметтік жетістігін қолдаудағы
оптималды нәтижелерге жету үшін бағытталған. Денсаулық сақтау
технологиясында тұжырымдылық, жүйелілік, тиімділік маңызды болып
саналады. Денсаулық сақтау технологиясы жүйе ретінде өзара
байланыстылықты жоспарлауды және жобалауды, мұғалім мен оқушылардың
біріккен қызметін ұйымдастыруды, алға қойған мақсаттарды нәтижелі
шешу барысындағы оқыту мен тәрбиелеудің құралдары мен әдістерін
түрлендіруді білдіреді.
Қазіргі таңда оқушылардың
денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру –
күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі.
Дені сау бала оқу процесіне белсене араласады, әрдайым жайдары ,
көңіл күйі жоғары болады. Сондықтан да мектептің негізгі міндеті —
әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға
деген құштарлығын ояту, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере
отырып, бала бойындағы қасиеттерін дамыту. Осы мәселені ескере
отырып, оқушылармен тәрбие сағаттары, дөңгелек үстел, конференция,
пікір-талас, сайыстар және ата-аналармен іс-шаралар
жүргізілді.
Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек.
Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін жетілдіріп, нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды шарты және осы жүйелердің қызмет ету формасы болып ұжыммен тәрбиелеу табылады.
Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмысы оқу процесінде іске асатын тәрбиені толықтырады және тереңдетеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі белгіленуі - оқушыларда білімнің әртүрлі аумақтарына және әрекет түрлеріне қызығушылық тудыру және тереңдету, олардың таланттарын және қабілеттерін ашу және дамыту, көмек көрсету, бос уақытын мәдени ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыс тек көңіл көтеру принципінде құралмау керек, сонымен қатар ойын әрекеті, эмоционалдылық, романтика, әдемілік болу керек. Жалпылық принципі де маңызды орын алады, яғни сыныптас тыс жұмыстың әртүрлі түрлеріне қатысушылардың жалпылығы.
Сыныптан тыс жұмыс мазмұны бойынша әртүрлі болады. Оған кіретіндер: дене шынықтыру, еңбек, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы әрекет және т.б. Сыныптан тыс жұмыстың формаға еңгізілген көптеген түрлері бар: ұжымдық (конференциялар, конкурстар), топтық (клубтарға, спорт ұйымдарына қатысу), оқушылармен жеке жұмыс (сыныптан тыс оқу, өнермен өз бетінше айналысу).
Атақты педагог В.А.Сухомлинский «Ұстаз оқушылармен тек қана өткен кезеңге ғана емес, сонымен қатар алдын ала болжанған тақырыптар бойынша әңгіме- денсаулық, жанұя, өнер ету керек»- деп айтты.
Жастары, болашақ мамандары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, ол мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Ендеше, бүгінгі білім беру жүйесінде еліміздің өсіп өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, білім және өнер сырларын бойына мұқият сіңірген, қоғам, мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінетін, салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ қалыптастыру ата-ана мен педагогтардың алдында тұрған үлкен міндет.